Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Energo okon4atelni variantizm.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.16 Mб
Скачать

1.Энергетика туралы жалпы түсінік, және оғана физикалық анықтама беріңіз ?

Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Энергетика – энергетикалық ресурстарды өндіруге, қайта құруға , беруге және энергияның әр түрлерін қолдануды қамтитын салалық кешен. Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.Кванттық физиканың дамуы энергия ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергия сы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергия сына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (m) арасындағы байланыстың (Е=mс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды.Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады.Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.

2.Энергетикалық кешендер дегеніміз не ?

Энергетикалық кешен - түрліше сипаттағы бастапқы энергетика қорларын өндіру мен өңдеуді жүзеге асыратын, сонымен қатар осы бастапқы энергия қорларын жылу, электр энергиясына айналдыратын өнеркәсіп салаларының жиынтығы.2008 жылы электр энергиясын өндіру 2007 жылмен салыстырғанда 4,8 %-ға өсті және 80,0 млрд. кВтс. құрады. Электр энергиясын тұтыну 80,6 млрд. кВтс. құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5 % жоғары. 2009 жылы электр энергиясының күтілетін өндірісі 78,72 млрд. кВтс құрайды.Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (БЭЖ) Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қосарлас режимде орнықты жұмыс істейді.Елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша электр энергетикасы саласының стратегиялық міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө өкімімен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.2015 жылға дейінгі электр тұтыну мен электр жүктемесінің деңгейлерін болжау негізінде Қазақстан БЭЖ-і оңтүстік аймағының болжалды қуат тапшылығы, электр станцияларындағы іске қосылатын қуаттар анықталды, оңтүстік аймақта (Балқаш ЖЭС) базалық электр станциясын орналастыру бойынша негіздемелер мен ұсыныстар және одан қуат берудің алдын ала жасалған схемасы дайындалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамытуға қажетті инвестиция есептелді.Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 153, № 154 бұйрықтарымен электр энергиясының 2015 жылға дейінгі теңгерімі, қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің тізбесі, сондай-ақ жаңа электр энергетикасы объектілерінің құрылысы бекітілді. Қазақстанның үш энергетикалық аймағы бойынша энергия беруші қуаттарды, электр желілерін кеңейту, жаңғырту және қайта көру бойынша инвестициялық жобалардың әзірлемесі жүзеге асырылуда.Дүниежүзілік экономикалық форумның 2009 жылғы деректері бойынша Бәсекелестік қабілетінің ғаламдық индексінің «Инфрақұрылым сапасы - электр» индикаторы рейтингте 4 позицияға жоғарылады және 77-орынды (81-ден) иеленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]