Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Energo okon4atelni variantizm.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.16 Mб
Скачать

3.Қазақстан Республикасында энергия көздерін пайдалану жолдары және оларды өндірілуі.

Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. Қуатты үнемдеу мақсатында, туындаған экологиялық проблемаларды шешу мақсатында мен көгілдір Балқаш көлінің жағасына, өзім оқитын интернаттың жазғы лагерь демалыс орнына желагрегатының комплексін, гелиотехника және биогаз қондырғыларын салуды мақсат етіп қойдым. Балқаш өңірінің соғатын орташа жылдамдығы –4,8м/с. Жел жылдамдығы 5м/с соққанда желагрегатының қалақшаларының жылдамдығы 14-16м/с дейін жетеді. Диаметрі 15 метрлік 400 кВт-тық жел двигателі 1 сағатта 400 кВт энергия өндіреді.Қазақстан Республикасы қалаларының өнеркәсіп саласын тұтынушылардың және азаматтық ғимараттардың көпшілігі тұтынатын энергия қорлары мен энергия таратушыларды (электр қуаты, су, жылу, газ) есептеудің жұмыс істеп тұрған жүйелері ұйымдастырылған және тиісті энергия қорларының жеткізушілері пайдаланады. Мұнда есептеу аспаптары мен өлшем жүйелерінің меншік иелері, әдетте, жеке және заңды тұлғалар – тұтынушылар болып табылады, олардың инженерлік жүйелері электр энергиясының, суық және ыстық судың жеке есептегіштерімен, жылу есептегіштерімен, газ шығысының есептегіштерімен жабдықталған.

4.Энергия үнемдеу жолында жасалынып жатқан жаңа технологиялардың физикалық принциптері. Қазіргі уақытта іс жүзінде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселесі қарқынды шешілуде.Қазіргі заманғы нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу елде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі талабы болып табылады. Осыған байланысты, «Энергия үнемдеу туралы» Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізілді.Энергия үнемдеу - бұл бейіндік министрліктің ғана емес, жалпы мемлекеттік ауқымдағы міндет. Энергия үнемдеу бойынша барабар шара қабылдау өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық саласының барлық аяларында қамтамасыз етілуге тиіс.«Энергия үнемдеу туралы» Заң жобасында өнеркәсіптегі энергия тұтынуды төмендету үшін мынадай шаралар көзделеді:1) жаңа объектілерді оларға есепке алу аспаптары мен отын-энергетика ресурстарының шығынын реттеу жүйесін орнатпай пайдалануға беруге тыйым салатын норма көзделеді;2) энергия тиімді құрылғыларды әкелушілер үшін кедендік жеңілдіктер белгілеу;3) кейіннен мониторинг жасау үшін ірі кәсіпорындар мен ұйымдар енгізілетін энергия үнемдеу туралы деректердің Мемлекеттік тізілімін жасау;4) берілген міндетті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолдана отырып, уақтылы жөндеу жүргізуге және мүлікті жаңғыртуға міндет белгілеу;5) энергия тұтыну нормативтері.Компрессор жетегінде пайдаланылатын электр энергиясына қарағанда, жылу энергиясын 3-7 есе артық өндіретін және сондықтан жоғары потенциалды барынша тиімді жылу көздері болып саналатын қондырғылар - жылу-сорғы қондырғылары (бұдан әрі – ЖСҚ) ХХ-ХХІ-ғасырлар аралығында әлемнің жетекші елдерінде кеңінен қолданыс тапқан барынша арзан энергияның дәстүрлі емес көздерінің бірі болып табылады. Жылу сорғылары – шағын үнемді және экологиялық таза жылу жүйелері, олар төмен потенциалды көздерден (су түбінің және артезиан сулары, көлдер, теңіздер, су түбінің жылуы, жер қойнауының жылуы, өнеркәсіптік және тазартылған тұрмыстық ағын сулар, технологиялар циклдардың сулары) жылуды шоғырландыру және оны температурасы барынша жоғары жылутаратушыға тасымалдау есебінен коттедждерді ыстық сумен жабдықтау және жылыту үшін жылу алуға мүмкіндік береді. Әр түрлі жылу қуатының жылу сорғыларын пайдалану жылумен жабдықтау проблемасын принципиалды шешудің жаңа жолдары болып табылады және маусымы мен жұмыс жағдайларына байланысты олардың жұмысында максималды тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]