Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

1.Туристік елтанудың пәні, зерттеу объектісі.

Қазіргі таңда халықаралық туризм өте қарқынды және тұрақты қарқынды дамып келе жатыр.Осыған байланысты халықаралық туристік қарым –қатынастардың дамуына байланысты елтанудың практикалық мәні мен маңызы арта түсуде.Елтану ел мен оның аудандарының кешенді зерттейді, табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті және әлеуметтік-саяси ұйымдастырылуы туралы әртүрлі ақпараттарды жүйелейді.Нақты бір елді елтанулық және географиялық тұрғыдан, яғни табиғи-шаруашылық жағдай, еңбек бөлінісі мен елдің алатын орны туралы зерттеумен қатар, туризм ел экономикасында қандай орын алатыны және оның өзіндік ерекшелігі (географиялық орны, климат, инфрақұрылымы және т.б.) туризмнің дамуына әсерін тигізеді.Сонымен қатар, туризмнің дамуына жұмыс күндері мен бос уақыт, келу ұзақтығы, валюталық курс, кедендік бақылау және т.б. факторлар да әсер етеді.Осы факторлардың барлығыны елтанулық зерттеу кезінде ескеру керек.Елтанудың нақтылы зерттеу объектісі мемлекет, оның халқы, шаруашылығы және оның салалары, табиғи жағдайы мен ресурстары жатады.Қазіргі таңда елтанудың зерттеу пәніне бір көзқарас жоқ. Оған берілетін анықтамаларды былай жалпылауға болады:Елтану – нақты бір территорияны зерттейтін ғылым;Елтану – географияда өңделетін теория мег заңдылықтарды тексеретін «лаборатория»;Елтану – нақтылы бір территориядағы толық кешенді географиялық жағдайларды зерттейтін ғылым.

Елтану – бұл 1) нақты аумақты зерттейтін ғылым, 2) физикалық және қоғамдық география төңірегінде нақты аумақтағы географиялық құбылыстардың толық кешеніне зерттейтін ғылым; 3) нақты бір ел және аудан туралы әртүрлі ақпараттардың бірігуінің ұйымдық формасы.

Елтанудың басты ұстанымдары: экологиялық (әлеуметтік-экономикалық нысандардың қоршаған ортамен байланысын ескере отырып), гуманистикалық (адамның дамуына баса көңіл аударады). Гуманистикалық ұстаным негізінде географияда қызмет көрсету географиясы, рекреациялық география сынды бағыттары пайда болады.

Елтанудың басты міндеттері: адамның өмір сүру салты мен өндіріс процессін көрсету; табиғи ортаны ресурс және еңбек ортасы көзі ретінде сипаттау; өндіріс саласының дамуы өмірдің жоғарғы деңгейі мен сапасын қамтамасыз ететін құрал ретінде бағалау.

2.Елтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасу ерекшелігі.

Елтану ғылым ретінде не екенін түсіну үшін, оның тарихи тамырына көз жүгіртуіміз керек. Классикалық елтанудың негізгі мектептері мен кезеңдерін қарастырайық.ХҮІІ ғасырда Бернхард Вареннның «География генеральная» еңбегі жарық көрді. Автор алғаш рет гоеграфияның жалпы (жүйелік) және аймақтық деп екіге бөлді. Ғалымның ойы бойынша аймақтық география:- елдің жер кеңістігін(конфигурация, шекрара,жер бедері, көлемі, табиғи жағдайы мен ресурстарын);- ауа кеңістігін(климат,астрономиялық өлшемдерді); - адам кеңістігін (халқы, оның мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, қолөнері мен ғылымын,саяси құрылысын,елді мекендерін) зерттейді. Француз мектебінінің негізгі көңлі адамға бағытталған болатын.Мұндағы басты зерттеу нысаны «өмір сүрі салты», яғни адам мен қоршаған орта үйлесімділігі, қоршаған ортаға бейімделуі қарастырылатын. ХІХ ғасырдың орта тұсында елтанулық сипаттаманы жүйелеу салыснда үлкен жетістікке жеткен ғылыми мектеп пайда болды. Ол антропогеография деп аталды. Мысалы, әртүрлі ландшафттарда тұрған екі мемлекеттің дамуы тек қана табиғатқа байланысты, кемшілігі әлеуметтік-қоғамдық дамуды ескермейді) тұрғысынан, антропогеографияның ұстанымдарын құрастырғна болатын, адамдардың таралуын қоршаған географиялық ортаның әртүрлілігімен байланыстырды.

Елтану ғылымының мәнін, ерекшелігін және ғылымдар жүйесіндегі орынын түсіну үшін, оның зерттеу объектісі мен тақырыбына, мазмұны мен мақсатына, зерттеу әдістері, даму бағыттары мен болашағына көңіл бөлуіміз керек. Елтанудың нақтлы зерттеу объектісі мемлекет, оның халқы, шаруашылығы және оның салалары, табиғи жағдайы мен ресурстары жатады. Елтану – бұл 1) нақты аумақты зерттейтін ғылым, 2) физикалық және қоғамдық география төңірегінде нақты аумақтағы географиялық құбылыстардың толық кешеніне зерттейтін ғылым; 3) нақты бір ел және аудан туралы әртүрлі ақпараттардың бірігуінің ұйымдық формасы.

Елтану келесідей функцияларды атқарады: 1.Гносеологиялық функция. Ол әлемнің географиялық суртені құрастыруға үлкен үлес қосады.

2.Аксеологиялық (бағалау) функция. Елдің немесе аймақтың ресурстарының (табиғи, экономикалық, туристік және т.б. ) бағасы беріледі.

3.Ақпараттық функция. Ел немесе оның аудандарының (география, табиғат, мәдениеті, тарихы және т.б. ) туралы мәліметтерді жинау, сақтау және ұсыну.

Елтану өзге ғылымдармен қатар әлемнің географиялық суретін құрастырады, ел мен аудандардың «визиттік карточкасын» өндіреді.Елтану жалпы география, физикалық география,географиялық ғылымдармен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]