Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

44.Үндістан шаруашылығының даму ерекшеліктері.

Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады. 1991 — 2001 жылы ел экономикасына тікелей салынған шетелдік инвестициялардың көл. 23,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның көпшілік бөлігі экономикалық даму процесін айқындайтын экспортқа бағытталған жоғарғы технологиялық салаларды дамытуға жұмсалды. Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 55,9%-ы (1995) егіншілік үшін жыртылады. Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Қрі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады. Еңбек ресурстарының 64%-ы ауыл шаруашылығына, 16%-ы өнеркәсіпке қамтылған (1990). Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 1650 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның “Испат Интернэшнл” компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. “Аджанта-Фарма” Қазақстан — Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика затты құрылысын жүргізуде.

45.Үндістанның халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.

Халқы. Үндістан – халық саны бойынша әлемде екінші орында. Болжамдар бойынша 2000 ж қарай халық саны 1 млрд асыс түседі. Қазіргі таңда «демографиялық жарылыс» шыңы өтіп кетті. Жыл сайынғы халықтың өсуі 1,6 пайызды құрайды, ол әлемнің көптеген дамуышы аймақтарымен салыстырған әлдеқайда төмен. Елде халық туылуын төмендететін саясат жүргізілуде. Туу коэфицинті әр 1000 адамға 21, ал өлі әр 1000 адамға 9 адамнан келеді. бірақ та үндістанның демографиялық проблемасы әлі де болса өзектілігін жойған жоқ. Үндістанның әлемнің көп ұлтты мемлекеті болып табылады. Бірнеше жүз ұлт, халық және тайпалық топтарды біріктіретін этникалық құрам құрылған. Елд әртүрлі нәсілдер өкілдері тұрады: европеойд (елдің көп бөлігінде), негройд (Андман аралы тұрғындары), австролойд (Орталық Үндістан тайпалары), сонымен қатар дравид тобы (европойд пен автролойд араласуынан туындаған өтпелі нәіл), оған андхра, телугу, тамыльдер жатады. Этникалық топтар арасында үндіевропалық тілдік семьға жататын: хиндустандар, маратхи, бенгалдар, бихарлар, ория, пенджаб, гуджарат және т.б. басым. Елдің ресми тілдері – хинди және ағылшын.Үндістанның 80 пайызға жуығы индуизмді ұстанады. Бұл үндістан халқының ежелгі діні, онымен каста жүйесі байланысты. Сенушілердің саны бойынша екіңнші орында мұсылмандар (11 пайыз). өзге дін өкілдері де бар – сикхизм, буддизм, христиан.Үндістанның еңбек ресурстары көп, бірақ кәсіби емес жұмыс күші басым. Ересек адамдар ішіндегі сауаттылар үлесі – 48 пайыз. Жұмыссыздық басым (30 млн аста тіркелген). Үндістан әлем елдерінің ішінде әлеуметтік тұрғыда төмен мемлекеттер қатарында. 300 млн адамна артық (халықтың 1/3 бөлігі) «кедей» тұарды. Үндістанда 1 шаршы шақырымға 260 адамнан келеді. теңіз маңы адандары тығызырақ орналасқан (Керала, батыс Бенгал) мен Үнді – Ганг ойпаты. Қала халқының үлесі – 27 пайыз (урбанизация деңгейінің төмендігі), бірақ Оңт Азия аймағы қала мәдениетінің көне әлемдік ошағы болып табылады. Халықтың көп бөлігі ауылдық аймақтарда тұрады және а.ш. айналысады. Қалаға 2 мың адамнан асатын елді мекендерді жатқызады. Халықтың ірі қалаларға шоғырлануы артып келе жатыр. Тұрғындардың саны бойынша үнді қалалары әлемнің ірі қалалар қатарына кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]