Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

14.Францияның туристік аудандастырылуы. Ірі қала агломерацияларын сипаттаңыз.

Франция 22 туристік орталыққа бөлінген, олар елдің әкімшілік-аумақты бөлінісімен сәйкес келеді.

1.Париж ауданы: Иль-де-Франс, Шампань-Арденны, Бургундия, Орталық және Луара.

2.Солтүстік аудан:Нор-па-де-Кале, Пикардия.

3.Батыс аудан: Нормандия және Бретань.

4.Шығыс аудан: Лотарингия, Эльзас, Франш-Конте.

5.Альпі ауданы: Рона-Альпы, Овернь.

6.Оңтүстік-басты аудан: Аквитания, Пуату-Шаранта, Оңт.Пиреней, Лимузен.

7.Жерорта теңізі ауданы:Прованс-Альпы-Лазурный берег,Корсика, Лангедок-Руссильон

.Қала агломерации: Париж,Лионс,Марсель,Лилль–Руэ–Туркуэн, Агломерация Бордо,Тулуза.

Париж — Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франция ортаңғы бөлігінің солт-де, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Парижде 13 млн халық тұрады.  Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты Нотр Дам де Пари қолға алынса керек. В.Гюго оны «Париж - құдай аналарының соборы» деген атпен әлемге әйгілі етті.Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған. Парижде әлемге әйгілі Г. Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарай, ЮНЕСКО ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, СенЖеневьев кітапханасы, т.б. бар.

Марсель – Францияның оңтүстігінде орналақан қала. Бұл елдің және Жерорта теңізінің ең ірі порты.Департаменттің әкімшілік орталығы Буш-дю-Рон.Қалада 1 миллион 420 мың адам тұрады (2010 жылы бойынша). Халқының санымен Париждің артында елінде екінші орында тұрады. Қаланың аты ежелгі грек тіліндегі "Массалия" .Қаланың төңірегінде жатқан Прованс аймағымен бірге, 2013 жылы Еуропаның мәдениет астанасы болады. Марсельдегі қыс жылы және ылғалды, жаз құрғақ болады.Жерорта теңізінің климатына  жатады. Ең суық айлар - қаңтар мен ақпанда, орта температуралар +8С +9Сболады. Қыс пен көктемде Рона өзенінің аңғарынан келетін суық Мистраль желі  жиі соғады.Халықтың тығыздығы оратша шаршы шақырымға – 106 адам. Таулы аумақтырда тығыздық 20 адамнан аз, ал Париж, Лионж\да – 300 адамға дейін жетеді. Қала халқының үлесі – 75,2 пайыз. Қала халқы көбінесе теңіз жағаулауларында, ірі өзен жағалауларында және шикізат базасы мол аудандарда шоғырланған.

15.Испанияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары туризм даму факторы ретінде.

Испания - әлемде өндірітік қуаттылығы жөнінен 10-шы орында. Экономикалық даму деңгейі бойынша орташа дамыған индустриалды елдерге жатады. Испания - әлемде субтропикалық ауыл шаруашылық өнімдерін, әсіресе цитрусты, зәйтүн, жүзім щаруашылығының дамуы жөінене алдыңғы қатарда болса, туризм дамуы жөнінен бірінші орында. Бір кездері Испания мықты отарлы ел болған, Латын Америка, Азия және Африкада бірнеше тарлары болды. Испания мемлекеті Еуропаның оңтүстік батыс шетінде орналасып, Пиреней түбегінің 5/6 бөлігін алып жатыр.одан бөлек оның құрамына жерорта теңізіндегі Балеар және питиузк аралдары мен Аталант мұхитындағы Каанар аралдары кіреді. Мемлекеттің орталық бөлігін 600-800 м биіктіктегі Месета орташа тауы алып жатса, солтүстігінде Кантабрий және Пиреней таулары, Арагон ойпаты бөліп тұрса, оңтүстігін Андалуз таулары мен ойпаты алып жатыр. Испания құрамына сонымен қатар, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиуз аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдары кіреді. Жер көлемі – 504 мың шаршы шақырым. Астанасы – Мадрид қаласы. Халқы – 39,3 млн адам (1998 жылғы санақ бойынша). ІЖӨ - 580,0 млрд доллар№ бір адам басына шаққанда ІЖӨ көлемі – 14,8 мың доллар. Сонымен қатар Испания елінің мақтанышы Коста- Браво, Коста -Дорада, Коста –дель- Саль атты курорттар орналасқан. Испания елінде орманды далалар аз. Кең таралған ағаш – емен болып табылады. Сонымен қатар мұнда тропиктік апельсин, лимон, фиги, миндаль тәрізді жемістер өседі. Фаунасы өте бай келеді. Орман, тоғайларында түлкі, аю, барсуктың бірнеше түрлері мекен етеді. Ауа райы өте қолайлы. Қысы жаңбырлы, жазы ыстық, күз мезгілінде жылы болады. Жаз айындағы орташа температура С 28°-30°. Қыстақолайсыз Сирокко деген Африка желі соғады. Испания оңтүстік- шығысында Андалуссия және Эстремадура аймағы суық аймақ болып табылады. Солтүстік және солтүстік- шығыстағы орташа жауын- шашын мөлшері 900мм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]