Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қырғызстан Республикасы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Түрікменстан Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Түрікменстан Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Түрікменстан Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Қырғызстан Республикасының географиялық орны?

2. Қырғызстан Республикасының халқы?

3. Қырғызстан Республикасының өнеркәсібі?

4. Қырғызстан Республикасының ауыл шаруашылығы?

5. Қырғызстан Республикасының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Түрікменстан Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

Солтүстігінде Қазақстан және Өзбекстанмен, шығысында Өзбекстан және Ауғанстанмен, оңтүстігінде Ауғанстан және Иранмен шектеседі.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Ел аумағының 80%-дан астамын Тұран ойпатының шөлді алаптары алып жатыр. Тұран плитасы мен Каспий теңізінің қайраңында табиғи газ бен мұнайдың мол қоры бар. Қара-Бұғазкөл шығанағында калий, магний, натрий, бром, йод, глаубер тұздарының мол қоры шоғырланған. Климаты шұғыл континентті.

Халқы

Халқы 4,8 млн адам. Ұлттық құрамы түрікмендер (1/4 бөлігі), орыстар (6,7%), қазақтар (2,2%), және т.б. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 9,8 адамнан келеді.

Өнеркәсібі

Маманданған саласы – мұнай-газ кешені. Д.ж. маңызы бар табиғи газ кен орындары Чарджоу облысының солтүстігінде, Мары қаласы маңында және Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Мұнай елдің батыс бөлігінде өндіріледі. Чарджоу, Түрікменбашы қалаларында мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Чарджоу қаласында күкірт қышқылын, минералды тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

Егіншілікке жарамды жерлер ел аумағының 3%-дан астамын ғана алып жатыр. Басты экспорттық дақыл-мақта. Дәстүрлі сала-жібек құрты шаруашылығы, орталықтары Ашғабат, Чарджоу қалалары.Табиғи жайылымдар ел аумағының 97%-ға жуығын қамтиды. Қой елдегі мал басының жартысынан астамын құрайды.Елде жылқы малын өсіруге де үлкен мән беріледі. Түрікменстан әйгілі ақалтеке сәйгүлігінің отаны.

Көлігі

Теміржолдың жалпы ұзындығы-2330 км. Автокөліктің дамуы біршама төмен. Қазіргі кездегі ірі теңіз порты-Түрікменбашы Орта Азиямен Кавказ елдерін байланыстыратын ең тиімді жолдың «қақпасы» болып табылады..

Сыртқы экономикалық байланыстары

Түрікменстанның экспортының негізін құрайтын табиғи газ бен мақтаға сұраныс әр кезде де жоғары.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары