Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ірі қара шаруашылығы?

2. Қой шаруашылығы?

3. Шошқа, құс шаруашылығы?

4. Арнаулы мал шаруашылық салалары?

5. Балық шаруашылығы?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Д.ж. мал шаруашылығы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Д.ж. көлігі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға д.ж. көлік жүйесі, салалары, ұзындықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. көлігімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ірі қара шаруашылығы?

2. Қой шаруашылығы?

3. Шошқа, құс шаруашылығы?

4. Арнаулы мал шаруашылық салалары?

5. Балық шаруашылығы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы д.ж. көлік салаларының ерекшеліктерін түсіндіру.

Көлік салалары

Ерекшеліктері

Теңіз және өзен көлігі

Д.ж. жүк тасымалының 62%-ы тиесілі. Д.ж. теңіз сауда флотының жетекші елдері: Либерия, Панама, Жапония, Грекия, АҚШ, Кипр, Қытай. Негізгі теңіз жолдары: Атлант, Тынық, Үнді мұхиттар. Д.ж. ірі порттар Сингапур, Роттердам, Шанхай, Нагоя, Йокогама, Тиба, Кобе т.б.

Теміржол

Ұзындығы-1,2 млн км. Ең ұзын теміржол АҚШ (240 мың км), Канада (90 мың км), Ресей (86 мың км) тиесілі.Тығыздығы жөнінен Батыс Еуропа (100 км2-қа 100 км-ден келеді) көзге түседі. Электрлендірілген теміржол Ресейде жақсы дамыған.

Автомобиль көлігі

Ұзындығы 24 млн км. Д.ж. жолаушының 80%-ын тасымалдайды. Трансконтиненттік магистральдар Сахара, АҚШ пен Канада аралығы, Панамерикалық, Трансамазоналық жолдар.

Құбыр көлігі

Мұнай құбырының ұзындығы 400 мың км, газ құбырының ұзыныдығы 900 мың км. Д.ж. жүктің 11%-ы тасымалданады. Д.ж. ең ірі мұнай құбырлары Дружба-Ресей-Батыс Еуропа (5,5 мың км), Редуотер-Порт Кредит (4,8 мың км), Хьюстон-Нью Йорк (2,5 мың км).

Су асты құбыры

Жерорта теңізі түбімен трансжерортаьеңіздік газ құбыры тартылған. Мұндай құбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстік теңіздеде жүргізілген.

Әуе көлігі

Д.ж. ең ірі әуе паркі АҚШ-та шоғырланған Одан басқа ірі әуе ұшақтарының шоғырлануы Канадада, Францияда, Австралияда, Германияда байқалады. Халықаралық әуе байланысына 1 мыңнан астам әуежай қатысады.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары