Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Украина шаруашылығы?

2. Украина өнеркәсібі?

3. Украина ауыл шаруашылығы?

4. Украина көлігі?

5. Украинаның ішкі айырмашылықтары?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Украина. Шаруашылығы, ішкі айырмашылықтары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Молдова Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Молдова Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Молдова Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Украина шаруашылығы?

2. Украина өнеркәсібі?

3. Украина ауыл шаруашылығы?

4. Украина көлігі?

5. Украинаның ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Молдова Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

ТМД-ның оңтүстік-батысында, Прут пен Днестр өзендерінің аралығында орналасқан. Ол Украина және Румыниямен шектеседі. Ауданы-33,7 мың км2.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Климаты қоңыржай континентті. Днестр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы зор. Република аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек құрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар қоры ғана бар.

Халқы

Халқы 3,4 млн адам. Ұлттық құрамы молдовандар (64%), орыстар (14%), гагауздар (3,5%), украиндар (13%), және т.б. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 119 адамнан келеді.

Өнеркәсібі

Кишинев, Кагул, Тираполь, Бендеры қалаларында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, қант зауыттары-Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы қалаларында орналасқан.Май шайқау заыттары-Бельцы мен Бендеры, шарап-коньяк комбинаттары-Кишинев, Тирасполь, Трактор-кишинев, қызан жинайтын комбайндар-Бельцы, мақта-мата комбинаттары-Тираспольде, жібек мата-Бендеры, кілем тоқитын комбинат-Унгены, тігін, былғары аяқкиім фабрикалары-Кишинев, Тираспольде орналасқан. Днестр өзенінде Дубоссар СЭС-і, Прут өзенінде Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығнан басым. Астық (жүгері, қыстық бидай) және техникалық (қант қызылшасы, күнбағыс, эфир майы) дақылдар мен бау-бақша өсіріледі. Жүзімдіктер кеңінен тараған. Молдова мал шаруашылығында, негізінен, сүт-ет бағытындағы ірі қара, шошқа және қаракөл қой тұқымдары өсіріледі. Құс шаруашылығымен де шұғылданады.

Көлігі

Молдовада теңіз көлігінен басқа көліктің барлық түрі дамыған. Теміржолдың ұзындығы 1 мың км-ден асады. Бұл жолдар бойымен республиканың ТМД және Шетелдік Еуропа елдерімен ішкі экононмикалық байланыстары жүзеге асады Автомобиль көлігі, негізінен, республианың ішкі жол қатынасын атқарады. Газ құбырлары арқылы Украина мен Ресейден табиғи газ тасымалданады.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары