Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Өзбекстан Республикасының географиялық орны?

2. Өзбекстан Республикасының халқы?

3. Өзбекстан Республикасының өнеркәсібі?

4. Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы?

5. Өзбекстан Республикасының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Өзбекстан Республикасы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Қырғызстан Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қырғызстан Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Қырғызстан Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Өзбекстан Республикасының географиялық орны?

2. Өзбекстан Республикасының халқы?

3. Өзбекстан Республикасының өнеркәсібі?

4. Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы?

5. Өзбекстан Республикасының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Қырғызстан Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

Солтүстігінде Қазақстанмен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында Тәжікстанмен, Батысында Өзбекстанмен шектеседі.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Жері негізіне таулы болып келеді. Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардың, Ішкі Тянь-Шань қойнауларында молибден, темір, қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тау алды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр және тас көмір, мұнай қоры барланған. Су ресурстарымен жеткілікті қамтамасыз етілген. Климаты шұғыл континентті.

Халқы

Халқы 5,1 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы-67 жас. Ұлттық құрамы қырғыздар (58,6%), орыстар (17,1%), өзбектер (13,8%), украиндар (1,8%), татарлар (1,3%), немістер (0,8%) және т.б.

Өнеркәсібі

Негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия. Нарын өзені мен оның салаларында СЭС тізбегі орналасқан. Ош, Жалалабад облыстарында қоңыр көмір, Ыстықкөл қазаншұңқырынан тас көмір өндіріледі. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Қадамжай комбинатында сурьма, Хайдаркан елді-мекенінде сынап өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы

Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Негізіне биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады, тау алды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді-дақылдар, 41%-ын малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді.

Көлігі

Негізгі көлік түрі автокөлік, ұзындығы 40 мың км. Теміржолдар өте қысқа..

Сыртқы экономикалық байланыстары

Экспортында электр энергетикасы, түсті және полиметалл өнімдері, тұрмыстық техника, жүн мен темекі шикізаты, ауыл шаруашылық өнімдері басым. Импорт құрылымында қара және түсті металлургия, мұнай-химия өнімдері, машина жасау және ауыл шаруашылық өнімдері айрықша орын алады.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары