Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Кавказ елдеріне жалпы шолу.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Кавказ елдерінің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтарымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Кавказ елдерінің географиялық орны?

2. Кавказ елдерінің құрамы?

3. Кавказ елдерінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері?

4. Кавказ елдерінің табиғат жағдайлары?

5. Кавказ елдерінің табиғат ресурстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтарын түсіндіру.

Елдер

Әзірбайжан

Грузия

Армения

Географиялық

орны

Кавказ сыртының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр, солтүстігінде Ресеймен, батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен шектеседі.

Солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Армения және Түркиямен, шығысында Әзірбайжанмен шектеседі

Солтүстігі мен батыснда Грузиямен, шығысында, оңтүстік шығысында Әзірбайжанмен, батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі.

Халқы

Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-95,4 адамнан келеді. Көп ұлтты ел. Ұлттары Әзірбайжандар, орыстар, армяндар, лезгин, талыш, грузин, авар, түрік, күрд, татар, украин т.б.

Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-62,3 адамнан келеді. Ұлттары грузиндер, армяндар, орыстар, әзірбайжандар т.б.

Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-108 адамнан келеді. Бірұлтты ел. Ұлттары армяндар, орыстар, күрдтер, грузиндер, гректер.

Өнеркәсібі

Отын-энергетика кешені, химия өнеркәсібі, машина жасау кешені жетекші орында.

Тамақ өнеркәсібі, отын-энергтика ешені көзге түседі.

Отын-энергетика кешені, тамақ өнеркәсібі жетекші орында.

Ауыл шаруашылығы

Өсімдіктен-бидай, күріш, мақта, малазықтық және техникалық дақылдар күтіп, бапталады. Тау бөктерлерінде жүзімдіктер мен бау-бақшалар орналасқан. Кура-Аракс ойпатында қой шаруашылығы дамыған. Балық аулау мен жібек шаруашылығы жолға қойылған.

Шай, картоп, көкөніс пен бақша, астық дақылдары, жүзім егіледі. Мал шаруашылығында сүтті-етті ірі қараның үлесі жоғары.

Жүзім шаруашылығы мен жеміс өсіру жетекші орын алады.Тауларда бидай мен арпа өсіріледі.

Көлік

Теміржолдың үлесі жоғары. Ұзындығы-1800 км. Автомобиль жолы, әуе көлігі, құбыр, көлігі, су жолы дамыған.

Автомобиль жолы, әуе көлігі, құбыр, көлігі, дамыған.

Теміржолдың үлесі жоғары. Ұзындығы-1420 км. Автомобиль жолы, әуе көлігі, құбыр, көлігі, су жолы дамыған.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары