Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Кіріспе

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Д.ж. аймақтық шолу географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. аймақтық шолу географиясы пәнімен танысқан тұлға

Сабақтың типі: Кіріспе сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту.

«Д.ж. аймақтық шолу» географиясы мазмұны мен құрылымы жағынан елтану бағытында қарастырылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, ХХ ғ/ң 2-ші жартысынан бастап д.ж. көптеген елдерінде табиғат ресурстарының шаруашылық бағытта шамадан тыс пайдаланылуы салдарынан табиғи орта күшті өзгеріске ұшырады. Ал қазіргі кезде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері адамзат қоғамының басты назарында болып отыр. Екіншіден, жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.

Оқулық құрылымында 10-сыныпта жалпы шолу ретінде оқып-танысқан тарихи-географиялық аймақтар алынған. Бұл аймақтардың шекаралары физикалық-географиялық аймақтардың шекараларына сәйкес келе бермейді. Оқулықта, алдымен тарихи-географиялық аймақтардың экономикалық-географиялық, геосаяси жағдайларына жалпы шолу жасалады, ал елдерді оқып-үйрену реті олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне байланысты топтастырылған.

География саласының құрылымдық және мазмұндық ерекшелітеріне орай, көптеген басқа ғылымдармен (қоғамдық, жаратылыстану, техникалық, т.б.) де байланысы зор. Соның нәтижесінде географиялық жаңа пәндер қалыптасуда. Мұндай өзара байланыстар ауқымының кеңдігі географияның ғылым ретіндегі маңызын арттыра түседі. Мысалы, географияның экологиямен, геологиямен, жалпы биологиямен байланысы геоэкологияның, ал экономикамен байланысы экономикалық географияның қалыптасуына негіз болған.

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Кіріспе.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Еуропаның саяси картасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуропаның саяси картасы мен құрылымы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Еуропаның саяси картасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Д.ж. әлуеметтік-экономикалық географиясы нені зерттейді?

2. Ғ.Т.Р. географияға қатысы?

3. Географияның өзгеріске ұшырауы?

4. Қазіргі дәуірдегі география?

5. Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы түсіндіріледі.