Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Украина. Мемлекеттік құрылымы, халқы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Украина. Шаруашылығы, ішкі айырмашылықтары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Украинаның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы, ішкі айырмашылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Украинаның шаруашылығы, ішкі айырмашылықтарымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Украинаның географиялық орны?

2. Украинаның халқы, қалалары?

3. Украинаның табиғат ресурстары?

4. Украинаның қалыптасу тарихы?

5. Украинаның ұлттық, діни құрамы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Украина шаруашылығын түсіндіру.

Шаруашылығы

Индустриялық-аграрлы ел. Оның жиынтық ішкі өнімінің салалық құрылымында өнеркәсіп үлесі 38%-ды, ауыл шаруашылығы 16%-ды, қызмет көрсету саласы 46%-ды құрайды.

Өнеркәсібі

Басты саласы -- отын-энергетика кешені.Елдегі ең ірі көмір алабы Донецк. Өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығы 5 АЭС береді. Жергілікті көмірмен ірі ЖЭС-тер жұмыс істейді. Қара металлургияның негізгі орталығы Кривои Рог темір кені алабы. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (автомобиль жасау), Днепропетровск, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керч, Херсон (кеме жасау). Химия өнеркәсібінде минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұиымдарын өндіру маңызды орын алады.

Ауыл шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы дәндә және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Бидай, жүгері, арпа, тары, қарақұмық өсіріледі. Оңтүстікте-күріш, орманды далада-қант қызылшасы, картоп-барлық аймақта, Польесе мен Батыс Украинада-зығыр, оңтүстікте-құлмақ, темекі, Карпат сырты мен Қара теңіз жағалауында жүзім, Қырымда эфир майы, лаванда, раушан гүлдері өсіріледі. Мал шаруашылығы барлық аудунда таралған. Шошқа-дала, орманда дала зонасында, қой- орманды дала зонасы, Карпат пен Полесеьеде дамыған.

Көлік

Теміржол көлігінің маңызы зор. Оның ұзындығы-23 мың км. Жалпы жолаушы тасымалының үлесі-64%. Автомобиль көлігінің үлесі 34%. Ұзындығы 100 мың км-ге жететін тас жалдар салынған. Әуе және теңіз порттары арқылы Украина 80-нен астам елдермен байланысады.

Сыртқы экономикалық байланыстары

Украинаның ТМД елдерімен саудасында импорт экспорттан артық, ал алыс шетелдермен сауда қатынастарында экспорт импорттан басым. Украина импортында мұнай, газ,, түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізат басым болса, экспортта қара метал прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар басым.

Ішкі айырмашылықтары

Украина аумағын шаруашылығының мамандану сипатына, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше ауданға: Донецк-Днепр бойы, Оңтүстік, Оңтүстік-Батысқа бөледі.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары