Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Сахаба аналар

алмайтын еді. Аллаһ расулынан айырылу олар үшін Аллаһтан келген нұрдың сөнуімен бірдей қасірет еді. СахабаларүшінАллаһрасулыныңтіріболуыдүниедегі барнәрседенқымбат,оларАллаһрасулынөзжандарынан да артық жақсы көретін. Сахабалардың мәртебесін көтерген де осы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген шексіз сүйіспеншілік болатын. Аллаһ расулының барлық сахабаға, барша мұсылмандарға, күллі адамзатқа жүрегінен жеке-жеке орын табылуының өзі Оның (с.а.с.)АллаһтыңЕлшісіекендігінеанықдәлел.Онтөрт ғасыр өтсе де арғы-бергі тарихтағы ұлы тұлғалардың арасында аты аталатын жалғыз хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) даңқы қияметке дейін сөнбейтіндігіне күллі ғалам куәлік ете алады.

321

Сүмәйя Хуббатқызы

“Ясир отбасы, сабыр сақтаңдар. Аллаһ сіздерді Жұмаққа кіргізеді”.

(Хадис)

Сүмәйя – Аммар ибн Ясирдің анасы. Әбу Хузәйфа ибнМуғираныңазатеткенкүңіболатын.Ясирбауырын іздеп табу үшін Йеменнен Меккеге келіп орналасқан Әбу Хузәйфаның одақтасы болатын. Әбу Хузәйфа оны күңі Сүмәйяға үйлендірді. Сүмәйя Аммарды туғаннан кейін оны қожайыны азат етті. Содан кейін олардың Абдуллаһ атты ұлдары да болды. Бұл отбасы – Исламды бар мүшесі түгел қабылдаған ең алғашқы бақытты шаңырақ.

Хазірет Сүмәйя – Исламды алғаш қабылдаған жеті кісінің бірі.

Алғашқы кездері Пайғамбарымызды ағасы Әбу Тәліпқорғаса,ӘбуБәкірдіөзініңруластарыТәйімұлдары қорғады.Басқақолдаушысыболмағанмұсылмандарды өзруыныңбасшылары(мүшріктер)дініненбастартқызу үшін ұрып-соғып, ас-сусыз қалдырып неше түрлі азаптарды көрсетуге тырысты317. Жаздың ми қайнатар ыстығында үстеріне темір сауыт кигізіп азаптайтын. Бұларды бастап мейірімнен мақұрым Әбу Жәһил жүрді.Олмүшріктердіжаңаданмұсылманболғандарға ұрып-соқ деп айдап салып, оларды азаптаудан ләззат алатын. Беделді, даңқты адамның мұсылман болғанын естігенде “бұдан кейін сенің пікірің тыңдалып, құрмет

317 Зәһәби, сәйру ә’ләмин-нубала’и, 1:408-409.

322

Сахаба аналар

көрсетілмейді” деп қоқан-лоққымен үркітсе, әлдебір саудагер иман келтірсе “сенің саудаңды зиянға ұшыратып, мал-мүлкіңді құртамыз” деп қорқытатын. Егер қолдаушысы жоқ әлсіз бір адам мұсылмандықты қабылдай қалса, оның басына әңгіртаяқ ойнататын.

Ясиротбасындініненбастартқызуүшінмүшріктер оларға көрсетпегенді көрсетті. Алайда олар бар қиындыққа төзіп, жүрегінің төрінен нық шегедей орын алған имандарын сатып кетпеді.

КүндердіңбіркүніндеЯсиротбасынмүшріктердің азаптапжатқанынкөргенАллаһрасулыжаныкүйзеліп, оларға: “Ясир отбасы, сабыр сақтаңдар. Аллаһ сіздерді жәннатқа қояды”, – деп жігер беріп, Аллаһқа дұға жасады.

Дінінен бас тартпаған Ясирді мүшріктер азаптап өлтірді. Ясир – Ислам тарихында иман жолында шейіт болған алғашқы кісі.

ХазіретСүмәйякәріәріәлсізболғанынақарамастан мүшріктердіңкөрсеткенеңауыразаптарынатөзебілді. Оларқинағансайынжүрегіндегіиманотықоздайтүсті. Сүмәйяны қинауды Әбу Жәһил өз мойнына алады:

Аталарыңның тәңірлерін тастап, Мұхаммедтің тәңіріне бас июге қалайша дәтің барады? – деп доқ көрсетті. Иманынан күш алған Сүмәйя зұлымдықтан көзі қарайған Әбу Жәһилге:

Мені тура жолға салған Аллаһтан бас тартпаймын, – деді. Құдіреті күшті Аллаһтың бір екендігін ақылына сыйдыра алмаған азулы мүшрік:

Олайболсамағансолтәңіріңдікөрсетші,кәнеки,

деп оны мазақтайды. Қараңғылық дәуірінің ақылға сыймас әдеттері мен сенімдерінен жиіркеніп, Ислам нұрынан қуат алған Сүмәйя, мына аятты оқыды:

323

Cаңлақ cахабалар

“Көздер Оны көре алмайды. Алайда ол барлық көздерді көреді. Ол – Латиф және Хабир” (“Әнғәм”, 103).

Латтың атымен ант етейін. Мұхаммед сені сиқырлап тастаған, – деді Әбу Жәһил.

Керісінше,олменінұрғабөледі,–дедіқасқайып. Ашу-ызаға қылғынып өлердей булыққан Әбу Жәһил басқа не айтарын білмей:

Сен салдақы Мұхаммедтің ажарына ғашық болғандықтан оған иман келтірдің, – деп сандырақтады.

Әбу Жәһилдің көр қараңғылығына, қаныпезерлігінешыдайалмағанхазіретСүмәйязәредейқаймықпай, оның айыптарын бетіне басады. Күні кеше ғана өзінің басыбайлы күңі болған бұл әйелден қайсар жауап күтпеген қанішер Әбу Жәһил иманы берік Сүмәйяны найзасымен шаншып өлтіреді. Осылайша иманынан жаңылмаған Сүмәйя – Ислам үшін шейіт болған алғашқы әйел318.

Иманның уыз нәрін татқан адамға Аллаһ жолында жанын пида ете білуден асқан бақыт жоқ.

318Табақат, 3:346; Сахабе хаятындан таблолар, т.3, 372-374; ниса’у мубашшарату бил-жаннати, 1:212.

324

Үмму Айман

“Расулаллаһ жылап тұрғанда, мен қалайша жыламайын?!”.

(Үмму Айман)

Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) Аллаһтың хикметті жазмышы бойынша, туылмастан бұрын әкесінен айырылса, алты жасында анасынан айырылып жетім қалды. Пайғамбарымыздың анасын жоқтатпауға тырысқан бірнеше әйелдің бірі – Үмму Айман. Ол Пайғамбарымыздың анасының қызметшісі болатын. Әмина босанбастан бұрын да, кейін де оның нұр жүзді нәрестесін күтісетін.

Әмина анамыздың Пайғамбарымызбен соңғы сапарында олармен қызметші Үмму Айман да бірге болды.

Әке-шешесізқалғанАллаһтыңсүйіктіелшісі(с.а.с.) Үмму Айманның қарауында өсті. Оның мейірімінен қуат алып өскен Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Үмму Айман – анамнан кейінгі анам”,– дейтін.

ПайғамбарымызтуғананасындайҮммуАйманның жақсылықтарын бір сәт ұмытпады. Хадиша анамызбен отау құрғаннан кейін де оған үнемі қол ұшын беріп тұратын. Кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бақытты шаңырақ көтеруіне себепкер болды. Екінші анасын Зәйд ибн Харисаға үйлендірді. Олар бақытты ғұмыр кешті. Алайда Хунәйн соғысында Зәйд шейіт болды. Күйеуінің шейіт болғанын естігенде Үмму Айман мүмин адамға жарасарлық сабыр көрсетті. Бетін тырнап жыламай, Аллаһтың жазмышына мойынсұн- ған-ды.

325

Cаңлақ cахабалар

Үмму Айман – хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық келген кезде алғаш оған иман келтіріп ергендердің, Аллаһ жолында қиындықтарға көнуге разы болып, басына өлім қаупі төніп тұрса да, иманынан жаңылмаған алғашқы сахабалардың бірі.

Ол Аллаһ үшін Эфиопияға, одан кейін Мәдинаға һижрет етіп, екі һижрет сауабын алды319.

Хазірет Үмму Айман Ислам шуағы шартарапқа шұғыла шашуы жолында жанын беруге әрдайым дайын тұратын жанқияр сахабалардан. Ұхұт шайқасында мұсылман әскерлерге көмек көрсетті. Жаралылардың жарақаттарын таңып, ауыз суларын тасып беріп тұрды320.

Басқа сахабалар сияқты Үмму Айман да Аллаһ расулы (с.а.с.) үшін құрбандыққа барар сахаба еді. Ол Пайғамбарымыз қуанса қуанып, мұңайса бірге мұңаятын. Күндердің бір күнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттанып жылаған кішкентай баланы құшағына алып, Мейірім пайғамбары көз жасын төкті. ОныңжылағанынкөріпқалғанҮммуАймандақосылып жылайды. Пайғамбарымыз одан: “Аллаһтың Расулы қасыңдаемеспе,негежылайсың?”,–депсұрағанда,ол: “Расулаллаһ жылап тұрғанда, мен қалайша жыламайын?!” – деп, оған деген сүйіспеншілігін көрсетті321.

Ардақты елші (с.а.с.) Үмму Айманды (р.а.) жалғыз тастамады. Күндердің бір күнінде сахабаларына: “Жәннаттық әйелге үйленгісі келген адам Үмму Айманға үйленсін”,– деді. Осылайша оның жәннаттық екенінен алдын ала хабар берген еді.

319Усдул-ғаба, 5:408.

320Табақат, 8:224.

321Табақат, 8:225.

326

Сахаба аналар

Аллаһ елшісінің бұл ұсынысын Зәйд ибн Хариса құп алады. Ол тұста Зәйд қылшылдап тұрған жас жігіт еді. Өзінен жасы әлдеқайда үлкен әйелмен үйленуді Аллаһ расулын разы ету үшін қабыл етті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) разышылығын алу дүниелік ләззаттардыңбәріненолүшінқымбатеді.Бұлқасиетті некеден ұлы сахабалардың бірі, Ислам әскерінің қолбасшысы Усама дүниеге келді322.

Үмму Айманды Пайғамбарымыз ерекше ыстық ықыласпен жақсы көріп, анасындай құрмет көрсетіп, әрқашан жағдайын сұрап тұратын.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін хазірет Омар Әбу Бәкір Сыддыққа: “Аллаһ расулы тірі кезінде Үмму Айманның жағдайын үнемі сұрап тұратын. Біз де оның жағдайын сұрап қайтайық”, – деп екеуі оның үйіне барады. Аллаһ расулының (с.а.с.) достарын көрген Үмму Айман еріксіз лықсып келген көз жасына ие бола алмайды. Одан: “Неге жылайсың? Расулаллаһтың Аллаһтан алатын сауабының қайырлы екенін білмеймісің?”, – деп сұрағанда, ол: “Әрине, білемін. Әлбетте, Расулаллаһ үшін Аллаһтың беретіні қайырлы. Бірақ мен уахидің тоқтағанына жылаймын”,

–дейді.БұлсөзПайғамбарымыздыңжансеріктерінеде қатты әсер етіп, олар да қосылып егіле жылады323.

ПайғамбарымызқайтысболғаннанкейінӘбуБәкір, Омаржәнебасқасахабалардаерекшеқұрметкөрсеткен хазірет Үмму Айман (р.а.) Осман ибн Аффанның халифалығы тұсында бақиға аттанды.

***

322Бабанзаде А. Наим, Сахих-ы Бухари мухтасары тәжриди сарих тержумеси, Анкара, 1982, 4:381.

323Муслим, фадаилус-сахаба, 103, (2453).

327

Түйін

Кітапта сахабалардың Ислам тарихындағы орны мен үлгі-өнегелі ғұмырларын олардың өмір сүру ғұрыптарынан деректер келтіре отырып көрсетуге тырыстық.

СахабаларҚұранныңқұндыдәстүрлерінАллаһтың Елшісі хазірет Мұхаммедтен (с.а.с.) үйреніп, жүзеге асырды. Олардың ең маңызды істерінің бірі – Құранды түскен күйінше өзгеріссіз сақтап, кейінгілерге жеткізулері. Аллаһтың құдіреті, Пайғамбарымыздың жігеріжәнесахабалардыңберілгендіктерініңарқасында Құран басқа қасиетті кітаптар сияқты өзгеріске ұшыраудан аман қалып, біздің заманымызға жетті.

БұлқұттытұлғаларАллаһқатолықсеніп,сенімдерін іс жүзінде көрсете алды. Олар Ұлы Жаратушы Аллаһтанбасқатәңірдіңжоқекендігіне,дүниедегіжәне ақыреттегі биліктің, салтанаттың тек қана Аллаһтың билігінде, Оның бар нәрсеге құдіреті жететіндігіне кіршіксіз сеніп, иман жолында еш нәрседен тайсалмады. Шынайы бақытқа жету жолының Аллаһқа иманда екендігін әлемге паш етті. Бұл жолда малын да, жанын да аямады. Олардың имандарының беріктігі жайлы Құранда: “Оларға адамдар: “дұшпандарыңыз сендерге қарсы қол жинады, қорқыңдар”, дегенде, бұл

сөз олардың иманын арттыра түсті де “Аллаһ бізге жетіп асады. Ол нендей жақсы көмек иесі” деді”324,

– делінген.

324 Әли Имран, 173

328

Сахаба аналар

Сахабалар иманның негіздеріне кәміл сенді. ХазіретӘлидің“Құдіреттіңкүшіменғайыптыңпердесі ашылып, ақиқаттарды жалаң көзіммен көрсем де иманым артпайды. Өйткені, қалай иман ету керек болса, мен солай сендім” деген сөздері айқын дәлел.

Олардыңақыреткедегенсенімдерініңмықтылығы сондай, бұл дүниенің шындығынан гөрі ақыреттің ақиқаттығын мойындап, біз бұл дүниеде өмір сүруге қалай құлшынсақ, олар бақиға аттануға құштар болды. Сахабалар бұл дүниені жүректерінде тәрк етсе де, тіршілікте тәрк етпеді. Қайта бұл дүниеге бақидағы бақытқажетудіңбаспалдағыретіндеқараған.Ешқашан дүниегеқұлдықұрмады.Бақыттыөткіншіләззаттардан іздемеді.

Осынау иман қаһармандары Ислам жолына шақырылған кезде, “Ей, Раббымыз! “Раббыларыңа

иман келтіріңдер” деп шақырған шақырушыны (хазіретМұхаммеднемесеҚұран)естігенкездебірден иман еттік”325, – деп жауап берген сахабалар Аллаһ расулын (с.а.с.) жандарынан артық жақсы көрді. Оған өмірлерінің соңына дейін мойынсұнып, қасық қаны қалғанша қорғауға сөз беріп, сөздерінде тұрды. Олар әрқашанда: “Әке-шешем, дүние-мүлкім, бала-шағам жәнежанымжолыңдақұрбанболсын,уа,Расулаллаһ”– деп кетті. Шынайы бақытқа қол жеткізудің оңай емес екендігін білген сахабалар, кейбір қиындықтардан өту керектігін де о бастан қабылдап, бастарына түскен ауыртпалықтарға мойымай, Аллаһ расулының (с.а.с.) қасиетті дінді өрістету жолында бары мен базарын құрбан етті.

325 Әли Имран, 193.

329

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымызғадегенсүйіспеншіліктеріндешек жоқеді.БәдіршайқасыныңалдындаПайғамбарымыздың сахабаларымен жасаған кеңес мәжілісінде Сағд ибн Муаздыңмынасөздеріненоныайқынаңғаруғаболады. Ол:“О,Аллаһелшісі!Бізсағаниманкелтіріп,айтқанына сендік.Бізгежеткізгендеріңніңақиқатекендігінекуәлік еттік. Сені тыңдап, Өзіңе бағынамыз деп ант іштік. О, Расулаллаһ, қалай қаласаң, солай жаса. Сені ақиқатпен жібергенАллаһқаантетейін,бізгетеңіздікөрсетіпоған түссең, ешқайсымыз тартынбастан тегіс сенімен бірге сүңгиміз”, – деген болатын.

Хазірет Әлиден: “Сіздер Аллаһтың Елшісін қалай жақсы көретін едіңіздер?”, – деп сұрағанда, ол: “Аллаһ расулын біз бар дүние-мүлкімізден, бала-шағамыздан, әке-шешемізден де артық жақсы көретінбіз. Оны ми далада бір жұтым суға жетуді аңсағаннан да артық аңсайтынбыз,” – дейді.

Аллаһ расулы (с.а.с.) Меккені азат етуді көздеп қалаға жақындаған тұста, ол кезде әлі мұсылман болмағанӘбуСуфиянсахабалардыңПайғамбарымызға деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін көріп, қасындағы хазірет Аббасқа “Әй, Фазылдың әкесі! Мен бұлкүнгедейіннеКисраныңсарайында,неГректердің басшыларындасеніңбауырыңныңбаласындағыдайсалтанатты көре алмадым”, – деп таңғалады. Аббас: “Бұл

– салтанат емес, пайғамбарлық. Оның мұншама жақсы көрулерінің себебі де осында. Сен де иман келтір”, – деді.

Сәлден кейін мұсылмандар жамағатпен намазға тұрды.СахабалардыңПайғамбарымызға(с.а.с.)құрметі, мойынсұнушылығы мен сүйіспеншілігіне айран-асыр аңтарылған Әбу Суфиян шыдай алмай Аббастан: “Әй,

330