Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Сахаба аналар

Пайғамбарымыз екінші құлағына сыбырлағанда жүзі күлімдеп сала берді.

Бұл жағдайды көріп, таңданған Айша анамыз Фатимадан мұның сырын сұрайды. Ол: “Бұл Аллаһ расулының жеке сыры” деп айтпай қояды. ПайғамбарымыздүниесалғансоңАйшаанамызмұның себебін қайтара сұрағанда, “Алдымен әкем өзінің бұл дүниемен жақын арада қош айтысатынын айтты. Сол үшін жыладым. Екіншісінде арғы дүниеде отбасының арасынан өзіне бірінші болып менің қауышатынымды айтты... Қуануымның себебі сол”, – деп жауап берген еді311.

Әкесі дүние салғанда хазірет Фатима үшін өмірдің мәні қашты. Күндіз-түні көз жасын төгіп, жүрегі қан жылады. Пайғамбарымыздың жоқтығына баржоғы алты ай ғана шыдай алды. Алты айдан кейін Пайғамбарымыздың айтқаны айдай келіп, сүйікті әкесіне туыстарының арасынан ең алғаш қауышқан хазірет Фатима болды312.

Хазірет Фатима хижраның он бірінші жылының Рамазан айында ақтық сапарға аттанды. Жаназасын құдай қосқан қосағы хазірет Әлидің өзі шығарды.

311Бухари, манақыб; Муслим, Фадаилус-сахаба, 98,99.

312Муснәд, 1, 6.

311

Үмму Умара

“Аллаһым, Жәннатта бұларды маған қоңсы әрі жолдас ет!”.

(Хадис)

МәдиналықмұсылмандарПайғамбарымызға(с.а.с.) және иман еткен басқа да мұсылмандарға құшағын айқара ашып, оларды өздерінің бауырына басқанша тағатсызданды.Исламтарихында«екіншіАқабасерті» деп аталған келісім кезінде Мәдинадан Меккеге Аллаһ расулын өз жерлеріне шақырып, оған көмектесуге серт берген жетпіс бес кісі бар еді. Олардың арасында екі әйел болатын. Солардың бірі – Несібе деп танылған Үмму Умара.

Үмму Умара – Пайғамбарымыздың Мәдинаға мұғалім етіп жіберген парасатты сахабасы Мус’аб ибн Умәйрдің себепкерлігімен мұсылман болған, иманы берік әйел сахаба. Ол Аллаһ пен Расулының (с.а.с.) жолында шыбын жанын пида етуге әзір болатын. Қанқұйлы Ұхұт ұрысында Пайғамбарымызға берген сертінде тұрып, әйел басымен шайқасқа қатысып, теңдессіз ерлік көрсетті.

Жаужүрек Несібе бұл шайқасқа күйеуі, екі баласымен бірге қатысты. Шайқастың басында мұсылмандардың күші басым болғанмен, Аллаһ расулының әмірін ұмытып орындарын тастап кеткен оқ атқыштардың қателіктерінен мұсылмандар ауыр шығынға ұшырады. Осы тұста Аллаһ расулының (с.а.с.) маңындағы сахабалардың біразы шейіт болып, оныңайналасындаөтеазадамныңқалғанынкөргенбұл

312

Сахаба аналар

қаһарманәйелАллаһелшісінебірзиянкелмесіндеп,өзі қорғауғаұмтылды.Аллаһелшісінөлтіругежанталасқан мүшріктерден Аллаһ расулын шамасы жеткенінше қорғауға тырысты. Пайғамбарымыз “Ұхұт күнінде оңыма да, солыма да қарағанымда Үмму Уммараның өліспей-беріспей шайқасып жатқанын көрдім” деп оның ерлігін дәріптеген.

Осы шайқаста баласы жараланды. Ол баласының қолын дереу таңып, оған: “Балапаным, кәне, Аллаһ расулының (с.а.с.) алдында шайқасып, оны дұшпаннан қорға”, – деп өз баласын Аллаһ расулының (с.а.с.) жолында шайқасуға жұмсады. Несібенің өзі де бұл шайқаста қатты жарақат алған еді. Ұрыс кезінде азулы мүшрік Ибн Камия Пайғамбарымыздың жүзін жарақаттап, екі тісін сындырды. Пайғамбарымыздың қан жауып кеткен жүзін көргенде жауыз мүшріктің жанын жаһаннамға жөнелтуге асыққан Умму Умара оған қылышын сермейді. Алайда екі қабат сауыт киіп алғандұшпанынабұлшыбыншаққанқұрлыдаболмайды. Ибн Камия ұрыста тұрысты білмейтін Несібенің иығын семсерімен сойып түседі. Басқа сахабалар ержүрек әйелге жәрдемге үлгеріп, жанын аман алып қалады. Оның жарақат алғанын көрген Аллаһ расулы Абдуллаһқа: “Анаңның жарақатын таң”, – деді. Шыбын жанын шүберекке түйіп шайқасқан бұл отбасына “Аллаһ сендердің отбасыларыңа мейірім-шапағатын жаудырсын!” деп дұға етті.

Мұны естіген Үмму Умара шабыттана түсіп: “Уа, Расулаллаһ! Аллаһтан Жәннатта бізді өзіңмен көрші етсін деп тілек тіле”,– дейді. Бұл бақытты, жаужүрек әйелдің көңілін қалдырмай, алақанын көкке қаратып, ол : “Аллаһым, бұларды жәннатта маған қоңсы әрі

313

Cаңлақ cахабалар

жолдас ет”, – дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл дұғасын естіген Умму Умараның төбесі көкке жетіп: “Бұдан кейін басыма қандай қиындық келсе де көтеріп алуға мен әзірмін” – деп Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген сүйіспеншілігін жеткізді.

Осы кескілескен шайқаста қаһарман Үмму Умара онүшжеріненжарақаталды.Иығынаналғанжарақаты жыл бойы жанын қинап әрең жазылған еді.

Үмму Умара Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тұсында ҰхұтсоғысынанбасқаХайбаржәнеХунәйнұрыстарына да қатысты.

ХазіретҮммуУмаражаужүректігіменқатаржақсы жар, аяулы ана да еді. Ол бары мен базарын Ислам жолында жұмсап, балаларын да солай тәрбиелеп өсірді.

Оның ұлы Хабиб Аммауандан Мәдинаға қайтар жолда өзін пайғамбар деп жариялап жүрген жалғаншы Мусәйләмаға кезігеді. Мусәйлама Хабибтен: “Сен Мұхаммедтің пайғамбар екендігін растайсың ба?”, – дегенде, ол мақұлдап оң жауап қатады. Мусәйлама: “МеніңдеАллаһрасулыекенімекуәлікетесіңбе?”,–де- генде, Хабиб тіксініп: “Ешқашан да мұны айтпаспын”,

–дейді.ӨзінежақпағанбұлжауаптанМусәйламаоның бірқолыншауыптүсіреді.Сұрағынқайталапқойғанда, қаһарман әйелдің ұлы Хабиб “жоқ” деген жауабынан тайынбайды. Мусәйлама оның екінші қолын да шауып түсірді. Қылышын төндіріп қиындық көрсетсе де, иманыберікХабибалаяқМусәйламанымойындамады. Ашуға булыққан Мусәйлама Хабибті өлтірді.

Қайғылы хабарды естіген анасы баласының шейіт болғанын сезіп, өзін жұбату арқылы сабыр шақырды. Алайда оны күйзелтіп жанын жегідей жеген бір мәселе бар еді. Ол жалғаншы Мусәйламаның тірі жүруі бола-

314

Сахаба аналар

тын. Жаужүрек Үмму Умара: “Егер мұсылмандар бұл залымға қарсы қол жинап аттанар болса, қылышымды асынып мен де солармен бірге шығармын”, – деп бұл тілегінің орындалуын, ұлының кегін қайтаруды сабырсыздана күтті.

Ақырында көптен күткен күн де келіп жетті. Халифа Әбу Бәкір бүлікшіл, жалғаншы Мусәйламаға қарсы әскер жасақтады. Бұл әскерге өзінің екінші ұлы Абдуллаһпен бірге Үмму Умара да қосылды.

Йәмәмада қаңқұйлы шайқас болып, Несібе ханым бұл ұрыста да үлкен ерлік көрсетіп, бірнеше жерінен жарақат алды. Ақырында мұсылмандар жеңіп, Мусәйламаның жаны жәһаннамға кетті.

Оның өлгенін естіген Үмму Умара қуаныштан сәждеге жығылып, Аллаһқа шүкіршілік етті.

Мұсылман әскері Мәдинаға жеңіспен оралғаннан кейінӘбуБәкірқаһарманәйелдіңжағдайынсұрауүшін арнайы үйіне барды. Ол халифа болып тұрған кезінде бұл даңқты әйелге әрдайым құрмет көрсетіп өтті.

Аллаһ елшісін жанынан да жақсы көріп, ол үшін шыбын жанын аямаған, Жәннатқа баратындығымен сүйіншіленген Үмму Умараның қашан және қай жерде қайтыс болғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ313.

***

313 А. Халил Жум’а, Ниса’у мубашшарату бил-жанна, Бейрут, 1990, 1: 124; Сахабилер ансиклопедиси, т.2, 831-834.

315

Сафиия Әбдулмутталибқызы

“...Ол мұндай азапқа Аллаһ үшін төзді. Бұдан асқан мәртебе бар ма? Біз Аллаһ жолында бұдан да ауыр азапқа разымыз...”.

(Сафиия)

Ислам туы биікте желбіреп, мейірім шуағы адамдардың жүректерінде орнығуы үшін барын аямағансахабалардыңарасындаерлігіерлердікіненкем болмаған даңқты сахаба әйелдер де бар еді. Солардың бірі–есіміалтынғасырқаһармандарыменбіргеаталған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) апайы хазірет Сафиия.

Хазірет Сафиия (р.а.) жетім қалған кішкентай бауырынаанасынжоқтатпауғатырысатын.Аллаһрасулын (с.а.с.) жанындай жақсы көріп, одан қолынан келген жәрдемін аямады.

Арада көп жылдар өтті. Сүйікті бауырына пайғамбарлық келген кезде еш шәк келтірместен, иман келтіріп, алғашқы мұсылмандардың алдыңғы қатарында болды. Бала кезінде Пайғамбарымызды (с.а.с.) мейірімімен шомылдырған хазірет Сафиия бауырыөзініңПайғамбарлығынжариялағаннанкейіноған қолдау көрсетіп, Исламның кең қанат жайып таралуы үшін жанын салды.

Тағдырдыңқызықісінеқараңыз,олбауырыхазірет Мұхаммедкеүлкенкөмекшіболса,ал,ағасыӘбуЛәһәб оған дұшпандық жасағандардың басы-қасында болды. Әбу Ләһәб Пайғамбарымызға және мұсылмандарға азап көрсетуден шексіз ләззат алатын. Бір күні Әбу Ләһәбтің Пайғамбарымызды жәбірлегенін естіп, төзімі

316

Сахаба аналар

сарқылғанолағасыӘбуЖәһилгебарып:“Бауырыңның ұлына және ол әкелген дінге көмектеспеу саған жараспайды. Кітап иелерінің (яһуди, христиан) ғалымдары Әбдүлмүттәліптің ұрпақтарынан пайғамбардың шығатынын айтады. Сол пайғамбар – бауырымыз Мұхаммед”, – деп, оның жүгенсіздігін тежемек болды. Алайда ол кезде әйел адамның сөзі тыңдалушы ма еді. Әбу Ләһәбқа асыл сөзін қор қылғанына көзі жеткен хазірет Сафиия ағасынан түңіліп қайтады.

Ағасына сөзі өтпей, шамырқанған Сафиия ұлы ЗүбәйрдіИсламқаһарманыетіпөсіруүшінқұйтақандай кезінен темірдей тәртіпке баулып, қиындыққа төзімді етіп тәрбиеледі. Кей-кездері шықпыртып сабап та алатын. Баласына жаны ашығандардың неге мұнша қатал тәрбиелейтінін сұрағанда: “Төзімді болып өсуі үшін осылай істеймін. Өйткені, ол келешекте әскерді басқарады”,–депжауапберетін.Олтәрбиесініңжемісін де көрмей қалған жоқ. Ұлы Зүбәйр ердің ері болып өсіп,көзітірісіндеЖәннаттықболыпсүйіншіленгенон кісінің бірі, Исламның жанкешті қаһарманы болды314.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударғанда ол да баласы Зүбәйр ибн Әууәммен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артынан кетті. Осылайша Аллаһ жолында һижрет ету даңқына ие болды.

Ол Ислам тарихында “Кәпірді жер жастандырған алғашқы мұсылман” атанды. Бұған себебші Хәндәқ шайқасындағы бір жағдай еді:

Пайғамбарымыз(с.а.с.)егдетартыпәріденсаулығы нашар болғандықтан, Хәндәқ шайқасында балалар мен әйелдерді Хасанның қасына тастап шыққан еді.

314Оның өмірі жайлы толығырақ мәлімет алу үшін алдыңғы бөлімдердегі Зүбәйр ибн Әууәм тақырыбына қараңыз.

317

Cаңлақ cахабалар

Қолынақылышұстайалатынбарлықерлердіңмайдан алаңында мұрындарына су жетпей жүргенін пайдаланып, әлдебір яһуди, қорғансыз жандарды өлтіру ниетімен әйелдер мен балалар тығылған үйге баспалап жақындайды. Мұны хазірет Сафиия байқап, қария Хассанға айтады. Хассанда дұшпанға қарсы тұралық қауқар жоқ еді. Хазірет Сафиия жауды жайғауды өз қолына алуына тура келді. Оның қолында ағаштан басқа қару да жоқ болатын. Яһудидің артынан жайлап барып қолындағы ағашымен басынан ұрады. Құлаған яһудиді жатқан жерінен тұрғызбай соққының астына алып, әп-сәтте жер құштырды.

Жасы алпысқа таяған қаһарман әйелдің соғыс алаңдарында көрсеткен ерліктері де айрықша. Ұхұт шайқасы кезінде хазірет Сафиия биіктеу бір төбеге шығып,соғысалаңынакөзтігеді.Мүшріктердіңсүйікті бауырына қатер төндіруінен қорықты. Осы кезде мұсылмандардың жеңіліске ұшыраған хабарын естіп, бір орнында байыз таппай, қасына бірнеше әйелді ертіп майдан алаңына тартады. Алғаш кездескен жауынгерден Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жағдайын сұрайды. Пайғамбардың тірі екенін естіп қуанады, бірақ бауыры хазірет Хамзаның (р.а.) шейіт болғанын да естиді. БауырыХамзаныңденесінкөзіменкөргісікеліпіздеуге кіріседі.МұныбайқағанПайғамбарымыз(с.а.с.)Зүбәйр ибн Әууәмға: “Анаңа айт, кері қайтсын. Бауырының бұл күйдегі денесін көрмесін”, – деді. Хазірет Зүбәйр анасына Пайғамбарымыздың “кері қайтсын” дегенін айтып, тоқтатқысы келді. Ал, хазірет Сафиия (р.а.) денесі не күйде болса да бауырын соңғы рет көргісі келіп: “Мен онсыз да оның тілім-тілім кескіленіп, мылжа-мылжа болғанын естіп келемін. Бауырымның

318

Сахаба аналар

қандай халде екенін көрмей, кері қайта алмаймын. Ол мұндай азапқа Аллаһ үшін төзді. Бұдан асқан мәртебе бар ма?! Біз Аллаһ жолында бұдан да ауыр азапқа разымыз. Сабыр сақтап, шыдаймын. Сабырымның сауабын тек Аллаһтан күтемін”, – дейді. Анасынан осындай жауап естіген баласы Зүбәйр мұндай сабырлы ананың ұлы болғаны үшін Аллаһқа шүкірлік етті. Пайғамбарымызға (с.а.с.) анасының жауабын сөзбесөз жеткізгенде, Пайғамбарымыз: “Олай болса жібер, көрсін”, – деп рұқсатын береді.

Хазірет Сафиия бауыры Хамзаның (р.а.) адам танығысыз, жантүршігерлік денесінің қасына келді. Өкпесісуырылыпалынған,құлақ-мұрныкесіліп,денесі әбден мылжаланған. Сабырлы Сафиия Аллаһтың тағдырына мойынсұнып былай деді, “Аллаһым, біз сенің құлдарыңбыз. Сенен келдік, саған қайта ораламыз. Бауырымның күнәлары болса, кешіре гөр!”.

Пайғамбарымыз әпкесінің сабырлығына разы болып, періштелердің Хамзаны “Аллаһтың және Расулының арыстаны” деп жазғанын хабарлайды.

Пайғамбарымызды өз баласындай жақсы көрген хазірет Сафиия (р.а.) Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) бақилық болғаннан кейін он жылдай өмір сүріп, екінші халифаОмардыңтұсындақайтысболды.Олбақимазарына жерленді315.

* * *

315 А. Шаннауи, ниса’ус-сахаба, ауд. Т. Узун, Сахабе хаятындан таблолар,Анкара,1991,3:244-251;Сахабилерансиклопедиси, 2: 792-795.

319

Сүмәйра Қайсқызы

“Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ! Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар түк емес”.

(Сүмәйра бинт Қайс)

Қанды Ұхұт шайқасында мұсылмандар жеңіліске ұшырады және Расулаллаһ шейіт болды деген хабарды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына барған қаһарман әйелдердің бірі – хазірет Сүмәйра.

Ұхұт шайқасына қатысып қаһармандық танытқан асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауыры және баласы бар еді. Ұхұт шайқасында бұл үшеуі де шейітболып,денелеріненсау-тамтыққалмайды.Соғыс алаңына келген Сүмәйраға сахабалар көңіл айтып, сабыр тіледі. Алайда ол: “Аллаһ расулы қандай күйде?”,- депсұрауменболды.СахабаларАллаһелшісінің(с.а.с.) тірі екенін айтса да, өз көзімен көрмейінше көңілі көншімеді.ЖанындағыларданАллаһрасулыныңқайда екенін сұрап алып, бөгелместен сол жаққа қарай бет алды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тірі екендігін өз көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның жанарынан жас ыршып кетеді: “Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ! Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар түк емес”, – деді316.

Күйеуіменбаласыекеуіненбірдейайырылыпқалу өзінеауыртиседе,олардыңЖәннатқабаратынынасенген Сүмәйра көңіліне жұбаныш таба алды. Ал, Аллаһ расулының (с.а.с.) қазасын сахабалардың көбісі көтере

316 Ибн Кәсир, әл-Бидая, 4/54; Сахабилер ансиклопедиси, 2: 796-798.

320