Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Саид ибн Әмир

“Жәннаттың мәңгілік нығметтерін өткінші дүниеде түгескім келмейді”.

(Саид ибн Әмир)

Ардақты елшінің (с.а.с.) тәрбие мектебінен өткен саңлақ сахабалар жүрген жерлерінде ел-жұрттың бақыты үшін күш жұмсады. Екі дүниеде бақытқа жетудің жолын іздеді. Аллаһтың разылығын алу халықтың ризалығынан өтетінін жақсы білген сахабаларөзбақытыүшінемес,өзгеніңбақытыжолындаөмір сүрді. Мұны олар адамзаттың Ардақтысынан үйренді. Өйткені, ол :

“Әрбірің малшыдай жауапкерсіңдер. Баршаң да қарамағыңа жауаптысыңдар. Ел басшысы – қарамағына жауапты. Ер адам – отбасының басшысы. Ол отбасына жауапты. Әйел – ерінің меншігіне жауапты. Қызметші – мырзасының мал-мүлкінің басшысы, иелігіне жауапты. Әрқайсың жауапкер, әрбірің қарамағыңа жауаптысыңдар”205, – деп, әрбір адамның өзіне берілген міндетін адал орындағанда ғана қоғамның салауатты ғұмыр кешетінін айтқан еді. Жанқияр сахабалар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өмірлік дәстүрге айналдыруға тырысып бақты.

Осындай жарық жұлдыздардың бірі – Саид ибн Әмир әл-Жумахи. Ол Хайбардың алынуына дейін Исламдықабылдап,Аллаһелшісініңнұрлыдәрісалқасына қосылды. Иман шәрбатына бас қойған Саид Меккедегі

205 Бухари, Жума, 11.

221

Cаңлақ cахабалар

мүшріктердіңазабынаоданәрішыдайалмай,Мәдинаға қоныс аударды. Барын жолына жұмсаған ол бүкіл шайқастарда үлкен ерлік көрсетті.

Хазірет Саид мықты қолбасшы болатын. Йәрмуқ соғысындаӘбуҰбайдаибнЖаррах(р.а.)халифаОмардан (р.а.) көмек сұрады. Халифа мың адамға татырлық төрт адамды жіберді. Бұлардың арасында Саид ибн Әмир де бар еді. Византиялықтарға қарсы болған сұрапыл Йәрмуқ шайқасында хазірет Саид үлкен қаһармандық пен жанқиярлық танытты.

Саид ибн Әмир – көзі қарақты, парасатты басшы, әділетті саясаткер әрі майталман дипломат. Пайғамбарымыздың суффада тәрбиелеген сахабаларының бірі Саидты бойындағы тамаша қасиеттеріне орай халифа ОмарХумусқаәкіметіптағайындады.БастапқыдаСаид бұған қарсылық білдірсе де, хазірет Омар бой бермеді. Қысқа уақыттың ішінде ол халыққа өзін сүйдіре білді. Басшылық міндетін абыроймен атқарды. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, әлсіздерге қамқорлық көрсетті. Тіпті мұсылман болмағандардың өзі оның басшылығына дән разы болды.

Омар Фаруқ бірде Сирияға соқты. Қаланың солтүстігіндегі Хумустан өзі тағайындаған сенімді әкімді көргісі келді. Мақсаты: әкімінің жағдайын әрі халықтың ол жайлы ойын білу еді. Халифаның қалаға келгенін естіген халық түгел жиналды. Халифа олардан:“Уа,Хумусхалқы!Әкімдеріңізқалай?Көңілдеріңіз толама?Олжайлыайтарқандайшағымдарыңызбар?”,

– деп сұрады.

Халық жалпы разы екендігін, бірақ түсінбеген кейбір жағдайларға байланысты шағымдары барын

222

Мәшһүр сахабалар

білдірді. Хазірет Омар шағымдарын айтуын талап етті. Олар:

Таңертең міндетіне ерте келмейді. Тіршілік қызған кезде бірақ келеді, – деді. Халифа Омар:

Бұдан басқа қандай үлкен кемшілігі бар? – деді.

Кешқарайғаннанкейінешқайсымыздықабылдамайды. Әр айда бір күн тәулігінде біз оны көре ал­ маймыз. Кей кездері есінен танып, құлап қалады, – деп бүкіл шағымдарын тізбектеді.

Бұқарамен жүздескеннен кейін халифа Омар Әмирді қасына шақыртып алып бұл шағымдардың себебін жеке-жеке сұрады. Әрі ішінен “Аллаһым, Саид ибн Әмир жайлы менің жақсы ойымды жалғанға шығара көрме”, – деп дұға етіп отырды.

Айтылған шағымдарды тыңдап болған соң Әмир байсалды­ қалпында:

Омар, негізі бұларды айтуға зауқым жоқ. Алайда шағым болып түскендіктен мен де амалсыз айтамын. Міндетімекешірекбаруымныңсебебі,үйдеқызметшім жоқ. Әйелім науқас, үй жұмыстарының көбін өзім істеймін.Таңатысыменертетұрыпқамырашытып,нан пісіремін. Балаларымның таңғы асын ішкізіп болған соң, дәретімді алып, халықтың алдына шығамын.

Түндеешкімдіқабылдамаймын.Өйткені,күндізімді халыққа­ , түндерімді құдіреті шексіз Аллаһқа арнаймын.

Айда бір рет шықпауымның себебі: Қызметшім болмағандықтан­ киімдерімді өзім жуамын. Ауыстыратын басқа киімім жоқ. Киімдерім кепкенше, халықтың арасына­ шыға алмаймын.

Кей кездерде ес-түссіз талып қалуымның себебіне келсек: Меккеліктер Хүбәйбті дарға асқан кезде, мен

223

Cаңлақ cахабалар

сол жерде едім. Мүшріктер оны дар ағашына байлап: – Өзіңнің құтқарылып, орныңа Мұхаммедтің асылғанын қалар ма едің? – деп ұсыныс жасады. Хүбәйб басына төнген қатерге қарамастан: “Аллаһтың атымен ант етейін,менөзбала-шағамныңқасындаотырғанымбы- лайтұрсын,Мұхаммедтіңаяғынатікенніңқадалғанына дакөнбеймін”,–дегенненкейін,“Уа,Мұхаммед!”деген даусымен аспанды жаңғыртты. Мүшріктер оны шейіт қылды.Менмұныкөріптұрыпқолұшынбереалмадым. Өкінішке орай, ол кезде әлі мүшріктердің қатарында едім. Аллаһ тағала осы күнәм үшін мені ешқашан да кешірмес деп қатты қайғырғаным соншалық, сондай кезде ес-түсімді білмей талып қаламын, – деп шағымдардың бәріне жауап берді.

Әкім де өзі, тақуа да өзі Саидтің жауабын естіген Омар тұла бойы шымырлап:

“Аллаһым, дұрыс пейілімде мені жаңылтпадың, мың да бір шүкір”, – деді. Жиналған жұрт та Саид ибн Әмирдің жанкештілігіне таңқалып, көзіне жас алды206.

Дүниеніңөткіншісалтанатынаалданбай,халықтың игілігі үшін ғұмыр кешкен сахабалардың бірі осы хазірет Саид еді. Ол әкім болып тұрған кезде халифа Омар әл-Фаруқ­ Хумус халқының ішіндегі кедейкембағалдардың тізімін жасауды адамдарына тапсырды.ПақырлардыңтізіміжазылғанпарақхазіретОмарға әкелініп табыс етілді. Тізімнің ең басында Саид ибн Әмир есімін көрген Омар аң-таң болды. Бәлкім, аттас шығар деген оймен:

Бұл қай Саид ибн Әмир? – деп сұрады.

Уа, мүминдердің әміршісі, бұл біздің әкіміміз, – деген жауапты естігенде халифа таңданып:

206 Хилятуль-әулия, 1:245-246.

224

Мәшһүр сахабалар

Сендердің әмірлерің кедей ме? – деді.

Иә, ол кедей. Қолына не түссе бәрін кедейкепшікке таратып бере салады, – деді адамдар.

Мұны естіген халифа көз жасына ие бола алмады. Хазірет Омар әкімінің тұрмысын түзетуді ойлап, бір елші арқылы оған мың динар жіберткізеді. Ол елшіге:

Менен оған дұғай-дұғай сәлем айт. Бұл ақшаны мүминдердіңәміршісіөзқажетіңежұмсауүшінжіберді де, – деп тапсырды.

Елші Хумусқа барып аманатты әкімге табыс етті. Саид ибн Амир мұншама көп ақшаны көре сала шошынғандай “иннә лиллаһи уә иннә иләйһи ражиуун”(ШындығындабізбәрімізАллаһқатәнбізжәнеоған қайта ораламыз) деген дұғаны оқыды. Саидтың бұл халін көрген әйелі қасына келіп:

Не боп қалды, қожайын? Халифа Омарға бір нәрсе болды ма? – деп сұрады.

Жоқ, одан да бетер. Дүние менің басыма шүйлігуде, шаңырағыма азғырушы бүлік келді, – деп әйеліне жағдайды айтты. Ол да бұл ақшаны қалаған жеріне жұмсауға болатынын айтқаннан кейін, хазірет Саид бұл қаржыдан бір тиын қалдырмай, кедейкепшікке садақа етіп таратып жіберді.

Ақшаларды тегіс таратып жібергеніне әйелі ренжіңкіреп:

Кішкене болса да өзіңе қалдырып, қажетімізге жұмсасақ болмас па еді? – дегенде, хазірет Саид:

Жәннаттың мәңгілік нығметтерін өткінші дүниедетүгескімкелмейді,–деп,өзініңақыреткедеген сенімінің шынайылығын көрсеткен еді.

225

Cаңлақ cахабалар

Хижраның қырқыншы жылында мәңгілік өмірге аттанған­ Саид ибн Әмир өзінің адал қызмет атқарған жері Хумуста жерленді207.

207 Усдул-ғаба, 2:311-312.

226

Әбу Зәрр әл – Ғифари

“Аллаһ Әбу Зәррға мейірімін жаудырсын! Ол жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүріп, жалғыз қайтыс болады”.

(Хадис)

АзаншақырыпқойғаншынатыЖүндүбибнЖунәдә болғанменӘбуЗәррруыныңқызбаәріжаужүрекадамы еді. Қараңғылық кезеңінде керуендердің жолын тору- менатышыққан-ды.ЖолторуҒифарруыныңатакәсібі еді. Әбу Зәррдің атын естігенде ұйқыдағы адамдар шошып оянатын болған.

Әбу Зәрр күндердің бір күнінде күрт өзгеріп, жол тору кәсібін тастап, һанифтік дінін қабылдады. Ислам әлі пайда болмаған кездің өзінде Аллаһтың жолына түсті.СоныменқатарӘбуЗәрржәһилияныңдәуірлеген кезінде де пұтқа табынуды ерсі санап, жатса-тұрса ақиқатты іздеумен болған арабтың атақты шайыры еді.

Ол кезеңде Исламның таралуы жасырын түрде жүріп жатқан. Соған қарамастан соңғы пайғамбардың аты Меккеден басқа көп жерлерге жеткен-ді. Құлағдар болғанның бірі – Ғифар руынан шыққан Әбу Зәрр.

Жаратылысынан әуесқойлығы басым Әбу Зәрр соңғы пайғамбар шығыпты дегенді естіген соң, оны көруге ынтықты. Бұл хабардың анық-қанығын білу үшін бауыры Үнәйсті Меккеге жіберіп, ол жайлы көбірек мәлімет әкелуді ұқыптап тапсырады.

227

Cаңлақ cахабалар

Үнәйс бауырының айтуымен Меккеге барып, онда Пайғамбарымызбен кездесіп сөйлескен соң қайтып келді.

Әбу Зәрр інісінен көрген-білгендерін сұрай бастады. Сондағы Үнәйстің жауабы:

“Меккеге бардым, айтқан адамыңмен кездестім. Ол халықты тек жақсылыққа шақырып, жамандықтан аулақ болуға үндейді, адамгершілікті уағыздайды.

Халық оны “шайыр, сәуегей, сиқыршы” деп атай береді екен. Көріпкелдің талайын тыңдадық қой, оның айтқаны сәуегейлікке тіптен ұқсамайды. Шайыр дейін десем,оғандакелмейді,айтқандарыбізбілетінөлеңнен мүлде басқа. Сиқыршы деу де тіпті қисынсыз.

Қысқасы,хазіретМұхаммедтің(с.а.с.)туралығына көзім жетті. Оған пәлен-түген деп кінә таққандардың өздері өтірікші”.

Мың естігеннен бір көрген артық. Әбу Зәррді Үнәйстіңайтқандарықанағаттандырмай,оныөзкөзімен танып білмейінше көңілі өрекпіп, ақыры әуесқойлығы жеңіп, өзі барып көруге бел байлады.

Бауырыабайболуын,өйткені,Пайғамбарымыздың әкелген жарық нұрын сөндіруге тырысқан мүшріктер мұсылмандықты қабылдағандарды азаптап, көрінген жердесоққығажығыпсалатынжағымсызәдеттіқолдан асқындырып отырғанын ескертті.

Әбу Зәрр неше күн кенезесін кептірген аптапты шөлдіжүріпөтіп,Меккегежетті.Қалағакелгенбетінде тікелей Қағбаға тартады. Айналасындағы адамдарға аңтарыла қарап, алақтап, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.с.) іздеумен болды, бірақ танымығандықтан таба алмады. Жұрттан сұрауға да батылы жетпеді. Өйткені, бауыры айтқандай, Меккеде мұсылмандар

228

Мәшһүр сахабалар

мен мүшріктер арасындағы бітіспес күрес сырттай қарағанда-ақ байқалатын.

Осылайша он бес күн өтті. Пайғамбарды кездестіре алмады. Әбу Зәррдің азығы да таусылып, тек қана зәмзәм ішіп күнелтті. Әбіржіп, титықтай бастады. Күндердің бір күнінде Қағбаның қасынан өтіп бара жатып хазірет Әли оны көзі шалып қалады:

Мына байғұс ұзақ жолдан келген мүсәпір-ау, сірә – деп күбірледі.

Мұны естіген Әбу Зәрр басын көтеріп:

Иә, жолаушымын, алыс жолдан келген жайым бар, – деді. Хазірет Әли:

Онда жүр үйімізге, қонағымыз бол, – деп Әбу Зәррді үйіне ертіп апарып, күтеді. Бірақ, екеуі де бірбіріне сақтық жасап, ол түні жақ ашпады.

ТаңатқансоңӘбуЗәррхазіретМұхаммедті(с.а.с.) іздеу үшін тағы да Қағбаға барады. Келген-кеткенге қарап,әрлі-берліжүруменкештібатырады.Бірақешбір дерек жоқ.

Салы суға кетіп отырған оның жанына тағы да хазірет Әли келеді.

Әлі қайда кетеріңді білмей отырсың ба? – деп сұрайды.

Иә, дәл солай, – деді Әбу Зәрр.

Онда бізге жүр, мейманымыз бол, – деп, хазірет Әлитағыдақолқасалады.Жолдакележатыпқонағынан қайдан, не мақсатпен келгенін сұрайды.

Әбу Зәрр:

Егер ешкімге тіс жарып айтпайтындығыңа сөз берсең, айтайын, – деді.

Хазірет Әлидің уәдесін алған соң Әбу Зәрр оған сапарының мақсатын түсіндіре бастады:

229

Cаңлақ cахабалар

Мен Ғифар руынанмын. Осы Меккеден ақырзаманның пайғамбары шықты деп естідім. Сол адамға жолығайын деп келіп едім.

Әбу Зәррдің мақсатын ұққан жас сахаба Әли көздері күлімдеп:

Сен тура жолды таптың, қуаныштымын. Мен қазір Расулаллаһқа бара жатырмын. Сен де ізімнен жүріп отыр. Мен кірген есіктен сен де кір. Нысаналы жерге жеткенше осылай бейтаныс кісілерше жүріп барамыз. Егер алда-жалда жолай саған зияны тиетіндей біреу кездесе қалса, еңкейіп, кебісімді түзеткен болып белгі беремін. Ал, сен маған қарайламай, тіп-тіке қасымнан өте шық, – деді.

Сөйтіп екеуі үйден шықты. Хазірет Әлидің ізімен жүріп отырып, Әбу Зәрр аман-есен Расулаллаһтың (с.а.с.) құзырынан бір-ақ шығады.

Әбу Зәрр кірген бетте:

Ассаламуаләйкум(Аллаhтыңрахметісағанжаусын), уа, Аллаhтың Расулы! – деді.

Сүйікті Пайғамбарымыз:

Уа алайкумус-салам (Аллаhтың рахметі саған да жаусын), – деді

Ислам тарихында бұлайша сәлем берген тұңғыш адам – осы хазірет Әбу Зәрр. Содан бастап осылайша сәлем беріп, жауап алу әдетке айналды208.

Адамзаттың ардақтысы – Мұхаммед (с.а.с.) Аллаhтың соңғы діні, иманның шарттары жайында егжей-тегжейлібаяндапбергенсоңӘбуЗәррсолжерде кәлимаға тілін келтіріп, мұсылман атанады.

208 Р. әл-Бәша, 1, 116.

230