Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Ғалым сахабалар

Ел билеген кездің өзінде қарапайымдылығы мен кішіпейілдігін сақтап, арқанын асынып, құшақ-құшақ отын таситын.

“ӘбуҺурәйра(р.а.)төсектартыпқалыпты”дегенді естігендербұлардақтысахабаныңхалінсұрауғакелгенде, оның жылап жатқанын көреді. Себебін сұрағанда:

“Дүниеден өтіп бара жатқаныма жыламаймын. Сапарымның тым ұзақтығына, мұнымен қоса азығымның аздығына налимын. Бұл жолаушылықтың соңында Жәннатқа кіремін бе, Жәһаннамға кіремін бе, мұны да білмеймін. Соған жылаймын”, – деп жауап берген еді239.

Бүкіл хас сахабалар осындай болатын. Дәрежелері қаншалықты жоғары болса да, ақыретте есеп бере аламын ба деп соншалықты қорқатын. Олар дүниедегі дәрежелеріне марқайып асып та, тасып та кетпей, бетегеден биік, жусаннан аласа бола білді.

Ислам дінінің көптеген қағидаларының кейінгі ұрпаққа уыз да саф күйінде келіп жетуі үшін жанын салған бұл сахаба хижраның елу сегізінші жылы дүниеден озды. Осылайша көк күмбезінен маздай жанып, шырақтай жарқыраған тағы бір жұлдыз шерлене ағып, шеті мен шегі ғарыш пен кеңістіктің өзін дедек қақтырып,құлдилатыпәкететін,арыстанжалдыайбарлы уақыттың алдында қас қаққанша өте шықты. Оның бақытына – ол жанып үлгерді.

239 Р. әл-Баша, 1, 374.

261

Абдуллаһ ибн Аббас

“Аллаһым, оған діннің рухын үйрет және тәуилді (Құранның негізгі тура мағынасын) жетік білуін нәсіп ет!”

(Хадис)

Һижреттен үш жыл бұрын Пайғамбарымыздың ағасы Аббастың шаңырағында нұр жүзді бір ұл баланың кіндігі қиылды. Оның атын “Абдуллаһ” деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі қойған болатын.

Абдуллаһ ибн Аббас кішкентайынан Пайғамбарымыздың үйінде сол шаңырақтың бір адамындай болып өсті. Пайғамбарымыздан сабақ алып, түнде бірге ғибадатжасап,оғанқызметететін.Ынталылығы,еңбекқорлығы, ақылдылығы мен турашылдығы үшін хазірет Пайғамбар оны бауырына тартты.

Ардақты елші (с.а.с.) Абдуллаһтың ғалым болуын қалап, оған үнемі арнайы сабақ беріп тәрбиеледі. Пайғамбарымыз дүние салған кезде әлі он төрт-он бестердегі жас өспірім еді. Аллаһ елшісінің қасында өткізген төрт-бес жылы – оның естігенін қалт еткізбей қағып алатын қабілетке ие болған кезіне сай келген. Бұлқысқауақыттыңішіндекөпхадисжаттады.Мұның себебі, оның бойындағы алғырлығы. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың: “Аллаһым, оған діннің рухын үйрет және тәуилді (Құранның негізгі тура мағынасы) жетік білуін нәсіп ет”, – деп дұға жасауы да әсер еткен еді240.

240 Муснәд, 1:266; Бухари, уду`, 10.

262

Ғалым сахабалар

АбдуллаһибнАббассахабалардыңеңбілімділерінен саналады. Көзі тірісінде оны хибруль-умма (үмбеттің дана ғалымы) және тәржуманул-Қур`ан (Құранды аударушы, оны бізге жеткізуші) деп ұлықтайтын241.

Ұзынбойлы,жылышырайлы,нұржүзді,сөйлегенде дүйімжұрттыаузынақаратаршешендекөсемАбдуллаһ ибнАббасХашимтайпасынаншыққан.Оныңестесақтау қабілетінің қуаттылығы соншалық – ол атақты шайыр Амр ибн Раби`аның сексен жолдан тұратын өлеңін бір оқығандажаттапалғандеседі.Тәфсир,фиқһжәнехадис ілімдерімен қоса әдебиет пен өлеңге, әсіресе, жәһилия кезеңінің өлеңдерін жаттап аты шыққан. Ибн Жәрир ат-Табари өзінің тәфсирінде әр аяттың түсіндірмесінде ибн Аббастың жәһилия дәуірінен жеткізген өлең жолдарын кеңінен қолданған242.

Нұр пайғамбар хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дүниеден озғаннан кейін Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) пен Омардың (р.а.) халифалықтары кезінде оларға ғылыми мәселелерде кеңес беріп тұратын. Хазірет Омар шеше алмағанкүрмеуікөпкүрделімәселелерді“мұныңтүйінін сен ғана шеше аласың” деп Абдуллаһ ибн Аббасқа (р.а.) сілтейтін. Бірде Йеменнен келген әлдебір адам өзінмазалағансұрақтарынақанағаттанарлықжауапала алмай амалы құрығанда, Абдуллаһ оның сауалдарына ақылға қонымды жауаптар береді. Бұған разы болған халифа Омар: “Абдуллаһтың Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шаңырағында өскеніне куәлік етемін”, – деп, оның білімділігі мен білгірлігін атап айтқан еді.

Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде ибн Аббас ардақталып, абыройға бөленді. Хазірет Омар оны

241Усдул-ғаба; 3:291.

242әл-Бидая, 8:114.

263

Cаңлақ cахабалар

жасының кішілігіне қарамастан бірөңкей жасы үлкен, беделді адамдардан ғана тұратын “кеңес алқасының” құрамынакіргізген.Сөйтседе,АбдуллаһибнАббастың жастығын көлденең тартып, оны мойындағысы келмеген кейбір үлкендерге кеңес алқасының мәжілісінде “Насыр” сүресінің мағынасын түсіндіріп берулерін сұрады. Алдымен сөз алған үлкендер “Насыр” сүресін былай түсіндіреді: “Аллаһтың жәрдемі мен жеңісі келгенде адамдар Исламға топ-топ болып кіреді. Сол кезде Раббыңды пәкте, мадақта, кешірім сұра” деген мағынаға келеді”. Хазірет Омарға олардың бұл жауабы түбіне тереңдемей, су бетінен қалқыған ұшқарылау пікір көрініп, ұнамайды. Мұның әзәли мағынасын ибн Аббастың өзінен сұрады. Ибн Аббас: “Бұл сүре Аллаһ расулыныңөліміненхабарбереді.Адамдартоп-тобымен Исламға кірген кезде оларға Аллаһтың хабарларын жеткізген Пайғамбардың міндетінің аяқталғанын ишаралайды”, – деп жауап бергенде, халифа Омар: “Міне, оны осы қабілеті үшін сендердің араларыңа қостым”,

– деп оның ерекшелігін атап өткен еді243.

Абдуллаһ ибн Аббастың сұхбатындағы топтың халық арасында ерекше орны бар еді. Оның жүргізген сұхбаттары берекетті әрі тартымды өтетін. Жасы да, кәрісі де оның ілім бұлағынан мейірі қанғанша сусындай алатын еді. Сұхбатының екі ерекшелігі болатын: Телегей теңіз білімділігі, тақуалығымен ерекшеленген хазіретАбдуллаһсұхбаттарындаосыекіқасиеткебасты мән беретін. Бәріне ұғынықты етіп көркем түсіндірген сұхбаттарын айнала отырған адамдар зейін қойып

243 Бухари, тәфсир, (110) 3.

264

Ғалым сахабалар

тыңдап,қақағансуықтаарқаларыноттабынатосқандай ыстық әсер алатын244.

Ибн Аббастың парасаты мен қиыннан қиыстыра білетін қисынды ойлары ыңғайлы да жөні бөлек жосындығымен тәнті ететін. Пайғамбарымызбен қандас туыс ол: “біз пайғамбардың шаңырағында өстік” деп асқақ көңілмен мақтан ететін. Бойындағы кемел қасиеттерімен сахабалардың арасында құрметке бөленді. Барған жерінде кім болса да оған орнынан тұрып, ілтипат көрсететін. Ибн Аббас елдің өзін бұлай көкке көтере әспеттеуін аса ұнатпай, олардың орындарынан тұрмауларын өтініп, үнемі кішіпейілділік танытатын.

Бірде Зәйд ибн Сәбит атқа мінер кезде ибн Аббас оның атының үзеңгісінен ұстап құрмет көрсетеді. Сонда Зәйд ибн Сәбит: “Әй, Аллаһ расулының ағасының баласы, өтінемін, бұлай жасама”, – дегенде, ол: “Ғалымдарымызға осылайша құрмет көрсету бізге әмір етілді”, – дейді. Хазірет Зәйд болса оның қолынан сүйіп: “Бізге де Аллаһ расулының туыстарына осылай ізет көрсету әмір етілді”, – деп сыйластықтың ізгі үлгісін көрсеткенді245.

Хибрул-умма, Тәржумануль-Қуран деген сипаттарға ие болған ибн Аббас ең көп хадис риуаят еткен, білім дәрежесі жоғары, таңдаулы сахабалардың бірі болатын. Ол 1600 хадис риуаят етті. Саид ибн Жүбәйр, Мужәһид ибн Жәбр және Икримә сынды табиун имамдары: “Біз не білсек, тегіс содан үйрендік” десе, Үбәйдұллаһ ибн Абдуллаһ: “… Әбу Бәкір, Омар мен Османның берген үкімдерін одан жақсы білетін адам

244әл-исәбә, 2:333.

245әл-Исәбә, 2:332.

265

Cаңлақ cахабалар

көрмедім. Көзқарасы үнемі туралықтан таймаған өзге ешкімді таныған емеспін. Тәпсир және фиқһ іліміндегі білгірлігінебәрітаңдайқағатын.Біркүнітәпсиржайлы айтса, бір күні фиқһ мәселелерінен сөз қозғайтын. Бір күні өткен шайқастарды айтса, басқа бір күні араб тарихынтереңненқозғайтын.Оныңбілімітүпсізтеңіздей еді. Оның білімділігіне бас имейтін ғалым жоқ еді” деп оның беделін атап өткен246.

Ол білімді болумен қатар мемлекеттік жоғары қызметтердідеабыройменатқарғанқабілеттісахаба.Хазірет ОсманныңтұсындаАфрикажорығынаИсламәскерлерінің Елшісі ретінде қатысты. Африкадағы Византияның әкімі Георгийжәнеоныңадамдарыменғылымимәселелербойыншапікірталастырады.Византиялықтаралғырақылына, ойыменбілімініңтереңдігінетәнтілікпеноны“арабтардың еңданасы”деген-ді.

ХалықибнАббастыңтөрелігінежиіжүгінетін.Оның үйі, есік алды үнемі кісіден босамайтын. Шәкірті Әбу Салих:

“Ауласына кісілер мұншама көп жиналатын басқа бір адамды өмірімде көрген емеспін” деп, оның шаршытоптыжарыпсөйлейтіншешендігін,көпшілдігімен көсемдігін паш етеді.

Оны “тәпсир ғылымдарының падишасы” деп те атайтын.Өзітәпсиркітабынжазбасада,оныңөрнектеп өрбіткен тәпсирлері хадис кітаптарында жинақталған. Мұсылман ғалымдары өздерінің шығармаларын көркемдеу үшін ибн Аббастың құнды тәпсирлерін пайдаланды. Ал оның берген пәтуалары фиқһ ілімінің негіздерінің бірі болып табылады.

246 Табақат, 2:365; Усдул-ғаба, 3:19.

266

Ғалым сахабалар

Мекке фақиһтарының көбісі оның мектебінен қаз басып, қанат қағып шықты. Сондықтан да оған “Мекке тәпсир мектебінің негізін қалаушы” делінді. Құран ілімдерін жетік меңгерген ибн Аббастың айрықша қайрат көрсеткен қызметтерінің бірі – Құранның жинастырылуына қосқан үлесі.

Муғауия қайтыс болғаннан кейін хазірет Әли мен ұлы Хусәйннің жақтастары оны Куфаға шақырды. Ол бұл шақыруды қабыл алмады. Хусәйнге ол жаққа барма деп қанша үгіттесе де, оны көндіре алмады. Осының салдарынан Куфаға кетіп бара жатқанда Пайғамбарымыздың сүйікті немересі хазірет Хусәйн Кербалада шәйіт болды. Бұл оқиғадан соң қайғыдан қан жұтқан Абдуллаһ ибн Аббас екі көзінен айырылды. Ғұмырының соңына таман екі көзі көрмей қалған ілім бұлағы Абдуллаһ жазмыштан озмыш жоқтығына налыған емес. Керісінше:

“Аллаһ жанарымнан жарықты сөндіргенмен, жүрегім мен тілім нұрсыз қалмады”, – деген екен қасқайып247.

АбдуллаһибнАббас687жылыТаифтеқайтысболды. Жаназа намазын хазірет Әлидің баласы Мұхаммед әл-Һанафиия оқыды. Ол:

“Бүгін бұл үмбеттің ең білгір ғалымы қайтыс болды. Оның өлімі мұсылмандарды мұңға батырды”, – деген болатын.

***

247 Сахабилер ансиклопедиси, 1: 153. Сахабилер ансиклопеди-

си, 1: 153.

267

Абдуллаһ ибн Омар

“Адамның бойында мына қасиеттер болмайынша, ол шынайы ғалым бола алмайды: Өзінен білімі мол адамды күндемейді, өзінен төменгілерді кемсітпейді. Ілімін дүниелік пайда үшін сатпайды”.

(Абдуллаһ ибн Омар)

Әділеттің бейнесі хазірет Омардың тоғыз ұлы болды. Солардың ішінен “ибн Омар” Омардың ұлы деген атқа ие болған, ибн Омар дегенде алғаш еске түсер баласы – Абдуллаһ.

ХазіретАбдуллаһәкесімұсылманболғанкездебес жастаболатын.Мұсылманотбасындаөскенолпұттарға табыну тәрізді жаман ғадеттен аман қалды. Исламды түсінерлік жасқа толғанда бірден иман келтірді.

Мәдинаға һижрет жасалған кезде жасы әлі онға да толмаған еді. Бәдір шайқасы қарсаңында қайткенде де соғысқақатысудымақсатетті.Өзісияқтытағыбірнеше бала өздерін үлкен етіп көрсету үшін аяқтарының ұшымен сапқа тұрып, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әскер қатарына алуын қатты қалайды. Бойлары жеткенмен жастары әлі кішкентай болғандықтан оларды Аллаһ расулы әскер қатарына алмады. Ұһұт шайқасында да жастары толмағандықтан әскерге алынбады248. Ол достары сияқты жанары жасқа, көңілі мұңға толып үйіне қайтты. Сол түні таң атқанша көз ілмей, “Аллаһ елшісі мені дін күресу үшін сахабаларының арасына алмайтындай қандай кінәм бар еді?” деп назаланды. Тек бірекі жылдан кейін ғана жасы жеткеннен кейін Хәндәқ

248 Бухари, мағази, 6.

268

Ғалым сахабалар

шайқасынақатысумүмкіндігінеиеболып,әскергеалынып, көптен көксеген арманына жетті249.

Ибн Омар тақуалығы, құлшылығы, сезімталдығы мен сүннетті ұстануы жөнінен әкесі Омардан да асып түсетін.

Сахабалардың сүннетке деген сүйіспеншілігі шексіз. Сүннетке мойынсұнып, оны ұстануға келгенде Абдуллаһ ибн Омардың орны, тіптен, айрықша. Тек қана ғибадат мәселесінде емес, күнделікті тұрмыста да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр іс-қимылын айнытпай қайталайтын. Пайғамбарға деген сүйіспеншілігі де алабөтен. Имам Мәліктің ұстазы Нафи бірде хазірет Абдуллаһ екеуі бірге Арафаттан ылдилап келе жатқанда ибн Омар бір шұңқырға түсіп шығады. Оның бұлқылығынаайран-асырқалғанНафи:“Ей,имам,бұл шұңқырда не істедің?”, – дейді. Ибн Омар былай деп жауап қатады:

“ПайғамбарымызАрафаттантүсіпкележатқанкезде, мен оған еріп отырдым. Осы жерге түсіп дәрет сындырды.Меніңқажеттілігімболмасада,оныңістегеніне кереғар еш нәрсе жасағым келмеді250”.

Оның сүннетке құлай берілгендігі соншалық, Аллаһ елшісі (с.а.с.) суды демін үш рет алып ішсе, ол да дәл солай ішетін. Басқаша ішкенін ешкім көрмегенді. Кішкентай бір қимылдың өзін Аллаһ елшісі (с.а.с.) қалай істесе, айнытпай тура солай қайталайтын. Сол кездің өзінде кейбіреулер мұны ерсі көретін.

ИбнОмардыңжүрегіПайғамбарымызға(с.а.с.)деген сүйіспеншіліккетолыеді.Олзәруістерішығыпқалмаса Пайғамбарымыздыңқасынанекіеліажырамауғатыры-

249Табақат, 4:143.

250Муснәд, 2:131.

269

Cаңлақ cахабалар

сатын. Пайғамбардың (с.а.с.) мүбәрак білім мектебінде білімгесусындап,уақытыныңкөпшілігінілімүйренуге арнады. Пайғамбарымыз қайтыс болған кезде ибн Омардың жүрегі мұңға толды. Пайғамбарымыз жайлы сөз бола қалса көзінен жас моншақтай жөнелетін. Сапарға шығарда және кері қайтқанда міндетті түрде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабірін зиярат ететін.

Абдуллаһ ибн Омарды Пайғамбарымыз (с.а.с.) да жанындайжақсыкөріп,оғанақылкеңес,өсиеттерінжиі айтатын.ХазіретАбдуллаһһижреттенкейінөмірінИсламдыүйренугеатаған“Суффаасхабына”қосылды.Осылайшакішкенебалакезіненбастап,Пайғамбарымыздың ілім кәусарынан сусындаған бақытты сахабалар санатынакірді.Пайғамбарымызданжәнеоныңсахабаларынан ілім үйреніп, білімін жетілдірді. Ілім мәжілістеріне қатысып, діни мәселелерді терең білетін ықпалды сахабалардың біріне айналды.

Ислам тарихында “төрт Абдуллаһ” деген атпен әйгілі сахабалардың бірі – осы ибн Омар. Ол – 2630 хадис риуаят ету арқылы Әбу Һурәйрадан кейін ең көп хадисриуаятеткенсахаба.Оныңтәпсир,фиқһ,әсіресе, хадис ілімінде орны ерекше.

Хазірет Абдуллаһ хадис риуаят еткен кезде өте абайболып,бұлмаңыздыіскеүлкенжауапкершілікпен қарайтын. Риуаят еткен хадистердің әр сөзіне, тіпті әріптеріне де мұқият болатын. Бір мағынаға келетін болса да, Пайғамбарымыздың қолданған сөздерін ғана қолданып, хадистерді қаз-қалпында жеткізуге ерекше мән беретін.

ХадистердіңкейінгіұрпаққажетуіндеАбдуллаһтың қосқанүлесіұшан-теңіз.Барғұмырынхадистіжаюжо- лындасарпетті.Бізгекелгенхадистердіңкөпшілігіибн

270