Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

де, ол оған разы болды. Мен бұл діннің хақ екендігіне куәлік етемін. Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед

– Оның елшісі. Бұл қалқан сенікі, түйеңнен түсіп қалғанда алған едім, – деп иман еткендердің мына қылығына айран-асыр қалып мұсылман болған еді. ОныңмұсылманболғанынақуанғанәділӘлиқалқанын яһудиге тарту етті94.

Жақсылыққа жаны құмар Хайдар Әли басқаларға қол ұшын беріп, олардың қажеттілігін қамтамасыз етуден ләззат алып, әр ісін қабақ шытпай аса сүйіспеншілікпен атқаратын еді. “Менің көмегіммен қажеттілігінің өтелетіндігіне сеніп маған келген адамдарға көмектесуден асқан нығмет жоқ. Бір мұсылманның қажетін өтеу – мен үшін жер бетінің бар қазынасынан қымбат” деген де хазірет Әли болатын.

Әрине, оны ең жақсы танығандар – өз замандастары. Сондықтан да солардың хазірет Әли жайлы айтқан жылы лебіздеріне құлақ түрейік. Діни білімі мол сахабалардың арасында беделді ғалым сахаба Ибн Аббас былай дейді:

“Әлиге Аллаһ мейірімін жаудырсын! Аллаһқа ант етейін! Ол тура жолдың желбіреген туы, тақуалықтың ұшы-қиырынакөзжетпейтінтеңізі,ақылдыңбұлағы,ел- жұрттың бағына маңдайы жарқырап туған хас тұлғасы еді.Қараңғылықтыңқырыққатпарынасәулесінтүсірген нұрлыжанеді.Жұлдыздандабиікмақсаттардынұсқап, көне тарихты жеткізіп, айтқаны айнымай келетін жорамал жасап, жақсы насихат беретін. Исламның адамға тура жол нұсқайтын қағидаларын қатаң ұстанатын. Зұлымдық атаулыдан, шүбәлі жолдан алыс жүретін. Иман мен тақуа иелерінің ең қайырлысы еді.

94 Қандыхләуй, 1:232-233.

121

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыздыңкөйлегіменшапанынкигендердің еңмырзасыеді.Қажылықжәнеса´йжасаушылардыңең мәртебелісі, әділет пен теңдікті орнатуда өте сезімтал еді. Пайғамбарлар мен хазірет Мұхаммедтен кейінгі асыл сөздің зергері еді.

Әйелдердің ең қайырлысының жұбайы, Пайғамбардыңекінемересініңәкесіеді.Меніңкөздерім дәл сондай өзге ешкімді көрмеді, қияметке дейін де көре алмас. Аллаһ пен құлдарының лағынеті – Әлиге лағынет етушілерге болсын95”.

Дирар ибн Дәмрә болса:

– Әлиасқартаудайасқақмақсаттыкөздейтінжәне көздегенін құралайды көзге атқандай құр жібермейтін өте қабілетті еді. Кесіп айтып, әділ үкім беретін. Бойы ілімге қаныққан, сөздері даналықтың қойнауынан сүзілгендей хикметке толы еді. Дүние мен оның арзан мақтанышынаналшақеді.Түнменқараңғылықтыөзіне дос тұтатын. Көз жасын көп төгіп, өте терең ойлайтын. Ең алдымен өз нәпсісіне насихат ететін. Ішіп-жеуі мен киім-кешегі тым жұпыны еді.

Қатардағы жай кісідей өте қарапайым еді. Сұраған сұрақтарымызды жауапсыз қалдырмайтын елгезек те қағілез болатын. Өзін жақын тұтатынымызға қарамастан,мысыбасып,бізоныменсөйлесугетартынатынбыз.Жымиғанкездемаржандайтістерібайқалатын. Діндарларғақұрметкөрсетіп,кедей-кепшіктердіжақсы көретін. Ешбір күш оны ақиқаттан ажырата алмайтынын білетін. Әлсіздер оның әділдігінен үміт үзбейтін. Аллаһ куәм болсын, оны кей кездері михрабта сәждеге жығылғанын, жаны қиналған адамдай бұратылғанын,

95 Куружан, 255.

122

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

мұңайып жылағанын көретінмін. Ол бейне бір былай деп тұрғандай:

“Ей, Жаратушы Иеміз! – деп Жаратушысына жалбарынып, алдамшы дүние туралы былай дейді: “Мені алдап күрмеуіңе түсірмекпісің? Көзіңді маған тіктің бе? Бәрі бекершілік. Мен сені әлдеқашан үш талақпен талақ еткем. Сенің өмірің қысқа, қатерің де үрейсіз. Әттең-ай, әттең! Азық аз, сапарымыз тым ұзақ, жол болса қараң”.

Мұғауия көз жасына ие бола алмай, ыстық жас сақалын жуды. Қолымен жасын сүртті. Айналада жиналған дүйім жұрт та көз жасына көміліп қалған еді. Дирар сөздерін жалғастырып:

Міне, Әли осындай асыл ер еді. Аллаһ оған мейірімін жаудырсын! – деді.

Мұғауия:

Оны қаншалықты жақсы көресің? – дегенде, Ди-

рар:

Құшағындағыжалғызқұлыншағыбауыздалғанда көз жасы тыйылмаған, қайғысы бітпеген бір анадай, – деп жауап берді96.

Жүрегі иман нұрымен нұрланған, алып тұлға Әлидің (р.а.) халифа болып тағайындалуы Ислам тарихының ең күрмеуі көп күрделі кезеңіне сәйкес келді. Хазірет Осман шейіт етілгеннен кейін Ислам үмбеті басшысыз қалып қойды. Жан-жақтан анталаған бүлікшілер өздерінің ыңғайына бағындырып, ырқына көндіріп өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін тез арада халифаның тағайындалуын талап етті. Халифалықты мойнына алуға ешкім тәуекел жасай алмады.

96 Хиля: 1/184; А. Куружан, 253-256.

123

Cаңлақ cахабалар

ОсыкездеМәдинахалқыбүліктіңұлғайыпкетпеуі, мұсылмандардың арасындағы бірліктің сақталып қалуы үшін халифалыққа ең лайық деп хазірет Әлиді таңдады. Өйткені, ол әрі шура мәжілісінің мүшесі, әрі Пайғамбарымыздың немере інісі, Исламды алғаш қабылдаған және Ислам дінінің жайылуына теңдессіз үлес қосқан, ұрыстарда шыбын жанын аямай шайқасқандардың бірі болатын. Бұған қоса оның дариядай терең білімі, ақылы мен кең парасаты, өте құнды фиқһ білімін меңгеруі бұл орынға оны ең лайық деп табуға негіз болды. Мәдина халқы жиналып оған халифа болуды ұсынған кезде, ол:

“Сендердібасқаруғақұмартыптұрғанымжоқ.Мен үшін басшылықтан кеңесші болған артық. Мен үнемі өздеріңмен біргемін, кімді тағайындасаңдар да мен соған разымын”, – деп өзінің ойын білдірді.

Бұл кезде бүлікшілер тез арада халифаның сайлануын, егер сайланбаса Әли және Зүбәйр іспетті сахабаларды өлтіретіндіктерін айтып қысым жасады. Сахабаларға қоса бүкіл халық жиналып, хазірет Әлиге жағдайдың қиындай түскенін алға тартып, оны халифа етіп тағайындайтындықтарын айтты. Әли:

“Менен аулақ, басқа біреуді таңдаңдар. Неге десеңдер, сондай қорқынышты, сондай дүлейлі бір жағдайдамыз. Мұның қилы жақтары мен түрлі астары бар. Бұған ешбір жүрек шыдай алмайды, ешбір ақылой да тосқауыл бола алмайды”, – деп, Ислам үмбетінің басынакелетінқатердіалдыналасезіпжанықұлазыды. Онытоқтатудыңөтеқиынғасоғатындығынбасаайтқанды97.

97 М. Шакир, 358-360.

124

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Ақыр соңында, Ислам үмбетінің бірлігі үшін бұл қиын міндетті нар Әли өз мойнына алады. Бар ерікжігерін бүлікті тұншықтырып, бірлікті тірілтуге жанын салып, ақылы мен батырлығын және тәжірибесін қолданып бақты. Оның халифалығы кезінде Ислам тарихында кейінгі ұрпақтың әрқашанда қайғымен еске алатын ішкі (Жәмәл, Сыффин) шайқастарын бастан өткізді. Әрине, бұл шайқаста екі жақтың да өздерінің дұрысдептапқанұстанымыбареді.Олекіқарсытоптың да мақсаты – Ислам бірлігін сақтап қалу. Сондықтан да бұл иджтиһадтарына (үкім) байланысты оларды еш кінәләуға біздің құқымыз жоқ.

ХалифаӘлигеқарсышайқасқандардыңмақсаттары: Осман Зун-нурәйнді шейіт еткен бүлікшілерді тез арадатауыпжазаламайынша,оғанбағынбайтындықтарын білдіруі болды. Хазірет Әли мұны істеудің мүмкін еместігін,орталықИсламбилігініңәлідеәлсіз,керісінше, бүлікшілердің ықпалының күшті болып тұрғандығын айтып, бұл істі уақыт оздырып қана шешуге болатынын көлденең тартып, оларды бағынуға шақырған еді. Бұл арада шым-шытырыққа толы оқиғалардың баяндалуын тарихи кітаптардың еншісіне қалдырып, егжей- тегжейінетоқталыпжатпай-ақ,сахабалардыңИсламды өмірлеріне жол бастаушы етіп алып, ғұмырларын сол үшін жұмсап жазған дастандарын оқуға тырысқанды жөн көрдік.

Оның басқарудағы тәсілі, халық пен басшы арасындағы байланыс, бұларды жүзеге асырудағы негізгі ұстанымдар мен әділдік туралы түсінігі осы күнгі адамдар үшін маңызын жоймаған хазірет Әлидің Мысырға тағайындаған әкімі Мәлікке айтқан өсиеттерінен қысқаша үзінді бере кетейік:

125

Cаңлақ cахабалар

“Ей, Мәлік! Сені өзіңнен бұрын әділдіктің де, зұлымдықтың да өктемдік құрған жеріне жібердім, сен өзіңнен бұрынғы басшылардың істерін қалай қадағалаған болсаң, халық та сенің жағдайыңды солай қадағалайды. Олар жайлы сен не десең, халық та сен жайлы соны айтады. Кімнің жақсы әрі әділ екендігін Аллаһ құлдарының сөздері арқылы білдіреді. Сондықтан да ең жақсы жан азығың – дұрыс және әділ істерің болсын…

Жүрегіңде халыққа деген мейірім отын жақ, сүйіспеншілік пен жақсылықты өзіңе нышан ет. Оларға қатыгез болма. Өйткені олар мына екі топтан тұрады: бірі – діндес бауырың, екіншісі – жаратылыс тұрғысынан сенімен теңдес…

Тура биде туған жоқтығын әсте ұмытпа! Бұлай етпесең, зұлымдық жасаған боласың. Аллаһтың нығметтерін жоқ етіп, азабының келуіне себеп болғанның арасында зұлымдықтан асқан нәрсе жоқ. Ешшүбәсіз,Аллаһ–зұлымдыққаұшыратылғандардың жанайқайын естуші әрі залымдарды да қадағалап тұрушы…

Кеңесшілеріңнің арасында жақын тұтарың, ащы шындықты бүкпесіз айтатындар болсын. Шыншыл әрі Аллаһтан қорқатын адамдар сырласың болсын. Саған қол соғып қолпаштап, жасамаған нәрселеріңді жасады депмақтап,көңіліңдімасайратуынажолберме.Өйткені, мақтаудың көбі адамды өркөкіректікке жетелейді. Абайла,адамдардыңжаманыменжақсысынтеңұстама. Өйткені,мұндайтеңдікжақсылардыізгіліктенсуытып, жамандардың да жаман пиғылдарға құмарлығын арттырады.

126

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Мемлекет қызметкерлерін таңдаған кезде тек қана түрлеріне қарап, олар жайлы жақсы деп ойлау жеткіліктіемес.Өйткені,адамдаржасандылықпенкөзге жақсыкөрінуүшінқызмететіп,басшылардыңсеніміне кіріп алуға тырысады. Алайда онда шынайы ниет жоқ. Сондықтан да сенен бұрын халықтың арасында жақсы деп танылғандарды таңда.

Әр түрлі жағдайға душар болған шарасыздардан, кедей-кепшікпеншама-шарқықалмағанадамдарғакел- гендеАллаһтанқорық!Олардыңарасындажағдайынайтушыларда,айтпаушылардаболады.Бұлардыңбәрінің құқығынқорғау–міндетің.Лауазымыңныңжоғарыбо- луы олардың саған мұқтаждықтарын білдіруге кедергі болуынан абай бол! Ұлы Жаратушының құзырына шығарылғанда “шамамның жеткенінше жасадым” дерліктей қызмет ет.

МенАллаһрасулының:“Әлсіздіңақысынкүштіден оңай алып бере алмаған кез келген халық ешқашан да күшті бола алмайды” дегенін бірнеше жерде естідім.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма! Өйткені, әр күннің өзіне тән ісі бар.

Басшының арнайы жақын адамдары болады. Бұлардың істерінде зұлымдық пен ынсапсыздық кездесуі мүмкін. Сен олардың зияндығын бұған жол ашатын себептерінің тамырына балта шабу арқылы жой. Айналаңдағыларға, жақындарың мен туыстарыңа арнайы ілтипат жасаушы болма. Олардың ешқайсысы сені пайдаланып айналасындағыларды қиын жағдайға қалдырарлықтай дәрежеде байлық жинауға әуестенбесін. Мұның саған ешбір пайдасы жоқ, әрі оның бұл дүниедегі де, о дүниедегі де обалы – сенің мойныңда.

127

Cаңлақ cахабалар

Біріскеуақытынанбұрынкіріспе,уақытыкелгенде жалқауланба. Ақиқатына көзің жетпеген істерде табан тіреп қасарыспа, айқындалғанда салғырттық танытпа. Әр істі орнымен жаса…

Бойыңды ашу-ыза кернегенде қолың мен аузыңа ие бол. Бұлардың залалынан қорғану үшін еркіңді жеңгенге дейін ашудың кернеуін теже”98.

Оның халифалығы төрт жыл тоғыз айға созылды. Хижра жыл санағының қырқыншы жылы, Рамазан айының он жетісінде, жұманың таңында, таң намазын оқуға шыққан хазірет Әлиді харижит Абдуррахман ибн Мүлжәм улы қылышымен басынан жарақаттады. Соның салдарынан, алпыс үш жасында Әли де өтті дүниеден. Ислам үмбеті арыстан жүректі, даналық дариясы Әлисіз қалды...

98 Қандыхләуй, 2:712-713; Сахабилер ансиклопедиси, 1:84-86.

128

Сағд ибн Әбу Уаққас

“Міне, менің нағашы ағам – Сағд, осындай нағашыға ие кім бар екен”.

(Хадис)

Жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың біреуі – ӘбуБәкірСыддықтыңсебепкерлігіменмұсылманболған Сағд ибн Әбу Уаққас. Анасы жағынан Пайғамбарымызбен (с.а.с.) туыстығы бар. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): “Міне менің нағашы ағам – Сағд, осындай нағашысы болған кім бар екен” деген ілтипатына ие болған ол өмірінің соңына дейін қилы-қилы қиындықтарда Аллаһ расулының жанынан табылды.

Хазірет Сағд Ислам ақиқаттарына жан-тәнімен сеніп,кезкелгенәмірлерінекіетпейтін,имандылықтың асыл үлгісі, қаһарман ер еді. Оның мұсылман болуы, намаз оқуы, Аллаһ расулын жанынан да жақсы көруі анасының қарсылығын тудырды. Анасы ұлын бұл райынан қайтаруға бар күшін салды. Анасы ұлын алған бетінен қайтару үшін айлалы бір тәсілге көшіп:

– Аллаһтың жақындар мен туыстарға қарасуды, әке-шешегемейірімдіболудыбұйыратынынайтқансен емес пе едің? – деді.

Иә, Аллаһ тағала бізге осыны әмір етеді, – деді Сағд.

Бұл жауапты естіген анасы кәдімгідей емексіп қалды. Үйдің бір бұрышында қасқайып тұрған пұттың қасына барып, оны айналып-толғанып сүйе бастады. Сол жансыз, мешеу пұттардың атымен ант етіп, ұлына:

129

Cаңлақ cахабалар

Сағд, сен Мұхаммедтің алып келген бұл дінінен бас тартпайынша, мен нәр татпаймын. Сонан соң сен өз анасын өлтіруге себепкер болған залым атанасың,

деп пұттың арқа жағына шығып, түйіле тұнжырап отырып алды. Айтқан сөзінде тұрып, бірнеше күн нәр татпады.

СағдибнӘбуУаққас(р.а.)анасынқаттықұрметтеп сыйлайтын. Оның осал жағынан ұстап, буынсыз жерге пышақ ұрған анасы ұлын осылайша Исламнан бас тартқызармын деп үміттенді. Алайда анасының бұл үміті ақталмады. Бірнеше күн өткеннен кейін ұлынан мынандай кесімді жауап алды:

Уаллаһи, анашым, егер жүз жаның болып, оларды жеке-жеке тәсілім етсең де, мен дінімнен бас тартпаймын. Қаласаң да, қаламасаң да осы.

Сағдтың райынан қайтпасына көзі жеткен мүшрік әйел аштық жариялауын тоқтатты99.

Бұл оқиғадан соң туған анаң болса да, жұмыр басты пендеге бағынып, Аллаһқа қарсы келмеуге байланысты “Әнкәбут” сүресінің 8-ші аяты түсті:

Біз адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылудынұсқадық.Егероларсағанбілмегеннәрселерді айтып, Маған серік қосуға тырысса, оларға (әкешешеңе) бағынба. Түбінде маған ораласыңдар. Сол кезде сіздерге не істегендеріңізді түсіндіремін.

Сағдтың мұсылман болуын қаламаған анасы ғана емеседі.СолтұстаМеккемүшріктеріаттөбеліндейғана мұсылмандарға зәбір көрсетіп, әр түрлі қиындықтарға душар ететін. Тіпті еркін намаз оқуларына да рұқсат етпейтін. Сондықтан да хазірет Сағд, Саид ибн Зәйд, Хаббаб ибн Әрәт және Аммар ибн Ясир төртеуі

99 Муслим, Фадаилус-сахаба:43.

130