Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Көптен бері нұрды аңсап, асыға күткен Әбу Бәкір онсыз да кемеріне келген көңілі мен жүрек сарайын Исламға айқара ашып, иләһи мейірімнің шуағына бөленіп, өзін басы бүтін осы ақиқат жолына арнап, үнемі Расулуллаһтың (с.а.с.) қасынан табылып, көктен түсіп жатқан иләһи уаһиларды жүрегіне нақыштап, халыққа жеткізуде сөзі өтімді жаршыға айналды. Бүкіл адамдардың бұл бақыт нұрынан мақрұм қалмауы үшін жүрек жалыны оттай лаулап, бір орнында байыз таппады.

Хазірет Әбу Бәкір шынайылығымен қоса мәрт мінезді, көңілі жайсаң жан болатын. Мұсылман болған кезде оның қырық мың дирхамы бар еді. Мұның барлығын да Ислам жолында жұмсау үшін Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкеліп табыс етті. Ол бір жағынан, ақылы мен шешендік қабілетіне сүйеніп, Исламды үнемі уағыздаумен болса, екінші жағынан, кедей мұсылмандарға үнемі материалдық көмек көрсетіп отырды. Өміріне қауіп төніп тұрса да, жан-тәнімен қабылдаған ақиқат дінін уағыздауға құлшына кірісті. Меккенің көптеген бетке ұстар азаматтарының Исламды қабылдауына себепкер болды. Олардың арасында көзі тіріcінде Жәннатпен сүйіншіленген он кісінің алтауы: хазірет Осман, Талха ибн Ұбайдұллаһ, Сағд ибн Әби Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жәррах, Зүбәйр ибн Әууәм, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) бар еді. Бұлармен қатар Осман ибн Маз‘ұн, Әбу Сәламә және Әрқам ибн Әбу Әрқам (р.а.) Әбу Бәкірдің себепкерлігімен Исламды қабылдаған еді. Оның себепкерлігімен мұсылман болғандардың саны 38-ге жетті.

Оның күш-жігері мен қайратының арқасында Исламның шапағат нұрына бөленгендердің қатары

41

Cаңлақ cахабалар

күн санап өсіп жатты. Алайда мүшріктер де қол қусырып қарап қалмады. Исламды енді ғана қабылдап жатқандарды жаңа сенімнен бас тартқызу үшін қолдарынан келген жамандығын барынша істеп бақты. Сөзбен түйреулерін тоқтатып, күш қолдана бастады. Мұсылмандарды кезіктірген жерлерінде соққыға жығып, зәбір көрсетті.

Алғашқы кезде мұсылмандар құлшылықтарын еркін орындау үшін хазірет Әрқамның үйіне құпия жиналатын. Оның үйі кіріп-шығуға қолайлы, көзден таса, әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы еді. Күндердің бірінде осы үйге жиналған сахабалар Аллаһтың бірлігін мүшріктерге ашық түрде жария ету үшінПайғамбарымыздан(с.а.с.)рұқсатсұрайды.Араларында Әбу Бәкір де бар. Алайда Пайғамбарымыз оның уақытыәлікелмегендігін,олүшінмұсылмандардыңәлі аз екендігін айтып алғашында рұқсат бермегенді, бірақ Әбу Бәкірдің табандылық танытуынан кейін олардың айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай Қағбаға барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап:

– Хақ һәм жалғыз Аллаһқа мадақ! Мәңгі бақыт – Аллаһқа иман ету. Оны мойындамай пұтқа табыну – өте жаман ғадет. Мағынасы жоқ жәһилия әдеттерін тастап, Аллаһ елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар,

– деді.

Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін жинап, мұсылмандарға қарсы майдан ашты. Әбу Бәкірді жерге жатқызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұрып-соға бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба ибнРәбиәтабанындашегесібараяқкиіміментепкілеп, оның нәзік бетін қан жоса қылды. Сол арада Әбу

42

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Бәкірдің туыстары көмекке келіп, оны өлім аузынын әзер алып қалды.

Өлімші халден есін жиған Әбу Бәкірдің ең алғашқы сұрағы: “Расулаллаһтан хабар бар ма?”, – болды. Есінің кіресілі-шығасылы жатқанын елемей, Пайғамбарымызды(с.а.с.)уайымдап,“Оғаннеболды?”,

– деп сұрай берді. Анасының: “Балам, бір нәрсе ішіп- жейсіңбе?”,–дегенсұрағына:“АллаһтыңЕлшісіқайда? Оныңжағдайынешік?”,–депкөңіліжайтаппады.Анасы хабарыжоқтығынайтқанкезде,:“Анашым,Хаттабқызы Үмму Жамилге барып, Расулаллаһтың жағдайының қандай екенін сұратыңызшы”, – деді. Расулаллаһтың жағдайының жақсы екендігін айтып келген хабарға да көңілі толмай, оның жағдайын өз көзімен көргісі келіп тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан кейін қасындағыларӘбуБәкірдіқолтықтап,Әрқамныңүйіне алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.с.) өз көзімен көрген кезде: “Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ!”,– деп ебіл-дебілі шығады. Пайғамбарымыз(с.а.с.)онықұшақтады.Оныңбұлхалі Аллаһелшісіне(с.а.с.)әсеретіп,көздеріненмөлдіржас моншақтай төгілді24.

Адамзаттыңардақтысы(с.а.с.)біртүніЖәбрейілмен бірге Меккеден Ақса мешітіне, ол жерден Аллаһтың құдіретімен басқа ұлы әлемдерге көтеріліп миғражға шықты және сол түні қайта оралды. Ертеңінде бұл мұғжизаныайтыпмүшріктергехабарберді.Мүшріктер бұған сенбеді. Тіпті, кейбір мұсылмандардың өзіне де бұл мұғжизаны мойындау ауыр соқты. Олар Әбу Бәкірден:

24 әл-Бидая, 3:30

43

Cаңлақ cахабалар

Еңжақындосыңныңнеайтқанынбілесіңбе?Бұл түніолАқсамешітінебарыпсолжерденамазоқығанын, ол жерде бұрынғы пайғамбарлармен жүздесіп көкке көтерілгенін және сол түні қайта оралғандығын айтуда, – деді.

Әбу Бәкір бір нәрсені айқындап алғысы келіп:

Сіздер мұны оның өз аузынан естідіңіздер ме? –

деді.

Иә, өз аузынан естідік.

Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздың көкке көтерілгеніне шүбәсіз иланып:

Ол айтса, бұл – шындық. Мен Мұхаммедке (с.а.с.) және Аллаһ тағаладан әкелген барлық нәрсеге кәміл сенемін,– деді.

КейінбұлмиғражмұғжизасынПайғамбарымыздың (с.а.с.) өз аузынан естіп білгенде Әбу Бәкір:

Сеніңтурасөйлегеніңеантетемін.СенАллаһтың Хақ елшісісің. Мен бұған тағы да куәлік етемін,– деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған ілтипат білдіріп:

Ей, Әбу Бәкір, сен онсыз да сыддықсың (турашыл, шынайы),– деді.

Содан бері бұл сипат қияметке дейін құрметті атау ретінде үнемі Әбу Бәкірдің атымен қатар (Әбу Бәкір Сыддық) атала бастады25.

ӘбуБәкірСыддықПайғамбарымызға(с.а.с.)деген адалдығы, берілгендігі мен жанкештілігінің арқасында оның жанына жақын тұтар ең жақсы көретін адамы болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Исламды халыққа кеңінен насихаттау жөнінде және басқа да істерінде онымен жиі ақылдасып тұратын. Бұл жақын қатынас

25Сира, 2:39; Ибн Сағд,Табақатул-кубра, Бейрут, 1978, 1:213216.

44

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғанға дейін еш үзілмеді. Соғыс алаңдарында, һижретте де үнемі бірге жүрді. Қызы хазірет Айшаны (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) некелестіру арқылы жақындық байланыстары туыстыққа ұласып, күшейе түсті.

Күн озған сайын Меккеде мұсылмандардың қатары көбейіп жатты. Мүшріктердің оларға жапа көрсетулері де күннен-күнге арта түсті. Өмірлері мен діндерін сақтап қалу үшін мұсылмандардың ішінен бір топ Эфиопияға һижретке Пайғамбарымыздан (с.а.с.) рұқсат алды. Қалғандары иләһи әмір келгеннен кейін Мәдинаға һижрет етті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) һижрет етуіне әлі рұқсат келмеген-ді. Қасынан бір елі айрылмаған шынайы дос Әбу Бәкір өзі жайлы сұраған кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: “Уа, Әбу Бәкір, асықпа. Бәлкім Аллаһ саған да бір һижрет серігін нәсіп етер”, – деді. Әбу Бәкір һижретте Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге болатынын түсінді. Өйткені Меккеде Әли, ӘбуБәкіржәнеПайғамбарымыздан(с.а.с.)басқаешкім қалмаған еді.

Алайда мүшріктер мұсылмандардың һижрет еткендерін де көре алмады. Олар Пайғамбарымызды (с.а.с.) уыстан шығарып алғысы келмей, бірден жиналып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) өлтіруді ұйғарды.

Бірақ, Аллаһ Сүйіктісіне (с.а.с.) Жәбрейіл арқылы хабарберіп,солтүніһижрететуінеәмірберді.Солтүні һижреттегіжансерігіӘбуБәкірболды.ОлПайғамбарлар падишасымен (с.а.с.) бірге һижрет ететінін естігенде, қуаныштан көз жасын төкті. Өліммен ұласуы мүмкін қатерлі сапарға шығатынын естігенде, қуаныштан көз жасын төгу не деген жанкештілік десеңізші! Шы-

45

Cаңлақ cахабалар

бын жанының кеудесінен ұшып кетуінен үрейленетін қорқақ адамдардың мұны түсінуі, әрине, оңай емес.

Ардақты елші (с.а.с.) сол түні өзінің төсегінде Әлиді қалдырып, Әбу Бәкір екеуі ел көзінен жасырынып жолға шықты. Олар Сәур тауына қарай бет алды. Әбу Бәкірдің көңілі толқып Адамзаттың ардақтысына (с.а.с.) зиян келмесін деп қобалжыды. Мүшріктердің оларды байқап іздеріне түсуі мүмкін еді. Ол өзін мүлдем ұмытып, тек қана Пайғамбарымызды (с.а.с.) ойлаумен болды. Ардақты елшінің алдын орағытып, артынан түсіп, оңына бір, солына бір шығып, кенеттен келуі мүмкін қатерге қарсы қорған болуға тырысты.

Олар түннің бір уақытында Сәур тауындағы ішіне адам кірмеген үңгірге келіп жетті. Оның іші құрт-құмырсқа, жылан мен шаянға толы еді. Үңгірге бірінші Әбу Бәкір кіріп, айналаны тексеріп, киімінің құрақтарымен тесіктерді бітеп шықты. Құрақ жетпегендіктен бір тесікті аяғымен бітеді. Аллаһтың елшісікеліпоныңқасынаотырды.Ардақтыелші(с.а.с.) көз шырымын алмақшы болып, оның тізесіне басын қойып, мызғып кетті. Қас қылғандай Әбу Бәкірдің тесікті бітеген аяғы жанын көзіне көрсетіп удай ашиды. Ауру жанына батса да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұйқысын бұзып алудан қорқып, орнынан тырп етпеді. Бірақ, дызылдаған аяғы шыдатпай, еріксіз көзінен жас ыршыпкетті.Нұрлыжүзінетамғаныстықкөзжасынан оянып кеткен Аллаһтың Ардақты елшісі (с.а.с.):

Саған не болды, ей, Әбу Бәкір? – деді.

Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Аяғымды бір нәрсе шақты, – деді даусы қынжыла шығып26.

26Ибн Әсир, әл-Кәмил фит-тарих, ауд. М. Бешир, Ерярсой,

Истанбул, 1985, 2:419-420.

46

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Адамзат баласының бақыты үшін жіберілген Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) мүбәрәк түкірігінен жаққан кезде хазірет Әбу Бәкірдің аяғының ашыған жері бірден тоқтады. Досының бұл жанкешті әрекетіне тебіренген Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Ей, Аллаһым, қиямет күнінде Әбу Бәкірдің дәрежесін менімен бірдей қыл!– деді.

Аллаһ тағала осы үңгірде жасырынған екі мүбәрәк тұлғаны жаудың қолынан құтқару үшін өрмекші мен көгершінді пайдаланды. Аллаһтың әмірімен өрмекші үңгірдің аузына тор тоқып, көгершін ұя жасады.

Мүшріктер Пайғамбарымыздың орнын сипап қалды. Оны табу үшін ең мықты ізкесушілерді жалдап жолға шықты. Ізкесушілердің бастап жүруімен олар Пайғамбарымыздың тығылған үңгірінің аузына дейін келді. Үңгірдің аузындағы өрмекшінің ауы мен көгершіннің ұясын көріп алданған мүшріктер ол жерге адам кіруінің мүмкін еместігін ойлап кері қайтты. Міне,құдіретікүштіАллаһдүниедееңәлсізөрмекшінің торы мен көгершіннің ұясы арқылы Елшісін осылайша қорғап қалды.

Сол кезде Әбу Бәкір Пайғамбарымызға (с.а.с.): “Аллаһқа ант етейін, өзім үшін қорықпаймын. Бірақ, көңілім қаламаған нәрсені сенің басыңа келе ме деп қорқып, сол үшін қапаланамын”, – дейді. Сенімділік Пайғамбары(с.а.с.)болсаоған:“ҮшіншісіАллаһболған екі кісі үшін неге мұншалықты абыржисың. Уайымдама, Аллаһ бізбен бірге”, – деп, өзі үшін уайымдаған досының көңілін жұбатты.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) шынайылық пен жанкештіліктің өшпес үлгісі Әбу Бәкірмен бірге

47

Cаңлақ cахабалар

дұшпандарының қолына түспеу үшін үш күн осы үңгірді паналады.

Үш күн өткеннен кейін олар үңгірден шығып, Мәдинаға қарай бет алды. Мәдинаға һижрет Ислам тарихында жаңа дәуірдің басталуына арқау болды. Қатерлі де қиын жолаушылықтан кейін олар Мәдинаға келіп жетті. Олардан бұрын Мәдинаға һижрет еткен мұсылмандар мен жергілікті халық көшеге сыймай қадірлі қонақтарын құрақ ұшып, құшақ жая қарсы алды27.

Шынайылық – жақсы көргеніне ұқсау, барын да, жоғын да соның жолына атау, өз болмысын сүйгенінің болмысындажоқету.Міне,хазіретӘбуБәкірдіжоғары мәртебегежеткізгеносықасиет.Оғаншынайы,турашыл мағынасында “сыддық” дегізген сипаты Пайғамбарлар падишасына (с.а.с.) деген шынайылығы мен берілгендігіненкелді.ОлАллаһелшісініңайтқандарына еш қалтқысыз сенетін. Өйткені оның досы – достың да, дұшпанның да бірауыздан “Мухаммадүл-Әмин” (сенімді Мұхаммед) деп қабылдаған асыл жан еді.

Әбу Бәкір Сыддықтың Ардақты елшіге (с.а.с.) қылаусызсеніміменпарасаттылығынХудайбиякелісімі кезіндегі әрекетінен аңғаруға болады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мүшріктердің ұсынған қиын шарттарын қабыл етіп, бейбіт келісімге баруын сахабалардың көпшілігі алғашында түсіне алмай қарсы шықты. Омар сияқты ақылдысахабаныңөзібұлкелісімніңастарындағысырды ұғына алмай әбігерге түссе, Әбу Бәкір өзіне келген адамдардың бәрін “Аллаһ елшісі бұлай жасаған болса,

27Табақат, 3:72; Ибн Әсир, Усдулғаба фи ма‘рифатис-сахаба,

Мысыр, 1328, 3: 209-210.

48

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

демек білген бір ақиқаты бар” деп сабырға шақырды. Әбу Бәкір бұл жайлы былай дейді:

“ИсламүшінХудайбияданасқанұлыжеңісболған емес. Бірақ адамдар ол күні Мұхаммед пен оның Раббысы арасындағы сырды түсіне алмай асығыстық жасады”.

Худайбия келісімі сырт көзге жеңіліс сияқты көрінгенімен, ақиқатында Құранда „Фатх” сүресінде баян етілгендей “айқын жеңіс” болды.

Худайбия келісімінің нәтижесінде кескілескен екі жақтың арасында тыныштық орнады. Мұсылмандар өз діндерінқорықпайуағыздайалатынболды.Мүшріктер болса мұсылмандарды жақыннан тану мүмкіндігіне ие болды. Мұсылмандармен қоян-қолтық араласып, олардытанығансайын,бойларындағыадалдық,шынайылық пен адамгершіліктің керемет үлгісін көріп, жаңа дінге деген қызығушылықтары арта түсті. Көптеген адам Исламды қабылдаса, бірқатары дұшпандықтан бас тартты. Худайбия келісімінен кейін мүшріктердің ең жаужүрек,жеңілмесқолбасшысыХалидибнУәлидпен айлалысаясаткерАмрибнАст.б.сияқтыірітұлғалары мұсылмандықты қабылдады.

Худайбия келісімі мен Меккенің алынуына дейінгі екі жылдық қысқа уақыт аралығында мұсылман болғандардың саны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық келген кезден бастап, өткен жиырма жылда иман келтіргендерден ондаған есе артық. Демек, бұл бейбіт келісім – жеңіліс емес, Исламның ұлы жеңісі.

Пайғамбарымыз төсек тартып жатқанда сахабалар жағдайын сұрап, жиі-жиі үйіне барып тұратын. Ара-

49

Cаңлақ cахабалар

ларында Әбу Бәкір де болған сондай зияраттардың бірінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға:

Аллаһ дүние мен ақыретті таңдау мәселесін құлының еркіне берді. Алайда құл ақыретті таңдады,– деді.

Бұл сөздің астарлы мағынасын алғашында ешкім түсінеқоймады.Пайғамбарымыз(с.а.с.)ишаратсөзбенөзінің өлімінмеңзегенінтүсініп,жалғызӘбуБәкірғанакөзжасын төгіпбылайдеді:

Әкеміз, анамыз, бала-шағамыз, дүниеміз бен жанымыз сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Аллаһтың елшісі!

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл парасаты мен сезімталдығына толқып:

Әбу Бәкір, көңілің босамасын. Егер Аллаһтан басқабірдостаңдарболсам,тексенітаңдаредім.Алайда арамызда Ислам бауырластығы мен сүйіспеншілігі бар (бұл бәрінен де қымбат), – дегеннен кейін, – Әбу Бәкір үшін ашылған есіктен өзге мешіттегі барлық есіктер жабылсын, – деді28.

Бұл оқиғадан бірнеше күн өткен соң Пайғамбарымыздың (с.а.с.) денсаулығы жамағатқа намаз оқыта алмастай дәрежеде нашарлап кетті. Пайғамбарымыздан намазды кімнің оқытатыны сұралғанда,:

Әбу Бәкірге айтыңыздар, намазда имам болсын!

деді. Пайғамбарымыздың Әбу Бәкірге жамағатқа намаз оқытуды тапсыруы мұсылмандар үшін Пайғамбарымыздан кейін халифа болатынына ишарат еді.

28Бухари, Фадаил-ул Асхаб: 3; Муслим, Фадаилу-с Сахаба: 2-3.

50