Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

құлшылықтарын орындау үшін Әбу Лүб сайына барды.Дәреттеріналып,намазоқибастағансәттеріндебір топ мүшрік оларды көріп қап, жандарына жетіп келеді. Мүшріктер оларды мазақ қылып, құлшылықтарының мағынасыз екенін айтып, шамдарына тие бастайды. Бұған төзе алмаған Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) қолына түскен бір түйенің сүйегімен жасқап, оларды қууға әрекет жасайды. Түйенің қолақпандай сүйегі бір мүшріктің басына қата тимей, бата тиіп, жазатайым шекесі жарылады. Басқа сахабалар да қарап қалмай мүшріктерге қарсы ұмтылады, олар жан сауғалап қашады. Осылайша Сағд ибн Әбу Уаққас Аллаһ жолында қан төккен алғашқы сахаба болды100.

ХазіретСағдАллаһжолындаалғашоқатушыболуменқатар,жаужүрекбатырда.Аллаһжолындакүресуге мейлінше ынталы болды. Ислам рухын асқақтатып, туын желбіретуге үлкен үлес қосты. Бәдір шайқасында мүшріктермен болған кескілескен ұрыста табандылық танытты. Әсіресе, Ұхұт шайқасында оның жауға кезеп атқанәроғыныңзаякетпегенінбайқағанАллаһрасулы Сағд ибн Әбу Уаққасқа қолындағы жебелерді беріп:

Әке-шешемсағанқұрбанболсын!Мыналардыда ат.Аллаһсененразыболсын,–депдұғаетті.Аллаһтың елшісімұндайсөздердібұрын-соңдыешкімгеайтпаған еді101.

Сол күні сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:

Аллаһым,оныңәратқанындөптигіз.Дұғаларын да қабыл ет, – деп дұға еткен102.

100әл-Исаба, 2:290.

101Муслим , Фадаилус-сахаба:41.

102Мустәдрәк, 3:500.

131

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыздыңқасындаболыпбүкілшайқастарға бастан-аяқ қатысқан Сағд ибн Әбу Уаққас қоштасу қажылығы103 үшін Меккеге барды. Ол жерде науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Расулаллаһ оның халін сұрауға барғанда, ауыр хал үстінде жатқан Сағд (р.а.) :

Расулаллаһ!Көріптұрғаныңыздайденсаулығым нашарлап барады. Менің көп байлығым бар. Бірақ қызымнан басқа мұрагерім жоқ. Байлығымның бәрін садақа қылып бағыштасам бола ма? – деп рұқсат сұрайды.

Ардақты елші (с.а.с.) бұған рұқсат етпеді. Оның тек үштен бір бөлігін ғана бағыштауын құптап:

Үштенбірідеболады.Олдааземес.Аллаһжолын- дабергеннәрсеніңбәрініңсауабыналасың.Бала-шағаңа бергенің де – садақа. Әйеліңнің сенің дүние-мүлкіңнен олжа көргені де – садақа. Отбасыңның бүтіндігі мен жағдайын жақсы қылып артта қалдырғаның – оларды басқаларға мұқтаж, тіленші етіп қалдырғаннан әлдеқайда оңды, – деді Мейірім Пайғамбары.

Бұл әңгімеден кейін хазірет Сағд:

Расулаллаһ! Сіздер Мәдинаға оралсаңыздар мен бұл жерде қалай қаламын? – деді Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жырақ қалғысы келмей. Одан жырақ қалу

дүниенің қараңғылыққа көмілуімен бірдей еді. Пайғамбарымыз оның бұл сөзіне қатты толқыды. Оған еш уайымдамауды, келешекте оның себепкерлігімен көптеген қауымдардың Исламды қабылдайтындығын айтып сүйіншіледі және былай деп дұға жасады:

103Хазірет Пайғамбарымыздың алғашқы және соңғы қажылығы еді. Сондықтан оған арабша – ал-хаджуль-уәдә, қоштасу қажылығы делінген.

132

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Ей, Раббым! Сағдқа шипа бер. Ей, Раббым! Сағдқа шипа бер. Ей, Раббым! Сахабаларымның Меккеден Мәдинаға оралуын тәмамда104.

Шынында да хазірет Сағд мүшкіл науқасынан құлан-таза айығып кетті. Омар ибн Хаттабтың халифалығы кезінде қолбасшы етіп тағайындалды. Көптегенжеңістергеқолжеткізді.Бірқатарадамдардың мұсылмандықты қабылдауына мұрындық болды.

СағдибнӘбуУаққастыңатыаталғандабүкілхадис кітаптарында кездесетін мына оқиға ойға оралады.

Хазірет Сағд Аллаһ расулын жанынан да жақсы көріп, оған кішкентай да зиян келуін қаламайтын. ХижреттіңалғашқыкүндерініңбіріндеПайғамбарымыз (с.а.с.) өміріне қаскүнем біреулердің қастандық жасауы бек мүмкін екенін ойлап көз іле алмады. “Қазір сахабаларымның ішінен ізгілерінің бірі келіп, бұл түні мені қорғап тұрса” деп Аллаһ елшісі (с.а.с.) ойлап үлгіргенше, бес қаруын асынып, мұздай құрсанған хазірет Сағдты көрді. Ол:

Бұл жерге неге келдің? – дегенде, Сағд:

Өз-өзімнен біртүрлі үрейленіп, сізге бір зиян келе ме деп уайымдадым. Сол себепті сізді қорғауға келдім, – деді. Бұған қуанған Пайғамбарымыз (с.а.с.) хазірет Сағдқа дұға етіп, сол түні қаперсіз көз шырымын алды105.

Пайғамбарымыз дүние салғанша Сағд ибн Әбу Уаққас оның жанынан еш қалмай, адал қызмет етті. Ол Аллаһ расулының дүниеден өткеніне қатты қайғырғандардың бірі болды. Пайғамбарымыз қайтыс болғаннанкейінхалифаболыпсайланатынадамдардың

104Табақат, 3:144; Муслим, Уасая:8.

105Муслим, Фадаилус-сахаба:39.

133

Cаңлақ cахабалар

арасындаатыаталғанмен,әдептенозбайхалифалықтан бас тартты. Бұл жүгі атан жығатын жауапты орынға Әбу Бәкір Сыддықты лайық көріп, оған алғаш серт бергендердің қатарына қосылды.

Әділеттің ізгі үлгісі Омар Фаруқ заманында ғұмырының ең белсенді кезеңін басынан кешірді. Сағд (р.а.) халифа Омардың (р.а.) әмірімен Иранға аттандырылатынәскергеқолбасшылыққатағайындалды.Мықты қолбасшы Сағд ибн Әбу Уаққас Қадисия соғысында бірнеше айдың ішінде бүкіл Иран жерін бағындырды. СолкездегіИранастанасыМәдәинқаласыналды.Иран шахының бай қазыналарын мұсылман мемлекетінің қазынасына қосты.

ХазіретОмармұсылмандардыңбұлжеңісінеқатты қуанды. Сағд ибн Әбу Уаққастың Иран шахының бүкіл байлықтарын кідіртпестен бірден Мәдинаға жөнелткеніне тіптен сүйсінді. Алайда Мәдәин қаласының табиғаты сахабаларға жайлы келмеді. Көптеген сахабалар науқасқа шалдықты. Сағд бұл жағдайды халифаға тез арада жеткізді. Халифа жайлы бір жер қарастырып, сол жерде қала салуын әмір етті. Хазірет Сағд әмірді алар-алмастан дереу жер қарастырып, қазіргі Куфа қаласының орнын ыңғайлы деп тапты. Халифадан оң жауап алған соң, Сағд Куфа қаласын тұрғызды. Оның бұл жетістіктерін жоғары бағалағанхалифаОмархазіретСағдтыКуфағаәкімдікке тағайындайды. Ол бұл міндетті үш жарым жыл бойы досын сүйіндіріп, қасын күйіндіріп үлкен абыроймен атқарды.ТәжірибеліқолбасшыСағдибнӘбуУаққасаз уақыттың ішінде Куфа халқына өзін сыйлата білді.

Сағд(р.а.)негізіненҰхұтшайқасындаПайғамбарымыздың ақ батасын алғандықтан, дұғалары қабыл

134

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

етілген дуалы ауыз сахаба еді. Сондықтан да ел оның қарғысынан қорқатын. Сөйтсе де кейбір әлін білмейтін әлекшіл адамдар оның үстінен халифаға арызданды. “Намазоқудыжөндібілмейді,әскерлердібастапсоғысқа шықпайды, мүлік таратқанда тең бөліп бермейді және үкім кескенде әділдікті ұстанбайды” т.б. жаптым жала, жақтым күйемен пәк жанды қаралап бақты. Хазірет ОмарСағдтыңақ-адалекенінайтқызбай-ақбілгенімен, жалақорлардың өрекпіген көңілдерін басу үшін оларға көз қылып тексеру жүргізді. Нәтижеде оның жала екендігі анықталды. Алайда бұл оқиға Жәннатпен сүйіншіленген саңлақ сахабаға өте ауыр тиді. Ақырғы деміне дейін адалдық пен туралықтан айнымаған сахабаның жанына айықпас жара салды. Ол қолдарын көкке жайып Аллаһқа былай деп дұға етті:

– Ей, Аллаһым! Егер маған жала жапқан құлың жалған айтқан болса, оның өмірін ұзарт, бірақ тақыр қыл және басқа да қиыншылықтарға ұшыратқайсың.

Көп уақыт өтпей қарғысқа ұшыраған адам аянышты халге түсті. Екі көзі көрсоқыр болып, басына күн туды. Халық Сағд ибн Әбу Уаққастың кінәсіз екеніне көз жеткізді.

Бұл оқиғадан кейін Мәдинаға оралған Сағд (р.а.) мәселе айқындалған соң Куфаға қайтадан жіберілу жайлы ұсынысқа, “намазыма арызданғандардың басшылығын қабыл етпеймін” деп жауап беріп, бұл міндеттен бас тартты106.

Болған жайтқа қапаланғандардың бірі халифа Омарболды.Олқайтысболмастанбұрынхалифалыққа тағайындалатындардыңішінехазіретСағдтыдақосып, айналасындағыларға:

106 Бухари, Азан,95.

135

Cаңлақ cахабалар

Сағд халифа болып шешілер болса, әрине, бұл міндетке ол лайық. Мен оны Куфа әкімдігінен оның әлсіздігінен немесе опасыздығынан алып тастаған жоқпын107,–депхазіретСағдтыңкінәсізекенінбілдіріп қанақоймай,халифаболуғадалайықекенінайтыпкеткен.

ХазіретСағдАллаһтыңтағдырынакіршіксізсеніп, мойынсұнған,тағдырдыңбүкілжазғанынаразышылық көрсететінтақуадатәуекелшіледі.Аллаһтыңбұйрығы сырт көзге жаман болып көрінгенімен, оның нәтижесі қайырлы болатындығын да жақсы білетін. Өмірінің соңында оның екі көзі көрсоқыр болып қалды. Оның жағдайын сұрап келгендердің бірі:

Сен дұғасы қабыл етілетін адамсың. Өзің үшін дұға етіп көздерің ашылса болмай ма? – дегеніне:

Дұға етсем қабыл боларын мен де білемін. Алайда, Аллаһ тағаланың маған жазғаны, көздерімнің көруінен де жақсы. Мейлі көздерім ашылса да, Аллаһ расулы болмағаннан соң кімді көрейін. Оны көрмеген соң көздерімнің көргенін не қылайын, – деп жауап берген108.

Сағд ибн Әбу Уаққас бойына жақсы қасиеттерді ұясына бал тасыған арадай жинай білген сахабалардың бірі еді. Шағым айтып шағыстырушылар мен шақпа тілділерді суқаны сүймейтін. Адамдардың ондай пендешілігін сол сәтте тыятын. Бір кездері жеңілмес қолбасшыХалидпенекеуініңарасындабіркеліспеушілік туған болатын. Оның жағдайын сұрап келген адамның бірі даңқты Халидті жамандай бастағанда мазасы қашқан Сағд (р.а.) :

107А.Куружан, 317-318.

108Сахабилер ансиклопедиси, 1:130-131

136

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

– Ол жайлы шектен шықпа. Ол екеуіміздегі келіспеушілік арамызды ажыратпайды және сенің айтқандарыңды да құптамаймын109, – деп әрі мұсылмандар, әрі басқа да адамдар үшін үлгі боларлық өнеге жасады. Елді бір-біріне қарсы айдап салудың қоғамдық өмірде олардың ара-қатынасын нашарлатып, бүлік пен бөлінушілік туғызатын әрекет екендігін көрсетті.

Аллаһ расулының көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың бірі болған Сағд (р.а.) хижраның елу бесінші жылында ақиқат дүниеге аттанды. Өзінің өсиеті бойынша, Бәдір шайқасында киген көйлегімен жерленді. Ол дүние салғанда күллі мұсылман қауымы қара жамылып қайғырды.

СағдибнӘбуУаққасхадистердіңбізгедейінкеліп жетуінде үлкен үлес қосып, 270 хадис риуаят етті.

109 Хаятус-сахаба, 1:131.

137

Абдуррахман ибн Ауф

“Уайымдама, періштелер оған көмектесуде”. (Хадис)

Жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның біреуі

– Абдуррахман ибн Ауф. Пайғамбарымызға алғаш иман еткен кісілердің сегізіншісі болған ол хазірет Әбу Бәкірдің себепкерлігімен Исламды қабылдаған. Піл жылында дүниеге келген Абдуррахман ибн Ауф Пайғамбарымызбен түйдей құрдас еді.

Мұсылман болғанға дейінгі Абдулқағба есімін Аллаһ елшісі Абдуррахман деп өзгертті. Ол әрі Эфиопия,әріМәдинағаһижрететуарқылыекібірдейдаңққа ие болған сахабалардың бірі.

Меккеден Мәдинаға һижрет жасаған кезде Аллаһ елшісімәдиналықансарменмеккелікмұһажирлердібауырластырды.Ансарлармеккелікбауырларыүшінөзбауырларына да көрсетпеген жақсылықтарын үйіп-төгіп, оларды үйіне, дүние-мүліктеріне ортақтастырды.

Абдуррахман ибн Ауфқа Сағд ибн Рәби бауыр деп танылды. Оның жасаған ұсынысы мәрттіктің теңдессіз үлгісі болды. Ол Абдуррахман бауырына:

– Бауырым, мен Мәдинаның ең ауқаттысымын. Мал-мүлкімнің жартысы сенікі болсын. Екі әйелім бар. Қайсысын ұнатсаң, дереу ажырасайын. Сен соған үйлен, – деді. Абдуррахман ибн Ауф та Меккенің саудамен айналысатын бай адамдарының бірі болатын. Әр адамның өзіне ғана шақ келетін шағын болмысы болмақ. Өмірдегі өз орнын аңдаған адам ғана иманын берікұстайалады.Өйткеніолөзшамасынбілгендіктен

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

тәубәшіл, тәуекелшіл келеді. Абдуррахман ибн Ауф та сондайадамдардыңбірі.Олөзбойынақұйыпқойғандай жарасатын мына жауапты жұптады:

Бауырым, Сағд! Аллаһ сенің мал-мүлкіңе де, отбасыңа да берекет берсін. Сен маған базардың жолын көрсетсең болды110, – деп арқасына арқанын іліп, біреугеауыртпашылықтүсірмей,өзкүнінөзікөруүшін саудаға кірісіп кетті.

Саудаға бейімі бар Абдуррахман ибн Ауф Пайғамбарымыздыңоғантілегендұғасыменазуақыттың ішінде дәулеті шалқыған ең бай мұсылмандардың санатына қосылды. Байығаны соншалықты, жеті жүз түйені жүгімен қоса Аллаһ жолында бағыштайтын дәрежеге жетті. Өзін де таң-тамаша қалдырған ісінің берекеттігін:

Қолыма тас алсам, оның алтын мен күміске айналғанын көрдім, – деп білдірген еді111.

Бәдір шайқасына қатысқан Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) үлкен қаһармандық көрсетті. Пайғамбарымыз шайқастың жан беріп, жан алысқан шағында одан көз жазып қап, айналасындағылардан сұрағанда, сахабалардың бірі:

Расулаллаһ! Оны таудың етегінде көрдім. Бір топ мүшрік оны қоршап алған екен. Оған көмектескім келді, бірақ сізге жәрдем етуге асықтым, – деген. Ардақты елші:

Уайымдама, періштелер оған көмектесуде, –

деді.

110Бухари, Никах, 7.

111Мүснәд, 1:91 .

139

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымызбен қысқа сөйлескен әлгі сахаба Абдуррахман ибн Ауфты іздейді. Оның жеті адамды өлтіргенін көріп:

Бұлардың бәрін сен өлтірдің бе? – деп таңырқай сұрады. Хазірет Абдуррахман:

Мына екеуін өзім өлтірдім. Бірақ қалғандарын бейтаныс біреу жер жастандырды, – деп Бәдірдегі ұрысқа періштелердің де қатысқандығын растаған еді. Мұны естіген сахаба:

Аллаһ пен елшісінің айтқаны рас екен – деп, Расулаллаһтың (с.а.с.) ақиқатты айтқанына куәлік етті.

Бәдір шайқасынан бастап Тәбукке дейінгі бүкіл шайқастарға жанын салып қатысқан Абдуррахман ибн Ауф Ұхұтта дұшпанға кеудесін тосып хазірет Пайғамбарымызды қорғаған адамдардың бірі еді. Жиырмабіржеріненжарақаталсада,қасыққанықалғанша шайқасуға бекініп, Аллаһ расулын қорғауға бүкіл жанын салды. Осы ұрыста аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады.

СахабалардыңбәріадамзаттыңАрдақтысын(с.а.с.) өз жандарынан да артық жақсы көретін. Мұны оларға үйреткен де Аллаһ расулының өзі болатын. Абдуррахман Пайғамбардан (с.а.с.) көз жазбайтын. Бір күні Пайғамбарымыздың оқшауланып жалғыз шыққанын байқап, басына қатер төнсе, қасынан табылайын деген сақтықпен, соңынан жүріп отырады. Кенет Аллаһ расулы сәждеге жығылды. Сәждесі ұзақ болғаны соншалықты, хазірет Абдуррахман жан тәсілім етпеді ме екен деп қорқып қасына жақындады. Сол сәтте Аллаһ елшісі сәждеден басын көтеріп:

Не боп қалды? – деді. Хазірет Абдуррахман:

140