Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Алау ӘДІЛБАЕВ

САҢЛАҚ

САХАБАЛАР

Жалпы редакциясын басқарып, алғы сөзін жазған Әбсаттар қажы Дербісәлі

Алматы, 2010

УДК 28

ББК 86.38 Ә 25

Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған.

Әділбаев А.

Ә25 Саңлақ сахабалар / Жалпы ред. басқ. Ә. Дербісәлі, –

Алматы, 2010. - 336 бет

ISBN 978-601-06-1121-4

Бұл еңбекте Пайғамбарымыздың (с.а.c.) соңынан ерген саңлақ сахабаларының өнегелі өмір жолы, Ислам дінін таратуда жұмсаған қажыр-қайраты, көзсіз батырлықтары мен ерен еңбектері тарихи деректермен көркем суреттеледі.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

УДК 28

ББК 86.38

ISBN 978-601-06-1121-4

© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2010

Мазмұны

 

Алғы сөз...........................................................................................

5

Кіріспе..............................................................................................

8

I БӨЛІМ

 

САХАБАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

 

Сахаба: мәні мен мағынасы.........................................................

13

Сахабалардың «муһажирлер» және «ансар» деп аталуы..........

13

«Суффа» сахабалары ...................................................................

15

Сахабалардың дәрежелері...........................................................

17

Сахабалардың жалпы саны..........................................................

19

Сахабалар жайында жазылған негізгі шығармалар:.................

20

Сахабалар жайлы хадистер..........................................................

24

Сахабалардың Ислам тарихындағы орны..................................

25

II БӨЛІМ

 

ЖӘННАТПЕН СҮЙІНШІЛЕНГЕН ОН САХАБА

 

Ашарату мубашшара....................................................................

31

Төрт халифа...................................................................................

34

1. Әбу Бәкір Сыддық....................................................................

37

2. Омар әл-Фаруқ (ө. 644)............................................................

63

3. Осман Зун-нурәйн....................................................................

87

4. Әли әл-Муртада......................................................................

103

Сағд ибн Әбу Уаққас..................................................................

129

Абдуррахман ибн Ауф...............................................................

138

Әбу Үбәйда ибн Жәррах............................................................

145

Талха ибн Ұбайдұллаһ...............................................................

152

Зүбәйр ибн Әууәм.......................................................................

161

Саид ибн Зәйд.............................................................................

168

III БӨЛІМ

 

МӘШҺҮР САХАБАЛАР

 

Хамза ибн Әбдүлмүттәліп.........................................................

176

Мусғаб ибн Ұмәйр......................................................................

187

3

Cаңлақ cахабалар

 

Муаз ибн Жәбәл..........................................................................

194

Халид ибн Уәлид........................................................................

200

Біләл Хабаши..............................................................................

213

Саид ибн Әмир............................................................................

220

Әбу Зәрр әл – Ғифари.................................................................

226

Сәлман әл-Фариси......................................................................

236

Абдуллаһ ибн Сәлам..................................................................

243

IV БӨЛІМ

 

ҒАЛЫМ САХАБАЛАР

 

Ғалым сахабалар.........................................................................

249

Әбу Һурәйра................................................................................

252

Абдуллаһ ибн Аббас...................................................................

260

Абдуллаһ ибн Омар....................................................................

266

Абдуллаһ ибн Мәс′уд.................................................................

272

Зәйд ибн Сәбит............................................................................

277

Әбу Мұса әл-Әш’ари..................................................................

281

Үбәй ибн Ка’б.............................................................................

284

V БӨЛІМ

 

САХАБА АНАЛАР

 

Сахаба аналар..............................................................................

289

Хазіреті Хадиша ........................................................................

290

Айша Әбу Бәкірқызы ................................................................

296

Фатима – Аллаһ Расулының қызы ...........................................

303

Үмму Умара................................................................................

310

Сафиия Әбдулмутталибқызы....................................................

314

Сүмәйра Қайсқызы.....................................................................

318

Сүмәйя Хуббатқызы ..................................................................

320

Үмму Айман................................................................................

323

Түйін............................................................................................

326

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:...........................................

330

4

Алғы сөз

Ұлы Жаратушы адамзатты қадірлі қонағы етіп жа- ратып,жетіқабатәлем-сарайыныңтөріненорынберген. Жаратушы Жаббар Ие мұнымен шектелмей, әр дәуірде арнайыелшілерінжіберген.Қияметкежақынқалғанда, жалпы адамзатқа ақырғы елші – хазірет Мұхаммед (с.а.с) пайғамбар келді. Осы соңғы Пайғамбар әкелген Ислам дінін таратуда жанындағы сенімді серіктері де үлкен рөл атқарған.

Ендеше, біз Ислам дініне терең бойлап, оны жақыннантанығымызкелсе,сөзсізПайғамбарымызбен қатар айналасындағы саңлақ сахабалардың да өмір жолынбілугетиіспіз.Жалпы,Исламдінініңнегізгімақсаты

– көкірегіне иман егумен қатар адамзатты көркем мінезділікке баулу. Пайғамбардың (с.а.с) мінезін жан жары Айша анамыз: «Оның мінезі – Құран» деп, дөп басып айтқан. Ендеше, Құран Хақ тағала уағыздаған көркем қасиеттер мен мінезді танытса, ақырғы Елші (с.а.с) соны іс жүзінде көрсетіп, жұмыр басты пенделерге үлгі-өнеге болған. Ақиық саха-балар да Құранды негізгіқайнаретіп,Аллаһелшісінісжүзіндеүлгіеткен. Солсебептісахабалардыңдаөміржолы–кейінгіұрпақ үшін қайталанбас өнеге.

Қолдарыңыздағы кітап – сол сахабалардың өміршеңөнегесінбояуықанықкүйіндебүкпесізтаныта білгенбірден-бірсалмақтытуынды.Шынтуайтынакел- сек, сахабаның әрқайсысы – жүзден жүйрік, мыңнан– тұлпар дара жандар. Кітаптың ерекшелігі – солардың ішінен аты аңызға айналған озықтарын таңдап, ғибратты ғұмырларынан мысалдар беру арқылы барша

5

Cаңлақ cахабалар

сахабаларға тән негізгі ұстаным «өзгелердің бақыты үшінөмірсүру»болғандығынжалпақжұртқақарапайым тілменжеткізуі.Мәселен,ӘбуБәкірдің(р.а.)өміріжайлысөзқозғағанда,оныңбастықасиеттері:шыншылдық, қайырымдылық,жомарттықболғандығынкөреміз.Әбу Бәкірдің мұсылман болған шақта жинаған қырық мың дирхамын Ислам жолына жұмсау үшін Аллаһ елшісіне әкеліп беруі – қазіргі қоғам мұсылмандары үшін орны толмас өнеге. Сахаба Омардың да (р.а.) әділдігі ерекше қырынан бейнеленген. Оның халифа болып тұрған шағында бір сахабамен дауласып, сотқа барғанда қазы (би) оны төрге шақырады. Сонда Омардың: «Алдыңа келген халифа мен қарапайым халықтың кез келген өкілін тең тұтпайынша, сен бұл орынға лайық бола алмайсың. Қазы әділ болса халифаның емес, Аллаһтың бұйрығы мен үкімін орындауы керек” деген сөздері әділеттілікке бет бұрған қай қоғам үшін берік ұстаным емес пе?!

Қазіргітаңдабіздіңқоғамүшінғылымасамаңызды десек, ғылымы жоқ халықтың өркениетті ел болуы дүдәмал. Әсіресе, Ислам ілімін нақты саралап, ғылыми зерделемеген қоғамда әр түрлі бұрыс бағыттағы діни ағымдардың пайда болуы кәдік. Сондықтан дәл қазіргі уақытта Исламдағы ғалым сахабалар жайлы сөз қозғаудың игі әсер-ықпалы мейлінше зор. Ислам дінін терең білгісі келген адам сол дін үшін аянбай тер төккен,тіптіғазизжанынқұрбанетудентайсақтамаған сахабалар өмірімен жете танысқаны жөн.

Таңдаулысахабааналарымыздыңөмірұстанымы– қияметкедейінгімұсылманәйелзатыүшінасқақөнеге. Соңғы бөлімде осыны дөп басып таныта білуі – кітап ерекшелігінің тағы бір қыры.

6

Cаңлақ cахабалар

Кітап тілі жеңіл болумен қатар өте тартымды. Деректік құндылығы жоғары, әдеби құнары айқын. Оқыған сайын оқырман қызығушылығын еселеп, ынтықтырыпотырады.Қысқасы,еңбектіоқыпшыққан адам осыған көз жеткізе отырып, сахабалардың астам шынайылығы мен жоғары адамгершілігін, қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін, Пайғамбарымызды (с.а.с.) қатты жақсы көруін, тақуалықта түпсіз тереңдігін аңғарып, сөзсіз өзіне үлгі тұтар деген сенімдеміз.

Әбсаттар қажы Дербісәлі,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти

7

8

Кіріспе

Ғасырлар қойнауындағы дүбірлі оқиғаларға куә қарт тарихқа терең үңілсек, адамзат қауымының бағыты мен бағдарына жол сызған, күллі ғаламды күрт өзгеріскетүсіргенмаңыздыжағдаяттардыкөреміз.Сол оқиғалардың ең бастысы – Ислам дінінің келуі және оның әлемге таралуы.

Ислам дінінің келуі қарсаңында Араб түбегіндегі қоғамдық тыныс-тіршілік жан түршігерлік еді. Зұлымдық атаулы етек жайып, ішімдік судай сапырылды. Құмар ойындарының неше түрі кең таралып, жезөкшелік үйреншікті кәсіпке айналды. Тайпалар арасындағы кек пен қан дауы ғасырлар бойы бір толастамай, өсім (пайыздық өсім) қоғамға жабысқан дерт болды, қысқасы, мейлінше рухани азғындаған адамзатқа жаһилияның (қараңғылық дәуірдің) үкімі жүрді.

Дәл осы тұстағы адам жанын түршіктіретін сұмдық – отбасында қыз баланың дүниеге келуі ар саналып, бейкүнә сәбилердің тірідей топыраққа көмілуі. Өкінішке орай, бұл да араб қоғамын іштен ірітті.

Шімірікпестен адам қанын ағызуды әдетке айналдырған мейірімсіз қоғам Исламның келуімен аз уақыт ішінде адамзат тарихында өркениет пен мәдениеттің ошағына айналды. Бір кездегі қаныпезерлікте алдына жан салмайтындар құртқұмырсқаны өлтіріп алмау үшін әрбір қадамын аңдап басып, аяқтарына қоңырау тағып жүретін тақуа дәрежеге жетті. Адами қасиеттер аяққа тапталып, азғындық шегіне жеткен тұста пендешіліктің пердесін

9

Cаңлақ cахабалар

серпіп, күллі ғаламға мәдениет бастауын үйретуші қаһармандарпайдаболды.Бұл–заңдықұбылыс.Себебі, қараңғылыққапасындатұншығабастағанғаламрухани жұттан құтқаратын ғажап нұрға мұқтаж-ды. Адамзатты мейірімімен жаратқан Ұлы Жаратушы пенделерге жол көрсету үшін теңдессіз, асыл тұлға, ғаламның рақым нұры Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) қадірлі елші етіп жіберді. Ғаламның рақым нұры Сүйікті елші бұзылған елді жөнге салып, оларға өмірдің түп мәнін, мақсаты мен хикметін үйретті. Әлемдегі толған айдай толықсыған әсемдік пен жаратылыстағы таңғажайып құбылыстардың, адам қолымен тұрғызылған салтанатты сарайдан сан есе көрікті де кең осынау әлемді өрнектеген өнер иесі, шебер Жаратушы бар екендігін ұқтыра білді. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) тек Аллаһқа иман етіп, құдіретіне бас игенде ғана адамдардың қараңғылық шырмауынан құтылып, баянды бақытқа қолжеткізетінінайтты.ОлҰлыЖаратушыесімінкүллі әлемге паш етті.

Азғындық пен әділетсіздік белең алып, адамдар шынайы Жаратушысын ұмытып, қолдан жасалған сансыз меңіреу пұттарға табынып кеткенде Соңғы елші оларды құдіретті Аллаһқа иман келтіруге, тәухид1 нұрымен сусындауға үндеді.

Жүректе иман нұрының салтанат құрып, Ислам дінінің төрткүл дүниенің төрт бұрышына таралуында МұхаммедМұстафадағы(с.а.с.)мойымасиманкүшінің, қажымасқайратының,төзімділігіменсабырыныңорны ерекше. Осы тұста Ұлы Жаратушының бұйрықтарын жүрегімен қабылдап, халықтың иманын құтқару жолында Сүйікті елші хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) еріп,

1 Бір Аллаһқа иман

10