Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Мәдинаға қайтуын өтініп хат жолдайды. Әбу Үбәйда “бауырларымнан айырыла алмаймын” деп сол жерде қалып қояды. Ақырында обаға шалдығып, шейіт болады. Бұл обадан басқа да көптеген сахабалар баудай түседі. Әбу Үбайда өзінің орнына Муаз ибн Жәбәлді қойдырып, мына өсиетті айтады:

“Намаздарыңды оқып, оразаларыңды ұстап, садақаларыңды беріп, қажылықтарыңды өтеңдер. Бірбірлеріңізге қамқор болып, басшыларыңызға бағынып, оларғаадалқызмететіңдер.Дүниесізгеопықжегізбесін. Адам мың жыл өмір сүрсе де, көретін нәтижесі мынау: Аллаһ адамдардың пешенесіне өлімді жазған, сондықтан бәрі де өледі. Адамдардың ең ақылдысы

– Аллаһқа бағынып, ақырет үшін еңбек еткен адам. Бәріңізге Аллаһтың есендігі мен мейірімін, кешірімі мен берекетін тілеймін…”127

Сирияның әкімі болып тұрған кезде сол жердің халқы түгел Әбу Үбәйданың әділ басшы екеніне бірауыздан куәлік еткен. Ол хижраның он сегізінші жылында дүниеден өтті. Оның мүбәрак сүйегі қазіргі Йорданияның Бәйсин аймағындағы өзінің атымен аталатын елді-мекенде жатыр. Аллаһ оған разы болсын!

127А. Рафет әл-Бәша, Сахаба хаятындан таблолар, ауд. Т. Узун,

Анкара, 1991, 1:78.

151

Талха ибн Ұбайдұллаһ

“Аллаһ тағалаға шүкір! Пайғамбарым аман болсын, басқа қиындық түк те емес”.

(Талха ибн Ұбайдұллаһ)

Екі жаһан сардары хазірет Мұхамметтің (с.а.с.) “Талха мен Зүбәйр – Жәннаттағы қоңсыларым” деп ілтипат білдірген, көзінің тірісінде мәңгілік бақытпен сүйіншіленген он сахабаның бірі – Талха ибн Ұбайдұллаһ.

Батырлығымен қоса сансыз асыл қасиеттерімен Аллаһ пен елшісінің марапатына ие болған Талха ибн Ұбайдұллаһ, әсіресе, Ұхұт ұрысындағы ерлігімен ғасырлар бойы қастерленіп еске алынды. Ақиық пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын, хас сахабаларынан болып,бүкілғұмырынИсламжолындапидаеткенхазірет Талха төрт халифаның тұсындағы кеңес мәжілісінің де тұрақты әрі белді мүшелерінен еді.

Талханың (р.а.) мұсылман болуына сауда сапары себеп болды. Басрада болған кезінде бір поп:

Іштеріңізде Меккеден келгендер бар ма? – деп сұрады. Талха ибн Ұбайдұллаһ:

Иә, мен Меккелікпін, – деді.

Ахмет келді ме?

Ахмет деген кім?

Абдуллаһ ибн Әбдулмүттәліптің ұлы. Меккеден келгендерді іздеген себебім, сол жерден шығатын Пайғамбарлардың ең ақырғысының келген-келмегенін сұрастырып білейін деп едім. Өзі сол қасиетті жерден қуғындалып,құрмасымол,тастақтыжәнеаңқакептірер

152

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

аптап есілген жерге көшеді, – деді поп. Бұл поп хазірет Пайғамбардың (с.а.с.) келуін өз кітаптарынан оқып біліп,оныкүткен,ақиқатқакөзіашықкісілердіңбіріеді. Мәлім болғандай Пайғамбарымызға пайғамбарлықтың берілуі қарсаңында ол нұрды асыға күткендер болған еді.Өйткені,АллаһтағалаТәуратпенІнжілдеақыретке дейінгі аманатты жеткізуші соңғы Пайғамбардың келетіні жөнінде айтқан.

Поптың айтқандары Талханы үлкен ойға жетелеп, көңіліне қанат бітірді. Меккеге келе сала бұл хабар жайлы жөн-жосық сұрай бастады. Ол Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед әл-Әминнің пайғамбарлығын жариялағандығын және Әбу Бәкірдің оған ергенін естіді. Алғаш иман ету бақытына ие болған Әбу Бәкір Сыддыққа барып:

Сен Мұхаммедке ердің бе? – деп сұрағанда, хазірет ӘбуБәкір:

Иә. Сен де оған барып, Соның айтқанына мойынсұн.Өйткені,олақиқатпеншындыққашақырады,

деді. Екеуі Пайғамбарымызға бірге барады. Ардақты елшімен(с.а.с.)алғашқыкездесуіненкейін-ақжүрегіне иман ұялап, көңілі нұрға толып, мұсылман болады128.

Қалай мұсылмандықты қабылдайды, солай мүшріктердің табалауына түседі. Оған қысым көрсетушілердіңбасындаөзініңмүшрікбауырыдабар. Аспанайналыпжергетүскендейаптапыстықтақаталап шөлдеген оны көшеде адақтатып азаптайды. Қорлық пен зорлықтың ешқайсысына мойымай, иманы одан сайын күшейе түсті.

Хазірет Талха Бәдір шайқасына қатыса алмады. Өйткені, Пайғамбарымыз хазірет Талха мен Саид

128 Усдул-ғаба, 3:59 ; Табақат, 3:215.

153

Cаңлақ cахабалар

ибн Зәйд екеуін Әбу Суфиянның басшылығындағы мүшріктердің керуені жайлы мәлімет алып келуі үшін барлауға жұмсаған еді. Олар қайтып оралғанша, Бәдір шайқасы бітіп, мұсылмандар алғашқы жеңістеріне жетіп, масайрап жатты. Өзіне жүктелген басқа тапсырмаменжүріпұрысқақатысаалмасада,Пайғамбарымыз оларға ұрыста бастан-аяқ болған жауынгерлердің үлесімен бірдей олжа береді. Ардақты елші оларды соғысқақатысқандайсауапалғандықтарынсүйіншілеп көңілдерін марқайтты129.

Жоғарыда айтқандай Ұхұт шайқасында хазірет Талханың қаһармандығы аңызға айналды. Ақиқаттың ақ таңы атса да, оның алғашқы хабаршы сәулесінің күнін сөндіруге тырысқан мүшріктер Аллаһ елшісін (с.а.с.)өлтіругебаркүштерінсарықты.Сүйіктіелшінің амандығын көздерінің қарашығындай сақтауға ант бергендер серттерінде тұрды. Оны жаудың бұршақтай бораған оғынан қорғау үшін өз денелерін қалқан еткен қаһармандардың ішінде Талха ибн Ұбайдұллаһ та бар еді.

Ұхұтшайқасыныңжанберісіп,жаналысыпжатқан шағында мерген Малик ибн Зүхейрдің Расулаллаһты көздегенін байқап, оққа қолын тосады. Аллаһ елшісіне ажал құштыра жаздаған оқ Талханың бармағын жаралайды.ОсылайшаАллаһелшісініңөмірінсақтапқалды. Пида болған бір бармақ нәтижесінде сақталып қалған Ардақты елшінің өмірі болғандықтан, Талха (р.а.) кеткенбармағынойлапқайғырғандажоқ,Аллаһелшісінің (с.а.с.) аман қалғанына қатты қуанды.

Хазірет Талха бірнеше жерінен жарақат алғанына қарамастан Аллаһ елшісін бір сәт болса да, жалғыз та-

129 Табақат, 3:382-383.

154

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

стамады. Алайда қан көп кеткендіктен есінен танып қалады. Пайғамбарымыз оны хазірет Әбу Бәкірге тапсырды. Бетіне су бүріккен кезде есін жинаған ол, көзін ашар-ашпас:

Расулаллаһ қалай? – деп сұрады. Басын сүйеп отырған Әбу Бәкір (р.а.) :

Аллаһқамыңдабіршүкір.Өтежақсы.Менісаған Расулаллаһ жіберді, – дегенде, демін терең алып:

Аллаһ тағалаға шүкір! Пайғамбарым аман болсын, басқа қиындық түк те емес, – деді. Шамалыдан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) хазірет Талханың қасына келді.Қолдарын көкке жайып:

Аллаһым, оның жанына шипа, бойына қуат бер,

деп дұға жасады. Пайғамбарымыздың дұғасынан кейін хазірет Талха түк болмағандай ширақ қимылдап, қайтадан суға сүңгігендей ұрысқа қойып кетті.

ҰхұтшайқасындаТалха(р.а.)көпжеріненжарақат алады.ХазіретТалханыңжанқиярлығыменерліктеріне сүйсінген Пайғамбарымыз оған “Талхатул-хайр” (Қайырлы Талха) деген лақап берді. Мұнымен қоса:

Талхаға Жәннат уәжіп болды. Талха Жәннатқа кірерлік іс жасады130, – деп оның сүйіншісін паш етті.

ХазіретТалхаөзіншадыман-шаттыққабөлегенбір оқиғаны былайша баяндаған еді:

“СахабалардыңбіреуікүндердіңбіркүніндеАллаһ елшісінен: “Мүминдердің ішінде сондайлары бар…

олар Аллаһқа берген сөздерінде тұрды. Олардың кейбіреулері жандарын пида етті, кейбіреулері бұл абыройды (шейіт болуды) күтуде” деген аяттағы “шейіт болуын күткендердің” кімдер екенін сұрады.

130 Табақат, 3:217-220; Мустәдрәк, 3:374.

155

Cаңлақ cахабалар

Алайда Пайғамбарымыз жауап бермеді. Сол кезде үстімежасылданкиімкиіпменмешіткекірдім.Расулаллаһ (с.а.с.)менікөріп:“Жаңағысауалсұрағанқайда?”,–деді. Сахаба:“Мұндамын,Расулаллаһ”,–дегенде,менінұсқап: “Міне, мынау шейіт болуды күтушілердің бірі”, – деген еді131.

Хазірет Талха Пайғамбарымыздың дәуірінде Бәдірден өзге бүкіл шайқастарға қатысты.

Талха ибн Ұбайдұллаһ батырлығымен қоса дәулетті де болатын. Меккеде саудамен айналысқан ол, Мәдинаға көшкеннен кейін диқаншылықты кәсіп етеді. Дәулеті жеткенмен, нағыз тақуаның жұпыны тірлігін қанағат тұтты. Қылышымен қалай соғысса, мал-мүлкімен де солай шайқастарға қатысты. Тәбук соғысына дайындалған әскерді жасақтауға басқа сахабалар сияқты ол да қуана-қуана қатысты. Байлығының ауқымды үлесін жихадқа дайындалған әскерге беру үшін Пайғамбарымызға келіп:

Бұл Талханың кішкене ғана сыйы, – деп әкелгендерін берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл жомарттығына сүйсініп:

Уа, Талха! Сен өте жомартсың, – деді.

Тағы бірде жиһадқа шыққан мүминдердің сусыз қалмауы үшін Зуль-Қарадә соғысында бір құдықты сатып алып, оларға сыйға береді. Хунәйн шайқасында көрсеткен ерлігі мен жамарттығына дән разы болған Аллаһ расулы оған “Талхатуль-жуд” (Жомарт Талха) деген лақап тағады.

Талха ибн Ұбайдұллаһ жетім-жесір, кедей десе ішкен асын жерге қоятын абзал жанды адам болатын. Тейімұлдарының мұқтаж адамдары тегіс оның

131 Хилятуль-әулия, 1:187.

156

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

қоластында болды. Ол жағдайы жоқтарды үйлендіріп, қарызданғандардың қарыздарын өтейтін еді. Тек жыртқыштық үстемдік ететін жырынды қоғамда дәулетті, бай адамдардың кембағалдарға қол ұшын беріп жәрдем етуі сол қоғамдағы әділетсіздік, ұрлыққарлық пен зұлымдықтың саябыр табуына, ептеп те болсатүзелуінесептігінтигізерісөзсіз.Сахабаларөмірі

– жалпы адамзат үшін үлгіге толы ғұмыр.

Хазірет Талха жомарттығымен бірге келгендерді кеудесінен итермейтін, есігі ашық, дастарқаны жаюлы тұратын өте қонақжай еді. Бір күні мұсылмандықты қабылдағандарына көп бола қоймаған екі кісі үйінде қонақ болады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда мінәжатына мінсіз қарайтын адам еді. Бұл кісі бір уақыттан кейін шайқастардың бірінде шейіт болады. Екіншісі одан бір жыл кейін қайтыс болды. Хазірет Талха бұл екеуін Жәннатқа кіруге кезекте тұрғанын түсінде көреді. Алғашқы кезек екінші қайтыс болғанға беріліпті.

Ертеңінде таңертең Талха ибн Ұбайдұллаһ Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп түсін айтып берді. Пайғамбарымыздың қасында отырған сахабалар таңырқап, мұның сырын сұрады. Пайғамбарымыз олардың сұрақтарына сұрақ бере отырып, әңгіме бастады:

Кейінқайтысболғанадамәуелгіденбіржылұзақ өмір сүрді, солай емес пе? – дегенде сахабалар:

Иә, Расулаллаһ, – деді.

Бұл кісі Рамазан айына үлгеріп оразасын ұстады

ғой?

Иә.

Ол кісі бір жыл артық ғибадат жасаған жоқ па?

157

Cаңлақ cахабалар

– Иә.

Пайғамбарымыз басқа да амалдары жайлы сұрап, сахабалардан “иә” деген жауап алғаннан кейін былай деді:

– Олай болса, екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар132.

Хазірет Талха жүзі жылы, түсі игі ақкөңіл жан еді. Адамдар бір нәрсе сұраса мүмкіндігінше олардың қолынбосқайтармайтын.Өзінежасалғанқандайдабір жақсылықты азсынбай, үнемі алғысын жаудыратын. Оның осындай асыл қасиеттерін білген көркем мінезді және ардақты әйелдердің бірі Үммү Әбан атты әйел басқа да сахабалардың көңіл білдіргеніне қарамастан, ол хазірет Талханы таңдайды.

Жүрегінің жұмсақтығы сондай, Пайғамбарымыз дүние салғанда кейбір сахабалар халифаның кім болатынын талқылай бастаған кезде, ол бір бұрышқа тығылып ап, көңілі алай-дүлей болып, нұрын шашқан шуақты күн сөніп, суып сала берген әлемнен өгей күй кешіп,қимастықпенАллаһрасулын(с.а.с.)жоқтапжылау үстінде болды.

Ол хазірет Әбу Бәкірдің халифалығын қабыл етіп, оныңкезеңіндеақылдастаралқасыныңқұрамындаболды. Мұсылмандар бас қатыратын мәселеде Талханың кеңестерінеқұлақтүретін.Мемлекеттіекіжылбасқарған ӘбуБәкірСыддықәлүстіндежатып,өзіненкейінкімді халифа етіп тағайындау керектігі жайлы сахабалардың көзқарастарынсұрады.ТалхаибнҰбайдұллаһтанойын сұрағанда ол, бұл орынға тағайындалуға қара-қылды қақ жарған әділ Омарды лайық көретінін айтты.

132 Муснәд. 1:163.

158

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Хазірет Омардың халифалығы тұсында да үнемі ақылдастар алқасында болып, қиын мәселелердің оңтайлы шешілуіне үлесін қосты.

Қайтыс болмастан бұрын Омардың (р.а.) өзінен кейін халифа болсын деген адамдардың қатарында хазіретТалхадабарболатын.Алайдаолбұлұсыныстан бас тартып, Осман ибн Аффанды жөн көрген. Оның халифалықтан бас тартуы бекзаттықтың ен тағылған ерен белгісіндей ғой. Өйткені, хазірет Омардың тұсындаИсламмемлекетініңкөлемімейліншеұлғайып, беделінің де күшейіп, дәулетке кенелген шағы еді. Осындай мерейлі мемлекетті басқаруға әркімнің-ақ құштар болары сөзсіз. Алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ізгі тәрбиесін көріп, қара бастан гөрі халықтың игілігін алдыңғы орынға қойған хас сахабалардың дүниеге,биліккедегенұстанымдарыосындайеді.Олар Ислам мемлекетінің бүтіндігі мен беделін бірінші кезекке қойды.

Осман Зун-нурәйннің кезеңінде мұнафықтардың бүлігіне қарсы тұрып, үнемі халифаны қорғады. Алайда бүлікшілердің әрекеттеріне төтеп беру өте қиын еді. Талха ибн Ұбайдұллаһ та Жәмәл шайқасында мұнафықтардың қолынан қаза тауып, шейіт болды.

Хазірет Әли соғыс алаңын аралап жүріп, Пайғамбарымыздың көптеген мақтаулары мен марапаттарына ие болған асыл ер Талханы (р.а.) шейіттік шәрбаттантатқандардыңарасынанкөріп,өлімінеқатты қайғырып, көз жасын төкті. Оның әлі суи қоймаған денесін құшағына алып тұрып:

– О, Талха, жымыңдаған жұлдызға толы бұл аспанның астында сенің топыраққа көмілуіңді көру меніңжанымақаттыбатады.Әттең-ай,әттең,менжиыр-

159

Cаңлақ cахабалар

мажылбұрынкөзжұмып,бұлкүндікөрмегенімдеғой,133

– деді қараңғы түнде жол сілтер жарық жұлдыздардың бірінің аспаннан ағып өткенін кеудесіне сыйдыра алмай.

133 Сахабилер ансиклопедиси, 1:114.

160