Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

“Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Талха, Зүбәйр, Сағд, АбдуррахманибнАуфжәнеСаидибнЗәйджиһадкезінде Расулаллаһтың алдында шайқасып, намазда артындағы сапта тұратын”152 деп, бұл кісілердің Пайғамбарымызға (с.а.с.) жақындықтары мен олардың дәрежелерін көрсеткен еді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін Саид ибн Зәйд (р.а.) белсенді ғұмыр кешті. Халифа сайлауында да айрықша орны болды. Ислам үмбетінің арасында наразылықтар мен қайшылықтардың тумауы үшін қолдан келгенін аямады. Әділеттің бейнесі Омарды(р.а.)Пайғамбарымыздың(с.а.с.)қасындағымазарына өз қолымен қоярда жүзін ыстық жас жуып кетеді.

ӘбуӘуәр,негежылайсың?–дегенадамғахазірет Саид Исламның тағдыры үшін жылайтынын айтып:

Ислам үшін жылаймын. Омардың шейіт болуы

Исламда ашылған бір ақау. Бұл ақау қияметке дейін жабылмайды153, – деп хазірет Омардың (р.а.) Ислам тарихындағы айрықша орнын атаған.

ОмарФаруқтың(р.а.)тұсындағыЙәрмукжеңісімен Сирияның алынуында хазірет Саид (р.а.) айтарлықтай үлес қосты. Византияға қарсы болған Йәрмук соғысында Саид ибн Зәйд (р.а.) бір әскери жасақтың қолбасшысы болды. Соғыстың қызған шағында Византия әскерлері сол қанаттан соққыны күшейтті. Дұшпан жеңіске жететіндей боп көрінді. Өз шептерін тастамай қасарысып қарсы тұрған қолбасшылар мен әскердің қатарында Саид ибн Зәйдтің (р.а.) жасағы тұрды. Ол әскерлерінің алдына шығып:

152Усдуль ғаба, 2:308.

153Табақат, 3:372.

171

Cаңлақ cахабалар

Байыптылықпенжүректілікдүниедеадамғаабырой, ақыретте мейірімділік әпереді. Біз екеуін де алуға тырысайық,–депжауынгерлердібірсерпілтіптастады. Қолбасшылары көз алдарында арыстандай атылып, тайсалмай шайқасты. Хазірет Саид (р.а.) Византияның әскер басшысын өлтіргенде, олардың әскерлері арасында жік туды. Жеңісті қолдан әперетін бұл мұрсатты қапы жібермей хазірет Саид (р.а.) орталық қанатқа күйрете соққы беріп, жеңілейін деп тұрған әскерді жеңіске жеткізді154.

Ол уақытын ғибадатпен өткізіп, дүние мен дүниелік нығметтерден гөрі ақыреттің сауабына ұмтылды. Мансапқор емес, бірақ өзіне қандай да бір қызмет жүктелсе оны адал орындайтын. Сирияны алғаннанкейінәскербасшысыӘбуҮбәйдаибнЖәррәх (р.а.) Саид ибн Зәйдке (р.а.) Сирия әкімдігін ұсынады. Бірақ, хазірет Саид соғыс майданында әскер болуды қалайды:

Әй, Әбу Үбәйда! Мен Аллаһ жолында күрескім келеді. Әкімдікті өзің лайық деп тапқан басқа бір бауырымызға бер, – деген еді.

Хазірет Саид (р.а.) ұзақ уақыт әскер қатарында болып,ИракпенСирияныңИсламмемлекетініңқұрамына кіруінемолүлесқосты.Кейінілімнұрынбұлөңірлерге алып барды. Осман Зун-нурәйн мен Әли әл-Муртада (р.а.) жайлы өсек-аяңдарға тосқауыл болуға мейлінше тырысып бақты. Әсіресе, оның жүрегін хазірет Османның (р.а.) шейіт болуы қатты сыздатты. Бұған байланысты ол Куфа мешітіне жиналған жұртқа:

154 Асру саадат, 4:281.

172

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Аллаһқа ант етейін! Сендердің Османға жасаған сансыз қастандықтарың Ұхұт тауын орнынан қозғалтқаннан да ауыр, – деп наразылығын білдірді.

Ол кезде Куфаның әкімі Мұғира ибн Шубә еді. Бір күні Мұғира Куфаның ең үлкен мешітінде көпшіліктің арасында отырды. Осы кезде мешітке хазірет Саид (р.а.) кірді. Әкім құрметті сахабаны қадірлеп жанына отырғызды. Осы мезетте куфалық бір кісі кіріп, аузына келгенін айта бастады. Не болғанын түсінбей қалған Саид (р.а.) әкімнен:

Әй, Мұғира, мына адам кімді жамандап жатыр?

деп сұрайды:

Әлиді, – деді. Мұны естіген хазірет Саид ашуға

мініп:

Әй, Мұғира, Мұғира! Сенің көз алдыңда Аллаһ елшісінің серіктеріне тіл тигізіліп жатыр. Сен болсаң бұған көз жұма қарайсың, – деп кеий сөйлейді:

Мен сендерге өз құлағыммен естіп, жүрегіммен ұққан мына бір хадисті айтайын. Аллаһ елшісі: “Әбу Бәкір–Жәннатта,Омар–Жәннатта,Осман–Жәннатта, Әли–Жәннатта,Талха–Жәннатта,Зүбәйр–Жәннатта, Сағд ибн Әбу Уаққас – Жәннатта”, – деді. Бұлардың тоғызыншысын да айту керек болса, айтар едім, – деді.

Ертесінде мешітке жиналған халық ант етіп, тоғызыншы адамның атын білгенше асықты. Хазірет Саид (р.а.) олардың өтініштерін жерге тастамай:

Аллаһ атымен сөз беріп тұрғандарың үшін айтайын. Тоғызыншысы – менмін, – дейді:

Міне, Жәннатпен сүйіншіленген сахабалар жайлы айтылған хадисті риуаят еткен адамдардың бірі – осы Саид ибн Зәйд (р.а.).

173

Cаңлақ cахабалар

Хазірет Саид (р.а.) берекелі ғұмырының соңғы жылдарын Мәдинаның А’қиқ деген жерінде өткізіп, шаруашылықпен айналысты. Күндердің бір күнінде оның меншігіндегі жері мен өзінің жері шектесіп жататын Әурә бинт Үуәйс атты бір әйел Мәдинаның әкімі Мәруан ибн Хакамға барып, хазірет Саидтің (р.а.) үстінен шағымданады. Ол Саид ибн Зәйдтің (р.а.) меншігіне қол сұққанын айтып, жерінің қайтарылуын талап етеді.

Әкім мәселені ақ-қарасын шешу үшін хазірет Саидке (р.а.) бірнеше адам жібереді. Келген топ даулы істі оған жеткізгенде, ол әділетсіздікке ұшырағанын түсініп, оларға былай деді:

Аллаһ елшісінен естіген бір сөзді сендерге айтайын: “кім өзінікі болмаған бір жерді иемденсе, жердің жетінші қабатында болса да, ол жер қияметте оның мойнына оратылады. Кім өз мүлкін қорғау жолында өлсе, ол – шейіт”.

Бұдан кейін хазірет Саид (р.а.) өз жерінің шегінен қия баспағандығына ант етіп:

Аллаһым, бұл әйел егер өтірік айтқан болса, ажалы келмей оның көзін соқыр қыл. Құдығын да оған мазар ет, – дейді. Жанын күйдірген жала оны қарғыс айтуға мәжбүрледі.

Аллаһ зұлымдыққа душар болған кінәсіз жанның дұғасын қабыл етті. Жала жапқан әйелдің көзі көп ұзамайкөрболып,бақшасындағықұдыққатүсіпөлді155. Бұл оқиғадан кейін Мәдиналықтар біреуге ашуланса, “Аллаһ сені Әурә сияқты көр қылсын” деп қарғыс жасайтын болған екен156.

155Хилятуль әулия, 1:96-97.

156Усдул-ғаба, 2: 388; әл-Исәба, 2: 46.

174

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

ХазіретСаидибнЗәйд(р.а.)жетпісжастанасқанда хижраның50немесе51жылықайтысболды.Абдуллаһ Ибн Омар (р.а.) оның А’қиқтағы үйіне барып, жаназа істерімен айналысты. Сүйегі Мәдинаға жеткізілді. Мәйітті Сағд Ибн Әбу Уаққас (р.а.) жуып, жаназа намазын Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оқыды157.

* * *

157 Табақат, 3:384.

175

176

III БӨЛІМ МӘШҺҮР САХАБАЛАР

Хамза ибн Әбдүлмүттәліп

“Әй, Аллаһ пен елшісінің арыстаны Хамза! Ей, ізгіліктер иесі Хамза! Ей, Аллаһтың елшісін бүкіл жанымен қорғаған Хамза! Аллаһ саған мейірімін төксін! Егер сенің артыңнан аза тұту керек болса, сенің өліміңнен кейін қуануды ұмытып, әрдайым жылар едім”.

(Хадис)

Аллаһтың арыстаны, шейіттердің мырзасы Хамзаның лақабы – Ибн Яғлә немесе Әбу Әммәрә. Әбдүлмүттәліптіңбаласы,Пайғамбарымыздыңәкесінің інісі. Пайғамбарымызға сүт ана болған Әбу Ләһәбтің күңі Суәйбә одан бұрын Хамзаны да емізгендіктен, екеуі сүт (бір емшектес) бауыр.

ХазіретХамза–ортабойлы,күшті,айбарлы,абырой- лы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға жанашыр,әділетсіздіккетөзбейтінбаһадүр.Аңаулауға шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тауап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет көрсететін158.

ХамзажасжағынанПайғамбарымызбен(с.а.с.)шамалас, тай-құлындай тебісіп бірге өсті. Сондықтан да

158 Усдул-ғаба, 2: 52.

177

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыздың пәк балалық шағын, көп қасиетін (сенімділігін, шыншылдығын) жақыннан танитын.

Ардақты елшіге (с.а.с.) қасиетті пайғамбарлықтың жүктелгеніне бірнеше жыл өтсе де, Хамза мұсылман болмаған еді. Алайда мұсылмандардың қатары көбейген сайын мүшріктердің мазасы қаша бастады. ОларПайғамбарымыздыңкиеліісінекедергіжасаудың қитұрқы жолын қарастыруға көшкенді.

ОлкездеАллаһелшісіне(с.а.с.)еріп,мойынсұнғандардыңтысындамұсылманболудыжанықалағанадамдар да барды. Алайда ескіден келе жатқан ата-баба дәстүрініңықпалы,қоғамдағытеріскүштердіңқысымы бұған бөгет болды. Хазірет Хамза да солардың бірі болатын.

Аллаһрасулыныңерік-жігеріонытаңдандыратын. Иманыменуағыздапжүргенжаңадінінедегенберіктігі мен жанқиярлығы бұрын-соңды құрайыштардың арасынан көрмеген айрықша бір лептей сезілді оған. Жастайынан жақсы көріп, жіті таныған сенімді әрі шынайыбауырыныңшақыруынақұлақтүріп,мойынсұнуға кідіруді жөн көрмеді.

Оның мұсылман болуының өзі жатқан бір хикая. Аллаһ тағала тура жолға саламын дегендерге әр түрлі себептер жаратады: ал бұл оқиға Хамзаны Исламды қабылдауға жетеледі.

Аң аулап Қағбаны тауап етуге әдеттенген Хамза кезекті саятшылығынан оралғанда, алдынан Абдуллаһ ибн Жуданың күңі шыға келеді. Ол Әбу Жәһилдің өз достарымен бауыры Мұхаммедке (с.а.с.) ауыр сөздер айтып қорлағанын, қол жұмсағандарын айтты, Мұхаммедтің (с.а.с.) шарасыз күйде жалғызсырап

178

Мәшһүр сахабалар

қалғанын, көрсеткен қорлықтарының адам төзгісіз екендігін білдірді.

Туысқандық сезімі атой салған ержүрек Хамза ашуға булығып, төтелей Қағбаға тартты. Достарымен Қағбаның айналасында әңгіме-дүкен құрып отырған Әбу Жәһилдің үстінен түсіп, садағымен бір ұрып Әбу Жәһилдің басын жарады. Бет-аузын қан жуып кеткен Әбу Жәһилді жағасынан алып: “Менің бауырымды неге қорлайсыңдар. Мына мен де соның дініндемін, ал, әйтпесе. Мықты болсаң, маған қарсы шық” деп жұлқып-жұлқып алды.

Хамзакүшіменқосаақылменісжасаудыдабілетін. Үйіне оралған ол жатып ойланды. Көңілі алабұртып, дөңбекшіп көз іле алмады. Ол Исламды қалай қабыл еткен еді? Бауырына жасалған зұлымдыққа шыдамай, ашуланып, Әбу Жәһилді қан жоса қылды. Ата дәстүрлерін соншалықты қастерлеп, киелі тұтқан адамның ата салттары мен сенімдерін бірден тастауы мүмкін бе? Өзі ереже-қағидаларын мүлдем білмейтін жаңа бір дінге өтуі дұрыс па? Соларды ойлап санасы сан-саққа кеткен Хамза медет тілеп, Жаратушыға жалбарынды, жүрегіндегі шүбәні жуып-шаюын сұрады. Оның тілегі қабыл болып, жүрегіне иман нұры ұялады. Сонша құдіретпен әлемді басқарып тұрған ұлы күштің құдіретін ұғынып, иман нұрына бөленді159.

Оның Исламды қабылдауы мүшріктердің жауыздықтарын толығымен тізгіндей алмаса да, мұсылмандарүшінесболды.Хамзасындыжаужүректің мұсылман болуы мүшріктерді іштен тынатын шарасыз ашуға булықтырды.

159 Р. әл-Бәша, 1: 440-442.

179

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хамзаның мұсылман болғанын естіп, қуанышы қойнына сыймады. Өйткені оның Исламды қабылдауы мұсылмандарға күш берді. Мәдинаға һижреттен кейін де мүшріктер қол қусырып қарап қалмады. Пайғамбарымыз бен мұсылмандарды Мәдинадан қуып шығуды көздеген Абдуллаһ ибн Үбәй Хазрәж және Әус тайпасының мүшріктерімен тізе қосып одақ құрды. Мұсылмандардың қажылыққа апаратын жолдарын да жауып тастады. Мүшріктердің бетін бір қайтару үшін Сирияға апаратын сауда жолынатосқауылұйымдастырукерекболды.Осымақсатпен ПайғамбарымызХамзаныотызадамдыққолдыбастатып Сифул-бахр деген елді-мекенге аттандырады. Діттеген тұсқа жеткенде мүшріктердің үш жүз кісілік керуені сол жерде бел суытып жатқан екен. Әбу Жәһил де араларында. Аллаһтың арыстаны Хамза дұшпандарымен шайқасқысыкеліпжалынатты.Мұсылмандардасондай пейіл танытты. Ол кезде әлі мүшріктердің қатарында жүрген Мәжди ибн Амр ибн Жухәни бұл екі топтың арасына түсіп оларды қантөгістен бас тартқызды.

Бұдан кейін жалын атқан жаужүрек Хамзаны Бәдірде көреміз. Бәдір шайқасында мүшріктер мен мұсылмандардың арасындағы жекпе-жекте хазірет Хамза, Ұбәйда және Әли ат ойнақтатып шыққан еді. Хамза Шәйбамен күш сынасады. Бір екпінде-ақ Шәйбәны сұлатып салды. Бәдір шайқасында Хамзаның танытқан ерлігіне Аллаһ расулы риза болды.

Харисут-Тәмимидің айтуынша, Бәдір шайқасында Хамза ибн Әбдулмүттәліп кеудесіне түйе құстың қауырсынын қадап алыпты. Мүшріктердің бірі:

Кеудесіне түйеқұстың қауырсынын таққан кім?

деп сұрады.

180