Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Ғалым сахабалар

аудармашысы болды. Сонымен бірге ол өзінің негізгі ісін, уахи жазуды да жалғастырды265.

Хазірет Зәйд – Құранды жинақтауда үлкен қызмет атқарған ғалым сахабалардың бірі. Ол әрі Құранды жазыпәріжатқабілетіндіктен,хазіретӘбуБәкірҚұранды жинау алқасын Зәйд ибн Сәбитке басқартты. Кейіннен хазіретОсманкезіндеҚұраннұсқаларыныңкөбейтіліп, Ислам орталықтарындағы қалаларға жіберу кезіндегі іс-шараларға жетекшілік жасады. Құранның сақталып, бізге дейін жетуінде оның қосқан үлесі өте зор.

Зәйд ибн Сәбит хазірет Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Құранды жинастырған болса, хазірет Омардың тұсындаҚұранныңоқылуынүйретуменайналысты.Сонымен қатар пәтуа беру ісін де атқарды. Хазірет Омар Зәйд ибн Сәбит пен бірнеше сахабадан басқалардың пәтуа берулеріне тыйым салған266.

Ол Құранды жатқа білумен қатар “мирас (фараид) ілімін” жете меңгерген. Мирасқа байланысты мәселелерді сахабалар арасында одан жақсы білетін ешкім жоқ еді. Бұл жайлы Пайғамбарымыз: “Мирас ілімін (фараид) ең жақсы білетін – Зәйд”, – деген267.

Хазірет Омар яки Осман болсын, Мәдинада болмаған кездерінде халифалық орындарына уәкіл етіп Зәйд ибн Сәбитті қалдырып кететін. Әсіресе, хазірет Осман оны ерекше жақсы көретін. Османның халифалығы кезінде хазірет Зәйд бәйтул – малға (қаржы министрлігі деуге де болады) жауапты болып тағайындалды268.

265Табақат, 2:358.

266Табақат. 2:361.

267Усдул-ғаба, 2:279; әл-Исәбә, 3:23.

268Усдул-ғаба, 2:279.

281

Cаңлақ cахабалар

Зәйд ибн Сәбит хазірет Осман, Әли мен Муғауияның халифалығының алғашқы бес жылында мүфти қызметін атқарды. Омар секілді бұл халифалар да фиқһ мәселелерінде Зәйд ибн Сәбиттің кеңесіне жүгінетін.Фиқһтықмәселелердебеделділігісоншалық, атақтыжетіфиқһғалымдарыныңбіріСайдибнМусәииб басқаларданестігендерінЗәйдибнСәбиттіңөзаузынан естімейінше қабылдамайтын.

Бүкіл ғұмырында Исламға қызмет еткен хазірет Зәйд ибн Сәбит хижраның 45-жыл санауында бақиға аттанды. Ол көз жұмғанда күллі мұсылман әлемі қайғырып аза тұтты. Ибн Омар: “Бүгін адамдардың ең білгір ғалымы өлді”, – десе, Ибн Аббас: “Міне, ілімнің көмілуі осылай”, – деген еді269.

269 Табақат, 2:360.

282

Әбу Мұса әл-Әш’ари

“Раббым! Абдуллаһ ибн Қайстың қателерін кешір. Оны қиямет күні құзырыңа жақсылықпен қабыл ал!”.

(Хадис)

Йемендік Әбу Мұса әл-Әш’аридің негізгі аты – АбдуллаһибнҚайс.АлғашмұсылманболыпЭфиопияға көшкендердің бірі. Ол – отбасымен бірге Йеменде жүріп-ақПайғамбарымызды(с.а.с.)көрмейтұрыпиман еткен сахаба. Аллаһ елшісімен қол алысып серт беру үшінжолғашыққанӘбуМұсаЭфиопияғажетіп,олжерде Жағфар ибн Әбу Тәліп және басқа мұсылмандармен кездеседі. Мәдинаға жеткен кезінде Хайбар алынып қойған болатын. Пайғамбарымыз Әбу Мұсаға соғысқа қатыспаса да түскен олжадан үлес бөліп береді270.

Ол Меккенің алынуы және Хунәйн шайқасына қатысты. Хунәйн шайқасынан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әутас жазығына жиналған Хауазин тайпасына қарсы Әбу Әмирді жіберді. Бұл шайқаста Әбу Әмир шейіт болғаннан кейін басшылық міндеті Әбу Мұсаға берілді. Әбу Әмирдің шейіт болғаны жайлы хабар жеткенде, Пайғамбарымыз ол үшін дұға жасады. Әбу Мұса да өзі үшін дұға тілеуді өтінгенде, Аллаһ елшісі: “Раббым!АбдуллаһибнҚайстыңқателерінкешір.Оны қиямет күні құзырыңа жақсылықпен қабыл ет!”, – деп Жаратушының оған деген жәрдемін тілейді.

Тәбук шайқасында Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны Муаз ибн Жәбәлдің қасына қосып, дінді уағыздау үшін Йеменге аттандырады. Оларға дінді үйрету жолында –

270 Усдул-ғаба, 2:30, 235,245.

283

Cаңлақ cахабалар

біздер үшін де әрдайым естен шығармай ұстану қажет болған мына ұстанымдарды айтты:

“(Дінді үйреткенде) Қиындатпай, оңайлатыңдар. Сүйдіріңдер, жеккөрінішті етіп көрсетпеңдер. Мас қылатын нәрселердің бәрі – харам (арам); ішкілікке тыйым салыңдар!”271.

Хазірет Әбу Мұса Йемендегі міндетін ойдағыдай атқарғаннан кейін қоштасу қажылығына қатысты. Артынша Мәдинаға қоныс тепті.

Әбу Мұса әл-Әш‘ари көптеген жорықтарға қатысып, қолбасшылық етті. Куфа мен Басра әкімінің міндеттерін де атқарды. Ол әкім болып тұрған кездің өзіндеөтеқарапайымтіршілігіменкөпшіліктіңжүрегін жаулады272.

Оныңілімі,ойлылығы,тақуалығыменшыншылдығы жұртқа мәлім болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тұсында Зәбид пен Әдәнға әкім болып жіберілді.

Әділеттің үлгісі – Омар халифа болып тұрған кезінде оны Басраға әкім етіп тағайындады.

Халифа Османның кезінде халықтың қалауымен Куфаның әкімі болды.

Хазірет Әли мен Муғауия арасында туған қақтығысты тоқтату үшін Әлидің тарапынан төреші (орбитражный судья) болып шешілді. Алайда қанша тырысқанмен қақтығысты бөгей алмады. Сол оқиғадан кейін саясатты тастады.

Даусыөтеәдеміеді.Құрандыдакереметмақаммен оқитын. Ол Құран оқығанда адамдар жадыланғандай елтіп тыңдайтын273. Екі жаһан Сардары (с.а.с.) ол жай-

271Бухари, жиһад, 164; магази, 60.

272ибн Әсир, 111, 143.

273Табақат, 7/1, 80.

284

Ғалым сахабалар

лы:“ОғанДәуіттіңмәзәмирініңбіріберілгендей”,–деп даусының кереметтігін мақтаған. Түнде мешітте намаз оқығанда мүминдердің аналары (Пайғамбарымыздың жұбайлары) оның Құран оқығанын ұйып тыңдайтын. Хазірет Омар оған жолыққан кезде, “Уа, Әбу Мұса! Раббымызды біздің есімізге түсір!”, – дейтін.

Әлиден(р.а.)ӘбуМұсажайлысұрағанда,ол:“Ілім мұхитына малынып шыққан адам”, – деп, білімінің тереңдігін ұқтырған. Ол фиқһ саласында пәтуа мәселесінде сенімді, беделді сахабалардың бірі еді.

Құранды жақсы білген бақыттылар қатарындағы Әбу Мұса мұсылмандардың арасында ілімнің кең тарауына ерекше мән беретін. Халықты білімге ынталандыру үшін хұтбалар оқитын. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ең жақын жүргендердің бірі Әбу Мұса одан көп нәрсе үйреніп, басқаларға үйретті. Пәтуа беруге тікелей Пайғамбарымыздың өзі рұқсат еткен үлкен сахабалардың бірі болған274.

Хазірет Әбу Мұса хадисші де еді. Ол 360-қа жуық хадис риуаят еткен. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген, көрген нәрсесін түгелдей орындауға тырысатын. Тақуалыққа айрықша мән беріп, ар-ұят, тазалық мәселелерінедебасаназараударатын.Өмірініңсоңына дейінИсламүмбетініңжамауынжамап,бірлігінқолдап еңбек етті.

* * *

274 Тәзкиратул-хуффаз, 1. 21.

285

Үбәй ибн Ка’б

“Мүмин төрт сипатынан белгілі: Басына түскен қиындыққа сабыр сақтайды. Нығмет берілсе, шүкір етеді. Тура сөйлейді. Үкім кескенде қара қылды қақ жарар әділ болады”.

(Үбәй ибн Ка’б)

Үбәй ибн Ка‘б – қасиетті Құран кәрімнің көркем оқылуы жолында көп қызмет атқарған әрі Пайғамбарымызға түскен уахилерді хатқа түсіріп отырған (уахи катибі) шамшырақ сахабалардың бірі. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол жайлы: “Құранды ең жақсы оқитын кісі”275,– деген. Сондықтан да Үбәй ибн Кә‘б “Құран оқитындардың мырзасы” және “ансарлардың мырзасы”дегенлақаппендекеңтанылды.ХазіретҮбәй ибнКә‘бҚұранкәрімдісегізтүндехатыметіпбітіретін. ПайғамбарымыздыңтұсындаҚұрандыбастан-аяқжатқа білген саусақпен санарлық сахабалар санатынан-ды276.

Екінші ақаба сертінен кейін мұсылман болып, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қолын қысқан Үбәй ибн Кә‘б МәдинағаһижрететкенкездеЖәннатпенсүйіншілінген онсахабаныңбіріСаидибнЗәйдпенбауырластырылды. Пайғамбарымыздың көзі тірісіндегі бүкіл шайқастарға қатысты.

ҚұрандыжақсыбілгендіктенПайғамбарымызҮбәй Кә‘бтымұғаліметіптағайындады.Пайғамбарымыздың мешітінде сахабаларға Құран үйрететін. Әбу Һурәйра

275Тирмизи, манақыб: 90.

276Бухари, манақибуль-ансар, 17; Тирмизи, манақыб, 33.

286

Ғалым сахабалар

және Абдуллаһ ибн Аббас секілді ғалым сахабалар да одан Құран үйренушілердің арасында еді277.

Зекет жинау әмір етілген кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Үбәй ибн Ка‘бқа Бәну Хузәйм, Бәну Қудама, Бәну Саид, Бәну Узрә тайпаларынан зекет жинау ісін тапсырды. Ол өзіне жүктелген жауапты қызметті адал атқарып шықты.

Үбәй ибн Ка‘б Құранды қалай терең білсе, Тәурат пен Інжілді де солай өте жақсы білетін278.

Сахабалардың бәрінен Аллаһ разы болған. Алайда Құрандағы кейбір аяттарда сахабалардың аты ашық аталмаса да, ол аяттар оқылғанда сахабалар оның кім жайлы айтылғанын білетін. Мысалы: “Фәтх” сүресіндегі: “Мухаммадун Расулуллаһ уәл-ләзина ма‘аһу(МұхаммедАллаһтыңелшісіжәнеоныменбірге болғандар)аяты оқылғанда, сахабалар хазірет Әбу Бәкірге қараса, “Әшиддәу ‘алаль-куффар (Кәпірлерге қарсы өте қатал)оқылғанда, Омарға, “Рухама‘у

бәйнәһум (өз араларында тым мейірімді),” (“Фәтх”, 29)оқылғандаОсманғақарайтын.“Минәль-муминина рижалун садақуу мә ’ахадуу (Мүминдердің арасында Аллаһқа деген уәделерін орындағандар)(“Ахзаб”, 23)

аяты оқылғанда, сахабалар Әнәс ибн Нәдірдің шейіт болуынелестететін.БірретіндеПайғамбарымыз(с.а.с.) Үбәй ибн Кә‘бті шақырып:

Аллаһ саған Құран оқуымды («Бәййнә» сүресін) әміретті,–дегенде,ҮбәйибнКә‘бсенерінде,сенбесінде білмей:

Аллаһ менің атымды атады ма? – деп таңырқай сауал тастайды.

277ибн Мажа, тижарат, 8.

278Сахабилер ансиклопедиси, 2: 624.

287

Cаңлақ cахабалар

Иә, сенің атыңды толық атады, – деді Пайғамбарымыз.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аузынан кез келген адамға айтылабермейтінқуаныштыхабардыестігендекөзінен ыстық жас парлап:

Уа, Расулаллаһ! Олай болса оқыңыз, – деді279. Міне, Аллаһтың арнайы атын атаған ең бақытты

жандардың бірі осы Үбәй ибн Кә‘б.

Пайғамбарымыз(с.а.с.)мәңгілікәлемгекөшкеннен кейін хазірет Үбәй өмірін Құран үйретуге арнайды. Ол шәкірттеріне Құранды әдемі оқуды, аяттардың мағыналарына терең бойлауды үйретті. Хазірет Әбу Бәкір, Омар және хас сахабалардың көпшілігі одан Құранүйренді.МінеҚұрандыүйренугедегенайрықша құштарлығынан Үбәй ибн Кә‘б Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі мен сахабалардың құрметіне бөленді.

Омар Фаруқтың халифалығы кезінде талай мәрте қызмет ұсынылса да, ілімді таңдады. Хазірет Омар қоймай өтініш жасағандықтан, кеңес алқасына мүше болуды қабыл етті.

ҮбәйибнКә‘бқашандатурасөйлейтін,мінезқұлқы менжүріс-тұрысыүлгіболарлықсахабалардыңбіріеді. БіркүніхазіретОмароныңқасындабіраяттыжаңылыс оқыды. Әбу Үбәйда оның қатесін бірден тауып:

Әй, Омар! Мен бұл аятты Аллаһ елшісінен өз құлағымменестідім.Меноныестіпжаттағанкезде,сен Бақидегі базарда жүрген болатынсың, – дегенде Омар

(р.а.):

Өте дұрыс айттың. Сенің әрқашан тура сөйлейтіндігіңді білгендіктен әдейі осылай жасадым.

279 Бухари, тафсир, 98; 1.

288

Ғалым сахабалар

Өйткені, көз алдында туралықты айтпайтын басшы – әділ басшы бола алмайды, – деді.

ҮбәйибнКа‘бхалифаОсманныңкезіндеҚұранның оқылуы мәселесінде пайда болған аздаған айырмашылықтарды түзету үшін құрылған он екі адамдық комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұл жауапты іске өзі жетекшілік етіп Құран оқыды, Зәйд ибн Сәбит одан естігендерін жазып отырды. Хазірет Убәй ибн Ка‘б Құранның жинастырылуында теңдессіз қызмет атқарды. Сондықтан оның Ислам тарихындағы орны тіптен айрықша.

ҮбәйибнКә‘ббоссөзсөйлемейтін.Мән-мағынасыз сұрақтарға жауап беруді жаны сүймейтін. Мәнді сұрақтар қойылса, ынта-шынтасымен жауап қайтаруға жанын салатын.

Дәрежесі қанша жоғары болса да, өмір сүруі өте қарапайым болды. Шәкірттеріне тәлім берген кезде олардан оқшау отырмайтын. Қырағат ілімі (Құранның оқылуына байланысты) бойынша білгір болумен қатар тәпсір саласына да сүбелі үлесін қосты. Ол аяттарға байланысты Пайғамбарымыздан сұралған мәселелерді, аяттардың түсу себептерін жетік білуімен ерекшеленді.

Бүкіл өмірін Құранға қызмет етуге арнаған Үбәй ибн Ка‘б Пайғамбарымыздан (с.а.с.) көптеген хадис те риуаят еткен. Сонымен бірге сөз саптаудың шебері еді. Бұған бір-екі мысал келтірейік:

“Мүмин төрт сипатынан белгілі: Басына түскен қиындыққа сабыр сақтайды. Нығмет берілсе, шүкір етеді. Тура сөйлейді. Үкім кескенде, қара қылды қақ жарар әділ болады”.

289

Cаңлақ cахабалар

“Мүмин мына бес нұрға шомады: (Аллаһтың “нұр үстіне нұр” деуі бұған дәлел.) Оның сөзі – нұр, ілімі – нұр, кірген жері – нұр, шыққан жері – нұр және қиямет күні барар жері – нұр”280.

Құранға, Ислам үмбетіне қызметі сіңген, Пайғамбарымыздың айтқанындай “көктегі жұлдыз” сахабалардыңбіріҮбәйибнКа’б(р.а.)хижраныңотызбесінші жылында жарық дүниемен бақұлдасты. Жаназасын хазірет Осман (р.а.) шығарды.

280 Муслим, Фадаиль:121; Усдул-ғаба, 1: 49-50; 1: 251-255.

290