Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

шайқастан кейін өрескел зұлымдыққа толы шабуылдарынтоқтатуғамәжбүрболды.МәдинаданшығыпМекке мүшріктеріне қосылған яһудилердің де арандатуымен тұтанған бұл шайқаста мүшріктер үлкен қол жинап, мұсылмандардыжербетіненжоюдымақсаттұтты.СалманФарисидіңұсынысыбойыншамұсылмандарқаланы қоршай ор қазып, өздерінен үш есе көп мүшріктерге қарсышайқасты.БұлшайқастадажаужүрекӘлиүлкен ерліккөрсетті.Олмүшріктердіңсапындағыарабтардың арасында “мың адамға татиды” деп танылған Амр ибн Әбдууыдпен жекпе-жекке шықты. Исламның азулы дұшпаны Әбдууыд орды қарғып өтіп:

Мағанқарсыкімшығады?Сендердіңсенімдерің бойынша шейіт болғанның баратын жәннаты қайда? Неге менің қарсыма біреуді шығармайсыңдар? – деп мысқылдап, менменсіп айқайлап, атын ойнақтатты. Бұған қарсы Әли шыдамай:

Мен шығайын, ей, Аллаһтың елшісі, – дегенде Пайғамбарымыз (с.а.с.):

Оның Амр екенін білмейсің бе? – деді. Хазірет Әли Аллаһқа және өзіне деген шексіз сеніммен:

Амрболса,болсын,–депоғанқарсышығып,өзіне қатты сенген өркөкірек мүшріктің жанын жәһаннамға жіберді.

Сонымен қатар Ардақты елші (с.а.с.) Әлиге Зүлфиқар қылышын сыйлады. Әли өмірінің соңына дейін осы қылышты жанынан бір елі тастамады85.

Қорыта айтқанда, Аллаһ расулы оған разы еді. Науқастанған кезінде оған сүйеніп мешітке барды, қайтыс болған кезінде де жерлеу істерінің бәрімен тікелей Әли (р.а.) айналысты.

85 А. Куружан, 234-236.

111

Cаңлақ cахабалар

Аллаһ расулы (с.а.с.) бақиға аттанғаннан кейін мұсылмандар хазірет Әбу Бәкірді халифа етіп сайлағанда, оған алғаш қол беріп, серт еткендердің бірі – Әли болатын. Бірақ бұл кезде әкесінің қайтыс болғанынақаттықайғырған,Пайғамбарымыздың(с.а.с.) жанындай жақсы көрген қызы хазірет Фатиманың науқастануына байланысты Әли сыртқа көп шыға алмады. Қия баса алмайтыны соншалықты, тек қана жамағатпен намаз оқуға мешітке келіп, намаздан кейін бірден жан жарының қамын жасау үшін үйіне кететін. БұлжағдайФатимаанамызқайтысболғанғадейіналты ай жалғасты. Осындай жағдайда жүрсе де, хазірет Әбу Бәкір кей кездері оны қасына шақырып алып, кейбір мәселелердің шешімінде онымен кеңесіп тұрды. Ол ұдайы Әбу Бәкірге қолдау көрсететін. Әсіресе, діннен қайтадан бас тартқан мүртедтердің, зекет бергісі келмегендердіңжәнеМәдинағашабуылжасағандардың шығарған бүліктері кезінде үнемі Әбу Бәкірді қолдап, қасынан табылды. Қайтыс болар алдында Әбу Бәкір Сыддық та оған разы еді.

Әбу Бәкір Сыддық орнына Омарды (р.а.) халифа етіп тастағысы келген кезде, “Омардан басқасын қаламаймыз!” деп, алғаш қолдаған Әли болатын. Ол әділет үлгісі Омарға да үнемі қолдау көрсетіп жанынан табылатын. Оның қадысы (билік айтушы, төреші) болып тағайындалды. Хазірет Омар болса оны “Хасанның әкесі арамызда ең жақсы үкім беруші” деп, оның байсалдылығы мен парасаттылығын жоғары бағалайтын. Омардың басты кеңесшісі болды. Омар Мәдинадан басқа жаққа барарда үнемі Әлиді уәкіл етіп, орнына қалдырып кететін. Хазірет Әли қызы Үммүгүлсімді Омар Фаруққа үйлендіру арқылы оны-

112

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

мен жақын туыс болды. Әділ халифа Омар жараланып, қайтыс болмастан бұрын орнына халифа етіп тағайындауды ұсынған алты кісінің бірі Әли болатын. Тура шешім қабылдаудағы ұстамдылығы, Аллаһтың үкімдерін орындауда ешкімнің сөзіне, өсектеріне еш құлақ аспауы тұрғысынан ол хазірет Омарға қатты ұқсайтын.

ОсманЗун-нурәйнхалифаболыптағайындалғанда, оған бірден қол беріп мойынсұнды. Осман да үнемі онымен кеңесетін. Хазірет Османның үйін бүлікшілер қоршауға алған кезде өзінің ұлдарын халифаның күзетіне қойып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жанын салды86.

ХайдарӘли(р.а.)батырлығыменқосаықыластылығымен де ерекшеленетін. Не істесе де Аллаһтың разылығы үшін істейтін. Пендешілік араласқан істен бірденбастартатын.Олтаңдайқақтыратындайөтетақуа адамболатын.Тақуалыққабайланыстыол,“Тақуағаөте абайболыңдаржәнеоныамалдарыңыздыңқабылетілуі үшін дәнекер етіңдер. Тақуамен жасалған ешбір амал аз болып есептелмейді. Қабыл болған амалдың аздығы бола ма?” дейтін87.

Күндердің бір күнінде оның ұлдары Хасан мен Хұсейн науқастанып қалады. Хазірет Әли мен Фатима анамызұлдарыауруданайығыпкетсе,Аллаһразылығы үшінүшкүноразаұстайтындықтарынасөзбереді.Аллаһ тағала шипа беріп денсаулықтары түзелген соң олар уәделерін орындау үшін ауыз бекітеді. Күн көкжиекке батып,ауызашаруақыттаболады.Бірақауызашарғааз ғана нанын есік аузына келген жетімге жегізеді. Өздері

86М. Шакир, 353-354.

87Сахабилер ансиклопедиси, т.1, 81-82.

113

Cаңлақ cахабалар

сумен ауыз ашады. Екінші және үшінші күндері де дәл осы жағдай қайталанады, екінші күні бір пақыр, келесі күні бір тұтқын үйлеріне келеді. Жейтін азықтарын соларға садақа етеді. Үш күн бойы нәр татпаған олар нәрестелерін алып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) барады. Түрлерінің бозарып, бойларында дәрмендерінің қалмағанын көрген Пайғамбарымыз не болғанын сұрады. Олар бастарынан өткенді баяндап болғаннан кейін істің мән-жайына қаныққан Пайғамбарымызға Жәбрейіл келіп, “Инсан” сүресіндегі 5-10 аяттарын уахи етеді:

“…Ол Аллаһтың құлдары нәзірлерін орындап, апаты көкжиекті тегіс қаптайтын қиямет күнінен қорқады. Тамақты жаны қалап тұрса да, міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. Олар: “шынмәніндебізсендердіАллаһтыңразылығыүшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлем де алғыс та тілемейміз. Расында біз ұнжырғасы түсіп, томсыраяр күні Раббымыздан қорқамыз”.

Пайғамбарымызбұлуахидіоларғажеткізгенкезде, үш күн бойы тартқан аштықтың тауқыметін сол сәттеақ ұмытып кетті88.

Хазірет Әли сахабалардың арасындағы аса білімділерініңбіріеді.ЖастайынанИсламдықабылдап, алғаш мұсылман болған адамның бірі ретінде Пайғамбарымыздың ұдайы қасында жүруі Исламның кәусарбұлағынанқанасусындауынамүмкіндікжасады. Пайғамбарымыз оның ілімінің жоғарылығын: “Мен – ілімніңқаласымын,Әли–оныңқақпасы.Ілімүйренгісі келгендер сол есіктен енсін” – деп білдірді 89.

88Усдул-ғаба, 5:530-533.

89Тирмизи, Манақиб :20.

114

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Әли (р.а.) уахиді хатқа түсіруші әрі жатқа білушілерден болатын. Аллаһ расулы дүние салған соң алты ай ішінде оның Құранды түсу кезегіне қарай жинастырғандығыбілімадамдарынамәлім.Ол–Құран ілімдерінжақсымеңгергендердіңбірі.Бұлжайлыоның өзі былай дейді:

– Менен сұраңыздар. Уаллаһи менен сұраған сұрақтарыңыздың бәріне жауап беремін. Менен Аллаһтың кітабы жайында сұраңыздар. Уаллаһи, оның күндіз бе, түнде ме, тауда ма, қырда ма, түскенін мен білмейтін ешбір аят жоқ90.

Сонымен қатар оның Құран аяттарына жасаған жорамалдары, риуаят еткен хадистері мен хадистерді түсіндірулері, бұларды қорытып шығарған үкімдері, тәпсир, хадис және фиқһ кітаптарында кездеседі. Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.) және басқа да көптеген сахабалардың хазірет Әлидің іліміне берген әділ бағаларыжеткілікті.Мұнанбасқабізгедейінкеліпжеткен Әлидің өз аузынан шыққандығына күмән тудырмайтын ақиқаттардың терең мәнділігі мен ғибраттығы осыған бұлтартпас дәлел бола алады. Бұған бірнеше мысал келтірейік:

“Мына бес нәрсені естен шығармаңдар. Бұларға қол жеткізу үшін түйеге мініп жолға шықсаңыз, оған қол жеткізе алмастан түйеңіз болдырар еді: Құл Раббысынан өзге ешкімнен бір нәрсе дәметпесін, тек күнәларынан қорықсын. Білімсіз адам білмеген мәселелерінсұрауғаыңғайсызданбасын.Өзіненбілмеген бір мәселе сұралған кезде ғалым да: “Ең дұрысын Аллаһ біледі” деуден тартынбасын. Иман сақтаудағы

90 Табақат, 2:338.

115

Cаңлақ cахабалар

сабырдыңорны–бастыңденедегіорнысияқты.Сабы- ры болмағанның иманы да жоқ”.

“Қорқыныштың да қорқыныштысы бар. Оның ең қорқыныштысы – нәпсінің жетегінде кету және еш өлмейтіндей қайырсыз құмартуға беріле салу. Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан адастырып, құмартушылыққа бой алдыру ақыретті ұмыттырады. Абай болыңыздар! Дүние бетін бұрып әрі кетуде, ақырет болса жақындап келеді. Бұлардың әрбірін қалаушылардан болыңдар, бүгін тіршілік ету уақыты (бұл дүниеде) есеп жоқ, ертең болса есеп күні (ақыретте) тіршілік-күйбең жоқ”.

“Шынайы фақиһ (фиқһ ілімінің маманы, дін ғалымы) Аллаһтың мейірімінен үміт үздірмеген жәнежұрттыОныңазабынансақтандырған,Аллаһқа қарсыкелерлікмәселелердеадамдардыңазғындыойларына ауыздық болған және Құраннан басқа нәрседен медет күтпеген адам. Ілімсіз ғибадатта, түсінбей оқыған ілімде және ойланып, мән бермей оқуда еш жақсылық пен берекет жоқ”.

“Адамдар мына үш топтан тұрады: Біріншісі

– Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскеніліміздеуші,үшіншісі–әркімгеқұлақтүріп,жел қалайтұрсасолайкетіп,ілімнұрыменөзіннұрландыра алмаған және таяныш-тіректен жұрдай тобыр. Ілім дүние-мүліктен қымбат. Ілім сені қорғайды, малдың қорғаушысы сенсің. Онымен амал еткеніңде ілім арта түседі, ал дүние-мүлік жұмсаған сайын азаяды”.

“Ғалымды жақсы көру діннен. Ілім ғалымға тірі кезінде тағат берсе, өлгеннен кейін жақсылықпен еске алғызады. Дүние жинаған адам дүниесімен бірге жоқ болып, аты да заты да қалмайды. Дүние жи-

116

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

наушылар тірі кезінің өзінде өлік сияқты. Ғалымның тіршілік тоқтап қалса да, аты мен хаты қалады. Ілім оған ие болғандардың толығымен жоқ болуынан кейін жоғалады. Ей, Аллаһым! Жер бетінде сенің разылығың үшін және Сенің айқын дәлелдеріңнің өшіп кетпеуі үшін ақиқаттың жаршылары әрқашан да бар болады. Олардың саны аз, алайда Аллаһтың алдында олар қадірлі. Аллаһ өзінің нышандары мен дәлелдерін солар арқылы қорғайды. Олар да бұл міндетті өзінен кейін келгендерге аманаттап олардың көкірек көзіне сүйіспеншіліктің дәнін егеді. Олар да ілім арқылы ақиқаттытабады…ОларАллаһтыңөкілдерімендіннің шақырушылары. Оларды көруге ынтық бол91

Оның айналасындағы адамдарға берген кеңестері деөтемәндіәріақылнұрынатолы.Осындайөсиеттердің бірі баласы хазірет Хасанға айтқан мына сөздері:

“Ей, балам! Ең үлкен байлық – ақыл. Ең үлкен кедейлік – ақымақтық. Ең үлкен жалғыздық – тәкаппарлық. Ең ізгі қасиет – жақсы мінез”.

Әлиәл-Муртада–бойынажақсылықатаулыныжия білген Ислам тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі. Қайсарлық, батырлық, ілімді және жомарттығымен бірге өте кішіпейіл еді. Базардан сатып алған заттарды айналасындағылардың өтінішіне қарамастан, өзі көтеріп, адасқандарға жол сілтеп, әлсіз, дәрменсіз жандардың жоғын жоқтап, қиналғанда қастарынан та-

былатын.“Үшнәрсекішіпейілділіктіңнегізінқұрайды: кездескен кезде бірінші болып сәлем беру, үлкен жиналыстарда төрде шоқиып отырмау, рияшылдық пен жасандылықтыжанысүймеу”дегеннақылдарӘлидің

(р.а.) сөздері.

91 А. Куружан, 246-247.

117

Cаңлақ cахабалар

Ол өте шыншыл, адал, көз алдап, көңіл арбаған дүниеге, керегінен артыққа қызықпайтын асыл тұлға еді. Бір күні қарны шұрқырап ашқан ол, құдықтан тартқан бір қауға судың ақысына бір құрма алуға әлдебір яһудимен келісті. Құрмаға қарнын тойдырып алған соң салып-ұрып Аллаһ расулының мешітіне барады.

Оның қолының ашықтығын жақсы білетіндер олжа бөліскенде, “бұл олжада хазірет Әли мен балашағасының да ақылары бар. Оның өзіне берер болсақ, үлесін қолына тие сала басқаларға таратып жібереді. Ол үшін біз сақтап қояйық”, – деп Әлиге тиесілі олжаны өзіне бермей сақтап қояды. Бірнеше күн өткеннен кейін бұл жағдайды оған айтып жеткізген кезде, ол ашуланыпҚанбарға:“Меніңүйімдіүлкенөрткесалғың келдіме?Бұлмұсылмандардыңолжасы.Кімде-кімоны керекті жерге жұмсамаса, өкінішке ұшырайды”– деп ескерткен.

Әли(р.а.)ақыл-ойыжәнепарасатыменерекшеленді. Кеңес жиналыстарының белді мүшелерінен еді. Омар ибн Хаттаб пен Осман ибн Аффанның халифалықтары кезеңіндеоныңкеңестеріментигізгенпайдаларыорасан зор.Міне,сондықтандахазіретОмар“Әлиболмағанда Омар құрдымға кетер еді” деген.

Әлидің тәуекелшілігі де ерекше. Халифалығы тұсында шыққан бүлік кезеңінде оған қастандық жасалынуы мүмкін деп қорғауға келген адамдарға: “Сендер мені жердегілерден қорғағыларың келе ме, әлде көктегіден бе?”, – деп сауал тастайды. Олар “жердегілерден”, – деп жауап қатқанда, “Көктен қарар шықпайынша, жер бетінде еш нәрсе болмайды. Жазмышорындалғанғадейінәркімдіекіперіштеқорғайды.

118

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Жазмыш орындалар сәтте оны тағдырымен жеке қалдырады.ӘлидеАллаһтарапынанмықтықалқанмен қорғалуда.Ажалкелгендеқалқаналынады.Жазмышына разы болмаған адам иманның дәмін тата алмайды” деп, Аллаһқа және жазмышқа деген иман беріктігінің сырын айтады.

Хайдар-уКәррәрӘлиИсламүмбетініңбірлігінеаса мәнберетін.Біркүнісүннет,бидғат,бірлік,бөлінушілік жайлы сұраған Ибн Кәууәға: “Сүннет – Мұхаммедтің (с.а.с.)жолы.Бидғат–олсүннеттенайырушынәрселер. Жамағат – аз болса да, дұрыс адамдардың бірігуі, бөлінушілік–көптеболса,дұрысболмағанадамдардың бірігуі”, – деп жауап береді.

Ол қара қылды қақ жарар әділеттілігімен де тарихта терең із қалдырды. Бірде хазірет Әлиге Исфаханнан олжа келді. Бұл олжаны ол жетіге бөліп, үйінде қалған бір таба нанды да сол айырылған сыбағалардың үстіне теңдей етіп қойып, қолбасшыларына таратып берді92.

Хазірет Әлиге бірі – араб, екіншісі – күң, екі әйел келіп қажеттіліктерін айтады. Ол екеуіне бірдей азынаулақ азық пен қырық дирхамнан ақша беруді әмір етеді.Біріншікезектекүңтиесілісыбағасыналыпкетті. Араб әйел хазірет Әлиге:

Ей, мұсылмандардың әміршісі! Мен – арабпын, ол болса күң. Неге маған тура соған бергендей мөлшерде ғана бердің? – деді. Әли:

Мен Ұлы Жаратушының кітабында хазірет Ысмайылдың ұрпақтарының Ысқақтың ұрпақтарынан жоғары дегенін кездестірмедім, – деді93.

92Байхаки, 6/348; Канзу-ль уммаль, 3/166-дан Қандыхләуй, 2:695.

93Қандыхләуй, 2:696.

119

Cаңлақ cахабалар

Әділдіктің салтанат құруына айрықша мән берген Әлизаңалдындамансабыменлауазымынақарамастан, адамдардың тең болатындығын өз өмірінде көрсетіп кеткен еді. Өзі халифа болып тұрған шағында әлдебір яһудимен екеуінің арасында болған уақиғаға байланысты әділ қазыға барудан тартынбады. Оқиғаның желісі былай болды:

Әли (р.а.) Сыффин соғысына аттанып бара жатқан кезінде қалқанын жоғалтып алады. Ұрыстан қайтып бара жатып әлдебір яһудидің ұстап жүргенін көріп, оған:

Бұл–меніңқалқаным.Меноныешкімгебергенім де, сатқаным да жоқ, – деді. Яһуди:

Бұл – менің қолымда, яғни менікі, – деді.

Әли қаласа, өктемдік жасап, күшпен-ақ тартып алуына болар еді. Өзінікі қаншалықты дұрыс болса да, мәселенің әділ шешілуі үшін төрешіге жүгінуді ұсынды. Екеуі төрешіге барды.

Ол кездегі төреші әділдігімен танылған Шүрәйх еді. Хазірет Әлиге ұлы Хасан мен құлы Қанбар куәлік етті. Шүрәйх Әлиге:

Хасанның орнына басқа куә тап, – деді. Әли

оған:

Хасанның куәлігін қабыл етпеймісің?

Құлдың куәлігін қабылдаймыз, бірақ өз балаңның куәлігін қабылдай алмаймыз, – деді Шүрәйх.

Расулаллаһтың “Хасан мен Хүсейін Жәннат жастарының мырзасы” дегенін естімеп пе ең? – деп бұған қатты күйінген хазірет Әли қалқанын яһудиге беруге мәжбүр болады. Кенет яһуди:

Мүминдердің әміршісі мені төрешіге әкелді, өзінің тағайындаған төрешісі өзіне қайшы үкім берсе

120