Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

жиһад есігінен, көп садақа бергендер – садақа есігінен, ораза ұстағандар – Райян есігінен шақырылады”.

Осы кезде Әбу Бәкір әс-Сыддық та сол жерде еді. “Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Аллаһтың елшісі! Бір адамның бұл есіктердің бәрінен бірдей шақырылуы мүмкін бе?” – деді. Пайғамбарымыз

(с.а.с.):

Иә, мүмкін. Сенің, міне, осындай шақырылғандардың бірі болатыныңа үміт етемін, – деді36.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітте отырған кезінде Әбу Бәкір мен Омар ішке кірді. Расулаллаһ оларды көріп:

Мені сіздермен қуаттандырған Аллаһқа мадақ!–

деді37. Пайғамбарымыздан:

Ей, Расулаллаһ, адамдардың ішінде сізге ең сүйікті болған кім? – деп сұрағанда Пайғамбарымыз

(с.а.с.) :

Айша, – деді.

Еркектерденкімдіатаредіңіз?–дегенде,–Оның әкесін, – деп жауап берген38.

Хазірет Әбу Бәкір халифа болған кезінде өзіне берілген “халифатуллаһ” (Аллаһтың халифасы) деген атақты алмай “халифату Расулиллаһ” (Расулаллаһтың халифасы)атаудыжөнкөрген.Жәһилиядәуірініңөзінде тайпаларарасындағыдау-дамайдышебершешебілетін беделді, мәдениеті жоғары Әбу Бәкір шежіре ілімін жақсы біліп, сол дәуірдің бүкіл жаман қасиеттерінен

36Муслим, Зекет:86; Тирмизи, Манакыб:16.

37Хаким, Мустадрак, Бейрут, 3/74.

38Муслим, Фадаилус-сахаба, 8; Ибн Мажа, Муқаддима, 101.

61

Cаңлақ cахабалар

бойын аулақ ұстады. Аса көркем мінездерін Исламды қабылдағаннан кейін кемелдендіре түсті. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бүкіл істерінде өзімен кеңесіп отыратындығы үшін оны “Пайғамбар уәзірі” деп те мақтаған.

Хазірет Әлиден Әбу Бәкір (р.а.) жайлы сұрағанда:

Ол бәрімізден озды. Аллаһқа ант етемін, біз қандай да бір іске ұмтылсақ, Әбу Бәкір бәріміздің алдымызда жүретін, – деген екен39.

Міне, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) құрметіне ие болып, артында аңызға толы өмір қалдырған хазірет Әбу Бәкір (р.а.) хижраның он үшінші жылы, 22-Жәмадуль-ахирде 63 жасында дүниеден озды. Екі жылдан аса уақыт халифа болған ол артында бір саумал түйе, бір қызметші және ішінде сүт сауылатын бір ыдыс қана қалдырыпты. Ол қайтыс болмас бұрын халифалығы кезінде өзіне тағайындалған айлығының қажеттілігінен артылып қалған бөлігін хазірет Омарға берілуін өсиет етіп кетті. Омарға бұл аманат табысталғанда ол:

Аллаһ Әбу Бәкірге рақымын жаудырсын. Ей, Әбу Бәкір! Өзіңнен кейінгілердің орындауы қиын үлгі-өнегеге толы өмір қалдырдың-ау! – деп көз жасын төкті40.

39М. Шакир, 26.

40А. Куружан, Женнетле мужделенен он сахаби, Истанбул, 2001, 91.

62

2. Омар әл-Фаруқ (ө. 644)

“Менен кейін пайғамбар келер болса, ол Хаттабұлы Омар болар еді”.

(Хадис)

Аллаһ елшісінің Ислам шуағын жаһанға жаю жолындағы толассыз күресінде оған ең жақын болған сахабалардың бірі – екінші халифа Омар ибн Хаттаб (р.а.). Ол Ислам тарихында белгілі Піл оқиғасынан он үш жылдан кейін Меккеде дүниеге келген. Құрайыштың АдитайпасынаншыққанОмардыңәкесініңаты–Хаттаб ибн Нуфәйл, шешесі – құрайыштың Махзұн тайпасынан шыққан Хантәмә бинт Хашим41.

Омар ибн Хаттабтың мұсылмандыққа дейінгі өмірі жайлы толық мәлімет жоқ. Әйтсе де, бала кезінде әкесінің малын бағып, кейіннен саудамен айналысқандығы мәлім. Ол Сирияға қатынайтын сауда керуеніне қосылатын. Қараңғылық дәуірінде Меккенің белді адамдарының қатарында болып, меккеліктердің елшілік міндетін атқаратын. Соғыс шығар жағдайда қарсы жаққа Омар жіберіліп, оның берген мәліметі бойынша шешім қабылданатын. Ру-тайпалар арасында туған келіспеушіліктің шешілуінде оның рөлі күшті болатын.Соныменқосаолоқу-сызуды,арабшежіресін білетін және сөзге шешендігімен де танылатын42.

Омар ибн Хаттаб мұсылман болмай тұрып өзі өскен қоғамының әдеттері бойынша өмір сүріп, сол

41Усдул-ғаба, 4:146.

42Суюти, 123.

63

Cаңлақ cахабалар

кезеңнің салтын берік ұстанатын. Түйелермен күресіп, әркіммен бір ерегісетін қызба, өжет, батыр және өте қатыгездігіментанылғанеді.Бірақмұсылманболғаннан кейіноныңбойындағыбұлқасиеттеріиманнұрынашомып, мүлдем басқаша өзгерді. Мұсылман болғаннан кейінгі қалған өмірі адамзатты таңғалдырарлық дастанға айналды.

Мекке қаласында дүниеге келген Омар ибн ХаттабПайғамбарымызғауахитүскенкездежиырматоғыз жаста болатын. Уахидің келе бастағанына алты жыл өтсе де, ол мүшріктердің қатарында жүрген еді. Яғни, өмірінің отыз бес жылын жәһилия қараңғылығында өткізсе, қалған отыз жылын мұсылман болып өткізді.

Әлемді Пайғамбарлық шұғыласының бөлегеніне алты жыл толған. Шірк пен тәухид арасындағы күрес күн өткен сайын күшейе түскен-ді. Мұсылмандардың қатары көбейген сайын мүшріктердің зұлымдықтары мен сұмдықтары қатерлі сипат ала бастады. Олар Ардақтыелшіні(с.а.с.)өлтіругешешімқабылдады.Ал, бұлуақыттамұсылмандардыңсаныәліқырыққадажетпеген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де мұсылмандар санының көбеюін Аллаһтан сұрап дұға ететін. Бір күні ол (с.а.с.) мүшріктердіңарасындакүшті,халықарасындабеделді қос Омардың екеуінің біреуі мұсылман болуы үшін:

“Аллаһым,ИсламдыОмарибнХишам(ӘбуЖәһил) немесе Омар ибн Хаттабпен қуаттандыр!43” деп дұға етті.

Таңғаларлық бір жайт, әлгі мүшріктердің жиналысында Омар ибн Хишам (Әбу Жәһил) Аллаһ елшісін (с.а.с.) өлтірген адамға жүз түйе беретінін

43 Тирмизи, Манақыб, 18.

64

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

мәлімдесе, Омар ибн Хаттаб бұл істі өз мойнына алып, Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіру үшін жолға шығады.

Омар шайтан шапқа түртіп, Аллаһ елшісін (с.а.с.) өлтіругебелінбекембуыпкележатқандажолайжақында ғана мұсылман болған Нұғаймды жолықтырады. Омардың түнеріп, түтіккен түрінен бір бәлені сезіп сескенген ол:

Қайда бара жатырсың, әй, Омар?– деп сұрайды.

Өзініңжаңадініменқұрайыштардыңішінеіріткі салып жүрген Мұхаммедтің көзін жоюға бара жатырмын, – деп жауап қатады Омар.

Жанарынан от шашырап, ашу-ызаға мініп алған Омардың ниетінің жамандығын байқаған Нұғайм Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өлтірілуінен қорқып, Омардың бағытын басқа жаққа қарай бұру үшін:

Алдымен үйіңе барып өз отбасындағыларды жолға салып алсайшы. Әлде қарындасың мен күйеу балаңның да жаңа дінге кіргендігінен хабарың жоқ па?

деді.

Омар өз құлағына өзі сенбей бір сәт есеңгіреп тұрып қалды да, дереу ат басын қарындасының үйіне қарай бұрды. Үйге жақындаған кезде іш жақтан Құран оқығандауысестілді.Омаркеуделейішкекіріпкелгенде, қарындасы Фатима мен күйеу баласы Саид Құран аяттары жазылған қағазды дереу тыға қояды. Омар:

Не оқып жатырсыңдар? Қане беріңдер, – деді ыза кернеген даусымен айналасына қаһарын шашып.

Еш нәрсе, – деп жауап берді қарындасы мен күйеу баласы.

Бұл жауапқа одан бетер ызаланған Омар:

Естігендерімрасбопшықты,сендерМұхаммедтің дініне кірген екенсіңдер,– деп күйеу баласын жер-

65

Cаңлақ cахабалар

ге сұлатып салады. Күйеуіне болысқан қарындасын да қалпақтай ұшырып түсірді. Бұған одан әрі шыдай алмаған олар:

Иә, мұсылман болдық. Аллаһқа және елшісіне иман келтірдік, түсіндің бе? – деді.

Ашу-ызаданқыстығабулыққанқарындасыеріндері дірілдеп еңірей жылап жіберді. Қарындасының бетінің қанағанын байқап, жылаған даусын естіген Омар мейірімі оянып, жыли бастады. Сосын жұмсақ дауыспен:

Жаңағы оқып отырған қағаздарыңды әкеліңдер, көрейін,– деді.

Қарындасы Фатима одан алдымен дәрет алып, тазалануын талап етті. Бой дәретін алып тазаланған Омарға қарындасы “Таһа” сүресі жазылған қағазды ұстатты.Өлеңгежанықұмар,сұлусөздіңқадірінбілетін Омардың аяттарды оқыған сайын көңілі толқи түсті. Құраннан құйылған тылсым нұр оның жүрегін жаулап алды. “Қандай ғажап сөздер, не деген үйлесімділік”– деп, тамсана оқып шыққан ол Расулаллаһтың (с.а.с.) қайда екенін сұрап алды да, еш бөгелместен, ешқайда бұрылмастан, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен сахабалардың жиналып отырған үйіне қарай тартты. Барған бетте есіктіқақты...Омардыңдаусынестігенсахабаларіштей қобалжи бастады. Сол сәтте батыр Хамза тұрып:

Кірсін, көрейік. Ниеті түзу болса, біз де жақсылықпен қарсы аламыз, ал, ниеті жаман болса, өз қылышымен ажал құштырайын, – деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

Есікті ашыңдар, кірсін! – деген кезде бір сахаба есікті ашып, Омар ішке енді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) орнынан тұрып:

66

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Әй, Хаттабұлы, сені бұл жерге жетелеген қандай мақсат? – деп сұрады. Омар өзінің мұсылман болғанын, Аллаһқа және елшісіне иман келтіргенін айтқан кезде мұсылмандар қуаныштан тәкбір келтіріп, Аллаһқашүкіршілікетті44.ОсылайшаОмарқырқыншы мұсылман болды.

Міне,осылайшамұсылманболғанОмарбойындағы батырлығыменқаһармандығынбұданбұлайИсламжолында, Аллаһтың дінін өркендету жолында жұмсады.

Абдуллаһ ибн Мәсу’д былай дейді: “Хазірет ОмардыңИсламдінінқабылдауы–күш-қуат,Мәдинаға һижрет етуі – көмек, ал халифа болып сайлануы – мұсылмандар үшін Аллаһтың бір сыйы мен рақымы болды. Омар мұсылман болғанға дейін біз Қағбаға барып намаз оқи алмайтын едік. Ол мұсылман болғаннан кейін Қағбада алаңсыз намаз оқуға қол жеткіздік”.45

Сескену, қаймығу дегенді жат санайтын Омар мұсылман болар-болмас Пайғамбарымыздан (с.а.с.):

Ей, Аллаһ елшісі, өлсек те, тірі жүрсек де біз тура жолда емеспіз бе? – деп сұрады.

Аллаһқа ант етемін! Әрине, өлсеңдер де, тірі жүрсеңдер де тура жолдағылар сендерсіңдер.

Олай болса, неге жасырынамыз? Құлшылығымызды Қағбаға барып жасайық, – деді Омар (р.а.). Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұдан әрі бәрін жариялаудың уақытының келгендігін түсінді. Себебі, Исламға үндеп шақыру алғашқы кезде бағып-қағуға мұқтаж сәби секілді еді. Енді осы сәби өсіп өз аяғымен жүре алатын шамаға келген. Сондықтан да

44Суюти, Тарихуль-хулафа, Бейрут, 1986, 124; Табақат, 2:268269.

45Усдул-ғаба, 4:151; Табақат, 3:270.

67

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыз Исламды уағыздау мен ғибадаттың ашықтүрдежасалынатынынжариялады.Екіқатарғасап түзеген сахабаларымен бірге Қағбаға қарай бет алды. Қатардың біреуінде – Омар Фаруқ (р.а.), екіншісінде – айбарлы баһадүр Хамза (р.а.) бар еді. Мұсылмандарды бұл күйде көрген мүшріктер таңғалды. Кейбіреулері Омар оларды тұтқынға алған екен деп ойлап қалды. Алайда істің мәнін түсіне қойған Әбу Жәһил:

– Жоқ, олай емес. Біз Омардан да айрылдық, – деп қатты қынжылды.

Сәлден кейін хазірет Омар (р.а.) олардың алдарына шығып: “Ешкім тұрған жерінен қимылдамасын, әйтпесе, басын аламын”, – деді. Мүшріктер аузына құм құйылып, тұрған жерлерінде қазықтай қадалып қалды. Осылайша мұсылмандар Қағбада алғаш рет ашық түрде намаз оқыды. Сол күні Екі Жаһан Сардары (с.а.с.) Омарға “әл-Фаруқ”, яғни ақиқат пен жалғанның ара жігін ажыратушы есімін берді.

Уақыт өте келе мүшріктердің мұсылмандарға көрсеткен жәбірлері арта түсті. Бұл тұста Ислам діні Мәдинада кең жайылып, қала тұрғындарының көбі Исламды қабылдаған болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мекке мұсылмандарына Мәдинаға көшуді, яғни, һижрет етуді бұйырды. Сонымен мұсылмандар топтобымен Мәдинаға көшіп жатты. Омардан (р.а.) басқа мұсылмандардың барлығы жасырын түрде көшті. Бұл туралы хазірет Әли былай дейді:

“Омардыңтысындағыбарлықмұһажирлер(һижрет етушілер)жасырынтүрдекөшті.АлОмарболса,һижрет етуге шешім қабылдаған кезде, қару-жарағын асынып, алдымен Қағбаға барды. Қағбаның жанында бір топ мүшрікке кезікті. Ол кідірместен Қағбаны жеті мәрте

68

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

тауапжасап,Ибраһиммақамынданамазоқыды.Сосын құрайыштарға қарап:

– Егер кімде-кім артынан анасы жылап, баласы жетім, әйелі жесір қалсын десе қарсы шықсын, – деді. Ешкімнің оған қарсы шығуға батылы жетпеді. Сондықтан һижрет еткен кезінде оны мұсылмандар ғана шығарып салды”46.

Хазірет Омардың (р.а.) айбатынан жасқанып, оған құрайыштардың ешқайсысы тісі мен тізесін батыра алмайтын. Алайда олардың басқа мұсылмандарға көп қысым жасайтыны батыр Омардың (р.а.) жанына қатты бататын. Ол “мұсылмандардың басына не келетінболса,меніңдебасымакелгенінқалаймын”деп қынжылатын. Сондықтан да азулы мүшріктерге өзінің мұсылман болғандығын ауыз жаппай жариялаумен болады. Ондағы мақсаты – құрайыштар өзіне тиісер бол- са,езіліп-жаншылғанмұсылманбауырларыныңұзында өшін, қысқада кегін алу.

Омар Фаруқ (р.а.) да Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) сияқты мұсылман болмастан бұрын саудамен айналысып, ел көріп жер таныған, көзі ашық, құрайыштардың ішінде хат танитын некен-саяқ адамдарының бірі еді. Мұсылман болғаннан кейін бар білгенін, қабілеті мен күш-жігерін Расулаллаһтың (с.а.с.) әмірі мен Ислам дінінің қызметіне арнады.

ӘділеттіңүлгісіОмарФаруқСүйіктіелшінің(с.а.с.) қысылтаяң кездерде үнемі кеңесіп, пікір сұрайтын ең таңдаулы сахабаларының бірі болатын. Оның ақылдылығы мен парасаттылығы сондай, Аллаһ тағала Құранда бірнеше жерде оның пікірін қолдайтын аяттар түсірген. Бұл қасиетіне байланысты Пайғамбарымыз

46 Усдул-ғаба, 4:48; Суюти, 130

69

Cаңлақ cахабалар

(с.а.с.): “Сендерге дейін өздері пайғамбар болмаса да, пайғамбарлар сияқты сөйлеген израил ұрпақтары болған. Егер менің үмбетімнің арасында сондай біреулер болса, олардың бірі Омар болар еді” деген47. Ол өзінің Ислам діні үшін танытқан табандылығы мен жанқиярлығы жағынан Әбу Бәкір Сыддықтан кейінгі орында тұратын. Хазірет Омар (р.а.) Мәдина дәуірінде деүнеміИсламжолындақызмететті.Барлықсоғыстарға қатысып, талай ерлік танытты. Соғыстардың бәрінде Адамзаттыңардақтысының(с.а.с.)қасындаболып,оны қызғыштай қорғаштап, бұйрықтарын екі етпей орындайтын.

Өзінің қалауынан гөрі жанынан да артық жақсы көргенПайғамбарымыздың(с.а.с.)қалауыныңболғанын қалайтын. Тіпті Аллаһ расулының (с.а.с.) ағасы Аббас мұсылман болған кезінде Омардың қуанғандығы соншалық, өз әкесі Хаттаб мұсылман болса, олай қуанбаседі.ӨйткеніПайғамбарымыз(с.а.с.)даегерХаттаб мұсылман болса, Аббастың мұсылман болғанынан дақаттықуанареді48.Бұлжалпысахабағадатәнқасиет болатын. Олардың әрқайсысы Пайғамбарымызды өз жандарынан да қатты жақсы көретін.

Омар Фаруқ (р.а.) та Аллаһ елшісін жанындай жақсы көретін. Бірде Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) Омарға (р.а.):

Мені қаншалықты жақсы көресің? – дегенде ол:

Ей, Аллаһтың елшісі, сені жанымнан өзгенің бәрінен де қатты жақсы көремін, – деді.

Мені жаныңнан да артық жақсы көрмейінше толық иман еткен болып саналмайсың, – деп Аллаһ

47Муслим, Фадаилус-сахаба, 2

48М. Шакир, 168-169.

70