Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Мәшһүр сахабалар

ХамзаибнӘбдүлмүттәліп,–дегенжауапберілді. Мүшрік:

Біз не көрсек, соның кесірінен көрдік160, – деп Хамзаның жанкештілігіне назаланса керек.

Бәдір шайқасындағы жеңілістің ащы дәмі кеуделерін қыжылдатқан мүшріктер жаңа шайқасқа қызудайындалды.Басқамүшріктайпаларынанжәрдем сұрап күшті қол жинады. Бұл шайқасқа мүшріктердің әйелдерідеқатысатынболды.ОларБәдіршайқасындағы масқара жеңілістен кейін еркектерін өш алу үшін мұсылмандарға қарсы айдап салды.

Жүбәйр ибн Мұтғидың Уахши атты Эфиопиялық басыбайлықұлыбареді.Олэфиопиялықтарғатәннайза толғауда өте ұста болатын. Хазірет Хамза Жүбәйр ибн Мұтғидың көкесін Бәдірде өлтірген-ді. Ол көкесінің өлімін жадынан өшіре алмай, Уахшимен сөйлесіп, егер Хамзаны өлтіретін болса азат етуге уәде берді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаның ішінде қалып, қорғанысшебінқұрудыойлады.АлайдаБәдіршайқасына қатыса алмаған кейбір мұсылмандар Мәдинаның сыртына шығып, бетпе-бет ұрысатынын білдірді. Сүйікті елші (с.а.с.) сахабалардың бетін қайтармады. Хамза да қаланыңсыртындашайқасудықалағандардыңішінде.Ол Пайғамбарымызға:“СағанкітаптытүсіргенАллаһқасерт беріп,антішейін,Мәдинаныңсыртындаосықылышыммен жауымды жайратпайынша, менде тыныштық болмайды”, – деді. Ертесінде таңертең Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Түсімде періштелердің Хамзаны шомылдырғандарын көрдім”, – деп, оның шейіт болатынын алдын ала хабар берген еді.

160 Табарани, мәжмауз-зәуәид, 6/81 ден Қандыхләуи, 2: 553.

181

Cаңлақ cахабалар

Екі жақтың әскерлері Ұхұтта бетпе-бет келді. Құрайыштардың бірінші ту ұстаушысын хазірет Әли, екіншісін хазірет Хамза өлтірді. Ту ұстаушыларының өлімі мүшріктерді бірден абдыратып-ақ тастады. Тапырақтап не істерлерін білмей қалды. Ол кезде мүшріктердің сапында болған әйгілі Халид ибн Уәлидтың соғыс тәсілі де іске жарамады. Мүшріктер жапа-тармағайжансауғалапқашабастады.БатырХам- за Ұхұт күні “мен Аллаһтың арыстанымын” деп жауға қарсы айбарын шашты. Хамзаны Бәдір шайқасында көрген Сафуан “бүгінге дейін қауымдастарын өлтіруге сонша құштар болған адам көрген емеспін” деп дұшпанға қарсы шайқастағы қайсарлығына таңдай қағыпты.ХамзаҰхұтшайқасындамүшріктердіңкөбісін жер жастандырды.

Құрайыштар алды-артына қарамай тым-тырақай қаша бастаған кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) арнайы төбеге орналастырған садақшылар тобы өз орындарын тастап, “Не қарап тұрсыңдар? Аллаһ дұшпанды күйретті. Сендер де мүшріктердің қосына кіріп олжа жинаңдар”, – десті.

Садақшылардың көпшілігі басшы Абдуллаһ ибн Жүбәйрді тыңдамай, “олжадан өз үлесімізді аламыз” деп шептерін тастап кетті. Абдуллаһ ибн Жүбәйрдің айналасында аз ғана адам қалғанын байқаған Халид ибн Уәлид бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, әскерлерін жинап садақшыларға шабуыл жасады. Саны аз қалған садақшылар оқтары таусылып, шамаларының жеткенінше табан тіреуге тырысты. Алайда көзіне қан толған жау әскері басымдыққа ие болды. Олар оқшыларды адам айтқысыз жауыздықпен өлтірді. Орындарын тастап кеткен садақшылардың

182

Мәшһүр сахабалар

қателіктерінің нәтижесінде мұсылмандар ауыр соққы алды.Солмайдандаласындакөптегенхассахабашейіт болды.

Ұхұт шайқасында мүшріктердің алғашқы назарға алғандары – хазірет Пайғамбар мен Хамза еді.

ӘбуСуфиянныңәйеліХиндәкесін,көкесін,бауыры менбаласынБәдірдежоғалтқанболатын.Туыстарының көбісінің түбіне Хамзаның жеткенін естіп, оның басын алу үшін бүкіл мүшріктерді соғысқа айдап салды. Уахшидің міндеті – тек қана Хамзаны өлтіру екенін әбденқұлағынақұйды.Мойнындағыалқасыменсәндік әшекейлерінің бәрін беремін деп, дүние десе құтырып кететін құлды құнықтыра түсті.

Уахши шайқас кезіндегі жағдайды былай әңгімелейді:

“АдамдардыңарасындаӘлидііздедім.Өтесақ,айлакер, күшті әрі айналасына жіті қарайтын біреу еді. Өз-өзіме “менің іздеген адамым бұл емес” дедім. Сол кездеХамзаныкөрдім.Айналасынадесбермей,алдына келгенінжайпапсалыпжатты.Оңтайлымезеттіңкелуін күтіп,төбешіктіңартынажасырындым.БіркездеШиба ибнҮммуӘммар“меніменшайқасатынбатырбарма?” деп атой салды. Хамза оған “Аллаһ пен елшісін сен бе майданғашақырыптұрған?”депкөздіашып-жұмғанша жаныналды161.Селдіңсуынааяғытайыпжығылғанкезде найзамды оған лақтырдым. Найза кеудесіне барып қадалды”.

УахшиАллаһарыстаныныңбауырынсуырыпалып Хиндкебірқолыменұсыныптұрып,екіншіқолыноның уәде еткен алқаларына созды. Хинд бүкіл алқаларын оның алақанына салды. Ол Хамзаның жеңіл өлгеніне

161 Бухари, Қандыхләуй, 2:254.

183

Cаңлақ cахабалар

қанағаттанбай құнтитып құлақтарын кесіп, өлі денесін аяусыз кескілеп, адам айтқысыз айуандық жасады. Тіптіөкпе-бауырынақолсалып,айызықанғаншаәбден тістелеп шайнады.

Меккеге барғаннан соң Уахши азат етілді. Мекке алынғанға дейін де сол жерде тұрып, Мекке алынған кезде Таифке қашты.

Ислам – бүкіл адамзатқа түсірілген дін. Тәубе етіп ақиқат жолына түсушілерге есігі әрқашан да ашық. Ислам – адамдарды азапты жәһаннамға апарар жолдан құтқарып, Жәннатқа апаратын бақыт жолын көрсету үшін келген дін. Тәубә есігі ешқашан да жабылмақ емес.

Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз (с.а.с.) ешбір жанның иманнан нәсіпсіз қалғанын қаламайтын. Меккені алғаннан кейін өзіне талай қиындықкөрсеткенмүшріктерге:“Бұлкүніешкімайыпталмайды, бәрің боссыңдар” деп біреуіне де қол тигізіп, қатты сөз айтпады. Өйткені, ол адамзатты құтқару үшін жіберілген еді.

Ардақты елшінің (с.а.с.) мейірімділігі мұнымен де шектелген жоқ. Ол өзіне ең көп қиындық көрсетуші, зұлымдығы әкесінікінен де асып түсер Әбу Жәһилдің баласы Икриманы да мұсылман болуға шақырды. Пайғамбарымызға еріп, Икрима мұсылман болды. Исламды қабылдамай тұрғанда мұсылмандарға кедергі жасауға қандай күш жұмсаса, мұсылман болғаннан кейін Ислам үшін екі есе қайрат көрсетіп, Аллаһ жолында шейіт болды162.

162М.Фатхуллаһ, ан-Нурул Халид Мухаммад мафхаратул-

инсанияти, Бейрут, 1999, 1:199-201.

184

Мәшһүр сахабалар

Жанындай жақсы көрген ағасы Аллаһтың арыстаны, шейіттердің мырзасы Хамзаны шейіт еткен Уахшидің де мұсылман болуын қалап, оған бірнеше рет хат жазды. Ең соңында мына аятты: “Айт: ”Әй, өз

нәпсілерінезұлымдықжасағанқұлдарым!Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Өйткені, Аллаһ бүкіл

күнәларды кешіруші. Шүбәсіз, ол тым кешірімді әрі өте мейірімді”163 жазғаннан кейін Уахши тәубаға келіп, мұсылмандықты қабылдады.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хазірет Хамзаға деген сүйіспеншілігі ерекше еді. Оның өлімі жүрегіне терең жара салған оқиғалардың бірі болды. Сондықтан да ол Уахши мұсылман болғаннан кейін оған: “Мүмкін болса менің көзіме түспеуге тырысшы. Әйтпесе, сені көргенсайынХамзаесіметүсіп,жүрек-бауырымезіліп кетеді. Бойымды сезім билеп, өз міндетімді толық орындай алмай қалудан қорқамын”, – деп өтініш жасады. Мұсылман болып, иман шәрбаты тату бақытына ие болған Уахшиге бұл ауыр тисе де, Пайғамбарымыз дүниесалғаншакөзінетүспеугетырысты.Алайдаүнемі Расулаллаһты (с.а.с.) аңдумен болды. “Енді көзіме көріне аласың” деп айтып қала ма деген үміті үзілмеді. Алайдасарғаякүткенүмітіорындалмады.Аллаһелшісі (с.а.с.) ол сөзді айтпастан бұ дүниемен қош айтысты. Бұл суық хабар Уахшидің жүрегіне инедей қадалды164.

БаһадүрХамзаны(р.а.)өлтіріп,ауыркүнәғабатқан Уахши тәубаға келсе де, бәрібір жаны жай таппай, ішкеніірің,жегеніжелімболады.“Қайтсем,бұлкүнәмді жуып-шаямын”деуменжүргендемұсылмандаржалған пайғамбар Мусәйламатул-кәззәбтың көзін жою үшін

163Зумәр 53.

164ан-Нурул Халид, 1:196-199.

185

Cаңлақ cахабалар

Ямамаға шайқасқа аттанады. Аллаһтың алдында өзін ақтап алудың мүмкіндігі де туды, ол – Исламның ең мықты дұшпанын өлтіру. Көктен іздеген мүмкіндікті жерден тауып берген Аллаһқа мың да бір рақметін жаудырған күйі хазірет Хамзаны шейіт қылған найзасын алып, Уахши Ислам әскерімен бірге аттанды. Уахши майдан даласында қапысын тауып Мүсәйламаны найзасымен жаншып өлтірді165. Артынша сәждеге жығылып:

“Мұсылман болмай тұрып мұсылмандардың ең қайырлысын шейіт қылдым. Мұсылман болғаннан кейін кәпірлердің ең азулысын өлтірдім. Енді сенің көзіңе көріне алам ба?”166 – дейді Пайғамбарға қарата тарам-тарам жас жуған бетін сүртуге шамасы келмей.

Қаншама хас сахабаның өмірін қиған Ұхұт шайқасыосылайаяқталды.Дұшпанныңқатарысетінеп, біртіндеп шегіне бастады. Пайғамбарымыз Хамзаның (р.а.) өлтірілгенін естіп, сүйегін соғыс болған алаңнан іздептаппады.Шайқасаяқталғаннанкейінмәйіттіңжан түршіктірерлік халін көргенде, таңғала жағаларын ұстасты. Еріндері дірілдеп, көкірегін кек керней былай деді:

“Әй, Аллаһ пен елшісінің арыстаны Хамза! Ей, ізгілік иесі Хамза! Ей, Аллаһтың елшісін бүкіл жаныменқорғағанХамза!Аллаһсағанмейірімінтөксін!Егер сенің артыңнан аза тұту керек болса, сенің өліміңнен кейін қуануды ұмытып, әрдайым жылар едім167.

БұғандейінАллаһелшісініңмұншамамұңайғанын ешкімкөрмеген.ШейіттердіңмырзасыХамзаның(р.а.)

165Бухари, 5, 36-37.

166Ибн Исхақ, әл-бидая, 4/18.

167Табақат, 3, 13-14.

186

Мәшһүр сахабалар

жаназасынАллаһелшісінің(с.а.с.)өзішығарды.ОлХамзақайтысболғандаелутөртжастаеді.Пайғамбарымыз өлтірілген әрбір шейітті Хамзаның қасына жатқызып, жаназасын бірге шығарды. Осылайша сол күні хазірет Хамзаның жаназасын жетпіс рет шығарды. Хамза Ұхұтта жерленді168. Арыстан жүрек Хамзаның (р.а.) өлімі Пайғамбарымыздың жүрегіне сына қағып, сызат түсіріп кетті.

168 Усдул-ғаба, 2, 51-55.

187

Мусғаб ибн Ұмәйр

“Анашым, мен Мұхаммедтің дінін ұстанамын. Ол –Аллаһ тағаланың жіберген хақ діні. Менің өздеріңізге деген сүйіспеншілігімді жақсы білесіз. Мен сенген Аллаһқа және елшісіне сіз де сеніңіз. Мұны шын жүректен қалаймын, анашым”.

(Мусғаб ибн Ұмәйр)

Сахабалардыңәрбіреуіалқаракөкаспандағыжұлдыз шоғырындай болып көзге түсетін еді. Шаңытқан құс жолы олардың арпалысқа толы ғұмырындай елестейді. Әрқайсысының бойында бізге өнеге боларлық тұнып тұрған қасиеттер бар. Біреуі – әділдігімен, біреуі – сенімділігімен, енді біреуі – шынайылығымен, және біреуі–батырлығымен,тағысолсияқтыадамбаласының ең құнды қасиеттеріне ие болған сахабаларды таныпбілу – Ислам құндылықтарын терең танып-білумен бірдей. Сол жарық жұлдыздардың бірі – Мусғаб ибн Ұмәйр.

Ол мұсылман болй тұрып Меккенің ең шырайлы, жас та сыйлы тұлғаларының бірі еді. Отбасындағы бір дегені екі етпей орындалатын, ең сүйікті еркесі болатын. Анасы оны шыттай киіндіріп, үстіне жұпар аңқығанхошиістіәтірбүркетін.Меккеліктердекөктен түскендейкөркемжігіткетаң-тамашаболыпқарасатын. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол жайлы:

“Меккеде Мусғаб ибн Үмәйрден әдемі киінетін, сымбатты әрі байлыққа кенелген жасөспірімді көрген емеспін” деген болатын169.

169 Табақат, 3:116.

188

Мәшһүр сахабалар

Осындайқызығарлықөмірішіндебалқып-шалқып жүргенкезінде,біркүніПайғамбарымыздыңуағыздаған дініжайлыхабарларқұлағынажетті.Қызығушылықпен Пайғамбарымызға барды. Нұр Пайғамбардың (с.а.с.) аузынан шыққан тамаша лебіздер әне-міне дегенше жүрегін баурап, иман нұры кеудесіне сәуле болып құйылды.Олосылаймұсылманболды.Қараңғылықтың бұғауынан сырылып иман кәусарының шырын дәмін алған ол, айналасындағылардан тартынғандықтан мұсылмандығын жария етпеді. Намаздарын да жасырын оқып жүрді.

Алайда жасырынып намаз оқуы ұзаққа созылмады.Күндердіңкүніндемүшріктердіңбіреуіоныңнамаз оқығанын байқап қойып, әке-шешесіне жеткізеді. Осы кезден бастап Мусғабтың өміріне түпкілікті өзгеріс енді. Оны жақсы көріп құрмет тұтатын мүшріктер, тек Исламды қабылдағаны үшін оған әр түрлі қысым мен қиындықтар көрсете бастады. Абақтыға да қамады. Содан кейін ол бір топ мұсылманмен бірге Эфиопияға һижрет етті. Ол жақта біраз уақыт болып, туған жеріне қайта оралды. Алайда ештеңе өзгермей таз қалпында қалыпты. Жанұясы мен жақындары оған бұрынғыша дұшпан күйінде қала берді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларымен әңгімелесіп отырған кезде Мусғаб ибн Ұмәйр қастарынакеліпсәлембереді.Сахабалароғанкөмектесе алмағандықтары үшін оның алдында қысылған күй кешті.Сүйіктіелші(с.а.с.)Мусғабтыңсәлеміналғаннан соң:

“Жер жүзінің бүкіл адамдарын өзгерте алатын Аллаһқамадақ!Мынажасадамдыкөріптұрсыңдарма? Бұрын әке-шешесінің ең сүйіктісі еді. Аллаһқа және

189

Cаңлақ cахабалар

Елшісіне деген сүйіспеншілігі әке-шешесінен басым түсті. Ол Аллаһ пен Расулын таңдады”, – деді170.

Тағы бір реті келгенде оның сүйек кеміріп отырғанын көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) жанындағы сахабаларға қарап:

“Мына адамды көріп тұрсыздар ғой. Әке-шешесі оған ең дәмді тағамдарды бергеннің өзінде оларды тастап, бізбен бірге аштыққа көнді” – деп, оның жанкештілігін атап айтқан еді.

Пайғамбарлар падишасының (с.а.с.) бұл марапаттауынаиеболғанМусғабибнҰмәйршынындадаАллаһ пен Расулы үшін бар құнды нәрсесін: үй-жай, ішіпжем, көз тартар салтанатты өмірін және әке-шешесін пида етті. Мұның бәрі ерекше ерік-жігерді талап ететін үлкен іс. Мусғаб бұлардың бәріне көзді тарс жұмып, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рухани атмосферасына кірді.

Дүниедегі құнды нәрселерін иманға айырбастамаған жанқияр сахаба Мусғабты Аллаһ елшісі (с.а.с.) мәдиналықтарғаИсламдыоқытыпүйретуүшінмұғалім етіп тағайындады.

Бірінші Ақаба сертінен171 кейін Мәдинада Ислам тез қанат жайып тарала бастаған кезде, жаңадан

170Табақат, 3:116.

171620 жылы Мекке маңындағы Ақаба төбешігінде Пайғамбарымызбен кездесіп, мұсылман болған алты кісі, келер жылыдәлосыкүні,солжердебасқосамыздепАллаhРасулымен сөз байласады. Бір жылдан соң алғашқы алты адам қастарына алты адам ертіп, бас-аяғы он екі кісілік топ Меккеге келеді. Келісілген жерде Пайғамбарымызбен кездесіп, Аллаhқа серік ортақ қоспау, ұрлық жасамау, зинақорлық жасамау, балаларын өлтірмеу, ешкімге жала жаппау, қайырлы істерге қарсылық білдірмеу жөнінде серт береді. Қандай қиыншылық болса да, Пайғамбарымызға бағынып, мойынсұнатындықтарын айтады. Осы сертке – тарихта «бірінші ақаба серті» делінеді.

190