Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

(р.а.) науқасынан айыға алмай қайтыс болды. Бәдірде мұсылмандардың жеңіске жетуі Османның қайғысын қуанышпен алмастырды.

Пайғамбарымыз(с.а.с.)БәдірденоралғансоңОсманға

(р.а.):

Сен Бәдірге қатыспасаң да бір шейіттің сауабын алдың, – деп тағы бір сүйінші хабар жеткізді.

Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінші қызыҮммүгүлсүмді Османмен некелестіреді. Осыдан кейін хазірет Османға “зун-нурайн” (қос нұрдың иесі) деген есім берілді.

Үммүгүлсім (р.а.) дүние салғаннан кейін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) “Қырық қызым болса, оларды түгел Османға күйеуге берер едім” деп күйеу баласын жұбатқан еді71.

Хижраның төртінші жылында болған «ЗатурРиқа» соғысында Пайғамбарымыз (с.а.с.) Османды Мәдинада өзінің орнына уәкіл етіп қалдырады. Бұдан кейінгі соғыстардың бәріне қатысқан хазірет Османды «Хұдайбия» келісімі кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрайыштарға Елші етіп жіберді. Хазірет Осман Меккеге келіп, ниетінің тек қана Умра қажылығын жасау екендігін айтып түсіндірсе де, мүшріктер оған қасарысып былай деді:

Сені жіберген адамға барып айт. Ол ешқашан Меккеге кіріп, Қағбаны тауап ете алмайды. Алайда сен өзің тауап еткің келсе, біз қарсы емеспіз, – деді. Осман оларға былай деп жауап қайтарды:

Расулаллаһтауапетпейінше,мендеҚағбанытауап етпеймін.

71 Усдул-ғаба, 3:378.

91

Cаңлақ cахабалар

Құрайыштар бұл сөзді естіп ашуланып, оны бір шама уақыт қамауда ұстайды.

Осман Зун-нурәйннің қамауға алынғандығы туралы хабар мұсылмандарға “шәйіт болды” деп жаңсақ жетті. Бұл мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды. Иләһи уахи Пайғамбарымызға (с.а.с.) серт беруді әмір етті.БүкілмұсылмандарРасулаллаһқабағынып,Аллаһ пен Расулының жолында қасық қандары қалғанша шайқасуғасертберді.Расулаллаһбірқолыменөзіүшін, екінші қолымен Осман үшін серт қабылдады. Бұл серт Ислам тарихында “Ридуан серті” деп аталынды.

Мұныестігенмүшріктерқорқып,хазіретОсманды босатып жібереді. Біраз уақыттан соң Османның аманесен оралуы мұсылмандарды зор қуанышқа бөледі. Оған “Қағбаны тауап еткен шығарсың, сірә” дегенде, Осман оларға:

– Аллаһқаантетемін.ЕгерРасулаллаһХұдайбияда болып, мен Меккеде бір жыл қалсам да, ол Қағбаны тауап етпейінше, Қағбаны жалғыз өзім тауап етпес едім,

– деп жауап берді72.

Осман (р.а.) кейінгі соғыстардың бәріне Хайбар, Меккенің алынуы және Хауазин ұрысына бастанаяқ қатысты. Хунәйн соғысында кеудсін тосып, Пайғамбарымызды (с.а.с.) дұшпаннан қызғыштай қорғаштағандардың арасында Осман да бар еді.

Тәбук соғысы – Ислам тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Хазірет Осман осы соғысқа жәрдем ретінде Сирияға жіберу үшін дайындаған үш жүз түйені жүгімен қоса берді, әрі мың динар ақша және елу ат бағыштаған еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл жомарттығына байланысты, “бұдан кейін істейтін

72 Сира, 3:330 .

92

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

қателері Османға зиян келтірмейді” деп сүйіншілеген болатын73.

Жомарт сахаба Осман байлығының шүкірін өтеу үшін мұқтаж адамдарға үнемі сый тарататын. Мәдинадағы аштық кезінде Осман (р.а.) Сириядан жүз түйеніңжүгіндеймөлшердеастықалыпкеледі.Бұлбидайдысатыпалуүшінсахабалароныңқасынажүгірісіп келеді. Бірақ Осман Зуннурәйн оларға: “сіздерден жақсы, сізден мол ақы беретін алушым бар”, – деді. Сағы сынып, ұнжырғасы түскен сахабалар бұны Әбу Бәкірге жеткізіп, Османның бұл әрекетіне реніштерін білдірді. Әбу Бәкір (р.а.) хазірет Османды бәрінен жақсы танығандықтан, оларға:

Ол Расулаллаһтың күйеу баласы болу арқылы құрметке ие болды. Жәннатта да – пайғамбарымыздың жолдасы. Сіздер оны қате түсінген боларсыздар. Жүріңіздер, бірге барып жағдайдың анық-қанығын өзінен сұрайық, – деді.

Халифа Әбу Бәкір хазірет Османға барып:

Ей, Осман, сахабалар сенің сөздеріңе ренжіпті. Олардың меселін неге қайтардың? – дегенде, Осман

(р.а.) :

Ей, Расулаллаһтың халифасы! Олардан жақсы алушым бірге жеті жүз береді. Мен де бидайды бірге жеті жүз берушіге саттым, – деді.

Осман Зуннурәйн бұл сөздерімен керуендегі малмүлкін Аллаһ жолында садақа қылып бергендігін айтқан еді. Аз уақыттан соң жүз түйеге артылған астықты Мәдинадағы пақыр сахабаларға тегін таратып жіберді. Хазірет Әбу Бәкір бұған қатты қуанып, Османның маңдайынан сүйді.

73 Тирмизи, Манақыб:19; Хаяту-с-сахаба, 2:97.

93

Cаңлақ cахабалар

Бірде хазірет Осман әлемдерге рақым етіп жіберілгенАрдақтыелшінің(с.а.с.)үйіндеқоректенетін азықтың қалмағанын естіп, сол арада бір семіз қой, біраз ұн және май алып, Айша (р.а.) анамыздың үйіне алып барады. Ол:

Ей, мүминдердің анасы! Расулаллаһ мұны басқа әйелдеріне де тегіс бөліп беретініне еш күмәнім жоқ. Бірақ, мұны жасамасын. Өйткені мен оларға да тура осындай мөлшерде азық жіберемін, – деді.

Аллаһ расулы (с.а.с.) хазірет Османның мәрттігін естіген кезде:

Ей, Раббым! Османның өткен және келешектегі, жария және құпия күнәларын кешіре гөр! – деп дұға етті.

Хазірет Әли Фатима анамызға үйленер кезінде той шығындарын өтеу үшін қалқанын базарға сатуға алып шығады. Базарда Османға кездесіп, үйленетінін айтып, сүйінші сұрады. Той шығындарын көтеру үшін қалқанын сататынын айтады. Осман (р.а.) 480 дирхам төлеп, қалқанды сатып алды. Содан кейін Әлиге бұрылып:

Ей, Әли! Аллаһ жолында қызмет етуің үшін бұл қалқанды саған тойыңа тарту етемін. Бұл қалқан сен сияқты Ислам қаһарманына ғана лайық, – деді.

Атап өткендей, хазірет Османның ең үлкен ерекшелігі–жомарттығы.Олмал-мүлкінАллаһжолын- да жұмсаудан еш тартынбайтын. Бірде мұсылмандар ауыз су таппай қиналды. Рума құдығынан басқа ішер су таба алмады. Бұл құдық бір яһудидікі болатын. Суды мұсылмандарға өте қымбат бағамен сататын. Бұл жағдай Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына қатты батты. Сахабалармен бірге отырған бір сәтте, Рума

94

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

құдығын кім сатып алса, Жәннатта да оның осыған ұқсас құдығы болатынын Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты. Мұны естіген Осман бірден, сол яһудиді тауып алып, құдықты сатып алғысы келетінін айтады. Яһуди құдықты толық сатуға көнбей, өте қымбат бағаға оның жартысын ғана сатты. Осман қуаныштан төбесі көкке жетіп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, құдықтың жартысын сатып алып мұсылмандарға бағыштағандығын айтты. Аллаһ расулы (с.а.с.) Османның бұл әрекетін мақтап, оған ыстық ілтипат білдірді. Хазірет Осман ақыры бұл құдықтың қалған жартысын сатып алып, садақа етті74.

Ол істеген жақсылықтарын еш міндетсінбей, менменсінбей ынта-шынтасымен жасайтын еді. Халахуалы нашар кісілердің бірі Осман Зуннурәйнге келіп:

Бүкіл жақсылықты мал-мүлкі бар сіздер жасайсыздар. Садақа бересіздер, құлдарға еркіндік алып бересіздер, қажылыққа барасыздар және көп бағыш жасайсыздар, – деді.

Сіздер мұны қызғанасыздар, солай ма?

Иә, – деген жауапты естігенде, Осман былай

деді:

Аллаһқаантетейін,ешбірбайлығыболмайеңбек ету арқылы табыс тауып, садақа жасаған адамның бір дирхамы, бай болып садақа жасаған адамның он мың дирхамынан артық. Өйткені бай көп малының бір бөлігін ғана береді75.

Жүрген ортасына жылылық пен мейірім ұялатқан ОсманЗуннурәйнмәрткөңілді,жібектейесіліптұратын

74Тирмизи, Манақыб:19.

75А. Куружан, 171-172.

95

Cаңлақ cахабалар

биязы болуымен қатар тақуалығымен де ерекшеленді. Ол халифа болып тұрған кезінде Ислам мемлекетінің ұлғайып, халықтың әл-ауқатының көтеріліп тұрған шағының өзінде бұл қасиеттерінен еш танған емес.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.): “Әркімнің Жәннатта бірдосыбар.МеніңЖәннаттағыдосым–Осман”,–деп хадисінде атап кеткен үшінші халифа сахабалардың арасында да үлкен құрметке ие болатын. Мемлекеттің күшті,байболғанынақарамастан,олкейкездерімешітте ұйықтайтын. Денесіне тас іздері түсетін. Бұған куә болған адамдар оның қарапайымдылығына таңғалып, “міне, нағыз мүминдердің әмірі” дейтін. Күндіз ораза ұстап,түндеріндеАллаһқақұлшылықетуменөткізетін. Түнде Құран оқудан айырықша ләззат алатын.

Оның өмірінен қазіргі адамдар үшін қоғамдағы теңдік пен әділдік мәселесінде үлгі боларлық мына оқиғаны да айта кетейік: Бір күні хазірет Осман өзінің қызметшісін қасына шақырып алып, “бір кездері мен сенің құлағыңнан тартқан едім. Кел, менен сол ақыңды ал” деп, құлға қоярда-қоймай құлағынан ұстатып, “қатты тарт, балам. Қысас76 – бұл дүниеде. Ақыретте қысас жоқ”, – дейді.

Әбу Бәкір Сыддық халифа болып тұрған кезінде Османның (р.а.) кеңесіне жиі құлақ асатын. Әбу Бәкір өлім төсегінде жатып, өзінен кейінгі халифаның қасиеттерін баяндаған кезінде Осман (р.а.) бұларды жазып отырды. Халифа Әбу Бәкір өзінің атағысы келген адамының атын айта алмай бір мезет талып қалды. Осман (р.а.) оны қайтыс болған екен деп, хазірет Омардың атын жазып жібереді.

76Қысас – қылмыс істеген адамның тура сондай жазамен жазаландырылуы.

96

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Біраздан кейін Әбу Бәкір есін жиып, кімнің атын жазғанын сұрады. Осман:

Сені жан тәслім етті деп ойлап қалдым. Алауыздықтың тууынан қорыққандықтан Омар ибн Хаттабтың атын жаздым, ей, мүминдердің әміршісі! – деді.

Әбу Бәкір (р.а.) оның бұл сезімталдығына қатты қуанып, разылығын білдіріп:

Исламға және мұсылмандарға жасаған бұл игілігіңе Аллаһ ақыретте көп жақсылық берсін. Егер өзіңнің атыңды жазсаң да, қателеспеген болар едің, – деді77.

Хазірет Осман Омардың (р.а.) халифалығы заманындадаоғаншамасыныңжеткеніншеқолұшынберді. ОмарФаруқмәңгіліккекөзжұмаралдындатағайындап кеткен мына кісілерден: Абдуррахман ибн Ауф, Сағд ибнӘбуУәққас,Талха,Зүбәйр,ОсманжәнеӘлилерден құралған шура мәжілісі (кеңесшілер мәжілісі) қос нұрдың иесі Османды халифа етіп шешті.

Ол халифалыққа былай тағайындалды: Омарды (р.а.) жерлеп біткеннен кейін жоғарыда аталған шура мүшелері екі күн бойы кеңесіп, бұл орынға кімді тағайындау керектігіне шешім бере алмады. Үшінші күні Абдуррахман ибн Ауф алты үміткердің үшеуінің үміткерлігін алуын, қалған үшеуінің біреуін таңдау туралы ұсынысын айтты. Осы ұсыныс бойынша Зүбәйр ибн Әууам Әлиді, Сағд ибн Әбу Уаққас Абдуррахман ибн Ауфты, Талха ибн Ұбайдұллаһ Османды ұсынды. Абдуррахман ибн Ауф өзінің үміткер болмайтынын айтты. Ендігі шешім Әли мен Осман арасында қалды.

77 Хаяту-с-сахаба, 2:14.

97

Cаңлақ cахабалар

Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) олардың екеуімен де әңгімелесті. Осы уақыт ішінде көшедегі адамдардың, үйде отырған әйелдердің және балалардың да көзқарастарымен санасты. Көпшілік хазірет Османды қалады. Абдуррахман ибн Ауф халықты мешітке жинап, халифалыққа Осман Зун-нурәйнды лайық деп тапқанын айтып, оған ант берді. Османға (р.а.) ант бергендердің екіншісі хазірет Әли болды. Содан кейін қалған мұсылмандар мұны құптап серт берді. Осылайша Осман ибн Аффан 644-жылы халифа болып тағайындалды.

Осман ибн Аффан халифалық құрған алты жылда Исламның байрағы биікте желбіреді. Бұл кезеңде Африканың маңызды бір бөлігі және Кипр алынды. Испанияға алғашқы жорықтар басталды. Сонымен біргехазіретОмардыңөлімінпайдаланыпбаскөтерген Армения халқы да бағындырылып, Табаристан қолға өтті. Бұл жылдың ең маңызды оқиғасының бірі – Ислам әскерлерінің Византия әскерлерімен Ақтеңізде бетпе-бет келіп, оны талқандауы болды. Бұл жеңіс мұсылмандардың Ақтеңізде еркін қозғалуларына мүмкіндік берді. Мұсылмандар Малта мен Крит аралдарына шықты. Бұл кезде мұсылман топтарының бір бөлігі Анадолы жағалауына шықса, бір тобы Станбулдың қорғанына дейін жетті. Мұсылмандар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйіншісіне лайық болуға тырысып бақты. Өйткені, Пайғамбарымыз Константинопольдің(Станбул)міндеттітүрдеалынатынынайтып хабар берген еді.

Осман Зуннурәйннің тарихи қызметінің ең негізгісі әрі маңыздысы – Құранның нұсқаларын көбейттіруі. Ол кезде Армения мен Азербайжанның

98

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

алынуына қатысқан сахабалардың арасында Құранды оқу мәселесінде кейбір айырмашылықтар пайда болды. Өйткені Құранның оқылуын Ирак әскеріндегілер Ибн Мәсғұттан, Сириялық әскерлер Үбәй ибн Қағбтан үйренген болатын. Бұл айырмашылықтардан туатын қауіпті көрген Хұзафатуль – Йемени хазірет Османға келіп, бұл үмбеттің арасында яһудилер мен христиандардың кітаптарына байланысты бастарында болған жағдай, яғни, келіспеушіліктің мұсылмандар арасында да пайда болуының алдын алып, ол қатерден сақтау керектігін айтты.

Бұл ұсыныстан кейін хазірет Осман сахабалардың арасындағы беделді тұлғалардан құралған ақылдастар кеңесін құрды. Бұл топ халифа Әбу Бәкірдің кезінде жиналып, Омар Фаруқтың қызы хазірет Хафсада болған Құранды негізге ала отырып жеті нұсқа жасатып, мұсылмандардың көп шоғырланған Куфа, Басра, Сирия, Мекке, Йемен және Бахрейн сияқты жерлерге жіберді. Мәдинада қалдырылған нұсқаны “имам нұсқасы” деп атады.

Үшіншіхалифабасшылығыныңонжылытеңіздегі және құрлықтағы жеңістерге толы өтті. Мұсылман мемлекетініңаумағыкеңейді.ХалифаОсманныңкезінде мемлекет қаржысы молайып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Материалдық жағынан салыстырғанда, хазірет Османның дәуірі алдыңғы халифалардан жоғары саналады.

Алайда Зуннурәйн Османның халифалығының соңғы жылдарында бүлікшілік пен тәртіпсіздік кең етек алып кетті. Осман ибн Аффан мен Әлидің халифалықтары тұсында шыққан бұл жайсыз

99

Cаңлақ cахабалар

оқиғалардың себептері төңірегінде Ислам ғалымдары бірауыздан мына жағда-яттарды атап көрсетеді:

1.Ғаламныңрақымнұрын(с.а.с.)көрубақытынаие болған сахабалардың азаюы; тірі қалған сахабалардың қартайып, өз-өздерімен болғандығы; Басқаруға толық лайықты кісілердің қатарының сиреуі де бұған негіз болды.

2.Жәһилия заманында бір ру мен тайпаға тән болудың мақтаныш сезімдері, Ислам құндылықтарын ұстанған әділ басшыларға бағынуы арқылы ұлы сезімдерге ауысқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғаннанкейінгіжеңістер,құрайыштықжастардыңбасымкөпшілігініңлауазымдыорындарғакелуі,олардың сол тайпаға тән болғандығының басқалардан жоғары болусезімдерінқайтаоятып,бұлмұсылмандарарасында жайсыз жағдай туғызды.

3.Исламмемлекетішекарасыныңкеңейіп,әртүрлі ұлт, дін, әдет және мәдениет өкілі болған халықтардың мұсылман болуы немесе мұсылмандардың қол астына кірулері, кейбір ұлттардың, әсіресе, Ирандықтардың ұлттық мақтаныш сезімдері біраз тегеурінге ұшырағандықтан,Исламныңбірортаданбасқарылуынақарсы кедергілердің пайда болуына жол ашты.

4.Осман ибн Аффанның жұмсақтығы, адамдарды жазалаудың орнына кешірімді болуы да өз салқынын тигізбей қоймады.

5.Осман (р.а.) мұсылман болмай тұрып та жомарт әрі туыстарына жанашыр жан еді. Мұсылман болғаннанкейіноныңбойындағыбұлсезімдеркемеліне келе толықсып, өз туыстарына деген жанашырлығы арта түсті. Оның оларға өз мүлкінен берген нәрселері бүлікшілер тарапынан мемлекет қазынасынан беріліп

100