Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

V БӨЛІМ САХАБА АНАЛАР

Сахаба аналар

Ислам дінінің қанат жайып, кең таралуында ер сахабаларқалайқызмететсе,жаужүрекұрпақтәрбиелеп, Аллаһ пен Расулының (с.а.с.) жолында солардан қалыспай шыбын жанын пида еткен әйел сахабалар да болған. Олардың қатарында Жәннатпен сүйіншіленіп, Құранда аттары аталып, Пайғамбарымыздың ілтипатына ие болған, һижрет еткен, соғыстарға қатысып ерлік көрсеткен, Аллаһ үшін шейіт болуды аңсаған, қолынанкелгенжақсылықтыаямай,қиындықтарғатөзе білген жанқияр сахабалар да бар.

Сахаба аналардың ең әуелгілері ретінде Пайғамбарымыздың өмірін әрлеп, кейінгі ұрпаққа тамаша үлгі-өнеге көрсеткен оның пәк жұбайлары келеді. Олар–мүминдердіңанасы,уахикөктенқұйылыптүсіп жатқанда Пайғамбарымызға серік болған, Аллаһтың әмірлерін, әсіресе, жанұяға байланысты ой-шұқырлы мәселелерін бізге жеткізген мүбәрак жандар.

Ислам діні келген кезде алғаш иман келтірген алғашқы адамның әйел екенін де ескерген жөн. Ол бақытты әйел – мүминдердің анасы Хадиша (р.а.).

Тектілік жағынан хазірет Фатимаға тең келері жоқ десек,өздәуіріндеіліміжағынанкемел,діниқызметтері мен Пайғамбарымыздың үйреткендерін тарату жолында Айша анамыздың (р.а.) өзі бір төбелік танытады.

291

Хазірет Хадиша

“Аллаһ Хадишадай қайырлы жар сыйлады. Ел мені мойындамай күпірліктің күңсіген қоқсығын ақтарып жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт түгел мені өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Ел менен не нәрсесін де аяп итіне жегізгенде, ол дәулетіне ортақ етті. Аллаһ тағала тек содан ғана маған перзенттер нәсіп етті” .

(Хадис)

Хазірет Хадиша – Пайғамбарлар сұлтанының (с.а.с.) пәк, ар-намысы таза, адамгершілігі мол өмірлік жан серіктерінің алғашқысы.

Арабтардағы ең беделді тайпа Құрайыш тайпасы болса,олсолтайпаныңеңтектіотбасыларыныңбірінің перзенті болатын. Әкесінің аты – Хуәйлид, анасының аты – Фатима. Хадиша анамыздың шежіресі әке жағынан Пайғамбарымыздың бабасы Құсайға, шеше жағынан Пайғамбарымыздың аталары Луәйге келіп тірелетін281.

Құрайышқыздарыныңішіндекөргендігі,көркемдігі, ибалылығы мен дәулеті жөнінен ерекшеленетін Хадиша – жәһилия кезеңінің өзінде «тахира», яғни “пәк, арлы әйел” атағына ие болған абзал тұлға. Алғашында ол Атиқ ибн Азизге тұрмысқа шығып, одан бір қызды болды. Ол қайтыс болған соң Тәмим руынан Әбу Халамен отау құрып, одан бір ұл, бір қыз тапты. Алайда бұл күйеуі де қайтыс болып, жесір қалды. Содан кейін

281 А.әл-Һашимии,ән-ниса’ун-Нәби,Бейрут,1990,11;М.Асым Көксал, Хазірет Мухаммед ве Исламииет, Истанбул, 1981, 96.

292

Сахаба аналар

де аты мен заты дара, хаса сұлу Хадишаны талайы айттырды. Бірақ текті Хадиша теңі кездеспегендіктен, олардың ешқайсысын көңілі хош көрмеді.

Дәулетті Хадиша саудамен айналысып, жыл сайын Шамға керуен жөнелтетін. Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) сенімді, тәрбиелі, ісіне адал жан екенін естіп біліп, оған Шамға баратын сауда керуенін басқаруды ұсынды. Аманатқа қиянат жасамайтын Мұхаммед – Әмин (сенімді) (с.а.с.) бұл ұсынысты қабылдап, Шамға аттаныпкетті.Керуенүшайжолжүріп,соңындаШамға табан тіреді. Меккеден әкелінген заттар сатылып, қажетті тауарлар алынды. Осылайша керуен қайтадан Меккеге аттанды. Бұл жолғы керуен бұрынғыларға қарағанда екі есе көп пайда түсірген еді. Осы керуен сапарына хазірет Хадишаның қызметшісі Майсара да қатысты. Майсара жол бойы Мұхаммедтің (с.а.с.) жайдары мінезді, байсалды, шыншыл, еңбекқор әрі тындырымды жан екеніне куә болып, оралған бетте Хадиша анамызға оны аузынан суы құрып мақтап бітіре алмады. Осы әңгімеден кейін Хадишаның жүрегінің төрінен Адамзаттың ардақтысына (с.а.с.) деген сенім мен сүйіспеншілік орын алды. Көп ұзамай текті Хадишаоғантұрмысқашығужөніндегіұсынысынжасады282. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Әбу Тәліпке жағдайды баяндады. Әбу Тәліп барып, Хуәйлидқызы Хадишаға құда түсті. Екі жақ келісіп, Хадишаның үйінде той жасалды. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) пен Хадиша анамыздың некесі қиылды283. Бұл кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) 25 жаста, Хадиша анамыз (р.а.) 40 жаста болатын.

282Ибн Исхақ, ас-Сира, 59.

283Табақат, 8:9.

293

Cаңлақ cахабалар

Олардың Қасым, Зейнеп, Руқия, Үммүгүлсім, Фатима және Абдуллаһ деген алты перзенті болды. Қасым мен Абдуллаһ кішкентай кезінде Меккеде қайтыс болды. Пайғамбарымыздың хазірет Фатимадан басқаперзенттерініңбәріөзіненбұрынбақиғааттанды. Пайғамбарымыз дүние салған соң алты ай өткенде Фатима анамыз сүйікті әкесінің қасына кетті.

Бұл отбасы Меккедегі ең бақытты, ең үлгілі шаңырақ еді. Хадиша анамыз жұбайын әрдайым құрметтеп, отбасының пірі санайтын. Материалдық әрі рухани жәрдемін жан жарынан еш аяған емес. Пайғамбарымыздааяулыжарын“ХадишаКубра”,ұлы Хадиша деп еркелететін.

Ұлы Хадиша адамзаттың мақтанышы Әлемдердің Сұлтанын (с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын да сыйластығыменсүйіспеншілігіменбақыттыеткенінде, пайғамбарлық кезеңі басталғанда да оны қолдап, ең алғашқы мұсылман атағына ие болды.

Хира үңгірінде алғаш уаһи келе бастаған сәтте Пайғамбарымыз қатты қорқады. Басынан өткен жағдайды баяндап, көңіліндегі қорқынышты сейілтер деген оймен өзін әрқашан қолдаған Хадиша анамызға барады. Адамзаттың асылы (с.а.с.) үйіне барар-бармас, “үстімді жабыңдар” деуге ғана шамасы келді. Хадиша анамыз Пайғамбарымызды жатқызып, үстін жапты.

Шамалы болса да тынығып алған Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған басынан кешкен жайтты баяндап болған соң: “Уа, Хадиша, көзіме бір сәулелер көрінеді. Қызық дауыстар естимін. Пұттарды және көріпкелдерді жаным сүймейтінін білесің. Алайда маған жындар келе ме деп қорқамын”, – дегенде, парасатты Хадиша: “Олай деме. Қорқып, үрейленерлік ештеңе

294

Сахаба аналар

жоқ. Уайымдама, Аллаһқа ант етейін, Ол сен сияқты құлын ұятқа қалдыра қоймас. Өйткені, сен әрқашан шындықты айтасың. Аманатқа қиянат жасамайсың. Туған-туыстарыңмен сәлемің түзу, қабағың ашық. Көршілеріңемейірімдісің.Кембағалдарменкедейлерге қолұшынберіп,мүсәпірлердіүйіңніңтөрінешығарып, олардықұттықонақтайкүтесің.Халқыңқиындыққадушар болғанда жәрдеміңді аямайсың. Уаллаһи, сені бұл үмбеттің пайғамбары болар деп үміттенемін”284, – деп, оныжұбатып,көңіліндегіқорқынышсезімінбасуғатырысты.

Ең жақын сырласы, көңілінің жұбанышы, жан серігін тек жұбатып қана қоймады. Жаратушыдан келген бұйрықтарды халыққа жеткізу міндетін алған Аллаһ расулына бұл қиын жолда: “Сенің пайғамбар екендігіңе сенемін”, – деп қолдау көрсетіп, ең алғаш мұсылман болу құрметіне бөленді285. Мұндай сын сағатта жолдасының шәк келтірместен иман етуі, ол үшін үлкен бақыт болып, жігерін жаныды.

Хазірет Хадиша Ислам шуағын жаю жолындағы Ислам тағдырының пышақ үстіндегі алғашқы жылдарында бар мүлкін Аллаһ расулының жолында жұмсаудан аянбады. Қиын-қыстау күндерде оны шын ниетімен қолдап, көңіліне медеу болған, бар байлығын Ислам жолында жұмсап, мұсылмандарға демеу берген осыасылжар–ХадишаКубраеді.БарбайлығынАллаһ жолына сарп еткен мүминдердің анасы Хадиша Кубра (р.а.)қайтысболаркездеартындатігергетұяққалмады. Осындай жанкештілігі үшін де ол Аллаһтың сәлеміне, Пайғамбарымыздың мадағына ие болды. Бір күні

284Муслим, иман:252.

285Муслим, иман:252.

295

Cаңлақ cахабалар

Жәбірейілперіштекеліп,Пайғамбарымызғабылайдеді: “Аллаһ Хадишаға сәлем жолдайды. Жәннатта інжуден жасалған салтанатты сарайдың сол үшін әзірленгенін айтып, сүйіншіле. Ол жерде күйбең тіршілік жоқ, жан рахаты бар”. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша анамызға Аллаһтың сәлемін жеткізгенде, ол Аллаһтың сәлемін үлкен қуанышпен қабыл алып, өзінің де сәлемін жолдайды286.

МүминдердіңанасыХадишаКубраПайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға көшерден үш жыл бұрын 65 жасындадүниесалды.Олқайтысболмастаназғанауақыт бұрынПайғамбарымыздыңсөзінсөйлеп,мүшріктердің азабынан қорғаштап келген ағасы Әбу Тәліп те көз жұмған еді. Екі бірдей қолдаушысынан айырылған Пайғамбарымызға бұл ауыр соққы болып тиді. Сондықтан да бұл жыл “қаралы жыл” деп аталды.

Қилызамандаөзінеәріқолдаушы,әрікөмекші,әрі кеңесшіболғаналғашқыжолсерігіХадишаанамыздың орны Пайғамбарымыз үшін мүлдем бөлек. Хазірет Хадиша анамыз көз жұмса да, Пайғамбарымыздың оған деген махаббаты бір мысқал да кемімеген. Хадиша анамыздыңтуыстарынанқолданкелгенкөмегінаямайтын. Оның көрсеткен жанқиярлықтарын Әлемдердің Сұлтаны (с.а.с.) әрқашан аузынан тастамайтын. Адал жары хазірет Хадиша (р.а.) жайлы жиі айтатыны соншалықты, Айша анамыз Аллаһ расулын одан қызғанатын.

Күндердің бір күнінде Пайғамбарымыз Хадиша анамыздың жақсылықтарын тағы есіне алады. Айша анамыз шыдай алмай: “Үнемі Хадишаны айтасыз. Аллаһ тағала сізге одан да жас әрі әдемі әйелдер берді

286 Ибн Хишам, ас-Сира, 1:257.

296

Сахаба аналар

емес пе?”, – дейді. Тозаңдай жақсылықты ұмытпайтын Пайғамбар (с.а.с.): “Аллаһ Хадишадай қайырлы жар сыйлады. Ел мені мойындамай күпірліктің күңсіген қоқсығын ақтарып жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт түгел мені өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Халық менен не нәрсесін болса да аяп итіне жегізгенде, ол дәулетінеортақетті.Аллаһтағалатекғанасоданмаған перзенттер нәсіп етті”,– деді. Хадиша анамыз жайлы бұл сөздерді естіген Айша анамыз айтқанына ұялып: “Уа,Расулаллаһ!СеніпайғамбаретіпжібергенАллаһқа ант етейін, бұдан кейін Хадиша жайлы естеліктеріңді айта жүруіңді өтінемін”, – деп Пайғамбарымыздың көңілін аулаған еді287.

Пайғамбарымыз хадисінде: “Христиан әйелдердің ішінде ең қайырлысы – Имранның қызы Мәриям, мұсылманәйелдердіңішіндееңқайырлысы–Хуайлидтің қызы Хадиша” деп мадақтаса, басқа хадисінде: “Осы дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болған төрт әйел бар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның жары Әсия, Хуайлидтің қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы Фатима”, – деген болатын288.

***

287Муслим, фадаилус-сахаба:74; Усдул-ғаба, 5:438..

288Ибн Исхақ, ас-Сира, 228; Хадиша анамыз жайлы кеңірек мәлімет алу үшін Д. Өмірзаққызының «Адамзаттың асыл тәжі» кітабына қараңыз.

297

Айша Әбу Бәкірқызы

“Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдары мен Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса, хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді”.

(Имам Зуһри)

Ислам тарихында Аллаһ расулының (с.а.с.) пәк, сүйікті әйелі, “мүминдердің анасы” әрі Әбу Бәкір әсСыддықтың қызы Айшаның маңызды орны бар.

Аса ақылды, мінез-құлқы көркем, пәктігін тақуалықпен ұштастыра білген мүминдердің анасы – Айша фиқһ, хадис, Құран тәпсирі ілімдерін де жетік меңгерумен ерекшеленді.

Хазірет Айша өмірінде пұттарға табынбаған, асыл текті, Меккенің беделді, ықпалды әрі білгір адамы Әбу Бәкірдің отбасында дүниеге келді. Әкесі қараңғылық дәуірінің өзінде бір құдайға сенген (тәухид) һаниф дінінұстанса,анасыҮммуРумманПайғамбарымыздың хақдінінежүрегіменсенгеналғашқымұсылмандардың бірі еді. Болмысынан ақылына көркі сай, болашақ “мүминдердіңанасы”Айшаосындайтәрбиелідеиманды отбасында тәрбиеленді.

Хадиша анамыз қайтыс болған “қаралы жылда” Осман ибн Мазғұнның әйелі Хәула Пайғамбарымызға келіп Айшамен некелесуін ұсынды. Пайғамбарымыз оныңұсынысынқабылдап,оныбұлістеөзінеуәкілетіп тағайындады.

Хәула Айшаның әке-шешесіне бұл қуанышты хабарды жеткізгенде, олар қатты толқиды. Әбу Бәкірдің жан дегенде жақын досы ендігі жерде онымен туысқан

298

Сахаба аналар

болатын болды. Ол үшін Аллаһ расулымен (с.а.с.) туысқан болу – дүниедегі таптырмас бақыт еді.

Ол кезде хазірет Айша әлі алты жасар кішкентай қыз еді. Сондықтан да үш жылдай олардың некесі қиылмай, Айша анамыз әке-шешесінің қолында болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға ірге аударғаннан кейін ғана Айша анамызбен некесі қиылды. Ол кезде хазірет – Айша тоғыз жаста. Тарихшылар оның некелескен кезіндегі жасы жайлы әр түрлі пікірлер айтқан. Кейбіреулері сол кезде ол он бір жаста десе, кейбіреулеріАйшаанамыздыңоналтыдаболғандығын алға тартады289.

Осы арада мына жайтты да еске сала кеткен жөн. Ол кездері, яғни, мың төрт жүз жыл бұрын арабтардың салттары бойынша, қыз бала тоғыз немесе онға толған кезде ұзатыла беретін. Қыз он немесе он екі жаста ұзатылмаса, отырып қалған болып саналатын. Әрі ыстық жерлерде қыз балалардың ерте бойжететінін де естен шығармау керек.

Пайғамбарымыздыңоныңтоғызғатолғанынкүтіп, содан кейін ғана қасына алуы, әке-шешесінің де бұған еш қарсылық көрсетпеуі, сол кездегі үйреншікті жайт екенін көрсетеді.

Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз жас жұбайы Айшаны (р.а.) ерекше жақсы көретін. Бір ретінде одан: “Әйелдердің ішінде ең жақсы көретініңіз кім?”, – деп сұрағанда, ол “Айша”, – деген болатын. “Ал ер кісілердің арасында кімді?”, – деп сұрағанда, – “Оның әкесін”, – деп айтқан болатын290.

289Кескиоглу, Фықыһ тарихи ве Ислам һукуку, Анкара, 1999.

290Муслим, фадаилус-сахаба, 8; ибн Мажа, Муқаддима, 101.

299

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған сүйіспеншілігін “Хумәйра” деп лақаб ат қойып білдірген. Аллаһ елшісі (с.а.с.)хазіретАйшатуралы:“Дініңіздіңжартысыносы Хумәйрадан үйреніңіздер” деген291.

Мүминдердің анасы Айша (р.а.) Мәдина кезеңінде болғаншайқастарғақатысып,Пайғамбарымыздыңбасқа жұбайлары сияқты ол да жарақаттанғандардың жарасын таңып, азық-су тасумен болды. Пайғамбарымыз қайда жүрсе де қасынан қалмады. Ұхұт шайқасында қолына қару алып, жауға қылыш сермеп, ұрыс салмақшы болғанда, Расулаллаһ (с.а.с.) оған рұқсат бермей қояды.

Айша анамыз Пайғамбарымыздың жүрегіндегі басқа әйелдерінен өзінің артықшылығын:

“Расулаллаһтың жұбайларының арасында менен басқа оған қыздай тұрмысқа шыққан ешкім жоқ”;

“Расулаллаһтың әйелдерінің ішінде тек менің қасымда уаһи келді”;

“Менен басқа ешқайсысының әкесі мен шешесі екеуі бірдей һижрет еткен емес”;

“Аллаһ тағала менің пәк екенімді айтып, Құранда аят түсірді”;

“Аллаһ расулы жан тәсілім етерде, оның мүбәрак басы менің кеудемде сүйеулі еді”;

“Ол менің бөлмемде қайтыс болып, сол жерде жерленді”, - деу арқылы білдіріп, Аллаһқа шүкір ететін292.

Пайғамбарымыз өте мейірімді, жанашыр, кішіпейіл болатын. Айша анамыздың айтқанындай, үй тірліктерінде жұбайларына көмектесетін, тіпті

291ан-Нурул-халид, 2:409.

292Табақат, 8:64.

300