Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы

Дешті Қыпшақ даласы Моңғол шапқыншылығына дейін өркениеттің дамыған орталығы болған. Қазақ даласының жерінде негізгі мекендегендер көшпелі қыпшақ, қаңлы, дулу тайпаларының мекені болды. Қыпшақ хандығының билігі Хорезм шахына өтіп, Қарахан аулетінің билігі құлаған кез болатын. Қазақ даласының солтүстігі көшпелі халықтар болса, оңтүстігінде Хорезм шахы тағайындаған кіші хандар Жібек жолы бойындағы қалаларда билік етті. Шыңғысхан керуенмен саудагерлер жіберіп Қазақ даласындағы бай, сәулетті қаллардың бар екенін біледі. Жібек жолы қалаларының жалпы экономикалық маңыздылығын байқайды. Батысқа, яғни жаңа әлемге шығатын жолдың негізгі қақпасы ұлан байтақ қапшақ даласы екенін ұғады. Моңғолдардың қазақ даласына енуіне алғаш себеп болған бытыраған найман тайпаларының Қыпшақ даласын паналауы болды. Моңғолдар шапқыншылығы алдында Жібек Жолы бойындағы Тараз, Алмалық, Испиджаб, Сауран, Атлас, Сығанақ, Отырар, Йасы, Бұхар, Үргеніш, Ферғана, Ташкент қалалары өркениет, сауда, экономикалық, мәдени орталықтар болған, бұл қаллардан Шығыстын кез-келген ісем жібегін, Кара теңіз елдерінің өзгеше тауарларын кездестіруге болған болатын. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол 1219 ж Орта азияны бағындыруға аттанды. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді. Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «монғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

28) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.

Шыңғыс­хан Шығыс Еуро­па мен Ал­дыңғы Азияға жол аша­тын Ор­та Азия мен Қазақстан­ды жа­улап алу жо­рығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсыл­ман көпес­терінен, моңғол­дардың қол ас­тында болған босқын­дардан мәлімет­тер алып, Қарақытай­лар мем­ле­кетінің, со­дан кейін Хо­резм ша­хын­дағы ішкі жағдай мен әске­ри күштер ту­ралы де­рек­терге қанықты, со­ның негізінде ой­лас­ты­рылған іс-қимыл­дың бағдар­ла­масын жа­сады.

Шыңғыс­хан Қазақстан мен Ор­та Азияға жо­рықты Жетісу арқылы жүргізбекші бол­ды. Өз ба­сының же­ке жа­уы най­ман­ның ха­ны Күшлік хан­ды талқан­дап, бай қала­лары бар Жетісу­ды өзіне қара­ту үшін оған 1218 жы­лы Же­бе но­ян бас­таған әскер то­бын жіберді. Жетісу­ды Шыңғыс­хан әскері қар­сы­лықсыз оңай ба­сып ал­ды. Жетісу­ды бағын­дырған­нан кейін Шыңғыс­ханның Мәуере­нахрға, сол кез­де бүкіл Ор­та Ази­яны би­леп отырған Хо­резм мем­ле­кетіне қар­сы жо­рыққа жо­лы ашыл­ды. 1218 жы­лы көктем­де Шыңғыс­хан Ор­та Азияға са­уда ке­ру­енін жіберді. 500 түйеден тұра­тын ке­ру­енінде моңғол жан­сызда­рын қосып есеп­те­ген­де бар­лаығы Көп ада­мы бар ке­ру­ен 1218 жыл­дың жа­зын­да Оты­рарға келіп жетті. Оты­рар­дың би­ле­ушісі Қайыр­хан Инал­шық көпес­терді тыңшы­лық жа­сады деп күдіктеніп, олар­ды өлтіру­ге бұйыр­ды. Шыңғыс­хан Хо­резм ша­хынан Қайыр­ханды ұстап бе­руді та­лап етті. Бірақ Хо­резм ша­хы бұл та­лап­ты орын­да­мады, Шыңғыс­хан жібер­ген елшілерді өлтіру­ге әмір берді. «Оты­рар апа­ты» деп ата­латын бұл та­рихи оқиға Шыңғыс­ханның Хо­резм­ге қар­сы соғысын тез­детті.

Ор­та Ази­яны бағын­ды­ру үшін Шыңғыс­хан өзіне тәуелді ел­дерден алған жа­сақтар­мен қоса жал­пы са­ны 150 мыңға дейін ада­мы бар қалың қол­ды бас­тап шықты. Хо­резмнің ша­хы Мұхам­мед моңғол­дарға қар­сы тұруға дайын емес еді.

1219 жы­лы қыркүйек­те Шыңғыс хан­ның 111 мың әскері Оты­рар қала­сын қор­шай­ды. Бұл қалың қол­ды Шыңғыс хан­ның ұлда­ры Шағатай, Үге­дей басқара­ды. Бір ай­дың ішінде Шыңғыс хан әскері Оты­рар­ды ала­ды. Әйгілі кітап­ха­на өртеніп, ха­лық көптеп қыры­лады. Қайыр хан­ның де­несіне ерітілген күміс құйып, азап­тап өлтіреді. 1219–1220 жыл­да­ры Шыңғыс­ханның ұлда­ры Бұха­ра, Са­марқан, Сығанақ, Са­уран, Бар­шынкент, Жент, Үзгент қала­ларын бағын­ды­рады.

1221 жы­лы Шыңғыс хан әскері Хо­резмді, Ор­та Ази­яны жа­улап ала­ды. Осы­дан кейін Шыңғыс хан әскер­лері пар­сы, Ауғанс­тан, орыс, Дешті-Қып­шақ жер­лерін жа­улап ала­ды. 1224 жы­лы Ертістегі Шыңғыс хан ор­да­сына қай­та ора­лады. 1219–1224 жыл­дар ара­лығын­да Шыңғыс хан Қазақстан мен Ор­та Ази­яны жа­улап алып, өз им­пе­ри­ясы­ның құра­мына қоса­ды.

1238 жы­лы Бұха­рада Махмұд та­раби бас­таған көтеріліс Шыңғыс хан қол ас­тындағы ха­лықтар көтерілісінің ең ірісі бо­лады. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]