Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді.Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі процестермен сипатталады:1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жіберілген, сталиндік режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлерді игеруге жіберілген орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;2. Көшіп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай жағдайлардан:өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;әскери жанжалдар салдарынан;тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.3. Ішкі көші-қонда:аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесінде ауылдық елді мекендерден халықтың көшіп кетуі;қаланы ұстап тұған кәсіпорындар мен өндеу кешендерінің тоқтап қалуы салдарынан шағын және орташа қалалардан- кетуі;экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал өңірінен халықтың көшіп кетуі.4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен шекаралардың ашықтығынан, достастық елдерінің біріңғай келісілген саясаты болмауынан және заңдық базаның жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.5. Ішкі еңбек рыногында өзіміздің еңбек ресурстары асып-артылып жатқан кезде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты еңбек көші-қоны.6. Бірқатар мемлекеттердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан босқындардың болуы.Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның босқындар мәртебесі туралы 1959 жылғы Конвенциясына және оған 1967 жылғы Хаттамаға қосылуы босқын мәртебесін алудан үміттенетін адамдарды қабылдау жөнінде белгілі дәрежеде міндеттеме жүктейді.Көші-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады. Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.

173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның әлемдік саясаттағы, ұлттық экономикадағы, азамат­тық қоғамды нығайтудағы жетістіктерін атап өтті. Біздің елі­міздің әлеуметтік-экономика­лық дамуының нәтижелері көп­теген қарқынды жетіліп келе жатқан елдердің осындай көр­сеткіштерінен әлдеқайда жоға­ры екендігін ерекше айтты. Тұрақты даму және аза­мат­тық келісім кепілі бола отырып, Президент сенімді түрде жаңа онжылдықтың міндеттерін ай­қын­дайды. Алдағы онжылдық­тың негізгі басымдықтары жеделдетілген индустрияландыру, шынайы экономика мен агро­өнеркәсіптік кешенді күшейту, әлеуметтік жаңару, ғылым, білім мен өндірісті шоғырлан­ды­ру, ұлттық денсаулық сақтау жүйе­сін жетілдіру болып табылады.Мемлекет қабылдаған ин­дус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы, білімді, денсаулық сақтау саласын, жалпы, қазақ­стан­дықтардың өмірі мен әл-ауқатын жаңа сапалы деңгейге жеткізуге бағытталған. Қабыл­дан­ған бағдарламаларды жүзеге асыру ішкі жалпы өнім, халық саны, өмір сүру ұзақтығы, жұ­мыс­сыздық деңгейін төмендету сияқты сапалық көрсеткіштердің артуына алып келеді. Президенті­міздің бірізді саясатының арқа­сында еліміз әлемдік қаржы дағ­дарысынан мүдірмей өтіп, кәсіп­керлікпен айналысу үшін қолай­лы жағдай жасады, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының артуын қамтамасыз етті Білім және ғылым саласындағы ин­новациялық саясатты қолдай отырып, университет өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу, жаңа формациядағы кадрларды дайындау, білім беру бағдар­ла­маларын аккредиттеу, рейтингтерге қатысу бойынша үлкен жұмыс атқарады.Мемлекет пен Білім және ғылым министрлігінің тұрақты қолдауының арқасында университетте жаңа білім беру техно­ло­гияларын енгізуге, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүр­гізуге, студент жастардың интеллектуалдық және шығар­машылық әлеуеттерін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи ресурстық база қалыптастырыл­ған. Студенттер мен оқыту­шы­ларға қамқорлық стипендия, еңбекақы мөлшерінің өсуінен, гранттардың бөлінуінен көрініс тапса, бұл – әлеуметтік опти­мизмнің артуына және бола­шақ­қа сеніммен қарауға нақты себеп. Балалардың оқуына қа­ражат жинаудың Президент ұсын­ған тетіктері жоғары білімге қолжетімділікті айтарлықтай арттырады. Инновациялық Назарбаев Университеті мен ин­тел­лектуалдық Назарбаев мек­теп­тері­нің қызмет етуі Қа­зақ­стан­ның интеллектуалдық эли­тасы­ның қалыптасуына ықпал етеді.Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жол­дауы дамудың жаңа кезеңінде бейбітшілік пен жасампаздық сая­сатын жалғастыратын Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелейтін мерейтой жылын бастайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайту болып табылады. Республикамыздағы саяси тұрақтылыққа байланысты елімізде саяси жүйені тұрақтандыру процесі жүріп, әлеуметтік-экономикалық реформаларға шарттар қалыптасты. Қазақстандағы демократияландыру жолындағы реформалар жылында саяси жүйенің дағдылану технологиялары қалыптасып, барлық мәселелерді шешудегі консенсусқа жету тәсілдері игерілді. Осы себептерге байланысты еліміздің қоғам мүшелерін біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан қазіргі жағдайдағы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]