Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

11. Түрік қағанаты (552-603ж)

Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді. Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. 535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.

  • 552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады.

Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб. «Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды. Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.

  • 561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.

  • 564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.

  • 567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.

Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:

  • Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;

  • Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.

575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады. Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:

  • Ішкі тартыстар

  • Көрші елдермен соғыс

Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады. 603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.

Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

12.Батыс Түрік қағанаты (603-704)

Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі). Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:

  • Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпа

  • Нушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпа

  • Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.

  1. Қаған

  2. Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)

  3. Бек (ру, тайпа басқарушысы)

  4. Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)

  5. Тұдын (салық жинаушы)

  6. Қара бұдын (қарапайым халық)

  7. таттар (құлдар)

Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар. Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді. Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.

Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.

  • 704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

13. Батыс-түрік қағанатының этно-мсәдени үрдістері. Батыс-түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу мен оның інісі Тонның кезінде болды. Тон қаған озінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған, әсіресе Иран мен Виантия сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған. Екі елдің арасындағы келіспеушілік туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған. Тон жабғу озінің Византиямен келісіміне берік болып оны іске асыру үшін имперетор Ираклидің 627-628 жылдары Кавказ бойына жасаған ушінші жорығына қатынасқан. Ол Дербент, Тбилисиді алып, қолға көптеген олжа түсіреді. Император оны Тбилисиге қарсы алып, оған озінің тәжін кигізіп, қызы Евдокияны беруге уәде берген. Бұл көмек БТ қағ.ның халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтеріп, үстемдігін арттырады. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]