Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

37.15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.

Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті

Қыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".

Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады.

38) XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер.

"ТарихиРашиди" аттыеңбектеқазақхандығыныңқалыптасуытуралы, мұнанкейінгіЖетісуменШығысДешті— Қыпшақтаболғаноқиғалар, Моғолстанныңқұлауы, феодалдықсоғыстар, қазақтар, қырғыздаржәнеөзбектердіңсыртқыжауғақарсыкүрестеөзараодақтасуытуралыкөптегенмәліметтербар. СоныменбіргебұлеңбектеХV-ХVI ғасырлардағыОңтүстікжөнеШығысҚазақстанныңәлеуметтік-экономикалықжағдайы, ортағасырлықҚазақстандағыЖетісудыңтарихижағрапиясы, қалалықжәнеегіншілікмәдениетітуралықұндымәліметтербар. 1533 жылыхандықтаққақайтаотырғанАбу-ар-Рашид, өзтайпаларынанқауіптонемедегеноймен, олардықуғындайбастады. МұхаммедХайдарДулатидіңнемереағасыСайдМүхаммедмырзаДулаттыөлтірді.МүхаммедХайдарДулатиҮндістанғақашыпкетті.ОндаолҰлыМоғолдарсарайындаәскерлердібасқарды.Олсолкездегісаясиоқиғаларменоғанқатысқанқайраткерлерді, сондай-ақМоғолстанмемлекетінің, Қазақхандығыныңөткентарихынжақсыбілген.Оныңтікелейөзікуәболғанжайларыдакөпеді.Содандаболаролортағасырдағықазақтарға,әсіреседулаттайпасыныңтарихынақатыстыөтеқұндыматериалдарбереді.Қазақхандығыныңқұрылуыменқалыптасуы, оданкейінгікезеңдері, олардыңқырғыздармен, өзбектерменқарымқатынасыжайындакеңіненсөзболады

«ТАРИХИРАШИДИ» – «РашидтіңТарихы» – 1499 – 1551 жж.өмірсүргентарихшы, мемлекетқайраткері. Мұхаммед Хайдар МырзаДулатидіңеңбегі. «ТарихиРашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесіндежазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарынадейінгіМоғолстанның, ШығысТүркістанныңтарихыбаяндалады. Сондай-ақ, «ТарихиРашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, СолтүстікҮндістан, Тибеттарихынақатыстықұндыкөптегенмәліметтер бар. Сондай-ақ, Орта АзиядаТемірәулетініңқұлап, Шайбанилықәулеттіңорнығуы, Сұлтан Сайд ханныңҚашқарғабаруы мен ондабиліккекелуі, моғолхандарыныңкөршіаймақтарғажорықтары, моғолхандарыныңҚазақхандығымен, Шайбаниларәулетіменқарым-қатынастарыжәнет.б. көптегенмәселелерқарастырылады. «ТарихиРашиди» еңбегініңортағасырлықҚазақстантарихыүшінмаңызыөтежоғары. Алғашретбұлеңбекте 15 ғ. ортасындаҚазақхандығыныңШуөзенібойыменҚозыбасытауыаралығындақұрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. аяғынадейіншіҚазақхандығыныңқысқашасаяситарихыбаяндалады. Орыстілінде «ТарихиРашидидің» деректерінбіріншірет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өзеңбегіндеқолданады. «ТарихиРашидидің» орыстіліндегітолықғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыдажарыққашықты.

ҚайырғалиЖалаири (ҚадырӘліҚосымұлыби, арғытегіЖалайыр) - ХVI-ғасырдыңортасыменХVII-ғасырдыңбасындаөмірсүріп (1530-1605 жылдары), қазақхалқыныңтарихындаөшпесізқалдырған. РесейдіңатақтыпатшасыБорисГодуновтыңқоластындажүріп, 1602 жылы "Жылнамаларжинағын" жазыпбітірген. Бұл — қазақтіліндежазылғантұңғышғылымиеңбек. "Жинақтың" тілдікқұрылымын, жазумәнерінзерттеп, көрнектіғалымР.Сыздықоваарнайыкітапжазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл).ҚадырӘлідеректерінеШоқанУәлихановтанберменқарайталайтарихшылар, зерттеушілерсүйеніпкеледі.ҚазақелініңтарихыжөніндегіғылымиеңбектідеБорисГодуновтыңтапсырмасыбойыншажаздымдеуіорынды. Себебібұлеңбекақпатшағаарналғанжәнеалғашқытарауындасоныңбилікжүргізужүйесінбейнелейді. ҚадырӘлініңбұлшежіресіертедегіқазақтіліндежазылғантұңғыштарихиеңбекекеніаян. Ш.Уәлихановбұлкітаптыңаңыздангөріақиқатыбасымырақдепбағалаған. БайұзақАлбани: "ТарихнамадаоныңесіміӘбілғазы, Бабыр, Бенаисияқтығүламатарихшыларменқатараталады. ОрысғалымдарыН.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оныңеңбегінжоғарыбағалады", — дейді "Тарихитаным" аттыкітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен ҚадырӘлібастағанқазақтардыңРесейде болу оқиғасынкөрнектіжазушы, көнетарихымыздыңбілгіріМүхтарМағауин "Аласапыран" аттыроманындакеңжәнекөркембаяндаған. Бұл романы үшіноғанМемлекеттіксыйлықберілгенібелгілі. СоңғыкездеріҚадырӘлініңеңбегінәлФарабиатындағыҚазақМемлекеттікүлттықУниверситетінің профессоры М. Қойгелдиеварнайызерттепжүр. БайұзақАлбанибылайдейді: "Олжырақтажүрсе де, қазақхандарыныңсаяси-өлеуметтікжағдайлары, Қазақстандарулық-патриархалдыққатынастардыңқалыптасуы, хан төңірегіндегісұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздерт.б. жайындадеректімәліметтержазыпқалдырды. Автор жылнамадаШығыселдеріне, оныңшаһарларынашолужасап, қазақсахарасынмекендегенжалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшынт.б. түркіру-тайпаларынатарихианықтамаберді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежірекітабынасүйенеотырып, Шыңғысханәулетіжәнеоныңөзіжайында аса мол деректеркелтіреді, қазақхандарыныңөмірбаянынатоқталады. Ондақазақжері, оныңқалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағықазақжеріндегіоқиғалар, қазақхандарыныңішкі-сыртқыжағдайлары, әлеуметтіктоптаржәнеқазақжерінмекендегенежелгіруларбірлестігіжайындадеректер бар.

39.Қазақ хандығының нығайуы. 1470-1500 ж.ж. Қазақ хандығының Сыр бойы қалалары үшін күресі.

Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.

2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету 15 ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет15 ғасырдың соңы және 16 ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар болатын.Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес 15 ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты 15 ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ.

16 ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.

1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]