Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

102) 1921-1922 Жж.Жер-су реформасы және оның нәтижелері.

Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

• 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:

- Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.

- Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

• 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.

- Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.

- 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.

• 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»

атанды).

Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.

Міндеттері:

- Еңбек артельдерін құру.

- Кедейлерге жер беру.

- Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:

• Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол

атқарады.

• Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

• Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады. Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері : 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы: 1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды. 2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

103) 1921-1922 жж. аштықтың себептері мен салдары. 1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын ауырлатты. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-нің жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға әкеліп соқты. Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды. Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырыл,аны соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн  300 мыңнан аса адам аштыққа ұшырады, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Мұсылман зиялы қауым арасынан мұндай сорақылыққа қарсы шыққан Т.Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т.Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия құрылады. Оның төрағасы болып Т.Рысқұлов тағайындалады. Т.Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін «дені дұрыс құбылыс емес», үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан «экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз» дейді. Орталық комиссияның облыстар мен бөлімдері ашылады, олардың басына сауатты мамандар сайланды. Аштықпен күресу комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т.Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтары сұрапыл аштыққа ұшырап, қырылуына себеп болған – кеңес өкіметінің шовинистік саясаты екенін ашық атап көрсетеді. Сонымен аштықтың нәтижесінде: Демографиялық жағдай нашарлап кетті; Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3-ке дейін азайды; 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

104) Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілу барысы,ерекшеліктері мен нәтижелері. Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып».

105) Түркістандағы ұлттық мемлекеттік межелеу . қазақ жерлернің АКСР құрамына біріктірілуі Ұлттық мемлекетке межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде жалғасты. Мәмелен, Бұхар халықтың кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйек тегі бесінші құрылтайында: Бұхар халықтарының ерік жігерін білдіре отырып , Түркістан мен Хорезм өзбектері мен бірге өзбек кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім береміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бір ауыздан қолдайды» деген қаулы қабылдады. 10 күнннен кейін Бүкілхорезм кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. Қазақ АКСР нің астанасын Қызылорда қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. РКФСР ның үкіметі ҚАКСР нің басшылық органдарын орналастыруға арналған ғимарттар құрылысына 4 млн сом бөлінді. 1925 жылдың 6 сәуірде БОАК төралқасы Орынбор губерниясын ҚазАКСР құрамына шығару туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп аумақтық – экономикалық мәселелерді нақтылауды БОАК тің арнаулы комиссиясына тапсырды. Қазақ АКСР і құрамынан бөліп шығарған Орынбор губерниясына оның басым бөлігін орыс халқы құрайтын аудандар мен орал губерниясы Елек уезінің бір бөлігі қарады. Қазақ АКСР нің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың бас кезінде аяқталды. Қазақ АКСР ені Адай уезін, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу,Сырдария губернияларын жіне Қарақалпақ автономиялық облысын біріктірді. Қазақ жерінің қайта бірігуі қоғамды бөлудің таптық принципіне құрылған және күн өткен сайын коммунистік идеология үстем бола түскен кеңестік қазақ мемлекеттігі аясында жүргізілгенімен, ол өңірдің тұрғылықты халықтарының, оның ішінде қазақтардың ұлттық ұлысуының жаңа кезеңіне, олардың мемлекеттігінің кеңестік негізде қалыптасуы мен нығаюына жол ашты.

106) 1924 жылғы ұлттық территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР – ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің кіметі құрған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық –мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды.

107) ХХғ.20-30 жылдары қазақ зиялыларына қарсы жүргізілген жазалау шаралары.Кеңес өкіметінің өлкедегі әр түрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты.Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды.Большевиктердің Алаш зиялыларна қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ,ол мынандай жағдайға байланысты болды.Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллегенциясын айыптап,оларға қарсы шабуылды бастады.Соның нәтижесінде 1928-жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары,әдебиетшілері,әр түрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,М.Дулатов,Ж.Аймауытов,Х.Ғаббасов және т.б. барлығы44адам қкғындалып,тұтқындалды.1930 жылдың қыркүйек,қазан айларында ұлттық интеллегенцияның екінші бір тобы (40-қа жуық адам),құрамында Х.және Ж.Досмұхамедовтер,М.Тынышпаев,Ж.Ақбаев,Ә.Ермеков және өзгеде зиялы қауым өкілдері бар,тұтқындалды.Көп кешікпей осылардың 15-і Ресейдің Орталық қара топырақты ауданына жер аударылды.Мұндай іс-әрекеттің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екендігін байқатады.Сонымен қатар Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзету лагері пайда болды.Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагерь-Алжир деп аталды.Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасыда қуғындалды.Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды.Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып,оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пйда болды.

108)Ірі-байшаруашылықтарынтәркілеу;саясижәне экономикалық салдыры.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.

109) Ұжымдастыру жылдары қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққка күштеп көшіру.Нәтижелерә және салдары.Кеңес үкіметі сонымен қатар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп,бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді.Мұның бірден-бір себебі,астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалықиндустриалды даму жоспары болды.Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрды.Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайлымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді.Міне,осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұйымдастыру мен қатар жүрді.Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үй мен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші тұрған міндеп деп санамады.Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді.Большевиктер жүргізілген күштеп ұйымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды.Әсіресе,мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады.Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай,түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады.Сонымен қатар,малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды.Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді.Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап,нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады.

110) Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

111) 1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады .Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды Жер, қырдағы халықтың әдеп-ғұрпы негізінде әрбір рудың ортақ меншігі болатын. Қала немесе өзге де елді мекендерде шариғатқа сай меншік құ-қығы бар-тын. Сонымен бірге, қырды мекендеген халық жерді шабындық және мал жаю үшін пайдаланатын. 1917 жылғы төңкеріске дейін қазақ қоғамында негізінде үлкен жер иеленушілер жоқ болды. Мақта егуге мемлекеттің мәжбүрлеуі және ұсақ жер иелерінің қарызға батуына байланысты1929 жылы Сталин Кеңес үкіметінің жылдық қорытындысы ретінде сөйлеген сөзінде: «Мынаны білгеніміз жөн, ұжым-дастыру әрекетінде біз туындаған дағ-дарыстан міндетті түрде құтыламыз неме-се құтылдық. Егер колхоз бен совхоздарды құруды осылайша жеделдете түссек, өл-кеміз үш жылдан кейін бидайға бай ел болып, бидайды экспорттайтын бірден-бір мемлекет болатындығына шүбә жоқ», — деген еді. Бірақ, үмітке толы бұл сөздер 1929-1931 жылдар аралығында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның өлуіне әкеп соқты.Сталин 1929 жылы жариялаған ше-шімімен колхоз және совхоз жұмыстары-на басымдық берді. Бірақ, бұл реформаны іске асыруда кедергілер жоқ емес еді. Қазақстандағы Коммунистік партияның өкілдері колхоздастыруға әлі ерте екендігі жөнінде сан мәрте Мәскеуге мәлімдеме жасағанмен, ештеңе өзгермеді.Қазақстанда бұл жылдары орын алған көтерілістердің негізгі себебі Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі болған колхоздастыру реформасынан туындады. Бірақ, мемлекет жетекшілері көтерілістердің негізгі себебін басқаша көрсеткісі келді. Ф.И.Голощекин 1930 жылы 21 сәуірде Сталинге: «Қазақ ауылындағы 91 жағдай туралы» атты жіберген хатында, көтерілістер «бай, атқамінер, ру басысы әлі де ауылда елеулі күш болып табылатын тап күресінің шиеленісе түсуінен» – деп бұны баскөтеру себебі ретінде көрсетті.Көтерілістерді ресми мәліметтерде көрсетілгендей Ташкенттегі зиялылар ұйымдастырған. 1921 жылы Самарқанд-та А.З.Валиди Тоған басшылығымен «Орта Азия Ұлттық революциялық қауымдастықтар одағы» құрылған бо-латын. Түркістан халықтары (қазақ, өзбек, түркмен, башқұрт) құрған бұл одақты қысқаша «жамиғат» деп атайтын. Алаш орда қайраткерлері де мүше болған бұл «жамиғаттың» жеті баптан тұратын платформасының біріншісінде: «Жамағаттың мақсаты — Түркістанның тәуелсіз болуы және Түркістанның билігі түркістандықтардың қолында болуы» – деп көрсетілді.Кеңес үкіметінің жетекшілерінің кө-теріліс туралы пікірі осылай еді.

112) 1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары. Демографиялық салдарына бүкілодақтық халық санағы деректері бірден бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашақтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінің шыңы 1932-1933 жылдың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санағының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткенне кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай алдыңғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллион адамынан айырылды. Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынандай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысы аурулардың салдарынан аталған жылдары республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды.

113) Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты «Бесеудің хаты» Ел басына түскен азапты күндер мен қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион қазақ халқының тағдырын көріп қазақтың Ғабит Мүсірепов бастаған зиялы қауымы Сталинге хат жолдайды. Бұл - «Бесеудің хаты». Бұл хатта қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын Крайкомның бірінші секретары Голощекин асыра сілтеп қолданған. Қазақ ауылдарын аралаған қазақтың жазушы ұлы Ғабит Мүсірепов және қазақтың біршама зиялылары қолдан жасалған аштықтан қырылған халықтың ауыр жағдайын, Голощекиннің әділетсіз саясатын көрсоқырлығын көріп Сталинге ашына хат жазады. Алайда бұл Сталиннің қолына тимеген еді. Голощекин оларды халықтың жауы деп айыптайды, және партиядан шығарып сотқа беріп ату жазасына кеспекші болады. Сондағы Ғабит Мүсіреповтың айтқан сөзі «атыңдар! Голощекин! Құрамысов! Жантоқов! Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар. Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеден де орын таппай қаласыңдар. Сендер сияқтылар бұрында болған. Сендер сияқтыларға Данте айтқан «қара бетті аспан қарғап, тамұқта оны қабылдамас». Елім деп еңіреген бұл бесеу – Алтынбеков, Мүсірепов, Ғатауллин, Қуанышев, Дәулетқалиев болатын. Қазақстандағы ауыр жағдайды Сталинге жеткізген Тұрар Рысқұлов еді. Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин(1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % – і жаппай қырылды.1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.Онда көтерілген мәселелер: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 – ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.

114) Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары. Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

115) Қазақтанды индустрияландырудың нәтижелері. Жедел жұмыстар нәтижесінде Орталық ,Шығыс және Батыс Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды және елдің барлық аумағы Ұлы Отан соғысы қарсаңында Геологиялық тұрғыда барланды.Кейіннен Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтпаев : «Қазақстан геологиялық зерттеулердің аса жоғары тиімділігінің арқасында КСРО–да және дүние жүзінде шикізаттың маңызды түрлерінің сан алуангдығы бойынша жетекші орынға ие.Олардың ішінде қара металдардың (темір,марганец,хром,ванадий)түсті металдардың (мыс.қорғасын,мырыш,кадмий,никель)сирек металдардың(вольфрам,молибден ),бағалы металдардың (алтын,күміс)кендері,жанғыш қазбалар ,минералды тұздар негізгілері болады деп атап өткен болатын.Мұның бәрі Қазақстанды КСРО-ның дамыған аймақтарының өнеркәсібін қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін орталыққа айналдырды.Қазақстанды геологиялық знрттеудегі олқылықтар КСРО-ны индустрияландыру жағдайында осылай толықтырылды.Жергілікті ,орталық жоспарлау органдарының кемшін тұстары бірінші бесжылдық жоспарды орындау барысында біртіндеп қалыпқа келтірілді.Геологиялық знрттеулердің жетістіктері олардың негізінде түсті металлургия,мұнай,көмір т.б пайдалы қазба байлықтарының жаңа кен орындарын игеру туралы түскен нақты ұсыныстар ,сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін жаңа кәсіпорын құрылыстарының салынуы сонымен бірге жоспарлау органдары жинақтаған тәжірибе республика басшылығына жалпы бірінші бесжылдықтың ,әсіресе оның қалған үш жылының жоспарлы тапсырмаларын қайта қарау жөнінде Орталыққа өтініш жасауға мүмкіндік берді.Қазақстан халық шаруашылығының бірінші бес жылдықта дамуы көрсеткішін нақтылау және толтыру жөніндегі ұсыныстар республиканың жаңа астанасы Алматыда өткен VII Бүкілқазақстандық партия крнференциясында (1930 жылдың 30 мамыр 6 маусым ) талқыланып, қорытыланды. Осының бәрін негізге ала отырып, БК (б) П ОК нің Саяси бюросы 1930 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның шаруашылық және әлеуметтік мәдени дамуының 1928- 1933 жылдарға арналған бесжылдық жоспарын арнайы қарап, елдің халық комиссариттарына және мемлекеттік жоспарлау комитетіне екі айлық мерзімде бесжылдықтың қалған үш жылына арналған жоспарлы тапсырмаларды белгілеп шығу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ АКСР нің бірінші бесжылдықта шаруашылық және әлеуметтік мәдени дамуының қайта жасалған жоспары КСРО мемлекеттік жоспарлау комитетіне қаралып, еңбек және қорғаныс кеңесі оны мақұлдады, ал 1930 жылғы 1 қыркүйекте оны КСРО Халық Комиссарлары Кеңесті түпкілікті бекітті.

116.ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның мазмұны қайшылықтары онда большевиктік тұжырымдамалардың үстемдік алуының салдары.Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

117 . ХХ ғ 20-30 жылдарындағы сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы он жылдықтағы қазақ халқының және Қазақстан ауылселоларындағы мәдени құрылыстағы оқиғалар мен іске асырылған өзгерістер туралы мәселе тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мәдени құрылыс атауына ие болған бұл құрылыстың бір тармағы республикамыздағы сауатсыздықты жою болып табылады. Сауатсыздықты жою науқанына қатысушы топтың бірі Қазақстан жастары мен ұйымдары болды. 1920 жылы РКФСР ХККнің шешіміне орай өлкелік Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданатын сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. 1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда "Сауатсыздық жойылсын" ұйымын құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 1924 жылдың 17 ақпанда өткен алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою ұйымы (СЖҰ) рәсімделді. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын социалистік құрылысқа тартумен және сауатсыз село халқын бар күш жігері мен қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның принциптерін насихаттаумен де айналысты. 1925 жылы 9 наурызда РКЖОның Қырғыз (қазақ) облыстық комитеті Қырғыз (қазақ) өлкелік РЛКЖО болып өзгертілді. Көп жылдар көсем атанған В.И.Лениннің атымен аталатын Жастар Одағы социалистік құрылыстардың барлық жұмыстарына, оны жүзеге асыруға, партияның тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, оның ішінде сауатсыздықты жою науқанына қатысуға мәжбүр болды. 1925 жылы 30 шілдеде қазақ саясиағарту басқармасының Қазақстан өлкелік партия комитетімен бірлескен, ауыл әйелдеріне арнайы қызмет ететін қызыл отаулар ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Қызыл отауларды ұйымдастыру және басшылық жасау жұмысы жергілікті партия, комсомол комиттеттері мен "Қосшы" одағына міндеттелді. Қызыл отау әйелдер арасында сауатсыздықты жоюда негізгі күш болды. Бұл мәдениағарту мекемесі клубтың, оқу үйінің, кітапхананың, дәрісхананың және әр түрлі мәселелерге кеңес беретін орталықтың да қызметін атқарды. Негізгі мақсаты кеңестік идеологияны насихаттау болды. Осы мақсатта әйелдер мәселесін жанжақты сөз ететін баспасөз органдары "Теңдік" газеті мен "Әйел теңдігі" журналы шыға бастады. Оның алғашқы редакторы Сара Есова болды. Қазақ халқының сауаттығы туралы 1927 жылы қарашада болған VI Бүкілодақтық партия конференциясында Ф.Голощекин қазақ халқының 97 пайызының сауатсыз екендігін, яғни оның 3 пайызы ғана арабша хат таниды деп кемсіткені бар.1928 жылдың мамыр айында өткен БЛКЖО УІІІ съезі коммунистік партияның сауаттылық жолындағы нұсқауларын орындауда мәжбүр бола отырып, жастарды сауатсыздықты жою күресіне қатысуға бағыттады. 1928 жылдың 1 тамызынан бастап, сауатсыздықты жою айлығын өткізу туралы шешім қабылдады. Сауатсыздықпен күрес жөніндегі жергілікті комиссияларға көмек ретінде, сауатсыздықты жою жұмысына бір мың комсомолды жіберетін болды. Съезд әрбір сауатты комсомолға сауатсызды оқытуды міндеттеді. Қазақстан комсомолы екіжылдық мәдениағарту жұмысын атқару мақсатымен, ауыл мен селоға 408 мәдени жауынгер мен қосымша 226 жастарды жұмылдырды. комсомолдардың бірінші негізгі міндеті ел ішіндегі ашылған қысқа мезгілді мектептерден оқып өздерінің саяси, мәдени сауатсыздықтарын жою керек.

1928 жылдың аяғына дейін, қазақтар араб әліпбиін қолданып келді, партия көсемдері араб әліпбиін ауыстыруды Кеңестік Шығыстағы революция деп бағалады. Жаңадан құрылып социалистік бағыт ұстаған кеңестік идеология араб әліпбиін ауыстыру идеясын қызу қолдады. Араб әліпбиінің қорғаушылары ретінде байлар мен мұсылман дін басыларының мүдделері ұлтшылдар деген атаққа ие болды. УІ шақырылған Қазақ АКСР ОАК ІУ сессиясы 1928 жылдың желтоқсанында бүкіл жерде латын әліпбиіне көшуді заңдастырды. Ауылды жерлерде сауатсыздықты жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1931 жылы Мәскеу мен Украинадан Қазақстанға 114 мәдени бригада келді. Олар тек сауатсыздықпен ғана емес, жаппай орыстандыру мәселесімен де айналысты.Қазақстанның үкіметі де, орталықтағылар да республикадағы білім беру ісін қаржыландыруға немкетті қарады. Қазақстан халыққа білім беру ісіне жұмсалатын шығын жөнінен басқа кеңестік республикалардың бәрінен төменгі орында болды.1928 жылы Қазақстанда жалғыз педагогтық жоғары оқу орны болған болса, 1932 жылы олардың саны сегізге жетті. Ал педагогтік техникумдар осы мерзімде 14тен 29ға, ал басқа техникумдар 16дан 52ге дейін өстіБірақ біржақты таптық идеологиямен улана бастаған және әртүрлі саясиәлеуметтік дүрбелеңдерді әдейі қолдан жасаған тоталитарлық жүйе жағдайында адамдарды орта және жоғары оқу орындарына тарту үлкен қиыншылықтарға кездесті. Адамдар сауатының төмендігі жағдайды ауырлатып отырғанына қарамастан, Ф.Голощекин басқарған Өлкелік партия комитеті оқуға келетіндердің партиялықәлеуметтік және ұлттық тегіне үңіліп, орта және жоғары оқу орындарына студенттер қабылдауды одан әрі қиындата түсті. Қарастырып отырған 19201930 жылдар кезеңіндегі Қазақстан жастар ұйымдарының бар қызметі кейінгі жылдардағыдай, жастар күшінің төзімді екендігін көрсетті. Коммунистік партия басшылығы өз шешімдерін орындауға мәжбүр ете отырып, жастар мен олардың ұйымдарын барлық құрылыс учаскелеріндегі еңбекке пайдаланды.

118.ХХ ғ 20-30 жылдары ғылым ошақтарының пайда болуы.Ғылым кадрларының қалыптаса бастауы.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді жәнеМен халық ағарту коммесариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919жылы Орынбор РГО болімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырган өлкетанушылардын бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи статистикалық бөлімінің жанынан тарих этнография жаратылыстану география сексияларын ұйымдастырды.20-шы жылдарда белгілі тарихшы А.П.Чулошников атап корсеткендей тарихи статистикалы0 бөлімнін міндетіне өлкені әскер саи тұрғыда зерделеу ғана емес сонымен бірге ғылыми жолмен алынған деректерді дәрістер мақалалар түріндетарату үшін жан жақты зерттеу де кірді.Халық ағарту комиссариаты құрылғаннан кейін ғылыми мәселелерімен онын ғылыми комиссиасы айналысты.Орынбор РГО бөлімінің қызмет аясы да кеңейді.Бұрынғы сексияларға қосымша археологиялық секция қосылды.Қысқа мерзімнің ішінде тарих секциясы Орынбор РГОекция бөлімінің бұрынғы мұрағаттық комиссиясынын мұражайында материалдарын тәртіпке келтірді. Археологиялық секция 150-ге жуык обаларды ашты солардын кеибіреулеріне қазу жұмысы жүргізілді.Этнографиялық секция қазақ ою өрнектерінің үлгілерін жинаумен айналысып бірқатар қазақ ертегілерін хатқа түсірді.Жаратылыстану география секциясынын экспедициясы Бердянка озенін зерттеді.Жинақталған тәжірибе мен ғылыми ізденістер ауқымының ұлғаюы арқасында 1920 жбұрын жұмыс істеп тұрған 4секцияның негізінде Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды.Сол жылы ғылыми –педагогикалық және физика-медициналық қоғамдар да жұмыстарын бастады .1921күзде Халық ағарту комиссариатының Академиялық орталығы болып өзгертілді.1921ж Орталық өлкелік мұрағат құру республиканың ғылыми өміріндегі елеулі құбылыс болды.20-жылдарда ең алғашқы мекемелер Денсаулық сақтау Халық комиссариаты мен Жер шаруашылығы Халық комиссариатының жүйесінде құрылды.Мәселен ,1922 ж ҚАКСР Денсаулық сақтау Халық комиссариатының жанынан химиялық-бактереологиялық ғылыми-зерттеу институты ашылды.1924-1926жылдарда ҚАКСР Жер шаруашылығы Халық Комиссариатының жанынан өлкелік өсімдік қорғау станциясы,ветеринарлық-бактериологиялық институт,тыңайтқыштар,агротопырақ зерттеу институты ұйымдастырылды.1930ж КСРО Жер шаруашылығы Халық Комиссариаты мен В.И.Ленин атындағы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы (ВАСХНИЛ)қой және бордақы мал өсіру ғылыми-зерттеу институтын ашуды ұсынды.119.ХХ ғ 20-30 жылдары әдебиет пен өнердің дамуы20-жылдардағы қазақ ғалымының дамуында өлкетану бағыттылығы мен гуманитарлық зерттеулердің басымдылығы оның өзіндік ерекшеліктері саналды.Барлық ғылыми бөлімшелердің ішінде Қазақстанды зерттеу қоғамы ерекше белсенділік танытты.Б3р жа5ынан тарих ,әдебиет, тіл, өнер саласында іргелі еңбектер жарық көрсе ,екінші жағынан техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша зерттеулер туралы ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ еді .1920-1924 жылдардың ішінде ғана Қазақстанды зерттеу қоғамы жеті жинақ шығарып ,қоғам мүшелерінің саны 38-ден 80 адамға дейін жетті .Сол қоғамның қызметінің арқасында М.Дулатовтын,А.Ф.Рязановтың ,М.Тынышбаевтың,А.П.Чулошниковтың еңбектер жарияланды,осы еңбектер бүгінгі күнге дейін өз мазмұны мен маңызын жойған жоқ.Қазақстанды зерттеу қоғамының белсенді көмегімен 1925 ж шыққан А.Затаевичтің «Қазақ халқының 100 әні» кітабы халықаралық деңгейде танылды.Әдебиеттану мен тіл білімінің қалыптасуына А.Байтұрсынов аса мол үлес қосты .1926 және 1928 жшыққан

119.ХХ ғ 20-30 жылдары әдебиет пен өнердің дамуы Қ. ә. тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарымқатынасқа түскен шағы болды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирик. өлеңдер, поэмалар (“Көкшетау”, т.б.), прозалық шығармалар (“Тар жол, тайғақ кешу”) жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан Иманбаева, Сәбит Мұқанов, т.б. ақынжазушылар үн қосты. Көркем проза, драматургия даму жолына түстi. Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Аймауытов осы екi жанрда бiрдей елеулi шығармалар бердi. “Қилы заман”, “Қарашқараш” оқиғасы, “Қартқожа”, “Ақбiлек”, т.б. повестер мен романдар, “ЕңлiкКебек”, “Қаракөз”, “Мансапқорлар”, “Шернияз” сияқты пъесалар жазылды. 30жылдар Қазақстан экономикасын, мәдениетiн кеңес саясатына ыңғайлау ұранымен басталды. Соц. реализм әдiсi қабылданып, әдебиет соц. шындықты бекiтетiн материалдар негiзiнде жұмыс iстейтiн болды. Бұл, белгiлi дәрежеде, әдебиеттiң еркiндiгiн шектедi. Осы шектеуге алдымен қазақ поэзиясы ұшырады. Ол 30жылдары, негiзiнен, жаңа соц. отанды мадақтауға, елдi индустрияландыру, ұжымдастыру науқандарын паш етуге бағытталды. 30жылдары эпик. проза жақсы өстi. Майлиннiң “АзаматАзаматыч”, Жансүгiровтiң “Жолдастар”, Мұқановтың “Темiртас”, “Жұмбақ жалау” (“Ботагөз”), М.Дәулетбаевтың “Қызылжар”, С.Ерубаевтың “Менiң құрдастарым”, Ғ.Слановтың “Дөң асқан” романдары жазылып, бұл жанрды Қ. әнде орнықтырды. Майлиннiң, Әуезовтiң, Сейфуллиннiң, Мүсiреповтiң, Шәрiповтiң әңгiмеповестерi жарияланды. Драматургияда Жансүгiров, Майлин, Әуезов, Мүсiрепов жемiстi еңбек еттi. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды. XX ғасырдың 20жылдарының соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. Ол алғашқы кәсіптік дағдыларын Н.Г.Хлудовтан оқыпүйрену арқылы алған. Тіпті азамат соғысы жылдарындаақ музыка жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе С.Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды. Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің (1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСРнің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, кәріс ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. 1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін. 1933 жылы 29 сәуірде ғылымизерттеу кабинеті мен Алматы музыкалықдрамалық техникумының музыкалықтәжірибелік шеберханасына музыкалық фольклорды зерттеу және қазақ халық аспаптарының үнін жетілдіру міндеті жүктелді. Жұмысқа А.Жұбанов басшылық жасап, Е.Брусиловский және ағайынды Прокофий мен Эмануэль Романенколар сияқты мамандар тартылды. 1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалықконцерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады. 1933 жылы Алматыда қазақ опера театрын даярлау үшін мемлекеттік музыкалық студия ашылып, оның негізінде кейін Абай атындағы академиялық опера және балет театры өмірге келді. Студия даярлаған «АйманШолпан» музыкалық пьесасы Айман рөлінде Күләш Байсейітова) тұңғыш қазақ опералары «Қыз Жібек» пен «Жалбырды» қоюға даярлық есебінде болды. Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады. 1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді.

120) 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов ,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов ,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин ,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру ,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды .Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау ,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық –профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру ,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.Қызыл әскерлердің ,қызыл флотшылардың ,эвакуацияланғандардың ,әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің шағымдары кеңестердің және солардың басшыларының ерекше бақылауында болды.

121. Республика өмірін соғыс талабына қайта құру. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.

Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.

1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.

Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.

Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.

Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.

Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды.

Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.

Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.

Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.

122,123,124) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандыққарсыласуқозғалысынақатысты. ҰлыОтансоғысындағыерліктеріүшін 11600 адамғаКеңесОдағының батыры атағыберілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардыңішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде КеңесОдағының батыры атағы 19-танк дивизиясыныңкомандирі генерал-майор К.А.Семенченкоғаберілді, еңсоңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндайатақпанфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлынаберілді, ол 1941 ж. Мәскеутүбіндегіұрыстардаөзбатальоныменжауқоршауын 3 ретбұзыпшықты. СоғыстыБ.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштардивизиясыныңкомандиріболыпжүріпаяқтады. Ерекшеерліккөрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктерТ.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павловжәнеұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жауұшағынқұлатқан) КеңесОдағының батыры атағын 2 реталды. БатырлардыңқатарындапулеметшіМ.Мәметованың, мергенӘ.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, бронбұзушы П.К. Миллердің, минеметшіҚ.Сыпатаевтың, аттыәскерМ.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерініңкомандиріБ.П.Ущевтің, атқыштардивизиясыныңкомандиріҒ.Б.Сафиуллинніңесімдері бар. 110 қазақстандықДаңқорденінің 3 дәрежесіне де иеболды.

1941 ж. маусымдағышайқасқаЛитваның Шауляй қаласыныңоңтүстігінетаман 219-атқыштар полкіқатысты, бұл полк 1919 ж. қазандаҚостанайдаҚызылӘскерқатарынаөзеркіменкелгеншаруаларданжасақталғанболатын.

Қазақстандықәскериқұрамалардыңүштенбірі Ленинград түбіндесоғысты. Ленинград шайқасындаерекшеерліккөрсеткенқазақстандықтар: Балтықфлотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандықшайқасып, ерліктеріүшінордендер мен медальдарменмарапатталды. Партия ұйымдастырушысыСұлтанБаймағамбетов, А.Матросовтыңерлігінқайталап (жаудзодынкеудесіменжауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасыныңбөлімшекомандиріҚойбағаровұрыстанемістраншеяларына 1-ші болыпкіріп, ержүректіліккөрсетті. Ал 1942 жылыАрыстан Ахметов 19 жауынгерменәскеримаңызы бар төбеніқорғаудаерліккөрсетті. Жаралыболып, ессізқалғанАрыстандыжауәскеріқолғатүсіріпазапқасалды. Әскеримәлімет ала алмағанжауоныңүстінежанармайқұйып өртеді.1943 жылықаңтарда 900 күнгесозылған Ленинград қоршауыбұзылды. 1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегікескілескенұрыстарбасталды. 1942 ж-дыңкүзінде Сталинград шайқасыныңжалыныБатысҚазақстандаласынажетті. 1943 ж. желтоқсандабелгіленгеншекарабойыншаҚазақстан Сталинград облысымен Каспий теңізінен Александров-Гайғадейінгі 500 шақырымбойындашектесті. Орал қаласындаіріәскери-оперативтікбайланысторабықұрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылықұшқышНүркенӘбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағыәуешайқасындаұшағынжаутанкілерішоғырынақұлатып, ерлікпенқазатабады. ЖамбылдыңұлыАлғадай 19-гвардиялық аттыәскерполкінде пулемет расчетынбасқарыпжүріп, Синельниково қаласымаңындаерлікпенқазатапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасынжойыпжіберді. МинометшіҚарсыбайСыпатаев пен капитан А.А.Бельгинқуаттыжарылғышминаменжаутанкісініңастынатүсіпөшпесерлікжасап, қазатапқаннанкейіноларға Батыр атағыберілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамындажүріп, Лида қаласындағыастыртынжұмысқақатысты. Және де рейхстаг терезелерінеалғашқылардыңбіріболыпЖеңістуынтіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оныңдосыГ.Булатовболды. ҚазақстанныңмыңдағанөкілдеріУкраинаны, Беларусьты, Балтықреспубликаларын, Молдованыазатетугеқатысты. Мінеосындайкөптегенқазақстандықазаматтарерлікжасап, әртүрліордендер мен медальдарменмарапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігіорденініңтолықиегеріатанды. ЖалпыКеңесОдағының орден, медальдарыменмарапатталғанқазақстандықтар саны – 96638. Ал ҰлыОтансоғысындақазатапқанқазақстандықтар – 603 мыңадамболды.

125. XX ғ. 30-40 жылдары Қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы, оның мақсаты, көлемі және салдары .

30-жыл­да­ры Қазақстанға өзге ұлттар­ды қоныс аудар­ту кеңінен жүргізілді. Өлке аумағына елдің ор­та­лық ай­мағынан ха­лық көптеп ке­ле бас­та­ды. Бұл ке­зеңнің қоныс ауда­ру са­яса­тын үш бағытқа бөлу­ге бо­лады: өндірістік, ауыл ша­ру­ашы­лық және күштеп- жа­залау тәртібімен қоныс аудар­ту. 1928–32 жыл­да­ры РКСФР-дің басқа рес­публи­кала­рынан елімізге 100 мыңға жуық ша­ру­ашы­лық көшіп келді. Ашық және рес­ми түрде жүргізілген жос­парлық қоныс ауда­рудан басқа 30–40 жыл­да­ры әле­уметтік, кейін ұлттық белгі бойын­ша күштеп қоныс ауда­ру ісі кеңінен жүргізілді. Ұжым­дасты­ру науқаны бас­та­лысы­мен ар­найы қоныс ауда­ру бұқара­лық си­пат ал­ды. 1930 жы­лы көктем­де Қазақстанға 0,5 млн. «ар­найы қоныс ауда­рушы­лар» келді. 1937 жы­лы қазақстанға жа­пон бар­лау қыз­метімен бай­ла­нысы бар деп айып­талған 95мың 903 адам­нан тұра­тын ко­рей ди­ас­по­расы қиыр Шығыс­тан көшіріліп қоныс­танды­рыл­ды. 1939–1941 жы­лы Ба­тыс Бе­ларус­сия мен Ба­тыс Ук­ра­ина­дан, бал­тық жағала­уын­дағы Кеңестік рес­публи­калар­дан по­ляк­тарды қоныс ауда­ру (де­пор­та­ция) жүзе­ге асы­рыл­ды. Са­нақ бойын­ша де­пор­та­ция ал­ды­на 1939 жы­лы Қазақстан­да 54,7мың по­ляк, 3,6мың ла­тыш, 808 лит­ва­лықтар және т. б. тұрған.1941 жы­лы 28 та­мыз­да фа­шис­термен бай­ла­нысы бар де­ген айып­пен 349713 неміс, 1944 жыл­дың ақпа­нын­да ин­гуштер мен че­шен­дер, на­урыз­да башқұрлар, қара­шада түрік мес­хе­тин­дер Қазақстанға күштеп қоныс ауда­рушы­лар бол­ды. Ішкі істер ха­лық ко­мис­са­ри­аты мен КСРО мем­ле­кеттік қауіпсіздік ко­митетінің рес­ми құжат­та­ры күштеп қоныс­танды­ру се­беп­терін фа­шистік ре­жимді қол­да­ушы­ларға, бан­ди­тизмнің пай­да бо­лу­ына қар­сы жа­салған әре­кет деп түсіндіреді. Жал­пы алған­да Қазақстан­да 30 — 50-жыл­да­ры қоныс­та­нушы­лар са­ны, ГУ­ЛАГ тұтқын­да­рын са­намаған­да, ор­та есеп­пен 1560мың адамға жетті. 1939–1959 жыл­дар ара­лығын­да ха­лықтың өсуі 3210234 адам­ды құра­ды. Бұл ке­зеңде қазақ халқының тағды­рына зор қауіп төнді. То­тали­тар­лық ре­жим Қазақстан­ды қоныс ауда­рушы­лар ла­геріне, ГУ­ЛАГ, конц­ла­герь­лер еліне ай­нал­ды­рып жіберді. Қазақ халқы ста­линдік са­ясат құрбан­да­рын құшақ жая қар­сы ал­ды. Олар­мен азық-түлігімен бөлісті, қайғысы­на ор­тақтас­ты, өздері аш-жа­лаңаш отырған қазақтар бақыт­сыздарға ба­ла-шағасы­ның аузы­нан жы­рып көмек көрсетті. 1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлт ауданынан Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді. Қызылорда және Алматы облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшылар құрылды. Қоныс аударушыларды жайғастыру және олардың жаңа табиғи-климаттық жағдайға, этностық ортаға үйренісу үрдісі қиын болды. Корей отбасыларының бір бөлігі Өзбек КСР-нің суармалы егіншілік аудандарына көшіп кетті. Қазақстанда өркениетті кооператорлар қоғамын құру – феодал-байларға кіріптарлық пен күйзелістен құтылу жолындағы ілгерілеушілік құбылыс еді. Бірақ ол көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей, күштеу әдісімен жүзеге асырылғандықтан, ауыр қантөгіс, дүрбелең жағдайында өтті.

126. Қазақстан - майдан арсеналы.1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын, мыс қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды.Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының, висмуттың, полиметалл рудалары мен қорғасынның жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Темір жол құрылысы жалғасты. Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді.

127.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жыл ғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі 127Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Адам бостандығын аяққа таптау.•Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.•Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.•Жеке басқа табыну үстемдігі.Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді. Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:•Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.•Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ағымды әрекеттер болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды . 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады.Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді Мал түқымы асылдандырылды Экологиялық-географиялық болжам жасауы қазіргі деңгейі бойынша табиғи ортаға ауқымды антропогендік аймақтық және глобалды тұрғыда әсер етудің нәтижесін алдын-ала болжау қиын,алайда кудік туғызбайтын бір нәрсе мұндай әсер жер биосферасы жекелеген компоненттерінің деградациясын туғызады.Тарихи қалыптасқан тұрақты алмасу мен жалпы сапалық қайта тулеудің тепе-келер теңдігін бұзады.Ал экономикалық пайдалылығына келер болсақ,статистика ондай есеп жургізбегендіктен мәселенің ол жағын айқын елестету қиын.Аңызға айналған Қазақстан милиард пұт астығының экономикалық көрсеткішінің шынайы құны қандай екенін ешкім біле алмайтын шығар.

128. Бекмаханов ісі. Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамның саяси жағдайы нашарлап кетті деп айтуға болады. Патшаның әкімшіл әміршіл жүйесі күшейе түсті. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті:

  • Адам бостандығын аяққа таптау.

  • Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.

  • Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.

  • Жеке басқа табыну үстемдігі.

Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді.1939 жылы партияның XVIII съезінде Сиалиндік қағиданы жоспарлау комитетінін басшысы Н.А Вознесенский патия стратегиясының басшылығына алатын болып жариялады.20 жыл ішнде халыққа комунизмнің басы басталатынын тұжырымдады.Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:

  • Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.

  • Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.

50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі». «Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Бұл кезеңдерде Қазақстандағы мәдениет пен әдебиеттің, ғылымның дамуына тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулы кеңестік идеологиядан басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комиттеріде осы қаулы бойынша өз жұмыстарының ағымын құрды. Сол кезеңдегі Одақта болып жатқан саяси-өмірдің шындықтары туралы жазған, айтқан адамдарға Ұлтшыл деп айыптап, жазалап отырды. Атап айтқанда, Ермұхан Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «ХІХ ғасырдың 20-40 ж Қазақстан» атпен шыққан монографиясы буржуазияшыл ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси идеялық зияны бар деп, айып тағылды. Бұл еңбек туралы бірнеше пікірлер айтылды: 1) Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы сәтті қадам; 2) Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген, яғни орыстарға қарсы жазылды делінген. Кітапта негізгі мәселе Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс кеңінен сипатталған. Осыдан кейін оны Ғылым академиясынан шығарып, 1952ж 4 желтоқсанда Қазақ ССР ның Жоғарғы сотының алқасы 25 жылға бас бостандығынан айырды. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана А.М. Панкратованың тікелей көмегімен Бекмахановты айыптпу туралы іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

129.Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, социалды демократиялық және мәдени , рухани салдыры.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады. 1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.. Тың игерудің пайдасымен қатар Қазақстанға тигізген зияныда көп болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келген адамдар саны тым көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде орыс мектептері ашылып, қазақ балаларына мәңгурттену қаупі туды. Жер-су аттары орыс тіліне көшіріліп, орыстандыру саясаты ашық түрде жүргізіле бастады.

130) Қаз-да білім мен ғылымның дамуы .1946-1964 ж1947ж қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданып, нәтижесінде, оқу орындарының құрылысына және материалдық-техникалық негізін жақсартуға қаражат бөлінді,Республикаға орталықтан мамандар жіберілді, жергілікті жастарды орталықтағы ЖОО түсуге көбірек жіберді. 60мыңнан астам маман даярланды,мектептерге қаражат көбірек бөлінді.1946ж 85.6млн. сом,1950ж146.5млн. сом. Интернаттар жүйесі қалыптасып, 1950ж40мың бала оқыды.1950ж білім беру жүйесінде маңызды шаралар жүзеге асты:міндетті түрде білім алуға және обл. орталықтарында, өнеркәсіпті қалаларда он жылдық білім алуға көшу, кешкі және сырттай оқитын мектептер ашу. Бірақ кемшіліктері де болды:оқу бөлмелері жетпеді, оқулықтар жетпеді, оқушылар аз болды.»1950ж 9088мектепте 1млн.493 мың оқушы оқыды.1947 М.Әуезовтың “Абай”романының 2-ші кітабы аяқталды.1949ж Әуезовке бірінші дәрежелі сыйлық берілді.Догмалық түсініктерге негізделеген қатаң идеологиялық қыспаққа алу қоғамның рухани өмірінің барлық саласына қысым жасады.қоғамдық ғылымдар партия ком-ң бақылауында болды.1946ж 14тамыз БКП Орталық Коммитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты.1947наурыз Қаз-н Компартиясы ОК-нің «Тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету туралы Қаулысы қабылданды.1947ж 21қаңтар «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы»қаулы шықты. Қазақстанда Бекмаханов ісі ұйымдастырылды.1951ж 10 сәуірде «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшыл көзқарасын айыптау туралы Қаулы»қабылданды.1954ж ақпанда академик Панкратованың тікелей көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты. Қазақ зиялылары қатарынан ұлтшылдар мен байшылдарды іздеу науқаны басталды:Әуезов, Сәтбаев, Жұмалиев, Мұқанов, Ы.Смайылов, Домбровский, Бекхожин, Бегалин т.б. Билогия, медицина, геология саласындағы ғалымдарға «космополит» айыбы тағылып, қызмет орындарынан қуылды.1946ж маусымда Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды,тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев.1946-49 жылдары Академияның ғылыми зертеу мекемелері өндіріске негізу үшін 900ден астам ұсыныс жасады. 1950ж соңы Академия жүйесінде 50ғылыми зерттеу мекемесі, 16институт,13сектор,2музей,3ботаникалық бақ,8 ғылыми база болды,500-ге жуық аспирант оқыды.

131)Қазақстан Хрущев реформалаары кезеңінде(1956-1964жж.)1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрушев бастаған коммунистер партиясы партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық және оның салдары» туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында «Жеке басқа табынушылық зардаптарын жою» жөнінде қаулы қабылданды. Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принцптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі бәсеңси бастады.Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызады.Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып,партияның кейбір көрнекті қайреткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, Cондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сатбаев,М.Әуезов еліне оралды. К.Бекқожин, С.Мұханов,С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды.Реснейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып,қазақтардан біріңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды.А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқКоммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді..Н.С.Хрущев мемлекеттің «Комунизмге өтуіне байланысты» жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылды. Бұл комиссияның жобалары 1977 КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.Сол жылдарда конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде аспады.ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды,яғни балама болады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокаратура органдары да орталыққа бағынды.Ал биліктің тармақтары: заң шығару,атқару,сот-тергеу,прокаратура Коммунистік партияға есеп беріп,бұйрық-жарлықтарын орындап отырған.Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен,іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды.Депутаттары сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитетіне өтініш ретінде беріп отырды.Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП ның Ортвлық Комитетінің Пленумында 1ші хатшы қызметіне Л.И.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.Қонаев сайланды.

132) Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарысы жылдарында (1965-1985)1962-69 жж реформаторлық жанталас ішінара өзгерістер мен жетілдірулер жолындағы ақиқат бетбұрыстардың шекті межесіне 60-шы жылдардың орта шенінде ақ қол жеткенін айғақтайды. Жургізілген іс шаралар экономикалық байланыстар мен қатынастарды қозғайтын ірі түбегейлі өзгерістерді көздеген жоқ. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құрулардың нәтижесіне есептелген субъективтік жолмен шешіліп отырылды. Елде комунистік қоғам құру идеясы жағдайды жеңілдеткен жоқ.1967 ж Қазан революциясының елу жылдығына арналған салтанатты мәжілісте Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы «кемелденген социализм» орнату болып табылады,деп мәлімдеді. Осы тұжырымдаманың алдыңғы теориялық ұрылымдардан айырмашалығы мына фактіні мойындауға саяды,қоғам дамуында «социализм біршама ұзақ белес», ал осы үлгі Кеңес мемлекетінің экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің асыра көрсетудің, шындықты бұрмалаудың негізінде өрбіді. Ол қоғамның ұлғая түскен қарама-қайшылықтарының тоқыраушылығының төрешілдігінің себептерін ашқан жоқ, өйткені қоғамның даму барысы бұрынғымен салыстырғанда қол жеткен бір ақ тұрғыда ғана қаралды. Соның нәтижесінде социализмді кемелдендіру жолдарын іздестіру, егер жүргізілсі де тек ескірген түсініктердің аясында ғана қалып қойды. Биліктің нақты тұтқалары көбіне партиялық мемлекеттік аппарат шеңбңріне шоғырланды, ол басқарудың барлық кунделікті және ағымдағы мәселелерін шешіп, кеңес пен шаруашылық органдарын өз құрсауына алды. Демократияны шектеу, еңбекшілерді меншіктен және биліктен айыру, жеке адамға қысым жасау-кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән ерекшеліктер еді. Дайын үлгі мен таптаурындарға бейілділік демократиялық институттардың сіресіп қатып қалуы мен үстірттігін күшейте түсті. Осы жылдардың ішінде басшы органдардың,мәселен,кеңестердің қызметін жақсарту туралы ондаған және жүздеген қаулыларды қабылданса да, ілгерілеу болған жоқ, оның болуы да мүмкін емес еді. Мемлекеттендіру үрдісі кәсіп орындарға да, комсомолға да, қоғамдық ұйымдарға да таралды. Қоғамдық ұйымдарды партиялық-мемлекеттік аппаратпен ұластыру олардың өз әрекетінде бастамашылдық танытуын жоққо шығарды. Бұрыңғы кездерден айырмашылығы 60-шы жылдарда ең алдымен Мәскеуде оқитын студент жастар баламалы идеяларды таратты.

133) XX ғ.60 жылдардағы КСРО-дағы экономикалық реформалар және олардың аяқталуы. 60-шы жылдардң бірінші жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі,оның қайшлығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері,сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді.Сонымен қатар,бұл кездегі қияли,утопиялық жоспарлар,ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзнің жеке басына табынудың күрт үшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді.Партияның ХХII cъезінде КОКП ның жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп,Хрущев: «бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы ,бұрынғылардан оның өзгешелігі-ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама»-деп мәлімдеді.Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді,сөйтіп «кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады».Осынау сөздер ондаған милион кеңес адамдарын шабыттандырып,олардыжанқиярлықпен еңбек етуге шақырды.Хрущев бүгінгі қиындықтар уақытша,20 жылдан кейін кеңес адамдарын тек жақсы өмір ғана емес,коммунизмнің басталуы күтіп тұр деп дәмелендірді. 60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшілікері бірде бірге айқындала түсті.Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді.Өндірісті басқарудың,жоспарлау және экономикалық ынталандырудың турлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа,неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді,олардың дамуын тежеді. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып көптеген тың тәжірбиелерді,оның ішінде келешегі жоқ тежірбиелерді,оның ішінде келешегі жоққа тән тәжірбиелерді,республикада сынақтан өткізіп байқап көрді.Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру,жүгері егу,т.б.осы сияқты тәжірбиелер Қазақстан шаруашылықтары нда байқаудан өтті.Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді,өлкелер құрылды.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп ,Ақмола –Целиноград атанды.Оңтустік Қазақста облысы –Орал обл.болып өзгертілді.Пленум Хрущев КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министерлер кеңесінің төреғасы міндеттерінен босатты.Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатщысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н.Косыгин ді тағайындады .Осының артынша партия кеңес және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзе ге асырылған өндірістік прицип б\ша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып,олардың территориялық-өндірістік принцип б\ша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды.Соныменбірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате де түзетіле бастады.Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-65 ж.Қаз.да халық шаруашылығы Кеңесі және экон.лық аудандардың халық шаруа.ғы кеңестері таратылып ,салалық одақтық респуб.лық министрліктер мен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды.

134) 1965-1985 жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайы, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәні.1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.

135) Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1956-1985 жж.)Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблеммаларын шешу,шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінңің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленеді.Осы бағытта тек 1971-1978 жж.ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд.сом бөлінді.Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары-жер жырту, тұқым себу,дәнді дақылдарды жинау,мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды.Алайда,ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді.Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру,эдектірлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті жәрежеде салынбады.Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді.Бұл кезде ауыл шаруаш.секторының құрамында едауір ұйымдық өзгерістер енгізіліп,колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында тұрып қалса,колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейн өсті.Мал шаруашылығының жем шөп базасы нығайтылды,жем шөптік дақыдар егілетін алқаптар ұлғайтылды.Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде ске асырылды. 1985 жылы жоспарланған 50 млн.қойдың орнына тек қана 35 млн.қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайлы қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, хадықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.Бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды.Ет және сүт өндіретін кешендер мен мал бордақылайтын алаңдар салынды, малды өсіріп,күтетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері,құнажындар өсіретін фермалар құрылды.Жалпы қуаты 30 мың ірі қара малды жедел өсіріп,бордақылайтын төрт кешен:Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған «Жетіген», Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген «Ждановский», Орал облысында 5 мың басқа арналған «Правда» газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған «Шалқар» кешендері жұмыс істеді. Қарағанды облысында шошқа өсіріп бордақылайтын «Волынский» кешені қатарға қосылды.Осы жылдарда ауыл шаруашылығында келеңсіз жағдайлар қалыптаса бастады.Мал аурулары көбейіп,нәтижесінде мал саны азайып кетті.Азық түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алп отырды.көліктің,.элеватордың,қоймалардың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20% тен 40% ке дейінгісі ысырап болды.Ауыл тұрғындарының еңбегі тисінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды.Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады.Зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты..Ауыл.село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді,адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың жұмыстың нәтижесі үшін емес,жұмысқа шыққаны үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды.

136) Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 70-80 ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді.Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті.Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді.Ауыл село тұрғындарының тұрмысына теледидар,радио,баспасөз,кино бұрынғыдан көбірек ене бастады.Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталады. Мектептерге партиялық әмір күшие түсті.Оқу тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанда жүргізу,оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды.Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны кобейді. 1986 жылы жоғары оқу орындар саны 55 ке, арнаулы орта оқу орындары саны 246 ға жетті.ХХ ғ.70-80 жж.қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың,М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О.Сүлименовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтың, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтыңмжәне басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің,Н.Тілендиевтың, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.Ботагоз,аққан жұлдыз.Менің атым Қожа. Қыз Жібек,Атаманның ақыры,Транссібір экспресі,Бейбарыс сұлтан кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова.Р.Рымбаева т.б жалғастырып байыта түсті.70-80 ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті.1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтқожин генетика мен микробтология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды.Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс Қарағанды каналын салуға,егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті.Осы жылдары бес томдық «Қазақ КСР тарихы»,он томдық «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі»,он бір томдық «Қазақстандық металлогениясы»,тоғыз кітаптан тұратын «Қазақстанның сүт қоректілері»,тоғыз томдық «Қазақстанның өсімдіктері» және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді.Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды.Машина жасау,радиоэлекторника,радиотехника,автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді.Ғылыми зерттеулердің тиімділігі төмендеп кетті. 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО да еркін ойлауды шектеу,жаппай бақылау,қатал цензура,идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймайды.Осы кезде ұлтшылдық кінәсән арқалағандар қатарында Есмағанбет Ысмайылов , Мұхтар Әуезов,Қайым Мұхамбетжанов,Қажым Жұмалиев,Сабит Мұханов және асқалары болды.Әлкей марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды,Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды.1940 жылдың аяғы.1950 жылдырдың басында космополитизм,буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті,соның ішінде өлім жазасына бұйырылған,кейін 25 жыл айдауға кеткен тарихшы Ермұхан Бекмұханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.Бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «соцолистік реализм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.1950-1980 жылдары жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды.Қазақстандық ғаымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандыры болды.Республиканыңбірде бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады.Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау,олардың дамуына қаржыны «қалдықты» принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлмде дамуына өзінің әсерін тигізді.

137) Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.).

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.

2. Демократияландыру мен жариялылық.

3. Төрешілдікке қарсы қүрес.

4.Халықтық реформа жүргізу.

5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

138) 1986 жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

139) КСРОның ыдырауы және ТМДның құрылуы. Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық; Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан кейін 3 орында, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі 4 орынға шықты. Кеңестер одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол 80-90 жылдары ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар үлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбына терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша айында – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағы ыдырады.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кездесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

140) ҚР Егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі.

141) Қазақстанның мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-суретші Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде,мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды.Оған Қазақстан ақын, композитрлары қатысты.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды

142) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назрбаевтың бастамасымен ҚР Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қаблдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің басшылық ететін жоғарғы Кеңес депутаттарынан жамсақталған Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды.Бір жылдан кем уақытта Конституцияның жобасы жасалып бітіп,Жоғарғы Кеңестің сессиясы қарауына жіберілді.Сессия қарап болысымен,1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан иөзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, лған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қ азақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрды.Қазақстан алағш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп , адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды.Мемлекеттік немесе қатынас тілді білмеу белгілеріне байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуіне тиым салынбады.Қазақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды.Конституцияда Заңда мемлектеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанымен, басқару түрі туралы нақты айтылмады.Бұл уақытта президент және прламенттік республ.екенуінің де белгілері бар еді. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқаушы биліктің қызметін атқармайды.Конс. бойынша Үкімет басшысын, соның орынбасарларын, министірлер жәнге ведмствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Жоғарғы кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. «Мемлекет және оның органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстан халқының атынан сойлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президентке тән деп көрсетілген.Эканомикалық салада жерді жеке меншікке беру тиым салынған. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің арасында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Конст. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды институттарды қоғамық,саяси және құқықтық салаларда бекітті.Бірақ 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы шынайы әлеуметтік эканомикалық жәгне саяси үрдістерден алшақтығы мемлектет тұрғындарының тіл мәселесі,меншік нысандыры, жерге ,азаматтыққа, мемлекетке қатысты сәйкессіздіктерден туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады.

143)1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы  Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

144) ҚР-ғы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар. 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

145) Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына кеңестер одағындағы Коммунистік партияға балама ретінде қалыптасқан саяси оппозиция мен бейресми қозғалыстардың ықпал еткені сөзсіз. Бейресми қозғалыс пен саяси оппозиция қатарында еліміздегі алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдері, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси диссиденттер, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен оны қолдаушылар болғанын айтуымыз қажет.Жалпы қазақстандық партиялар қызметіне таптық мүддені қорғаудан гөрі ұлт-азаттық мүддені бірінші орынға қою тән. Бiздiң ойымызша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлемiз. Біздің бұл ұстанымымызды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес.Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын.Осы он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. Ол графикте айқын көрінеді.Әрине, саяси партиялар сандық тұрғыдан ғана өзгерген жоқ, олардың қызметіндегі сапалық өзгерістерді де байқаймыз. Бұл өзгерістер бір жағынан, уақыт талабынан, яғни партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негіздеріндегі өзгерістерге байланысты туындап отырса, екінші жағынан партиялардың есею кезеңін бастарынан өткеріп, жетілгендігінің де дәлелі. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Олар «Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы», «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы.

146) Қазақстанның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы. Орта Азия және Қазақстан мемлекеттері үшін үлкен саяси маңыз, 2000 жылдың жазында Душанбеде өткен Шанхай форумының бес мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында бірқатар келісілген шешімдер мен бекітілген аймақтағы содырлық және терроризммен біріккен күресу жүргізу ерлігін атап өту жөн. Бұл Шанхай форумының аймақтағы қауіпсіздікке төндіретін жаңа қауіппен күресудегі потенциалын пайдалануына жақсы негіз қалыртастырады.2000 жылы терроризм, сепаратизм және экстермизммен күресу жөнінде Шанхай Конвенциясы қабылданды (Шанхай, 2001жыл 15 маусым). Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып, ең алдымен, халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау, мемлекеттер арасында достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуды көздейді; терроризм, сепаратизм және содырлық халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікке, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастардың дамуына, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қауіпті екенін біле тұра; аталған құбылыстар Жақтардың аумақтық біртұтастығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін, сонымен қатар олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіретінін мойындай тұра; 1998 жылдың 3 шілдеде Алматы бірлескен мәлімдемесінің қағидаларын, 1999 жыл 25 тамыздың Бішкек Декларациясын, 2000 жыл 5 шілдегі Душанбе Декларациясы және 2001 жыл 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларациясын басшылыққа ала отырып, ланкестік әрекеттерді алдын-алу, ашу және бұлтартпау аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады Қатысушы мемлекеттер қажетті болуы мүмкін шараларды қабылдайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар:- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттері терроризм, содырлық және сепаратизммен күресу аясында біртұтас саясатты қалыптастыру және атлмыш қызметті мемлекетаралық үйлестіруін жүзеге асыру;- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерімен тиым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың қызметін тоқтатуға байланысты бірыңғай жоспарды құру, соның ішінде аталмыш ұйымдардың тізімін құрып, олардың қаржылық капиталдары мен мүліктерін конфискациялауды жүзеге асыру;- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің антиланкестік потенциалын жүзеге асыру мен дамытуды қамтамасыз ету;- Терроризм, сепаратизм және содырлық сипаттағы қызметі үшін жазаның мызғымастығы мен қайтарымсыздығын қамтамасыз ету;- Террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін немесе жасады деп сезіктелген халықаралық іздеуге жарияланған тұлғалардың бірыңғай іздеу реестрін құру және жүргізу;- Терроризм, сепаратизм және содырлықпен күресуде ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін дамыту;- Терроризм, сепаратизм және содырлықпен күресуде мемлекетаралық шаралр жүйесін қалыптастыру және жүзеге асыру .

147) Қазақстан халқының Ассамблеясы мен форумдары. Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:мәдени-ағартушылық— тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайында ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі барҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар.Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХVI және ХVII сессияларында берген Ассамблеяның Қазақстанды индустриалды-инновациялық дамыту және әлеуметтік жаңғырту процесіндегі рөлін күшейту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында өткізіліп отыр.Форумның мақсаты: бизнес-қауымдастықты этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық процесске, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерімен байланысын пайдалана отырып инновациялық экономиканы дамытуға тарту.Форум 3 секциялы кең көлемді көрменің таныстырылымымен ашылады, онда: этномәдени бірлестіктердің бизнес, ауыл шаруашылығы, индустриалды-инновациялық даму салаларындағы 60-тан аса жобасы, ҚХА-ның әлеуметтік қолдау және қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы бойынша 20 жобасы, сондай-ақ бірегей қолөнер бұйымдары мен шеберлік жұмыстарының жаппай сатылымы ұйымдастырылатын этномәдени бірлестіктердің қызметінде қолданбалы қолөнерді дамыту саласындағы 20 жоба таныстырылады.

148) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерді модернизациялаудың бірінші кезеңін алдағы үш жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін келісім-шарт негізінде борышын өтеуші әскери қызметкерлермен кездесу барысында әскери мекеменің басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Біз үш жыл ішінде біздің әскерімізді модернизациялаудың бірінші кезеңін аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл бізге жақсы қаруланған және біздің еліміздің шебін қорғаудағы міндеттерді атқара алатын жағдайдағы мобильді армия құруға мүмкіндік береді",- деді Даниал ахметов. Қорғаныс министрі, "сатып алынып жатқан және де алдағы жылдары сатып алынатын жаңа қару-жарақтар мен жаңа техникалар ең алдымен тұрақты әскери дайындық бөлімшелеріне жөнелтілетін болады", деп атап көрсетті. Атап айтқанда, оның сөздеріне сүйенсек, 62 ресейлік БТР-80А бронетранспортерін осы жылы, осыншалықты жаңа БТР келесі жылы сатып алу жоспарланған. Бір БТР-дің құны, Даниал Ахметовтың мәліметтеріне сүйенсек, 1 млн АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, министр осы жылдың ішінде қазақстандық армия қару-жарағының есебінде тұрған Т-72 танкілері жаңартылатындығын, модернизация бұл машинаның атуды басқару жүйесі мен қозғалтқыш бөлігіне қатысты екендігін атап өтті. Д. Ахметов, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің осы жылы әскери дайындыққа кеткен шығыны 10 млрд 600 млн теңгеден асып жығылатындығын хабарлады. "Бастапқыда 2007 жылғы әскери дайындыққа 3,9 млрд теңге қарастырылған болатын. Біз осы жылдың бюджетіне талдау жасай отырып, әскери дайындықтың сапасын жақсарту үшін қосымша 3 млрд 095 млн теңге қарастырдық. Нәтижесінде біз оларды 12 Л-39 ұшағын күрделі жөндеуден өткізуге жібереміз, МиГ-31 әуе тренажерларын аламыз, әуе қорғаныс күштері үшін жанар-жағармай сатып аламыз, ал үстіміздегі жылы әскери дайындыққа кеткен жалпы шығын 10 млрд 600 млн теңгеден астам қаржыны құрайды",- деп түсіндірді министр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]