Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

42) Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).

Хакназардың тегі ол Қасым ханның ұлы, Жанібектін немересі, Барак ханның шөбересi, Құйыршықтың шөпшегi. Қасым ханнан кейiнгi хан болган Мамаш, Такыр, Бұйдаш тусында Казак хандығының саяси жагдайы нашарлайды. Хакназар хан болrанша хандык iшiнде билiк үшiн талас-тартыс ұзақ, жылдарға созылады. Жағдай хандык билiк Хакназардың колына тиген кезден бастап кайта жандана бастаган. Тарихи зерттеулерге караганда, Хакназар әкесі Қасым ханның жаксы касиеттерін алған. Ел баскаруда сабырлы, акылды болған. Хакнаэар хан өзінің осындай саясаткерлігінің аркасында Ноғайлармен карым-қатынаста дұрыс шешiмiн тауып отырган. Miнe Хакназардың хандык құрған кезінде оның хандык өкіметін дурыс басқара бiлуiнiң арқасында казак хандыгынын куаты өсiп, саяси өрлеуi арта түсті. Хақназар хан елінің саяси бытыранкылығын жойып, бiр орталыктан баскаруды колына алған соң, хандыктың халықаралык жағдайын нығайтуға әрекет жасаған. Сондықтан да қазақ хандығының сырткы жаrдайында аса ipi окиғалар болды. Хан өзiнiң сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен, өзбектермен, орыстармен карым-катынас жасауды өзiнiң басты мiндетi деп ұстады. Моғол ханы Абд ар-Рашид Жетiсу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлердi басып алу ниетiмен XVI ғасырдың 50-60 жылдары Қазақ хандыrына карсы үлкен соғыс бастады. Бұrан карсы күреске Хақназар хан қазақ-кыргыз одағынын әскерлерін пайдаланды. Бұл шайқастаң бірінде Абд ар-Рашидтің баласы каза тапты. Жетiсуда ойраттардың тонаушылык жорықтарының жиiлеуi Жетiсу казақтарының жағдайын ауырлата түсті.

Моғол ханына қарсы соғыстар салдарынан Хақназар хан Жетісудың бiршама жерiн уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570 жылдардың аяғында Жетісудың батыс бөлiгi Шу, Талас өңipi оның билiгiнде болды.Ноғай ордасы ыдырауына байланысты халқының біраз бөлігі Қазақ хандығына қосылады. Хақназар ертеден жауласып келе жаткан Шайбани хан әулетiмен жақсы катынас орнатуга ұмтылды. Ташкент каласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын токтаты. Сөйтiп Бұхар ханы Абдаллах пен казак ханы Хақназар хан "Дос болып, өзара кемектесу" жөнiнде "ант берiскен шарт" жасасты. Нәтижесiнде соғыс кимылдары токтап, бейбiтшiлiк орнады. Бұл шарт қазақ хандығы үшін оте тиімді болды. Алайда өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушi Баба султан арасында билiк үшiн талас басталады. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсiрету үшiн жасырын турде екеуін де колдайды. Өзiн қолдағаны үшiн Абдаллах хан оған Түркістан аймаrындағы бiрнеше қаланы сыйға берген. Ал Баба сұлтан да өзiн қолдағаны үшiн Түркістан, Сауран калаларын қазақ ханына сыйға бередi. Алайда, 1579 жылы қазақ сұлтандарынығ Абдаллах ханды жактамак болған арекеттерiн Баба султан сезiп калып, жансыздарын жiберiп, Хакназарды және жанындағылары 1580 жыл өлтіртеді. Хақназар хан тұсында қазақ хандығынын тарихында өзгерістер болды. Мәселен, 1569-1573 жылдары орыс елшiлерi Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Казак хандыrында болып кайткан. Сондыкган да Хакназар хан тұсында қазақ хандығы Москва мен сауда байланыстарын орнатып, саяси карым-катынас жасады. Қорытындылай келгенде, қазақ хандарының iшiнде Хакназар өзiнiң хандык билiгi кезiнде, төңiрегiндегi елдермен дипломатиялык қатынас жасаудың көрнекті үлгiсiн жасаған қайраткер болды. Өз елінің әлеуметтiк-экономикасын кетерген, жерінің аумағын кеңейткен, сол үшiн жан аямай қызмет еткен атакты хандардын бiрi болды.

43) Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуекел билік басына 1582 жылы келіп, Қазақ хандығын 16 жыл биледі. Тәуекелдің тегі: Ол Шығай ханның баласы, ал Шығай Жанібек ханның Жәдік деген баласынан туған. Тауекел хандық билiкке талай ауыр тарихи азапты жолдарды басынан өткiзiп келген адам. Ол алғашкы кезде XVI гасырдын 80- жылдарынын басында өзінің жасауылдарымен Бұхар ханы Абдаллах пен бірге Баба султанға карсы күрескен. Оның себебі Хақназар ханның кегін қайтару еді.. Ол бұл максатына жеттi де. Бiр шайкаста Баба султанды олтіріп, басын Абдаллах ханга апарып бергенде ол оған Самарканд аймагындағы табиғаты тамаша Африкент уәлаятын сыйға тартады. Алайда Тауекел Абдаллах ханды тастап, озинін Дештi Қыпшагына оралған. Тауекелдің Абдаллах ханнан кетуінің бiрнеше себептерi болған Онын бiрiншiсi өзіне жасалуы мүмкін кауiптен сескенген. Екiншiден, Абдаллах хан уәде еткен Туркістан аймагынан бермек болған төрт каланы бермеген. Тәуекел хандык билiктi алган кезiнде Казак хандыгынын сырткы жагдайы өте ауыр жағдайда болған. Бiрiншiден, Тауекел хан жане қазақ Сұлтандары өздерінін одактасы болып журген Абдаллах ханды тастап кетiп, ендi өздерiне жау тауып алған едi. Екiншiден, хандыктын шығыс жағында моғoлдар мен жонғарпар қазақ жерiне кауіп туғызып отырған. Алайда Тэуекел бұл жағдайға онша мән бермедi. Тәуекелдің алдына қойған басты мақсаты өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. Тәуекел билiк құрған кезден бастап оңтустік өңірлердің есебiнен Қазақ хандыгынын ipreciн кеңейтуді ойластырды. Абдаллах хан өзiнiң бакталас бәсекелесі, Баба сұлтанды өлтірган соң, бiр кезде Баба султанга кол ұшы берген, қазақ сұлтандарын жазалау шараларын бастады. Абдаллах ханның бұл әрекеті казак сұлтандарының наразылыгын тудырды. 1583 жылы Тауекел хан өзбек ханымен жасаскан "ант берiскен шартты" бұзды, Сөйтiп, Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах ханға шабуыл жасап, Сауран, Түркісган, Отырар, Сайрам калаларын басып алады. Тәуекел хан 1598 жылдың жазында көп жасак жиып, Мауереннахрга баса көктеп кiредi. Ташкент, Самаркан калаларын басып алады. Eciм султанды 20 мың әскермен Самарканда калдырды да, өзi 70-80 мын колмен өзбек хандығының астанасы Бұхараны коршауға алды. Шайқаста Тәуекел хан қатты жараланып шегінуге мәжбүр болады. Көп кешiкпей ауыр жарақаттанған Тәуекел хан қайтыс болады. Осы кезден бастап Сыр бойындағы қамал-қалалар және ipi кала - Ташкент Қазақ хандығының құрамында болады. Тәуекел Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстан кейiн Мәскеумен карым-катынас жасауды қолға алады. 1594 жылы орыс патшасы Федорга елшiсi Құл-Мұхаммедтi аттандырады. Ал Құл-Мухаммед елшiлiгiне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден тiлмаш Вельямин Степанов Қазақ хандығына келеді. Осыған қарап қазақ орыс қатынасы жақсы болды деуге болады. Сонымен Тәуекел хан Қазақ хандығын одан әрі дамытып үлкен абройға ие болды.

44) 17 ғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. Теуекел мен Есімнің Орта Азияга жасаған жорыктары кезiнде Тауекел Бухара каласының түбiнде жаралы болып қайтыс болады. Жазба деректерге қарағанда Тәуекелдің балалары жас болып, ел алдында танылмагандыктан, хандык билiктi iнici Eciм сұлтан алады. Eciм сол кездің өзiнде қазақтың көп санды әскер басшысы болған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан да сұлтандардың көпшiлiгi Есімнің хан болуын жақтаған. Есім енді 1598 ж бастап 1628 ж шейін ел билейді. Алайда Есімге қарсы болған саяси топтар болды. Ол қатаған руынан шыққан Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан еді. Ол 1613-1614 жылдардың шамасында өзiн хан деп жариялаған. Сөйтiп XVII ғасырдың алғашкы кезiнде қазақ хандығын екі хан билеген, содан саяси бытыранкылық болды. EciM хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын өзiн тауелсiз хан жариялап, Ташкент каласын өзінің астанасы ететi. Осы кезде бұхар хандығы мықты болып тұр еді. Бұхар хандығы Тәуекел ханның кезінде Айырылып қалған маңызды қалаларды қайтарып алу үшін соғыс ашады. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқанд мағы) болып, бұл шайқастав Қазақ хандығы жеңеді. 1611 жылы бұхар әскерімен Ташкент түбiнде ұрыс болады. Қазақтың әскерін басқарган Есім хан жеңіске жетiп, Бұхар ханы келiсiм жасауға мәжбүр болған. Осы кезде Eciм мен Тұрсын арасында кайшылықтар туып, Eciм хан өз ордасына қайтады. Осы кезден бастап eкi қазақ хандарының арасындағы қайшылық шиеленiсе туседі. Eciм хан шамамен алғанда 1627-1628 жылдары Жетiсу жерiне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған кезде Тұрсын хан өзінің әскерімен Түркістанға Есім ханның ордасына шабуылдаған Eciм ханның көптеген адамдарын өлтіріп, әйелiн, балаларын тұтқындап, Ташкентке кайтады. Eнді Тұрсын хан Eciм ханды өлтірмек болады Бул жағдайдың бәрiн естіген Eciм хан Ташкентке аттанады. Ташкент төңірегінде шайқас болған. «Бахр әл - асрардың» мағлұматына қарағанда Тұрсын қайтыс болған. 1628 жылы Тұррсынды өлтірумен бірге Есім хан қатаған руын да қырып тастаған. Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда Есім хан 1628 ж қайтыс болған. Бірақ Есім хан 1643 ж дейін билік құрды деген мәліметтер бар. Есім хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. хХнның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағы шығады. Түркістан қаласын Есім хан өзінің астанасы етті.

45.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Тауке хан таққа отырган соң алдына койған басты максатынығ бiрi – iшкi талас-тартыс пен бытыраңқылықты жою үшiн әрекет жасады. Ол үшiн "Билер кеңесін" құрды.Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді. 1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді.Тәуке xaнның алдына қойған басты максаты - ыдырай бастаған хандықтың саяси жағдайын реттеуге күш салу болды. Хандытың өкімет билігінің беделiн көтерiп, ақсүйектердің бөлiнiп, оңашалануын тоқтату үшiн, халықты бiрiктiру үшiн, біраз шараларды іске асырды. Оның тұсында тәртiп пен мемлекеттiк құрылымның негiзгi белгiлерiн айқындайтын "Жетi жарғы" деп аталатын нормалар жиынтығы жасалды. Тәуке хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Тұжырымдалған зандар « Жеті жарғы» екенін айттық, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда « жіті ереже» деген сөз.Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нориалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.Әкімшілік –құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы. Жеті жарғы бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шығарлануға тиіс болды. Зандардын жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғары судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шығымдары қараған, салық салу тәртібін белгілеген. Және де осылар сияқты тармақтардан тұрған.

46) Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати1499 ж дүниеге келген .Оның әдеби бүркеншік аты Аяз. Дулат тайпасынан шыққан ММХД тыңғылықты білім алып,түрік,араб,парсы тілдерін еркін меңгерген.Ол сонымен қатар,жан-жақты, жарқыраған таланты тұлға,адуынды ақын,көркем сөзді төгілдірген әдебиеттші,үлкен дипломат,ұлы жорықтарды сәтті басқарған кемеңгер қолбасшы,зергерлік туынды жасаудың қас шебері,шебер қолөнерші,сауытты,қару жарақты жасаудың білгірі,тамаша суретші,асқан ұста ж/е құрылысшы. Атасы Мұхаммед Хайдар мырза Қашқарда билеуші болған,бірақ оны өзінің жиені Әбубәкірқұлатқан.Қазақ хандығы күшейіп ,Моғол хандығы ыдырай бастаған кезде Хайдар Дулатиді оның туыстары Ферғананы билеуші ж/е Индиядағы Ұлы Моғолдар имп.сын негіздеуші Сұлтан Бабырдың тәрбиесіне береді.1512 ж 13жасқа келгенде Бабырдың рұқсатымен немере ағасы Сұлтан Саид ханмен Моғолстанға кетті.Оның жанында 20жылдай болып, оның туған қарындасына үйленді,ханның кеңесшісі болды,оның жорықтарына қатысты,сонымен бірге Қашқарға жорық жасап,қайта оралып,Әбубәкірді қуып шықты.МХД Саид ханның жанында болып,мемлекеттік және әскери қызметтер атқарған,өз әміршісінің ұлы Абд ар-Рашид ханның тәрбиешісі болды,кейіннен «Тарих-и Рашиди» қолжазбасы соған арналды.МХДдің 1541-1546 жж Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі –«Тарих-и Рашиди» Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде мол дерек беретін шығарма болып табылады.Шығарма моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар,аңыз-әңгімелер,оқиға куәгерлері мен автордың өзі байқаған жайттары негізінде жазылған. Ол өзінің басты мақсаты ретінде ата-бабасы өмір сүрген ж/е мемл.ті нығайту үшін күрескен Моғолстан билеушілерінің өмірбаян тарихын жазды.»Менің мақсатым,-дейді ол,-өзімнің ғалымдығымды көрсету емес,алда өткен Моғол хандарының есімдері уақыт беттерінен мүлде жойылып кетпеулері үшін,естеліктер жазу болып табылады. Онда орта ғасырлардағы қазақтар тарихы,Дешті Қыпшақтағы оқиғалар,феодалдық соғыстар,сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен және қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы көптеген мағлұматтар беріледі.Шығармада XV-XVI ғасырлардағы Оңт. және Шығ. Қаз.ның әлеуметтік- экономикалық жағдайы , қала,егіншілік мәдениеті ,Жетісудың тарихы,географиясы-жалпы орта ғасырлардағы Қаз жайлы құнды деректер бар. Бұл шығармада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады.«Тарих-и Рашиди» тарихи шығарма ғана емес.Бұл-талантты жазылған әдеби туынды,онда шыншылдықпен суреттелген ұрыс көріністері бар,шайқастар кезіндегі адамдардың іс-қимылдары,олардың ұрыс кезіндегі мінез-құлқы көрсетіліп,нақты адамдардың(Саид ханның,Бабырдың,Қасым ханның және басқалардың) бейнелері суреттелген,оқиғалардың шиеленісуі ашып көрсетіліп,адамдардың белгілі бір жағдайлардағы көңіл күйлері дәл берілген.Бүгінгі күні Қаз Дулаттану ғылымын өркендетуге әйгілі шығыстанушы Әбсаттар Дербісалиев қыруар еңбегін сіңірді.Ол «Тарихи Рашиди» классикалық шығарма екендігін атап көрсете келе оған мынандай баға береді:Осы күнгі қазақ , өзбек,ұйғыр,ауған,үнді, тибет халықтарының тарихын зерттеушілер «Тарихи Рашидиді» аттай алмайды.Еңбек осымен де құнды,осымен де бағалы.

47) Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістің негізігі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

48.) Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өтіңіз.Қазақ халқының қалыптасуы 15 ғ. Екінші жартысы мен 16 ғ. Бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру- тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «Қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезңінде қазақтарда халықтық зтникалық сананың орнына ру тайпалық сана басымболды. Мысалы: «Сен қай рудансың» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» деген атаудың шығуы туруалы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған ҮІІІ ғасырдағытүрік ескеркішінде «қазғақ ұғылым» деген сөз тіркесі кездеседі. ІХ Х ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасактар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі\Х -ХІ ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Қасаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, ХІ ғасырда Дон мен Днепр жағалауында орныққан. Х ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багнянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік батысында «қазақ елі» бар. Әзербайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ аудандары бар. Ең алғаш «Қазақ» сөзі мұсылман деректеріндегі авторы белгісіз түркі араб сөздігінде кездеседі.

49) XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз .XYIIғ. Екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін әбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін , оңтүстік шығысында Ұлытау мен Балхаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XYIғ. Бірінші ширегінде хандықтың жоғары дәрежеге көтерілуі ішкі әлеуметтік-экономикалық және этникалық процестерінің нәтижесі болды, бұған тұтастай аймақтағы саяси жағдайлар да әсер еткені сөзсіз. Тахирдің хандық құрған кезеңіндегі(1523-1531)қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Хақназар хан (1538-1580)билік еткенде ол Қасым хан,әкесінің , саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алды да,Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады.

50) Тәуке хан билігі тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытырыңқылақты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Билер кеңесін құрды. Билер кеңесі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті.Бұл тұста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауында болды. Тәуке ханның тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырған болатын. «Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндетті. «Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін ішкі қырқыстар азайып, қоғамда біршама тыныштық орнады. Тәуке хан мемлекеттің ішкі жағдайын нығайту барысында басқа да шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, кіші жүздің аз жеті руын бір тайпаға, орта жүздің уақтары мен керейлерін бір уақ-керей бірлестігіне біріктірді. Тәуке ханның сыртқы саясаты көрші елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда-саттық қарым қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды.Тәуке хан 1867 жылы Бұхар ханы Субханқұлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігінде қалдырды. Бұхар хандығымен сауданы дамытуға күш салды. Нәтижесінде Бұхар хандығы мен Қазақ мемлекеті арасында бейбіт қарым қатынас орнап, Бұхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіншілік алған. Тәуке хан билік құрған жылдары Ресеймен қарым қатынас жанданды. Ресеймен қарым қатынасы 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырдың басында біршама нығаяды. Қорыта келгенде, Тәуке хан өзі билік еткен жылдары ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізді. Ол XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттей алды. Бұл кезде Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды. Қазақ хандығында тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстің негізгі принциптерін анықтаған «Жеті Жарғы» заңдар жинағы Тәуке тұсында жасалды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамында интеграциялық сана күшейіп, хан билігі нығайды. Үш жүздің құрамына 112 ру кіріп, қазақ халқының 2-3 миллион адамға жетті.

51) Қазақ хандығының ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саясатындағы ерекшеліктерді атап өтіңіз. Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Ішкі талас тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғатуға, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты. Хақназар хан тағына отырысымен көршілес мемлекттермен қарым қатынасты күшейтіп, өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Хақназар батыстағы Ноғай ордасымен, оңтүстігінде Орта Азия хандықтарымен солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарйтын көшпелі ру тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жайлап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды. Хақназар тұсында Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса тарихи оқиғалар болды. Ресей мемлекеті шығысқа қарац іргесін кеңейтті. Ресей патшасы 1555 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын, Қырым хандығын өзіне бағындырды. Бұл тарихи саяси оқиға Еділ мен Жайық арасындағы ұлан байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасын ыдырата бастады. Сөйтіп Ноғай Ордасы ХҮІ ғасырдың ортасында ішкі талас тартыстан әлсіреп, мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Ноғай ордасының ыдырауы Орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. ХҮІ ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті. Бұл тарихи саяси жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауду саттық қарым қатынасы ұлғайды. Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркендеп, өсуіне тиімді әсер етті, Қазақ хандығы нығая түсті.

52) 15-18ғғ. Қазақ хандығының саяси-әкімшілік құрылымы. XVI ғасырда хандар сайланып қойылатын болған. Ханталапай – хан сайлаудағы ханның байлығын бөлісіп алу дәстүрі. Хан – азаматтық , әкімшілік, соттық және әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы. Ханның тұрақты әскері болмады. Қажетті жағдайда рулық-тайпалық жасқты жинап отырды. Жоғарғы қолбасшы, яғни хан шайқастарда жауынгерлерді басқарып, ауыртпалықтарды бірге көтерген. Төлеңгіттер немесе қарашалар – ханның жасағы, ханды қорғады, жорыққа шықты, малын бақты.Құқық түрлері: Меншік құқығы. Мал жайылымына, егістік жерлерге , су қорларына меншік болды. Малға жеке меншігін қорғау үшін феодал барымта алуға, сотсыз ауыр жазалар қолдануға құқылы болды. Міндеттеме құқығы. Сатып алу, келісу, қарыз алу, жалдану,зат сақтап беру, керуенмен жүк тасу келісімдері болды. Асар – маусымдық жұмыстар кезінде өз руластарынан көмек сұрау құқығы. Жылу – жұт кезінде немесе табиғи апаттан малынан айрылып қалғанда туыстарынан, ру мүшелерінен көмек сұрау құқығы. Неке және отбасылық құқық. Ері өлген әйел әмеңгерлік жолмен туыстарына тұрмысқа шыққан. Үлкен балалар енші алып, отау болып шығатын болған. Әкенің мал-мүлкі кенже баласына мұра есебінде қалдырылып, кіші бала қара шаңырақ иесі саналған. Қылмыстық құқық. Айыпты адам өлім жазасына бұйырылып, мұны ру орындаған. Кекті айып төлеумен де ауыстыратын. Әйелді зорлау, алып қашу ауыр қылмыс саналып, айыптыға өлім жазасы берілген. Мал мен мүлікті ұрлау ауыр қылмыс саналған. Ұрыға 25-60 рет дүре соққан. XV-XVI ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды. Ауыл -> ата аймақ -> ру-> арыс-> ұлыс-> жүз-> хандық Ауыл- туыстас адамдар, бірнеше отбасы.(ауылнай.ауылбасы

ата-аймақ – 7атадан қосылатын бірнеше ауыл.(ақсақал

ру –10 немесе15аймақ(рубасы, рубиі

арыс- бірнеше ру(би

ұлыс -бірнеше ру(сұлтан. сұлтандар хандар мен ақсүйектердің әулетінен болады.10мыңдай жасақтары болған.

жүз -бірнеше ұлыс.(хан). Жүздер 15-16 ғ тайпалар одағы негізінде қалыптасқан.Жүздің басшысы ,қызметі би атағының ең биік деңгейі.Жүздің биі – ордаби. Хандық –үш жүз(қаған.ұлы хан. Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған. Кез-келген даудан кейін жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің 10%-ы ханға тиесілі болған. Төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында шешілген. Қарапайым қазақтың дауын төре шешкен. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі – Құрылтай(Мәслихат) Хан көтерудің 2 жүйесі қатар қолданылды: мұрагерлік, сайлау.

53) XVI-XVIIIғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. XV-XVIII ғғ дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолына әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан елдегі барлық әскерлердің бас қолбасшысы болып есептелді. Сұлтандар – ханнан кейінгі жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтарға ғана берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады. Хан сарайында, ұлыстардың мекемелерінде, ауылда, жиындарда билік айтып, ел арасында дау-дамайды шешетін, сөзге шешен , іске шебер, сауатты адамдар – билер болып табылады. Қазақ халқы қай кезде де ортақ тілді, от ауызды, қара қылды қақ жарған әділ билерін, шешендері мен ақындарын ел билеген хандарынан бетер қадір тұтқан. Хан билігі бүкіл елге қатысты жоғары саяси билік болса, ру, тайпа көлеміндегі нақты билік сол рулардан шыққан беделді ру ақсақалдарының қолында болды. Олар ру ішіндегі, рулар арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселелерін шешіп отырды. Ру ақсақалдары елдің дәстүрін, салтын бұлжытпай орындауды қадағалаушылар болды. Ру ақсақалдарының ішінен ел ішіндегі билер сайланды. Ру ақсақалдарының өзінің кеңесі болды. Кеңеске ел ішінде өмірлік тәжірибесімен, ақылымен, білім-біліктілігімен ерекше беделге ие болған әр кіші рудың ақсақалдары кірді.Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілері, тіпті ханның өзі де құлақ асып санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, сынықшылар айналысты. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да , бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байлардың шаруашылығында жұмыс істеді.

54.15-18ғғ.қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.

XV-XVIII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:

1. Көшпелі

2. Жартылай көшпелі

3. Отырықшы

Малдың негізгі түлігі–қой, жылқы, түйе.Ірі қара аз болып,негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды.

Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:

Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.

Жайлау – жазғы көш, мамыр айының басында басталады.

Күзеу – күзгі көш, суық басталысымен көшеді.

Қыстау–қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді.

Егіншілік Сырдарияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.

Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.Алғашқы қар жауысымен ерлер аң аулауға шығады .

Астықтарын-ішінде ылғал болмауы үшін күйдірілген жерден қазылған ұраларда сақтайтын.Дәнді қолмен сеуіп ,піскен астықты қол орақпен оратын. Көшпелі халықтың қысы жазы жейтін ,ұзақ сақталатын бағалы тамағы –тары.

Қазақтар аңшылықпен ,үй кәсіпшілігімен ,қолөнермен айналысқан . Көшпелілер үй кәсібінде мал шарушылығы шикізаттарын өңдеумен де айналысқан .

55) Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.

56-57.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты ж/е Аңырақай шайқасы ж/е оның маңызы.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты және Аңырақай шайқастары және оның маңызы.. 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді. Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жаунгерлік рухын көтерді. Буланты маңындағы шайкас. Ұлытаулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті. 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Буланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті. Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының женіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қара шеберлері еңбек етті. Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған. Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті. Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдибиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректер арналған. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған. Сейтіп 1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты. Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі. Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күң даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті. Сонымен, жоңғар әскерлерінің шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді.

58. XV-XVIII ғғ. жазба әдебиет өкілдері: Дулати, Қ. Жалайыр, Әбілғазы

XV-XVIIIғғ. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың негізінде шықты. XVғ. Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.XV-XVIIғғ. қазақтар араб жазуын қолданды. Қадырғали Жалайридің «Жамиғат-Тауарих» шығармасы қазақ тарихының маңызды ескерткіші болып табылады. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587ж. Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыс-нама», «Бабыр-нама», «Темір-нама». Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.) – 1546ж.парсы тілінде жазылған «Тарихи-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. XVIғ. 40жж. – Усман Кухистанидің «Тарихи-Әбілқайырхани», Шах Махмудтың «тарихи-шах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармасы, XVIIғ. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» кітабы жарық көрді.

Қазақ халқының көркем әдебиеті XV-XVIIғғ.бастап кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б.

XV-XVIIғғ.өьір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар.

Би-шешендер шығармашылығы: 16-18ғғ. Би-шешендер арасында мемл және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің щеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар: Әйтеке би Бәйдібекұлы(1644-1700), Төле би Әлібекұлы(1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы(1665-1765)

59. .ХV-XVIIІғғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті. Тіл, дін, ақын-жыраулар шығармашылығы. XV-XVIIIғғ. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың негізінде шықты. XVғ. Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.XV-XVIIғғ. қазақтар араб жазуын қолданды. Қадырғали Жалайридің «Жамиғат-Тауарих» шығармасы қазақ тарихының маңызды ескерткіші болып табылады. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587ж. Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыс-нама», «Бабыр-нама», «Темір-нама». Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.) – 1546ж.парсы тілінде жазылған «Тарихи-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. XVIғ. 40жж. – Усман Кухистанидің «Тарихи-Әбілқайырхани», Шах Махмудтың «тарихи-шах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармасы, XVIIғ. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» кітабы жарық көрді.

Қазақ халқының көркем әдебиеті XV-XVIIғғ.бастап кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б.

XV-XVIIғғ.өьір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар.

Би-шешендер шығармашылығы: 16-18ғғ. Би-шешендер арасында мемл және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің щеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар: Әйтеке би Бәйдібекұлы(1644-1700), Төле би Әлібекұлы(1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы(1665-1765)

Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәден. Маңызды бір саласы – қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуі қажет. “Жеті атасын білмеген жетесіз” делінді. Ру, тайпа, жүздерге жақсы ажыратқан адамдарды халық арасында құрмет тұтып, шежірешілер д.а. Сол сияқты 18ғ “ақындар поэзиясы ғасыры» деп аталды. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын жыраулардың өлең жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл күйі салт санасы сол дәуірдің рухы бейнеленді. 18ғ танымал болған Ақтамберді,Тәттіқара, Үмбетей, Бұхар секілді жыраулар өз өмірінде қазіргі таңға дейін маңызын жоғалтпаған ұшан теңіз жыр шығару Бұхар жырау тәуелсіздікті сақтау, нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең толғаулар шығарған, қазақ ханы Абылайды қолдап әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың бір орталыққа бағынған күшті мемл болуын армандаған. Ал Тәттіқара, Үмбетей, Ақтамбердінің жырлары халық арасында аз сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры, жоқтауы белгілі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болмасын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырды.

60) 15-18ғ Қазақстанның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.

Қазақ хандығы тұсында қазақ халқы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйектер және қарасүйектер.Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс хан ұрпақтары-сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім –бұтақтары қожалар жатқан.Олар ешбір руға жатқан жоқ бірқатар ерекшеліктері болды., Қарапайым халық қарасүйектер деп аталды

ХандарҚазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді.Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. СұлтандарШыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады.. Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтанды өлтіргені үшін құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін.

Қожалар.өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болаты

БилерҚазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. 15- ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды

БатырларҚазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді.. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын.

Еркін көшпелілер («Қара сүйектер»)атардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.

ҚұлдарБас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды.

61. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтесіз.

Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді.

Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді.

Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді.

Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.

62) XV-XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтесіз.

XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқар­ды.

XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ халқының ара­сын­да тақыры­бы мен жан­ры жағынан алу­ан түрлі ауыз әде­би­еті кең өріс ал­ды. Қазақ халқының по­эзиясын­да жы­ра­улар­дың ор­ны ерек­ше бағалан­ды. Жыр толғаула­рын­да қанат­ты сөздер, ғиб­ратты нақыл­дар кең орын ал­ды. Сол кез­дегі қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­ры – Шал­киіз (XV ғ.), Дос­памбет (XVI ғ.), Жи­ем­бет (XVII), т. б. жы­ра­улар.

Қазақтың ба­тыр­лар жы­ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны­мен, олар­дың бәрі дерлік та­рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе­лен, Қобы­лан­ды, Ал­па­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам­бар дас­танда­ры та­рих шын­дығымен қабы­сып жатқан шығар­ма­лар. Қазақтың әле­уметтік-тұрмыс­тық дас­танда­ры да («Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе­одал­дық-ру­лық қоғам­ның өмірін үлкен ше­берлікпен көрсе­теді.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығының мем­ле­кеттік құры­лысы мен ха­лық өмірінің ерек­ше жағдай­ла­рын өзіндік өзге­шелігімен қам­ти­тын қоғам­дық ук­лад «би­лер сөзі», «би­лер ай­ты­сы», «би­лер да­уы», «төрелік ай­ту», «ше­шендік сөздер» деп ата­латын көркемдік мәде­ни­еттің біре­гей түрін туғыз­ды. Әде­би­еттің бұл түрін шығару­шылар негізінен XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ қоғамын­да сот ісін жүргізу­мен ғана ай­на­лысқан жоқ. Би­лер хан кеңесінің мүше­лері бо­лып, мем­ле­кеттік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Со­нымен бірге атақты би­лер тай­па­лар мен ру­лар­дың бас­шы­лары бо­лып, ел басқар­ды, жи­ын­дарда со­лар­дың аты­нан сөз сөй­леп, ай­тыс-тар­тыстар кезінде олар­дың мүдде­лерін қорғады.

Қазақтың атақты би­лері по­эти­калық та­лан­ты зор және су­ырып сал­ма ай­ту мен ше­шендік сөз арқылы өза­ра ай­тыс­тың та­маша ше­бер­лері болған. XVI-XVI­IIғасыр­ларда би-ше­шен­дер ара­сын­да мем­ле­кеттік және қоғам­дық қыз­метінің маңыз­ды­лығы, ше­шендік өнерінің күшімен по­эти­калық ше­берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы­бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй­те­ке Бай­бекұлы (1682–1766) ерек­ше орын ал­ды. Олар тек Қазақстан­да ғана емес, со­нымен қатар Ре­сей­де, Хи­уада, Жоңғария мен Қытай им­пе­ри­ясын­да та­нымал болған.

Бұл кез­де қазақ тіліндегі жаз­ба әде­би­ет­тері діни және аңыз­дық мазмұндағы кітап­тар түрінде та­рал­ды, сон­дай-ақ та­рихи шығар­ма­лар мен ру­лар та­рихы (шежіре) жа­сал­ды. Олар­дың ішінен За­хир-ад-дин Ба­быр­дың «Ба­быр­на­масын», Ка­малад-дин Би­най­дың «Шай­ба­ни-на­месін», Мұхам­мед Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шидиін», Қожамқұл бек Ба­хидің «Та­рих-и-Қып­шағын», Қадырғали «Жа­ми-ат-та­вари­хын» және басқа да шығар­ма­лар­ды ар­найы бөліп көрсе­туге бо­лады.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығы көршілес мем­ле­кет­термен, Ор­та және Та­яу Шығыс ел­дерімен үздіксіз ара­ласып отыр­ды. Мұның өзі араб-мұсыл­ман мәде­ни­еті мен ғылы­мының та­ралу­ына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мек­тептер мен мед­ре­селер ашы­лып, олар­да оқу араб-пар­сы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жа­зуда араб әліп-биін тұтын­ды. Мек­тептер мен мед­ре­селер­де ғылым­ның әр түрлі са­лала­ры "дін ілімі, ма­тема­тика, ло­гика, фи­лосо­фия) бойын­ша білім беріліп, Шығыс­тың ұлы ақын­да­рының клас­си­калық ту­ын­ды­лары­мен та­ныс­ты­рыл­ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал­пы да­му­ына, бүкіл қоғам­ның ру­хани өмірі мен мәде­ни­етіне игі ықпал жа­сады.

Со­нымен, XVI-XVI­II ғасыр­ларда Қазақ қоғамын­да ша­ру­ашы­лықтың және мәде­ни­еттің да­му­ын­да еле­улі ілгеріле­ушілік орын ал­ды. Оның бас­ты се­бебі, қазақ халқының біртұтас мем­ле­кет­ке бірігуімен бай­ла­ныс­ты еді.

63) 15-18 ғғ Қазақ хандығында егіншілік пен қала мәденинетінің дамығанын көрсетіңіз. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер XV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәір дамыды. Егінщілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға көміліп сақталды. XV-XVII ғасырларда Ұлы жібек жолы бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т.б.қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Бұл металл ақшаларының бірсыпырасы XV-XVII ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласында жасалды. Қазақ халқы өте ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де, өзінің ата-бабаларының ертеден қалыптасқан мәдени қазыналарын сақтап қалды. Әрине, мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Атап айтқанда, мәдени даму отырықшылық-қалалық жерлерде көшпелі және жартылай көшпелі аудандармен салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленеді.

64) XV-XVII ғ қазақтар шаруашылығының жетекші саласы-көшпелі мал шаруашылығы.әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түссе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасқан. Ертеден қалыптасқан тіршліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге Жетісудан басқа жерлерде көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, саяси жағдайға байланысты.мал бағу ауыр еңбекті,төзімділікті және өмірге икемділікті талап етеды.Қыс сұралып қатты болғанда жылдары малдың жаппай қырылуы жҰт жиі кездеседі.көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін,киім-кешек пен аяқ-киім, үй-жабдықтары,көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскер жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, ясы базарларына апаратын,соның ішінде арбалар, төсектер жеткізетін болған.Малшылар бұл өнімдерді айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарларды: мақта,жібек,бұйымдар,дайын киімдер,орамалдар,бас киімдер,сондай-ақ әр түрлі үйге керек заттар алатын.көшпелілердің астық өнімдеріне-бидай,тары,арпаға,жеміс-жидекке сұраныс өте қатты болған. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыған. Археологиялық зерттеулер ғ Отырар, Түркістан,Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді.Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]