Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

174) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.

Нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылы басынан бастап). Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін үш негізгі міндеттерді шешу қарастырылды:экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру (либерализациялау; лат. liberalis - еркін);мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беріп, жеке меншікті шаруашылықтар құру (жекешелендіру);шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру (әлемдік шаруашылық интеграциясы).Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ. Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі ықпалын жүргізді. Ол «шұғыл радикалды қайта құрудың» ауыр жолын таңдады. Ондағы басты нәрсе - бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қыскарту болды.Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.Біріншісіне (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:либерализациялау;жекешелендіру;ұлттық және басқа банктердің құрылуы;төл теңгенің енгізілуі;

кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп,өндірісті жандандыруға көмектесті.Екінші кезеңді (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.

Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады.

175) Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының айғағы.

Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]