Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

26) Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.

Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азияның территориясына жасаған жорықтары еді. Бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорықтарына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият дайындалған еді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған монғол отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан хан Қойлықтағы қарақытай наместнигін өлтіруге бұйрық беріп, өзі Шыңғыс ханның қол астындамын деп жариялайды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Найман басшысы Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргенен кейін монғол қолбасшысы Жебе жаршылар арқылы хабарлатып, әскерлерге бейбіт тұрғандардың мүлкіне тиісуне тйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету правосы қайтарылсын деп бұйрық береді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік қазақстан емн орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге «Отырар опаты» деген жағдай себеп болды. Шыңғыс хан Орта Азияға Омар-Қожа Отрари, Жамал Марағи және бақа көпестер басқарған сауда керуенін жіберді. 500 түйесі бар керуенде монғол жансыздарынан қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп дадамы бар керуен 1218 жылы Отырарға келеді. Отырар әміршісі Қайыр хан Иналшық көпестерді жансыз тылшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды.Шыңғыс хан Қайыр ханды қолыма бер деп талап етеді, бірақ хорезмшах бұл талапты орындамай, елшілерін өлтіріп тастайды. Осының өзі Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Шыңғыс хан орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылы қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталды. Отырырға таяғанда монғол басшылары өз күштерін былай бөлген еді: Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түмендер Отырарды қоршау үшін қалдырылды. Жошы бастаған басқа бөлік Сырдария бойымен төмен кетті. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысына қалаларды бағындыру үшін жіберілді. Шыңғыс ханның өзі мен кіші баласы Төле негізгі күштерімен Бұхараға аттанды.

Отырар билеушісі Қайыр хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Оның басқаруында, Нисавидің деректері бойынша, не бары 20 мың әскер болған, ал Жувейнидің деректері бойынша хорезмшах оған «сыртқы әскерден» 50 мың әскер берген. Қоршауға алынғанға дейін ол Отырарға Қараджа хаджиб басқарған 10 мыңдық отряд жіберген еді. Отырар бес ай бойы дерлік қоршауда болды. Тек Қараджа хаджиб еңсесі түсіп, «Суфи хан» қақпасы арқылы қаланы тастай қашып, өз отрядымен монғолдарға берілгенде ғана монғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа хаджиб өлтірілді. Алайда Отырар сонда табандылықпен қорғана береді. «Арыстан тәрізді» әскерлер отрядымен Өайыр хан берік қамалға бекініп алды, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт берді. Ол 1220 жылдың февралінде алынды. Қайыр хан қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына әкелінген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалының қабырғасын жермен жексен етіп Шағатай мен Үгедейдің монғол отрядтары Шыңғыс ханға келіп қосылды, бұл кезде ол Самарқанд пен Бұхараның арасындағы жолда болатын. Сырдария жағалауындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның өзінде бірқатар қалалардың қорғанысында қалалардың төменгі тұрғындарының арасынан шыққандар басшылық роль атқарды.Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сығанаққа келіп, оның тұрғындарымен келіссөз бастады. Өзінің өкілі ретінде ол соғысқа дейін-ақ монғолдаға қызметке берген мұсылман көпесі Хасан қожаны қалаға жіберді. Ол тұрғындарды ұрыссыз берілуге азғыруға тиіс болатын, бірақ «жауыздар,тобырлар мен қаңғыбастар» бұған ашынып сатқынды өлтірді де, қарсылық көрсетуге әзірленді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршауға алып, ақырында оны шабуылмен алды да, «кеңшілік пен аяушылық қақпасын» жауып тастап бүкіл халықты қырып тастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]