Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

165) «Жаңа әлемдегі жаңа қр» жолдауы

Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап Сіздер мен біздер барлық қажыр-жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық. Бүгін мен Сіздерге еліміздің және қоғамымыздың алдағы дамуы жайындағы пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз.Бүгінгі әңгіме еліміздің әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қарай жасайтын қарышты қадамдары туралы болмақ. Бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді.Ал бүгінгі күні сол мұратымызға қалай жету керек, соның қандай шаралары бар, әр басшы қызметкерлерімен,әсіресе билікте жүрген адамдар не істеу керек, сол жайында айтамыз.Естерінізде болар, 1997 жылы Сіздер мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясын қолдадыңыздар. Онда біздің қоғамымыздың кемел келешегі мен мемлекетіміздің ұлық мұраты баяндалғаны мәлім.Бұл әлі де толыққанды даму жолына түсіп үлгермеген жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы болатын. Сол кезде осы Стратегия турасында талай күмән-күдіктің болғаны да маған белгілі.Сол заманда еңсемізді толып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зілбатпан ауыртпалығы басып, қолымызда егеменді даму мен либералдық реформалардың азын-аулақ алғашқы тәжірибесі ғана болғанын өздеріңіз білесіздер.Сонда, осыдан он жыл бұрын жасаған таңдауымызда біз жаңылысқан жоқпыз. Ол дұрыс тандау болғанын уақыт бізге дәлелдеді.Дәл осы уақыттан бастап, Қазақстан нарық экономикасы теоремасы мен демократиялық даму ақиқаттарының тар жол, тайғақ кешуінен тайсалмай өтіп, алған бағытынан таймай алға басты.Біз мүлде жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқылық мемлекеттің іргетасын нық қалап, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайтып, өмірдің сапасы мен ұстындарын да өзгерте білдік.Біз ішкі тұрақтылыққа, дамудың әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол жеткізіп, өңірдегі ең еңселі экономиканы сомдадық. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың өңірдегі геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мүлтіксіз атқаратын толық құқылы әрі жауапты мүшесінің тұғырына көтерілді.Біз үшінші деңгейлі мемлекеттердің қалпында қалғанымыз жоқ. Өткен он жыл ішіндегі жұмысымыздың ең басты нәтижесі де, міне, осы. Ендігі жерде алдағы он жылдықта атқаруға тиіс жұмысымызды айқындау үшін келдім.Бұл он жыл дегеніміз, 2030 жылдың Стратегиясын он жылың биыл тәмамдап, ендігі он жылда не істеуіміз керек? Бірақ бұл он жылдың ішінде үш жылдық, бес жылдық жоспарларымыз болады.Біз екі мыңыншы жылға қарағанда жалпы ішкі өнімді 2010 жылы екі есе көтереміз деп айтқан болатынбыз. Сол мақсатымызға, аманшылық болса, келесі жылдарда жеткелі отырмыз, екі жыл бұрын.Бұл көздеген мақсатымыз да, экономикалық өсудің көлденең тартар көрсеткіші де емес, бұл - қазақстандықтардың тұрмысын жақсарта берудің қолымызда бар нақты мүмкіндігі. Өткен жылдары, оны өздеріңіз де білесіздер, біз өміріміздің сапасын айтарлықтай жақсарта түскен көптеген аса маңызды әлеуметтік міндеттерді шеше білдік.Біз жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің стипендияларын өсірдік, оларға білім алу гранттары мен кредиттер бердік. Бюджет саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын үнемі көтеріп келеміз. Аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа толмаған балалары үшін ай сайынғы жәрдемақылар, ал көп балалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар төлеудеміз. Балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір зәру топтарын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде.

166) Назарбаевтың ӘлФараби атындағы ҚазҰу де профессороқытышулар құрамы мен студенттерге оқыған дәрісі және негізгі қағидалары. ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына еліміздің тұңғыш президенті Н.Н.Назарбаев дәрісін оқыды.Дәріс университеттің талай жылғы елімізге сіңірген еңбегі мен мемлекеттегі алатын орнымен басталды. Президент дәрісінің 4 бағытын айқындады. Дәрістің тақырыбы »Қазақстан посткризистік әлемде және болашаққа интеллектуалды ұмтылыс(прорыв)»КазҰУ жаңа Қазақстанның білім және ғылым бастауы,тіреуі (форпосты) ширек ғасырда университет тәуелсіз елдің ең маңызды, лидерлі білім және ғылым орталығына айналды.Бұл жерде 20ға жуық студент білім алуда. Соның ішінде1000 студент таяу жіне қиыр шетелден.Өздерінің білімі мен тәжірибесін студенттерге 27 академик, 300 профессор және доктор,  800ге жуық ғылым кандидаттары беруде. еліміздің ғылымының дамуында үлкен үлес қосатын ҚазҰУдағы ғылым мектептері мен профессорлар-оқытушылар коллективі. ҚР президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары. Қаз-н халқына арналған Жолдауының Президент басқарудың барлық деңгей –сатыларына білікті мамандар даярлау үшін жағдай туғызу қажеттігін айта келіп; «Әлемнің үздік университеттерінде оқыту,елімізде санаты биік университеттер құру,сондай-ақ отандық Мемлекеттік қызмет академиясын нығайту-бүгінгі күннің міндеттері,міне,осындай»,-деп атап көрсетеді.Бұл айтылған мәселе қазіргі қалыптасып келе жатқан демократиялық құрылыстың маңызды да басты тетігі болып табылады.Сондай-ақ ол бізге шәкірт оқыту, баулу-бантау ісінде зор жауанкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп,сандық реттен сапалық реңге ауысға басымдылық беруді меңзейді. Ұлттық университетте профессор-оқытушылардың,ғалым –ұстаздардың жеке тұлғасының да,қызметінің де орны ерекше.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев-әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Құрметті профессор».Кез-келген саланың,кез келген ортаның мерейін үстем етіп тұратын тұлғалар болады.Елге үлгі боларлық,әрбір жүріс-тұрысынан,іс-әрекетінің өзінен өнеге алатын зиялы азаматтар қара шаңырағымыздың әр факультетінен табылады.Айталық,филология факультеті үшін академик З.Қабдолов,математиктер үшін акадеик Ж.Әубәкіров мақтаныш боларлық тұлғалардың ғалым ретінде ғана емес,елге беделді қоғам қайраткері ретінде де танымал болуының өзі біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш. 75 ж жуық тарихы бар,қаншама ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ғылым мен мәдениетінің алтын ордасы саналатын ұлттық университет жаһандану саясаты жанып тұрған бүгінгі күннің өзінде де ұлттық сипатынан бір мысқал ажырамайтындығының анық көрсетті.ҚазҰУ-дың жоғары деңгейдегі университет екені талас тудырмаса керек.Сондай-ақ ҚазҰУ студенттері де осынау атақ -дәрежеге әбден лайық деп білем Біздің мақсат-заманға лайық білім беріп,Қаз-ң жоғары мектебінің қош бастауындағы ұлттық университетінің өз дәстүрін одан әрі жалғастыра беру.Елбасы Н.Н.Назарбаев; «ҚазҰУ әлемге әйгілі Оксфорд.Гарвард сияқты университет-ң дәрежесіне жетуі керек»,-деген болатын.Бұл біздің ұжымға берілген жоғары баға ғана емес,жүктелген зор жауапкершілік пен үлкен міндет.

167)Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (1990-2011)Демократиялық бағытпен дамуға бет алған әрбір мемлекет өз елінде азаматтық қоғамның қалыптасуына және оның тұрақты дамуына қол жеткізуі тиіс. Өйткені азаматтық қоғам мемлекет пен жеке сектор арасында нақты байланыстың бар екендігінің айқын көрінісі. Бұл демократиялық елдерге қойылатын басты талап. Азаматтық қоғам мемлекет тарапынан қолдау тауып, үкіметтік емес ұйым өкілдері елде болып жатқан кез-келген процестерге емін-еркін араласып немесе оған өзіндік үлесін қоса алатын жағдайға жеткен кезде ғана азаматтық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Айталық 1990 жылдардың басында Қазақстанда 300 бен 400-дің арасында үкіметтік емес ұйымдар болса, кейінгі жылдары олардың саны 5 мыңға жуықтаған және аталмыш ұйымдарға мүше адамдар саны да күн санап артып келеді. Олар көтеріп жүрген немесе айналысып жүрген мәселелер де ауқымды. Мысалы, үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі біреулері зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастырып, экология, әлеуметтік саладағы мәселелермен айналысып жүрген ұйымдар да баршылық. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы үкіметтік емес сектор осы уақытта билік пен халық арасындағы байланыс қызметін атқаратын, көпшіліктің талап-тілектерін жоғарыға жеткізе алатын іргелі ұйымға айналды. Осыған орай қазір олар тарапынан атқарылып жатқан және атқарылуы тиіс мәселелер жетерлік. Ең бастысы, үкіметтік емес ұйымдар өзара ауызбіршілікте, ынтымақтаса жұмыс істесе болғаны. Бұлай дейтініміз, Қазақстаннның азаматтық альянсының төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында «үкіметтік емес ұйымдар бірлесе қызмет еткен жағдайда үлкен қоғамдық күшке айналып, нәтижелі жұмыстар атқара алады» деп атап өткен еді. Депутаттың сөзінше, елде бірі Үкіметтен, енді біреулері халықаралық ұйымдардан гранттар мен түрлі көлемде қаржы алып, өз беттерінше жұмыс істеп жатқан ұйымдар жетерлік. Әрине олардың істеріне сәттілік. Дегенмен «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін олардың да бірауық ескергендері жөн болар еді. Жалпы азаматтық қоғамға қатысты елдегі жағдайдың бұлайша сипат алуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елде жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесі. Онда 500-ден астам үкіметттік емес ұйымдардың басын біріктіретін Қазақстанның азаматтық альянсы құрылды. Сондай-ақ осы жиында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы қабылданып, оны Мемлекет басшысы бекітті. Бұл құжатты жүзеге асыру жоспары да қабылданды. Осы орайда айта кететін мәселе, үкіметтік емес ұйымдар осы уақытта белгіленген жоспар бойынша аталмыш тұжырымдаманың бірінші кезеңін жүзеге асырып та үлгерді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдар бүгінде өзіндік даму бағыты, ұстанған мақсаты бар, ел өміріндегі біршама мәселелердің шешілуіне ұйытқы болыпкеле жатқан іргелі ұйымға айналып отыр. Алдағы болатын 4-ші форумда қоғамдағы өзекті деген мәселелер, соның ішінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты әрі қарай дамыту, адам құқықтары және әлеуметтік қызмет көрсету және ондағы үкіметтік емес ұйымдардың үлес салмағы сияқты келелі мәселелер талқыланбақ. Онда саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық ұйымдар өкілдерінен жиналған 630-ға тарта адам жоғарыда аталған мәселелер төңірегінде пікір алмасатын болады. Жиынға сондай-ақ Парламент депутаттары да қатыспақ. Жиынның алғашқы күнінде осыған дейінгі форумдарда атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, «Таным» байқауының жеңімпаздары анықталады. Онда елдегі ең үздік деген үкіметтік емес ұйымдар 15 түрлі аталым бойынша дайындалған сыйлықтармен марапатталады. Форумның екінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен пленарлық мәжіліс өтеді. Бұған қоса жиын бағдарламасына сәйкес тағы көрме ұйымдастырылады деп күтілуде.

168)«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы :елдің келешегі үшін тарихи маңызыАЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Мен «Болашақ» Президенттік бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі екендігімді әрдайым мақтан тұтамын. Бүгінде көп жылдардан кейін осы бағдарламаның өзім үшін де, жалпы елім үшін мән-маңызы ерекше екендігін түсіндім. Ол мен сияқты көптеген жас қазақстандықтардың өмірі мен тағдырын өзгертті. «Болашақ» бағдарламасының идеясы Елбасымыздың көрегендігін айғақтайтын, стратегиялық маңызды шешім болды, деп санаймын. Бұл бағдарламаның идеясын «болашақтықтардың» 2008 жылғы қаңтардың 30-ында Астанада өткен форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты ? жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами капиталы бар елге айналдыру. «Бұл ? дер кезінде көтерілген қажетті идея,-деді М. Шегебаев. - Қазақстанға ХХІ ғасырда қалай жұмыс істеу керектігін білетін адамдар керек. Олар ? кәсіби, ішкі және халықаралық үдерістерді жақсы меңгерген, мемлекеттік мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоятын отансүйгіш, басқарушы, менеджменттің алдыңғы қатарлы тәсілдерін қолдануға дайын адамдар болуға тиіс. Елбасы дәл осы туралы айтты». Бағдарламаның басты міндеттерінің тағы біреуі ? ұлттың зияткерлік әлеуетін көтеру. Президент атап көрсеткендей, білім берудің заманауи озық үлгісін, экономикалық өмірдің жетілдірілген нысандарын жұртшылық үшін қолжетімді болатындай етуіміз қажет. Қазақстанды шикізат ресурстарына тәуелсіз, индустриялық экономикасы бар мемлекетке айналдыру үшін жоғары білімді адамы ресурс қажет. «Болашақ» бағдарламасы бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірегейі болуға тиіс. «Таяу жылдарда біздерге мемлекеттік басқару үшін де, бизнес үшін де жаңа заманауи және әсерлі басқарушыларды қалыптастыру қажет болады. Қазақстанның алдына бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар, біз «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыруға талаптанып отырмыз», ? деп қорытты М. Шегебаев

169) "Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қол жеткен табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамуында бірден-бір үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер қойылды.Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынбаған еді.Оның өзіндік себептері де бар болатын.Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай жасқаншақтап, коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында жер-жерде шашыла орналасқан еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы тапсырма берілді.Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол - фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды! Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі бар, батырлар жыры бар, айтысы мен дастаны бар оннан астам кітапты анау бір жылдары шығарғанымыз есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті.Осыған байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін жасау міндеттелді. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді.Төртіншіден, кеңес дәуірінде баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар аударылған сияқты көрінетін және әлемдік классиканы түгел аударып тастағандай сезінуші едік.Сөйтсек, бұл шаруада да тындырғанымыз шамалы болып шықты.Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-жұлып қана аударылған. Әйтеуір, орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама қамтылыпты. Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің туындылары.Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы, Ресейдің Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың ескерткішін Мәскеудің дәл ортасына орнатқыздық. Бұл да үлкен жетістік болып табылады.Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу - мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.Әлемдік ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізгі мақсат етіп қойдық. Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет.Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін.Мінеки, бұдан төрт жыл бұрын менің халыққа Жолдауымда айтылған, содан кейін қабылданған және бүгін мәресіне жетіп отырған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының алдына осындай мақсаттар мен міндеттер қойылған болатын.Менің Жарлығымен құрылған Қоғамдық кеңес, оған төрағалық еткен Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мухаммед және мәдениет, ақпарат, білім министрліктері өткен үш жылда орасан зор қызмет атқарды. Баршаларыңызға зор рахмет айтайық

170)"Нұрлы көш"мемлекеттік бағдарламасы:елдің келешегі үщін тарихи маңызы «Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылышырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Қауымдастықтың тікелей ұсынысының негізінде «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды, «Халықтың көші-қоны туралы» заңының да шетелдегі қазақтардың атажұртқа оралуына барынша тиімді болып қабылдануына өз үлесін қосты. Бұл ретте мына мәселені де қадап айтқымыз келеді: Шетелдегі сан миллион қазақтардың «Нұрлы көш» бағдарламасына деген сенімі мен артар үмітінің айрықша екені бізге жақсы мәлім. Алыстағы ағайын бұл бағдарлама өздерінің атажұртқа оралуына бұрын-соңды болмаған жаңа мүмкіндіктер туғызады деп сенеді. Олардың бұл сенімі, әсіресе, өткен жылы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бұрынғы министрі Бердібек Сапарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына келіп, көші-қон мекемелерінің басшыларының, шетелдегі қазақ диаспорасы мен оралмандардың өкілдерінің басын қосып «Нұрлы көш» бағдарламасын талқылау жөнінде дөңгелек үстел мәжілісін өткізгеннен кейін ерекше арта түсті. Бұл мәжілісте «Нұрлы көш» бағдарламасының маңызы мен оны жүзеге асырудың жолдары жан-жақты талқыланды. Қауымдастық өз қарауындағы басылымдар арқылы бұл мәжілістің бүкіл әңгімесін қаз-қалпында шетелдегі ағайындарға жеткізді. Соған орай, қазір сырт жерлердегі қазақ диаспорасы бұл бағдарламаға айрықша қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге оны тиімді түрде жүзеге асыруға байланысты өздерінің ұсыныс-тілектерін де білдіруде. Төменде осы ұсыныс-тілектерді бір жүйеге түсіріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Біріншіден, шет елдерден көшіп келетін қазақтар туралы социологиялық зерттеулер жүргізу, (көшіп келушілердің тізімін кім шығарады, біз қандай мамандықтарға зәруміз, олардың білімі, мамандығы, жасы т.т.). Ғылыми іс жүргізу киын, онымен кім айналысады? Қауымдастық жанында ғылыми орталық бар,ол өз деңгейінде ғана жұмыс істеп жатыр. Ғылыми зерттеулер болмай, дұрыс сараптама жасалмай бұл іс алға басуы қиын.Екіншіден, бүгінгі таңда атажұртқа оралуға ерекше ынта-ықылас білдіріп отырған Өзбекстан, Қытай, Моңғолия және Түркіменстан қазақтары. Тіпті Монғолиядан Атамекенге көшуге бел байлаған 650-ден астам адам тіркеліп, құжаттарын дайындау үстінде. Бұл жөнінде Монғолия қазақтарының мәдени орталығының төрағасы Хабсатар Омарұлы өзі Сіздерге баяндайды."Нұрлы көш" бағдарламасына кіру тәртібі қандай, кім реттейді, Көші-қон комитетінің өкілдері бір елге барған емес. Арада делдалдар жүреді. Мыс: Өзбекстан...Ал, жоғарыдағылардың ішінде көші-қон жөнінен қиындыққа көп ұшырайтын – Қытай қазақтары. Бұл елден Қазақстанға міндетті түрде виза алып келу керек. Бірақ виза мәселесін шешудің кедергілері көп. Әсіресе, бүкіл отбасымен келудің толып жатқан қиындықтары бар. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында көші-қон туралы келісім-шарт жоқ. Және жақын арада ондай келісім-шарттың қабылдануы да екі талай. Сондықтан да Қытай қазақтары Қазақстанға тұрақты тұруға, негізінен, туыстық шақырту жасату арқылы келеді. Қазір мұндай шақыртулар ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы басқармасы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және Көші-қон комитеті арқылы жүзеге асады. Міне, осы үш мекеме бірлесе отырып Қытайдан тұрақты шақыртудың оңайтылған бір жүйесін жасағандары жөн. Қытайдың кейбір аудандарында төлқұжатқа кісінің фамилиясын жазбайды. Міне, осындай паспортпен келген қазақтар Қазақстанда фамилиясы жоқ болғандықтан біраз қиындықтарға кездеседі. Осы мәселені де шешу керек. Сондай-ақ, қытай транскрипциямен қате жазылған аты-жөндерін де кириллицаға түсіргенде (Азаматтық төлқұжатын алғанда) дұрыс жазып беруді шешу керек. Мыс: Гүлзира – Гүлизила, Серік – Селике, Шаймұрат – Шаймұлати, Жарқын – Жакин т.т. Мұндай қателіктер барлық елден келетіндерде кездеседі. Жолдас - Джолдас, Омар – Умар, Уатқан –Уватхаан, Бақытгүл – Бахатгул т.б. Қытайдан келетін оралмандар Үрімжі қаласындағы Қазақстанның Консулдық бөлімшесінен виза алады. Бірақ осы Консулдық бөлімше дұрыс жұмыс істемейді, жұрт ұзақ уақыт, тіпті бірнеше ай бойы кезек күтеді деген әңгімелер жиі айтылады. Бұл жөнінде Қауымдастыққа арыз-шағым айтып келушілер де баршылық. Жылдағы жағдай қайталануда, негізінен делдалдарға жол беріп отырмыз.«Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы мәселеге де айрықша көңіл бөлінсе дейміз.Сондай-ақ Қытай мен Монғолиядағы қазақтар атажұртқа өздерінің жекеменшік малдарын алып өткісі келеді. Осы екі елдегі қазақтардың ежелгі асыл тұқымды малдары жақсы сақталған. Оларды Қазақстанға әкеліп өсіру өте тиімді.

171)Қазіргі Қазақстанның демографиялық даму. Қазақстандық көпбағдарлы демографиялық саясаттың жетістіктерін 2009 жылғы ұлттық Халық санағы айқындап берді. Ана мен баланы қорғау, гендерлік саясат, отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыру, бала тууды ынталандыру, халықтың орташа өмір сүру жасын ұзарту – осының бәрінде де Қазақстан алға ілгерілеп келеді.Атап айтар болсақ, бала туу көрсеткіші 25 пайызға артты, ал адам өлімі 11 пайызға төмендеді. Халықтың табиғи өсімі 1,7 есеге көбейді. Алдағы уақытта да демографиялық ахуалды жақсарта түсуге бағытталған ірі міндеттер жүзеге асырылмақ. Мәселен, халықтың орташа өмір сүру жасын 72-ге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар халық санын 18 миллионға жуықтату, ана мен бала өлімін 2 есеге төмендету міндеті қойылып отыр.Тағы бір қуанышты дерек, мемлекетті құраушы қазақ халқының үлесі артып келеді. Бұған тәуелсіздік жылдары шекара асып, атамекенге көшіп келген 800 мыңнан астам қандастарымыздың да қосып жатқан үлесі бар. Соңғы Ұлттық халық санағы елдегі қазақтардың үлесі 64 пайызға жеткенін көрсетті. Жалпы арғытегі бір, туыс этностарды қоса алғанда, 70-72 пайызды құрайды. Демек, қазақтың демографиялық дәлізі кеңейіп келеді деуге негіз бар.Демографиялық даму ұлттық құндылықтарымызды да ілгерілетуге серпін берері анық. Билеуші элита барынша байқап-бағамдап, мемлекеттік тілге деген қажеттілікті арттырып келеді. Билік ұстанып отырған осы мемлекеттік тіл саясаты арқылы ақырындап, сондай-ақ осы демографиялық дамумен тіл түйткілін шешіп алуымызға зор мүмкіндік бар. Демографиялық ілгерілеу тілдік ортаны өздігінен қалыптастыра алады. Яғни тілдік орта қоғам тарапынан мығым қалыптасып үлгерсе, мемлекеттің тікелей араласуынсыз да ана тілімізді армандаған деңгейге жеткізе аламыз. Тілдік ортаның ұйтқысы болар жергілікті ұлт өзіміздің тіл ге деген құрметіміздің таяздығы да басты себеп болып келеді. Байқап қарасақ, бүгінде халық санының өсуімен тілдік орта өзі-ақ қалыптасып келе жатқаны сезіледі. Өз кезегінде мемлекеттік билік ыңғайын тауып және осыған демографиялық салмақты ескеру саясатын белсендіре беруі тиіс.Дегенмен демографиялық ахуалға алаңдаушылық жоқ десек, ақиқаттан аттаған болар едік. Қоғамның тұрақты дамуы мен оның қауіпсіздігі үшін елдегі халықтың саны салыстырмалы деңгейде жеткілікті болуы керек. Демографиямыздың ақсақалы Мақаш Тәтімов Қазақстанның жалпы әлеуеті 50 млн халықты кеңінен қамтамасыз ете алады деп санайды. Ал белгілі ғалым-идеолог Жанұзақ Әкімнің есебінше, еліміздің территориясы өте кең, сондықтан бүгінде Қазақстанда коммуникациялық желілерді, автожолдар, теміржолдар, су құбырларын салу үшін әрі мұның тиімді болуы үшін елдегі халық саны 60 миллион болуы керек. «Сонда бұған салған қаржының тиімді қайтарымы болады. Онсыз су, газ құбырларын жүргізе алмаймыз. Бұл тиімсіз болған соң, экономика көтерілмейді. Қазіргі кезде Қазақстан демографиясы үшін маңызды бірінші ресурс – шеттегі ағайындар. Екіншіден, жалпы өсімді қолдауымыз қажет» деген пікірде Ж.Әкім.Демографиялық өсімге сырттағы қандастарымыздың оралуы айтарлықтай серпін бергенін жоғарыда атап өттік. Осы тұста арнайы қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасы орынды саяси шешім болды. Оралмандарға еліміз барынша жағдай жасауға тырысады. Қазақстанның дербес демографиялық саясатының өзіндік адал әрі биязы әдіс-әрекеттерді қалыптастыра отырып дамуы болашақта қазақ сияқты өр рухты халқымыздың елдігін нығайтары хақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз»,- деген еді. Ал Қазақстанымыздың ұлттық бәсекелестігін арттыратын ең маңызды фактор – бұл адам ресурсы. Қазақ қашанда мал басын өсіремін деп жүріп, жан санын, яғни, өз санын да өсіру керектігін ұмытпауымыз абзал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]