Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
180_taza.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
08.09.2019
Размер:
439.38 Кб
Скачать

14. Түркеш мемлекеті.

Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талас алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

15.Қарлұқ қағанатының тарихы.

Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.Астаналары-Суяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.

Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап,

қарлұқтар бостандығын мәлімдеді.Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр.Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар Алатауы,Сырдарияның орта ағысы,Балқаш Ыстықкөл,Іле,Шу,Исфиджаб,Отырар төңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған:Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б.IXғ.аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады. Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды. Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе кедейлері Сырдариядан,Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді.

16.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы. Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Өытай деректерінде кездеседі.Мекендеген жерлері Алтайдың солтүстігінде,Ертіс бойында.Қытай дерегінде яньмо деген атпен белгілі.Астанасы Қимақ,екінші астанасы Карантин(Алакөл маңы).Билеушісі қаған.Қимақтар құрамы тайпадан тұрады.Ең атақтылары:эймур,байандур,татар,ланиказ,ажлар,имек,қыпш Қағаннан екі саты төмен атақ ябғу.Билік мұрагерлікпен берілген.Жеке тайпа көсемдеін шад түтік деп атады.Саяси жағдайы: әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Сыр бойындағы оғыздармен бірге бейбіт,бірде соғыс жағдайында болған.10ғасырдан бастап қарахандықтардың шабуылы басталды.Қимақ қағанатының құлау себептері:ішкі тартыстың күшеюі,қыпшақ хандығының жиі шабуылы,көрші тайпалардың шабуылы.10ғасырдағы қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған.Қимақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Қимақтардың кейбір топтары қыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді.Оларда жылқы,қой,ешкі өсіру маңызы болған және олардың өнімдерін пайдаланған.Сонымен қатар,олар аң аулау,балықаулаумен де айналысқан.Қимақтардың кейбір топтарында отырықшы және жартылай отырықшы топтарда кездесті.Және олардың тағы бір шаруашылығы,егіншілік.Деректерге қарасақ олар,тары,бидай,арпа,және жүзім мен күріш өсіруде кездеседі.(9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі

17.Оғыздар мемлекеті:этно саяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.Оғыз тайпаларының өзегі Жетісуда қалыптасқан.9ғасырдың соңы мен 10ғасырдың басы Оғыз мемлекеті құрылды.Аумағы Сырдарияның орта және төменгі.Астанасы Янгикент,билеушісі жабғу.Орынбасары Күл еркін.Әскербасы сюбашы.Басқарушының ұрпақтары иналдар.Оларды атабектер тәрбиелеген.М.Қашғаридың дерегі тбойынша ,оғыз одағында 24тайпа болған.Ал Әл Марвизидің жазуы бойынша оғыз одағы 12тайпадан тұрған.Оғыздардың сыртқы саясаттағы мақсаттары:Қара теңіз,Дон өзені бойындағы жайылымдардың иемдену,Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолына шығуы.Сонымен қатар,оғыздар 965жылы Кикв Русьінің князі Святославпен одақтасып,Хазарларды талқандады.Ал 985жылы княз Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандады.10ғасырдың 2ші жартысында салықтың ауыртпалығынан халық көтерілістері жиіледі,мұны селжұқтар пайдаланды.1043жылы Шахмәлік осы Селжұқтардың қолынан қаза тапты,ол соңғы билеуші болған. Мемлекеттің әлсіреу себептері:селжұқтармен соғысы,ішкі талас тартыстар,қыпшақ тайпаларының шабуылдары.11ғасыр басында оғыз одағы ыдырап,қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді.Шаруашылығы мал шаруашылығымен айналысты.Жартылай көшпелі және жартылый отырықшы.Олардың тұрақты қысқы және жазғы жайылымдары болды. Жазғы жайылымы Каспий теңізінің далалы аймағы.Қысқы жайылымдары Арал теңізі жағалауы,Сырдың төменгі және жоғарығы ағысы.Ибн Хаукал дерегі бойынша Түркістан аумағында елтері беретін қойлар көп өсірілген. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті

18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

19. Қарахан мем\ң қалалық мәдениеті және экономикасы. І мыңжылдықтың аяғында – II мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында өндіргіш күштер мен феодалдық қатынастардың дамуы жаңа кезеңге аяқ басты. Х ғасырдың орта шенінде Жетісу территориясында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде феодалдық құрылы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинаұтаған Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап, Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды, одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті. Саяси құрылымы. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығынуына қарай қалыптасты. Қарахан державасында жоғарғы өкімет тек сырттай ған патриархаттық қауашақпен қапталды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия принципіне негізделді.Мемлекет басшысы- қаған. Сонымен бірге Қарахан әулиетінің басшысы ретінде болды, бірақ оның өкіменті іс жүзінде ілек атағын алған үлестік жерлерді билеушілермне шектелген еді. Қағанның сарай маңындағы адамдары мен чиновниктерінен тұратын штаты болды. Ең жақын адамдардың бірі уәзір болды(ханныі еі жақын көмекшісі мен кеңесшісі). Хан сарайы, оның басты ставкасы мемлкеттік және әкімшілік басқарудың орталығы болды. Сарай адамдарына сарай күзетінің бастығы(қапығ башы), есік қорушылар(қорыөшылар), қазынашылар, аспазшылар және басқалар жатты. Қарахан мемлекетінің қалалық мәдениетінің дамуы нәтижесінде қолөнер, көзе жасау шеберханалары дамыды. Атақты қалалары Самарқанд, Бұхара, Тараз қалалары сауда орталықтары болған еді. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде қалалардың көшелері, салынған үйлері, шаруаға қажетті бөлмелер аршылған еді. Х-ХІІ ғ. қалаларындағы басты жаңалық- мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы. Тағы да жаңалық шығыс моншасы салынуы. Қарахан мемлекетінің қалаларының құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол рабадтың қалыптасуы, махаллалар көлемінің ұлғаюы, мешіттер мен моншалардың салынуынан көрініс табады.

20. Қыпшақтардың этникалық құрамы – VІІ – VІІІ ғ.ғ құрыла бастады. VІІІ-ХІ ғ.ғ. аралығында қыпшақтар қимақтардың құрамында болған еді. ХІ ғ. ортасында қыпшақтардың бір бөлігі – Еділ өзенінін батысқа қарай жылжыды. Осылайша, этникалық құрамы 2 бөлікке бөлінді: 1) Батыс бірлестік (оң қанат), астанасы – Сарайшық қаласы (Хғ. іргесін қалаған), бұл бірлестікке – 11 тайпа енді. 2) Шығыс бірлестік (сол қанат), астанасы – Сығанақ қаласы, бұл қанатқа – 16 тайпа кірген. Қыпшақтар туралы тарихи деректер. Қыпшақтарды орыстар – половецтер, сорочиндер деп, Еуропа саяхатшылары – кумандар деп атады. Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың айран мен майдан қалай құрт алатындарын жазды. Мәселен, далада шөлдеп келе жатқан – В.Рубрукке қыпшақтар алдынан шығып, айран ұсынған. ХІІІ ғ. еврей саяхатшысы – Петахья өз жазбаларында қыпшақтардың тары мен күріш өсіретіні туралы жазған. Әл – Омари қыпшақтардың көшу жолдары туралы жазды. ХІІІ-ХІV ғ.ғ. қыпшақтардың – «Қобыланды батыр» эпосында қыпшақ халқының қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысы баяндалған. Қоғамдық- саяси өмір Қыпшақ тайпаларының ең беделдісі – бөрілер деп аталды. Қыпшақ хандары тек осы ел бөрілі тайпасынан шыққан.Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын М.Қашқаридың құлды қыпшақ тілінде «яланкуг» деп атағандығынан көре аламыз Қыпшақтарда байлықтың негізгі өлшемі – жылқы боп есептелді. Қыпщақ хандығы. Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.

21. VI-XIIғ. Түркі тайпаларының мәдениеті. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды. Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.

22. Көне түрік жазуының ескерткіштері. Көне түркі жазба ескерткіштері. Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Табылған аймақтары. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. Қазақстан жерінде Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.[2]

23. Түркі тайпаларының наным-сенімдері мен салт-дәстүрлері. Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке біріктіретін фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің, А. Тойнбидің, О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени типтердегі діни ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты білдіретін нышан ретінде баяндалады. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды. Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ор­тақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес. Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен қатар дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу арқылы, қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған жөн. Нақтылы тарихи даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып, тұтасып кеткен.Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму кезендерінде генотиптік діни жүйелер басым болды. Профессор Т.Ғабитов генотиптік діни жүйеге төмендегідей анықтама береді: “Генотиптік діни жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тән ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі –аруақ”. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі. Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз санаған. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа деген көзқарас айқын көрініс тапқан. Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған ашин тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған.Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады. Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырады.

24.VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.Біріншісіне:•Антоновка, Дүнгене, Шілік; Екіншісіне:•Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; Үшіншісіне:•Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан. Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]