Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері

Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың құндылығын анықтау үшін туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу қажет.Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялы қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктеріне сәйкес технологиялық дәрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғи және антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа: табиғи және әлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи) ресурстарға бөлуге болады. Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, «табиғи рекреациялық ресурстар» – бұл белгілі уақыт ішінде

адамдардың демалысын ұйымдастыруға арналған, рекреациялық іс-әрекет үшін қомфортты қасиеттері бар табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер мен табиғи құбылыстар. «Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға» тарихи-мәдени объектілер (ескерткіштер және атақты жерлер, мұражайлар және т. б.) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік және т. б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан мате-риалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жағынан жылжымайтын және қозғалатын ресурстар болып топтастырылады.Материалдық ресурстар өндіріс құралдары мен қоғамның басқа да материалдық құндылықтарының жинағын біріктірсе, рухани ресурстар – қоғамның жетістіктерін білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан қамтиды.Қозғалмайтын ресурстар тобын тарихи ескерткіштер, сәулет өнерінің объектілері, археологиялық және монументтік құрылыстар құрайды.Жылжымалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық заттар,минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және оңай қозғауға болатын заттар жатады. Мұндай ресурстар тобы әдетте мұражайларда, кітапханаларда, мұрағаттарда шоғырланады.Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілері бойынша бес түріне: тарихи, археологиялық, сәулет өнері және қала құрылыстық, өнер ескерткіштеріне, дерекнама ескерткіштеріне бөлінеді. Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады. Археология ескерткіштеріне қалашықтар қалдықтары, обалар, ескі үйлердің орны, бекіністер, өндіріс және су құбырлары, тасты мүсіндер,тастағы бейнелер жатады.

Сәулет өнері мен қала құрылыстық ескерткіштеріне сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, алаңдар, кварталдар, көшелер, ежелгі қалалардың қалдықтары; азамат-тық, өнеркәсіптік, әскери, діни сәулет өнерінің ескерткіштері, халық сәулет өнерінің ескерткіштері және осылармен байла-нысты монументалдық, бейне, декоративті-қолданбалы, бақ-парк өнерінің ескерткіштері жатады. Өнер ескерткіштеріне бейнелеу өнері, декоративті-қолданбалы шығармалар және басқа да өнер түрлерін жатқызуға болады.Дерекнама ескерткіштері – бұл мемлекет билігінің актілері, бейне-,фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар.Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға тарихпен,мәдениетпен және қазіргі адамдардың іс-әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық бақтар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халық дәстүрлері және т. б. Туризмнің әрбір түрінің ресурстары өзіне тән ерекше ресурстар болып табылады. Санаторлық-курорттық емдеу үшін минералды сулар мен балшықтар, ауа райы мен климат, үңгірлер мен тұз қазбалары (спелеотерапия) қолданылады. Сауықтыру демалысы үшін жайлы, қолайлы климат, жұмсақ маусым, су, өсімдік, жер бедері және ландшафтың басқа компоненттері қажет. Спорттық туризм үшін жорық жасау мүмкіндігі, белгілі қиындық дәрежедегі кедергілер, арақашықтық, жұрттың тығыз орналаспауы және т. б. қажет. Экскурсиялық туризмнің нысандарына келсек, олар мынадай: мәдени-тарихи және табиғи нысандары, қайталанбайтын шаруашылық нысандары, фольклорлық мерекелер мен халық мәдениетінің элементтері (ұлттық ойындар, қолөнер, қолданбалы кәсіптер).

Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары мынадай:

1) ТРЖ-нің әлеуеттік сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері(минералды сулар дебиты; қолайлы рекреациялық аумақтардың көлемі,туристік орталықтардың экскурсиялық әлеуеті); игерілу деңгейі,жүктемелерді реттеу;

2) потенциалды рекреациялық жерлерді анықтауға және санитарлық қорғау шеңберлерін орнатуға мүмкіндік беретін ресурстардың таралу ауданы (сулы қабаттардың көлемі, жағажайлардың аумағы, территорияның суғарылуы, орман аумағы, тұрақты қар жамылғысының шекаралары);

3) туризм маусымын, туристік ағымның ырғақтығын анықтайтын эксплуатациялық кезең (климаты қолайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы);

4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;

5) ақша капиталының аз жұмсалуы және пайдалануға кететін шығындардың тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға және әлеуметтік-экономикалық нәтиже алуға, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін жеке қолдануға мүмкіндік береді;

6) табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация және сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреациялық ресурстарды көп рет пайдалану мүмкіншілігі

15. Территорияға рекреациялық баға берудің критерийлері мен әдістемесі,табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстарға баға берудің әдістемесі, территорияның тұтас туристік потенциалы туралы түсінік

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп,жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты.Мәдени және тарихи объектілерінің туристік-рекреациялык ресурстардағы маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуының негізгі алғышарты табиғи орта болып табылады.

Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.

Рекреациялық табиғи шарты ретінде табиғи-аумақтық және аквалды кешендер және олардың компоненттері мен жеке қасиеттері болып табылады, олардың ішінде аттрактивтілік, контрасттылық, кедергілерден өту мүмкіндігі, экзотикалық, қайталанбайтын немесе үлгі болатын сипаты, табиғи нысандарының ауқымы мен формасы және олардың орналасуы.

Алғашқыда табиғи ресурстар мен аумақтар санаторлық-курорттық яғни емдік мақсаттарда бағаланған. Кейін табиғи кешендердің рекреациялық бағалану қағидаларына, әдістемесіне және критерийлеріне назар аударыла бастады. Ресурстар мен шарттар демалыс пен туризм ұйымдастырушылар жағынан да, саяхатшылар жағынан да қарастырылғандықтан оларға баға беру өте қиын. Табиғи әлеуеттің демалыс пен туризм үшін баға беру критерийлерін көптеген ғалымдар іздестіруде. Осындай зерттеулердің ішінде Л.И. Мухинаның «Принципы и методы технологической оценки природных комплексов» еңбегін атап айту қажет. Л.И. Мухина рекреациялық баға беру мәселесін әлеуметтік мәселелер қатарына қояды. Бұл жұмыста аумақтың рекреациялық әлеуетін демалушылардың демалыс шарттарына деген көзқарастарына негізделген баға беру нұсқаулары берілген. Мұнда табиғи ортаныңдемалысты ұйымдастыру үшін физиологиялық жайлылығы мен ландшафтардың, табиғи және мәдени-тарихи нысандарының әлеуметтік-психологиялық аттрактивтілігін ескеру ұсынысы берілген. Қазіргі кезде аумақты бағалаудың бірнеше әдістемесі жасалған. Алайда, ғылымның медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық салаларында демалушылардың табиғи кешендеріне қоятын талаптары әзірше дұрыстап анықталмаған.

Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайына баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, мұнда пейзаждың тартымдылығы, экзотикалығы, қайталанбайтындылығы бағаланады.Баға беру субъекті мен объектінің арасындағы қатынастарды көрсетеді.Сондықтан баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

1) баға берудің объектісін анықтау, яғни табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;

2) субъектіні анықтау, оны позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады;

3) зерттеудің мақсатымен және субъектінің қасиеттерімен анықталатын баға берудің критерийлерін бөлу;

4) баға беру шкалаларының көрсеткіштерін құрастыру. Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар:

1. Медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға беру – демалысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дәрежесін табу;

2. Психологиялық-эстетикалық баға беру – демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;

3. Технологиялық баға беру – мамандандырылған және кешенді ТРЖ қалыптасуының мүмкіндіктерін және туризмнің әралуан түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

Ресурстардың құндылығын анықтау және олардың түрлерін тиімді пайдалану үшін, рекреациялық ресурстардың кешенді сипаты баға берудің үш түрін үйлесімді болуын қажет етеді. Баға берудің медициналық-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық-биологиялық баға бергенде климат басты рөл атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарға баға беру әдістері жүйесі ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі. Климатқа рекреациялық баға бергенде адам организмінің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру қажет. Медициналық-биологиялық баға берудің келесі әдісі – кешенді климатологиялық әдісі. Бұл әдіс адам организміне тигізетін метеорологиялық элементтер кешенінің әсерін ескереді. Бұл әдіс арқылы «тәулік ауа райы» мен «бір мезет ауа райын» және ауа райы өзгеруінің жылдамдығын сипаттауға болады. «Тәулік ауа райы» түсінігін қолдану себебі адам ағзасының көптеген функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы.Алдында өткен түн мен келесі күннің метеорологиялық жағдайлары бір-бірімен байланысты, бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау үшін өте маңызды. Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау үшін ең қолайлы тәсіл –

ландшафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті ретінде синтетикалық бірліктер – табиғи аумақтық кешендер болады. Бірлік дәрежесі зерттеу және оған сәйкес карталардың масштабымен анықталады:орта масштабта – аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері(жергілікті жерлер), ірі масштабта – урочище (мекендер) мен фациялар.Ең алдымен рекреацияның шектеулер сұлбасы құрастырылады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кірісуге болады. Шектеуші факторлар мынадай болуы мүмкін: климаттың қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардың кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық-курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс жерінің жетіспеуі және т. б. Алдын ала табиғи аумақтық кешендердің қазіргі пайдалану сұлбасы құрастырылады және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]