Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
258
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністері;адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.

2. Рекреациялық география және туризм географиясы - ұғымдар арақатынасы.

3. Туризмнің даму тарихы.

4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.

5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты - туризм географиясы, оның объектісі, пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері.

6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.

7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық және концептуалдық анықтамалары.

8. Қазіргі туризмнің классификациясы.

9. Туризм формаларының сипаттамасы.

10. Туризм класстарының сипаттамасы.

11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.

12. Туризм географиясының географиялық және басқа да ғылымдар жүйесінде орны.

13. Туризм дамуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.

15. Территорияға рекреациялық баға берудің критерийлері мен әдістемесі,табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстарға баға берудің әдістемесі, территорияның тұтас туристік потенциалы туралы түсінік.

16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.

17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері.

18. Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау.

19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.

20. Туризмнің концептуалды моделі.

21. Туризм индустриясы туралы түсінік.

22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мәні мен маңызы.

23. Туристік өнім туралы түсінік.

24. Туризм менеджменті туралы түсінік.

25. Туризм маркетингі туралы түсінік.

26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.

27. Туристік өнімнің құрылымы.

28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.

29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.

30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.

31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.

32. Салалық әлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік және рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.

33. «Туристік аудан» түсінігі.

34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым:түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.

35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.

36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына әсері.

37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.

38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.

39. Туризм және табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға әсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.

40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер:рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризм индустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.

41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер,туристік орталық, туристік аудан.

42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.

43. Туризм географиясы – қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пәні, зерттеу әдістері, мақсаттары мен міндеттері.

44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.

45. Туризм географиясының зерттеу облысы.

46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.

47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.

48. XVІІ және XVІІІ ғасырлардағы туризмнің дамуы.

49. ХІХ және ХX ғасырлардағы – ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.

50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.

51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.

52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.

53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы және әлеуметтік топтары бойынша классификациясы.

54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.

55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.

56. Қимыл іс-әрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.

57. Рекреациялық туризмнің түрлері.

58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.

59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.

60. Туроператор мен турагенттің қызметі

1.Ғылыми-техникалық революция.Оның оң және теріс көріністері.Адамның физ-психо куштерін қайта қалпына келтіру

Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғыл.-тех. және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.

Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-тех. жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғыл.-зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғыл. ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-тех. бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.

Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мыс., табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғыл.-тех. жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді

2.Рекреациялык география және туризм географиясы-ұғымдар арақатынасы.Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70 жылдарында рекреациялық гографиясы мен демалыс географиясы кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бурын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады.Кейбір авторлардың пікірінше бұл атаулар тең дәрежеде қолданылса,ал ГФР-да бос уақыт географиясы жиі қолданылған.Осы пәндерді бір-бірінен бөліп тусіндірген ғалымдар П.Жорж(Франция) В.СюПреображенский мен Ю.А.Веденин(КСРО) И.Матцнеттер(ГФР) Б.Барбье(Франция) Ф.Хейллайнер(Канада) болды.Бурынгы КСРО кезеңінде рекреациялық жане туризм географиясы әртурлі ғылым ретінде қабылданған.Ең алдымен рекреациялқ география қабылданды.Туризм географиясы болса КСРО ыдырағанға дейін дурыс дамымады.Бул екеінің ара-катынысы: рекреациялық география-бұл мәні жағынан демалыс пен туризм географиясы.Гография ғылымдарының ішінде де бұлардың алатын орны туралы әр турлі пікірлер болған.Кейбіреулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса,басқалары оларды қоғамдық ғылымдарға жатқызады.Бұл мәселені шешу үшін ғылымдардың зерттеу обьектісі мен пәнән қарастырылады.Көп ғалымдар бұл екеуін бір мағыналы емес десе де,бір-бірімен тығыз байланысты екі турлі ғылыми пән және қлғамдық география пәнінің саласына жатқызады.Оладың айтуынша бул екі ғылым халық шаруашылығының екі саласы-рекреациялық сала мен туризм жүйесін зерттеп түсіндіреді.Өйткені бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын салаға жатады.Олардың негізгі өнімі-рекреациялық және туристік қызметтер.Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып,елге әлеуметтік экономикалық табыс әкеледі.Э.Б.Алаевтың айтуынша қоғамдық географияның зерттеу обьектісі ретінде қарастырылатын ойкумена-қоныстанған,игерілген,қлғамдық өмірдің орбитасына кіретін жердің географиялық қабығының бір бөлігі.Ойкуменаның әр сферасы кеңістікте күрделі түрде уйымдастырылған.Мысалы,экономикалық сферасы әлеуметтік-экономикалық аудан түрінде,демографиялық сферасы-халықтың орналасуының аумақтық экономикалық жүйесі ретінде,әлеуметтік сферасы-мемлекеттер түрінде ұйымдастырылған.1971 жылы кеңес одағы әдебиетінде В.С.Преображенский мен ю.А.Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз революциялық өзгерістерге ұшырап,1975 жылы соңғы нұсқасы қабылданды.Сол нұсқа бойынша рекрациялық география географиялық пәндерге жатады.Территориялық рекреациялық жүцелердің пайда болуы,орналасу заңдылығын зерттеу,сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінің ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады.Туризм географиясы экономикалық пәндерге жатады.Оның зерттеу пәніне:шаруашылық кешенінің қалыптасуында тіризм мен туристік әрекетінің рөлі; туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді.Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу обьектісіне ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі жатады.Ал екеуінің зерттеу пәндері рекреация мен туризм анықтамалары тең болмағандықтан әр түрлі болады.Рекреациялық географияның пәніне халықтың рекреациялық әрекетінің аумақтық уйымдастырылуы, ал туризм географиясының пәніне туристік әрекетінің аумақтық уымдастырылуы жатады.Ал осы пәндердің әрқайсысы өз саласының іс-әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуын ТРЖ арқылы зерттейді.

3.Туризмнің даму тарихы.Туризм қоғамдық,шаруашылық және кеңістік құбылыс ретінде ежелгі заманнан бері дамып,мол дәстүрге ие.Туристік әдебиеттерде туризм дамуын кезеңдерге бөлу бөлу жайында Унцикер,Мариотти,Пжеславский секілді ғалымдар ортақ еңбегіндекөптеп айтылады.Туризм келеси кезеңдерге бөлінеді:1) 18 ғасырдың соңына дейін а)ежелгі кезең; б)орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуірі; с)17-18 ғасырлардағы туризм 2)19-20 ғ.-2 дүние жүзілік соғысқа дейінгі кезең 3)Қазіргі заманғы туризм. Ең ежелгі саяхаттар б.з.д. 4 мың жылдықта Мысырда діни негізіндегі саяхаттардын пайда болуымен байланысты.Тұңғыс саяхаттардың бірі-б.з.д. 1501-1484 ж. Хош иістер елі Пунт жеріне жасалған саяхаттар.Оны Мысыр ханшаймы Хатшепсут уйымдастырған.Б.з.д. 2000 ж. Мысырлық Синухит Кедемге сапар жасап,оны Синухиттің шытырман оқиғалары аттты папирусында суреттеген.Мысырдағы туристік саяхаттар қалаларды кқріп,жасанды көлдер,шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды.Кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхатшылардың назарын удара бастады.Алайда,жақсы дамымаған жол тораптары мен сапалы түнеу уйлері мен арзан асханалардың тек қана ежелгі Грекия мен Римде болуы саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді.Туризм ол кезде ешқандай табыс көзі болмады.Жол тораптарының маңызын теқ қана парсылар ұғынып,ұзындығы 3 мың км жететін мемлекеттің шеткі аймақтарын бір-бірімен байланыстыратын патша жолдарын салды.Алайда,антикалық туризмнің гүлденуі Грекия мен Риммен байланысты.Аталмыш мемлекеттерде туризимнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінген.Осыдан 2300 ж. Бұрын Ксенофонт Пирей портында сауда орындары мен мемлекеттің қонақ уйлер құрылысына ұсынған,оның пікірінше,бұлар табыс әкеледі деген сенімде болды.Ежелгі гректер б.з.д 8 ғ. Өзінде саяхаттарға аттанды.Олар мысалы Олимпиада ойындарына қатысушылар немесе көрермендер ретінде қатысқан.Гректер жолдары нашар болғандықтан көбінесе теңіз арқылы саяхат жасаған.Римдіктер өте жақсы дамыған және сапалы жолдар салған.Жолдар алғашқыда әскери мақсатында салынған,кейіннен бұл жолдарда басқа да мақсаттар пайдаланыла бастады.Римдіктер сауықтыру мақсатында жылы су көздеріне және куроттарға барып тұруды жақсы көрген.Емделу орындарымен қатар,жазда тау мен теңіздерге барып демалуды жақсы көрген,ең суйікті демалыс орындары Неаполь шығанағы маңындағы орындар болған.Ежелгі Римде сапарлардың екі маусымдық сипаты байқалады және демалушылардың көпшілігі жазды күні демалуды қалаған.Сапар шегішілердің тағы бір бөлігі діни мақсатта саяхат жасаған пилигримдер болған.Ең белгілі орындардың бірі Олимпиада Зевс құрметіне мереке өткізген.Орта ғасырдарда туристік қозғалыс бәсеңдей түсті.Ішкі жағдайлары тұрақсыз мемлекеттердің құрылуы бұрын соңды болмаған кедергіге әкеліп соқты.Тек б.з. 7-8 ғ. Қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып,аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.Император Константин кезінде Иерусалимде Иса пайғамбардың табыты устынде храмдар салынды.4 ғасырда қасиетті жерге мінажат ету сапардалы бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалық,табынушылар арасында жиілеп шетел туризміне айналды.Бірте-бірте әскерлердің,саудашылардың қозғалысына ықпал еткен крест жорықтары;танымдық,көңіл котеру,емделу мақсатындағы саяхатар географиялық білімнің дамуына септігін тигізді.Осының барлығы келешектегі географиялық ашулардың алғы шарты болды.Осының нәтижесінде халықтың көшіп қонуы ұлғайып,сауда және мәдени байланыстар одан әрі дамыды.17-18ғ. Туризм 17 ғ. Еуропада таза туризм формасы пайда болды.Бұл,К.Либереннің айтуынша,танымдық,емдік немесе демалыс мақсаттарындағы саяхаттарды қамтыды.Сонымен қатар,елеуметтік туризмнің жандануынан Еуропа мемлекеттерінің оқушылары табиғат аясына қыдыра бастады.17 ғ. Грандтур әйгілі бола бастады-бүл ауқатты адамдардың континетке саяхаты,грантурдың арқасында адамдар оқуын бітіріп,Жерорта теңізін көріп,өркениеттің шығу тегін танып,сауаттанып қайтуына мүмкіндік туды.Алғашқы бұқаралық саяхаттар Англияда ұйымдастырылды.1841 ж. Т.Кук 600 адамды Лейстерден-Лафбороға темір жол көлігімен апарып алып қайтты.Арзан билетпен көп адамдарды тасымалдау қымбат билетпен аз адамды тасымалдау әлдеқайда тиімді деп Томас Кук Англия компаниясын сендірді.1845 ж. Ливерпульге саяхат жасады.1847 ж. Кук ұйымдастырған билеттер тек Англияға ғана емес басқа елдерге сатты.1963 ж. Швейцарияға экспидиция жасады.1872ж. жерді 20 саяхатшымен 220 кунде айналу саяхаты ұйымдастырылды. 19-20ғ-2 дун.ж. соғысқа дейінгі туризм 19 ғ. Еуропалық туризм элитарлық келбетке ие болып демократиялана бастады.Кейде оны аристократиялық туризм деп те айтайды.Оған коптеген факторлар әсер етті:Көлік құралдарының дамуы,өнеркісып дамып халық жағдайның өсуі,урбандану,бос уақыттың өсуі,қоғамның мәдени деңгейінің өсуі,туризмнің мемлекеттік саясаты.Ең алғанқы темір жол желісі-Манчестер-Ливерпульде 1825 ж. Англияда салынды.Бұрын бірнеше кундерге созылған саяхаттардың бару уақыты қысқарып бірнеше сағатта ғана жететіндей болды. 18 ғ. Бастап Ресейде курорттардың дамуы Ұлы Петрдің бастауымен болды. 1803ж. Ресейдің ең ескі курорттары Кавказ минералды Суларның курорттары болып табылады:Пятигорск,Кисловодск,Ессентукки,Железноводск,.Будан кеінірек 1805ж. Липецк, 1815ж. Старая Русса, 1833 ж. Сергеевск Минералды Сулары, 1838ж. Юрмала. Қазіргі заманғы туризм 1943ж. Горельник турбазасында Кеңес Армиясының тау аткыштар инструкторларын дайындайтын мектпе ашылды кейіннен бул республика үшін альпинистер мен тау шыңғышылар мамандарын дайындаулар жұмысын бастады. 1955 ж. Есік көлінің жанында Есік турбазасы уйымдастырылды.Ұзақ уақыт өтпей сел қаупінен бул турбазалар жойылды. 1961 ж.Қарағанды облысында Карқаралы турбазасы. 1962 ж. Павлодар облысында Баянауыл,Оңтүстік Қазақстанда Южная турбазасы ашылды.1972 ж. Талғар ауданында Алматау турбазасы іске қосылды.1975ж. Медеу мұз айдыны және Медеу мен Алатау қонақ уйлері салынды.

4.Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу.Туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу 19 ғ. Екінші жартысында басталды.Туризм географиясы деген терминді ең алғаш 1905 ж. Д.Страднер қолданды.Оның ойынша,бұл ғылым туристік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысу керек.Сонымен қатар туристің қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет.Францияда алғашқы туризм географиясы шеңберіндегі зерттеулерді Альпыдағы тіристік қозғалыс пен туристік шаруашылық мәселерімен айналысқан Р.Бланшар боды.Италияда осындай зерттеулерді а.Мариотти жүргізді.1930 жылдары туризм географиясы әлем бойынша дамыды,әсіресе Германияда Глюксмани,Борман,Позер,Францияда Мидж,Швейцарияда унцикер,Жапонияда Сато,Мисава,Танака,Осаки,АҚШ-та Браун,Мак-Мерри болды. Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институттары ашылды.Осы тәрізді мекемелер Берлин мен Гренобльде пайда болды.Сонымен қатар Ягеллон университетінің маңында Краков туризм студисы туризмді зерттеу мен ммандар даярлау бойынша тұңғыш университеттік орталық болып табылады.Дәл сол кезде С.Лещецкийдің туризм географиясы деген түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін жұмыстары жарық көрді.Оның зерттеуінше туризм географиясының мақсаты аумақтың туристік артықшылығын ғылыми тұрғыдан анықтау,ландшафтың жаратылыстық қасиеттерін сақтай тұра туристік қозғалыс мүмкіндігін зерттеу және осы қозғалыстың экономикалық пайдалануының ең тиімді жолдарын пайдалану болып табылады. Кейбіор географтардың пікірінше,туризм зерттеулерінің көлемі әдеттегі туризм географиясының шеңберінен асып түсе бастады. Осының нәтижесінде, әдебитте бұрынғыға қарағанда кең мағынада түсінілетін ұғымдар пайда бола батады.Осыған орай бұл пәнді рекреация географиясы ретінде қабылдай бастады.1945-1960 жылдардың арасында жаңа ұғым-демалыс географиясы пайда болып,ол туризм географиясы және рекреация географиясымен қатар қолданыла бастады.Ал,кеәбір зерттеушілер туризм географиясы атауын зконоимкалық географиямен алмастырды.1950ж. соңында Америка әдебиеттерінде жаңа ұғым-таза ауадағы рекреацмя пайда болды.Бұл ұғымды м.Клаусон енгізді.Мундай демалысты қала сыртындағы ашық аспанда демалауды айтады.Табиғи рекреациялық ресурстардың бағалау және пайдалану формаларын зерттеу жұмыстарын Америка географтары (Р.Вольф,Д.Хеллайнер)жүргізді.Табиғи ландшафтарына түсетін оңтайлы рекреациялық жүктемені поляк географтары(Костровицки,Я.Варшиньска),туризмнің табиғи және мәдени-тарихи ресурстарын бағалаужәне картографиялауымен чехославак ғалымдары(Мариот,Т.Шулавткова) айналысқан.Америка және канадалық мамандардың жұмыстарында әлеуметтік-географиялық бағыты басым болған,олар қоныстану жерінен арақашықққа байланысты демалыс аудандары суранысының қисық сызығын жасау мен гравитациялық модельдерді орындауға негіздерген(И.Кнетш,М.Клаусон.Р.Вольф)ГФР-да қала маңы рекрациялық ағымдары,қала ішіндегі демалыс орталықтары кең ауқымда зерттелген,сондықтан туризм географиясынан бос уақыт географиясына көшу тезисі анықталғаг.Туристік кешендер мен аудандардың ұтымды жұмыс істеуі мақсатында бағдарламалар жасаумен имитациялық модельдеу әдістері қолданылады.Қазақстандағы демалыс пен туризм географиясы аясындағы зерттеулер 20ғ. 70 жылдарында басталды.Мемлекеттік жобалау институты-Казгипроград жүргізе бастады.

5.Қоғамдық-географиялық ғылымның жаңа бағыты-туризм географиясы, оның обьектісі, пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері.Туризм гографиясы- терминді ең алғаш 1905 ж. Д.Страднер қолданды.Оның ойынша,бұл ғылым туристік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысу керек.Сонымен қатар туристің қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет. Зерттеу обьектісі- туризм болып табылады. Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына жіне соған байланысты кеңістікті өзгертетін урдістеріне талдау жасау туризм герграфиясының оқу пәнін құрайды.Туризм халық шаруашылығының басқа да салалары сиякты бірнеше шаған жүйелерден тұрады:емдеу,сауықтыру-спорттық,танымдық,сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді.Туризм географиясы жаратылыс,техникалық,экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын,кешенді зерттеулерге суйенетін конструктивті ғылым болып табылады. Зерттеу максаты- туристік қозғалыстың

6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер. «Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда,әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады.«Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour – саяхатдеген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІғасырда Британ аралында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын атау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыруүшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндайсаяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.Туризм өте кең түсінік, әдебиет беттерінде туризмнің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдісапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әртүрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды «Уақытша келушінің» нақтылы анықтамасын С. Медлик береді (1995).Осы автордың пікірінше, уақытша келуші деп өзінің тұрақты елінен басқа елге келетін, өзінің күнделікті белсенділік аумағынан тыс шығатын немесе өзінің тұрақты қызметі аумағынан тыс 12 айдан аспайтын мерзім бойы саяхатжасайтын, ал басты мақсаты болған аумақ қаражатынан өтелетін қандай даболмасын жұмысты орындау болып табылмайтын кез келген тұлғаныайтамыз.Экскурсант – түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Саяхатшылар классификациясында олар бөлек категорияға бөлінеді, бірақ арнайы әдебиетте олар кейде туризмнің бір бөлігі ретінде қарастырылады, ал экскурсанттар туризм статистикасында есептеледі.

Рекреациялық потенциал дегеніміз белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи-мәдени,әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы.Туризм географиясының өте маңызды ұғымы – туристік аттрактивтілік(тартымдылық). Мұнда объективті факторлармен бірге субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды, басқаша айтқанда бұл интегралдық сипаттама. Туристік қозғалыс дамуының элементтерін осы қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік инфрақұрылымымен біріктіретін ұғым. Туристік аттрактивтілік ұғымының туристік ұсыныс ұғымымен ұқсастығы бар (бұл жөнінде кейін айтылады).

Туристік құндылықтар дегеніміз –табиғи және табиғи емес ортаның элементтерінің жиынтығы

Туристік инфрақұрылым (туризмнің материалдық базасы) ресурстар мен көлікпен қол жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандар мен құрылғылардың жиынтығы. Туристік инфрақұрылымына бір күннен астам уақытта болуына мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы;коммуникациялық база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я. Варшиньска, А. Яц-ковский, 1978).ЮНВТО бойынша, түнеу базасы – жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект.

Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі бөлігі, туристердің түнеуі үшін бұл жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу базасы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері,пансионаттар, мотельдер, қонақ пәтерлері) және лагерлерге (кемпингтер,шатыр қала-шығы) бөлінеді. Пайдалану мезгілі бойынша үнемі пайдалану(жыл он екі ай) және маусымдық базалары болады; қызмет көрету мүмкіншілігі бойынша ашық (жұрттың барлығы үшін) немесе жабық –тұтынушылардың белгілі топтары үшін – базаларыболады.Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады.Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге жәнедестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиалайнер)өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.Демалушылар мен туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын тамақтандыру базасы қанағаттандырады. Оның құрамынамейрамхана, кафе, бар, бистро, буфет, асхана және т. б. кіреді. Түнеубазалары сияқты, олар да үнемі істейтін немесе маусымдық; ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, меншікті немесе меншіктің басқа формаларындағы тамақтандыру орындары болуы мүмкін.Туристік шаруашылықтың коммуникация базасын көлік пен байланыс желісі құрайды. Көлік болмаса туризм де жоқ.

Қосалқы база келесі қызмет түрлерін: табиғаттың байлығын пайдалану(жағажай мен суға түсетін орындарды абаттандыру және т. б.); спортпен айналысу; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристік жабдықтар мен сувенирлерді өндіру; ақпарат қызметтерін және т. б. ұсынады.

О. Рогалевский (1974) қосалқы базасында нысандар мен қондырғылардың төрт түрін:

- туристерге туристік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін;

- туристік саяхаттарды жасауды жеңілдететін;

- көңіл көтеру;

- қызмет көрсету

түрлерін бөліп атайды.

Бірінші түріне жаяу серуендеу орындары; тау, жазық, су маршруттары;спорт алаңдары;стадиондар, теннис корттары, бассейндер, шаңғы мен шана трассалары, айлақтар, көрініс алаңшалары және т.с.с. жатады.

Екінші түріне туристік және экскурсиялық бюролар, саяхат бюролары,туристік ақпарат орталықтары, туристік құрал-жабдықтарын жалдау және сақтау орындары, автотұрақтар және т.с.с. жатады. Мысалға, саяхат бюролары сапарға шығуды ұйымдастырады, түнеу орындарын, көлік билеттерін сату мен резервілеуде делдал болады. Сол сияқты, басқа ұйымдар туристерге гид, экскурсия жүргізуші, топ жетекші қызметтерін ұсынады.Туристік ақпарат орталықтарында туристерге брошюралар, буклеттер,карталар, саяхат ауданы жөніндегі мәліметтер беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]