Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

27. Туристік өнімнің құрылымы.

Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлікке бөлінеді:

- тур;

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;

- туристік тауарлар.

Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туропе-ратордың

еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған

бастапқы (міндетті) туристік өнімнің бірлігі. Туроператор – туристік өнімді

әзірлейтін және турларды жинақтайтын, оларды іске қосатын, туристік

өнімді нарықта жарнамалайтын және итермелейтін, бағаларын

тағайындайтын және турагенттерге сату үшін өткізетін туристік кәсіпорын

(ұйым).

Тур екі құрылымдық бөліктен тұрады: 1) туристік пакет және

2) маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені

Туристік пакетті туроператорлар ұсынады, пакет құрылымы маршрутта

міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

– туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып қайту;

– трансфер;

– орналастыру және тамақтандыру;

– міндетті түрдегі экскурсиялық және мәдени бағдарлама.

Міндеттілік – бұл туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы.

Себебі, төрт міндетті элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып,

турист туроператордан едәуір жеңілдіктер алуы мүмкін, өйткені ол

турфирманың сериялық туристік өнімін сатып алып жатыр, сонымен қатар

туристік өнімге басқа да қосымша қызметтер қосып беруге туроператордан

сұрап алуға туристің құқығы бар.

Туроператор туризмде жетекші рөл атқарады, себебі ол әр түрлі

қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру

және т. б. қызметтерді) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны

турагент арқылы таратады.

Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік

нарықта жұмыс істейтін таратушы. Турагенттің туроператордан

айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес. Өз жұмысы үшін

турагент комиссиялық сыйлық, турдың жалпы бағасынан 7-15%, алып

тұрады.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет

туристік өнімнің бір бөлігі, және міндетті бөлігі. Туристік өнімге бірдей

талаптар қойылады, себебі бір жерде сатып алынған тур екінші жерде

тұтынылады. Бұл жағдайда туроператор, турагент пен туристің талаптары

мен жұмысы толығымен үйлесуі қажет, тек сонда ғана өзара келісілген

міндеттер толығымен орындалады. Осындай келісілу келісім-шарт негізінде

туристік жолдама немесе ваучер түрінде іске асырылады. Оларды

туроператор толтырады, туристік жолдама немесе ваучер барлық фирма мен

клиент үшін міндетті қызметтердің кепілі болатын құжаттар. Туристік өнім элементтері бойынша турист шығынының құрылымы

мынадай:

– тур – 50%;

– қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30%;

– туристік тауарлар – 20%.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада

көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша

көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына

кірмейді. Оған резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет

көрсету, жалдау, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және

т. б. жатады. Қосымша қызметтерді туристер өз ақшасына бөлек сатып

алады.

Туристік тауар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған туристік

карталар және қаланың сұлбасы, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің

тұрғылықты елдегі дефицит немесе қымбат болатын тауарлар және т. б.

жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]