Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда туризмнің даму болашағы екіталай еді. Бұл дәуірде соғыс кезінде зардап шеккен елдерде, әсіресе, Еуропада, мемлекеттік және шаруашылық органдары экономиканы қалпына келтіру мен жаңғырту мәселелерімен тығыз айналысқанды. Экономикалық қиыншылықтар шетелдіктердің келуі мен өз азаматтарының елден тыс шығуына шектеу салынуының себебі болды. Сонымен қатар, күрделі саяси жағдай, әсіресе, капиталыстік елдер мен социалистік лагерь арасындағы қақтығыстар мен араздықтар, әрине шетелдік туризм дамуын қатты тежеді. Дегенмен, бұған қарамастан, қырқыншы жылдардың соңында халықаралық туризм жаңадан сергіп, жанданады. 1948жылы 30млн турист тіркелген, оның ішінде 10 млн Еуропадан.

Қазіргі мағынандағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып қалыптасса, оның нағыз қарқынды дамуына техниканың, технологияның, қоғамдық қатынастардың өркендеген кезі ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана кең жол ашылып, туризм ХХ ғасыр феномені деген мәртебелі атаққа ие болды.

Құбылыстың кеңеюі мен өркендей кезеңі 50жылдарда басталған. Бқл кезең әлем шаруашылығының жаңа дәуіріне интеграциялық толқын дәуіріне сәйкес келеді. Осындай жаһандану үрдісі барлық елдерде тарады. Оның шешуші факторы жаңа өнеркәсіп революциясы еді. Халықаралық туризмде туристік ағымдар жаһандық ауқымда өріс алып, алғашқы шекаралық өндірістік құрылымдар пайда болды. Халықаралық туризмнің қоғамның экономикалық әлеуметтік мәдени дамуына халықаралық ынтымақтастыққа қосатын үлесі ұлғайды. Туризмнің біртұтас әлемдік нарығы қалыптасты. Халықаралық туризм есейіп жетілген формаларына ие болды деп айтуға болады. 1950 жыл соғыстан кейінгі халықаралық туризм дамуының шешуші кезеңі деп есептеледі. Содан бері туристік миграцияларының өсуімен бірге, арнайы туристік мемлекеттердің саны көбейді: 1949 жылы 50 жақын, 1950 жылы 60, 1960 жылы 80, 1965жылы 100, 1970жылы 115. 1955 жыл шамасында халықаралық туризм нарығына кейбір социалистік елдер кірді, ал 1960жылы осы елдердің барлығы халықаралық туристік қозғалыс статистикасына енді. Дәл осы кезде туристік картада жаңа елдер, әсіресе, Африка Азия және Мұхит аралдары, елдерінің біршамасы орын тапты. 1960 жыл Африка жылы деп аталғаны да кездейсоқ құбылыс емес. Осы жылдан кейін әлемдік туризм одан әрі қарқынды дамыды. Бәр жағынан, мұның себебі халықтың табыстарының өсуі, сонымен қатар туристер алмасуы, жөніндегі халықаралық келісімдерді жасау мен әсіресе паспорттық визалық рәсімдердің жеңілдеуі арқылы жасанды саяси тосқауылдарды жою болды. Көптеген жағдайларда туристік ұсынысты қалыптастыру аясындағы үкіметтік және шаруашылық органдардың арнаулы іс әрекеті де өз ықпалын тигізді.

51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.

Туристік-рекреациялық ресурстар ұғымын түсіну үшін ең алдымен географиялық, табиғи, антропогендік (қоршаған) орта ұғымының мағынасын анықтау қажет. Терминологиялық талқылауға үңілмей-ақ айтсақ, табиғи орта жеті элементтердің жиынтығы болып табылады. Бұл жеті элементтер мынадай:

белгілі бір кеңістікте орын тапқан үш биотикалық (өсімдік, жануарлар, топырақ) және төрт абиотикалық элементтер (геологиялық құрылым, жер бедерінің құрылымы, сулар, климат). Табиғи ортада тұратын адам, оны өзгертіп антропогендік ортаны қалыптастырады. Қорыта айтсақ, географиялық ортаны сегіз элемент құрады: физикалық және биотикалық ортамен бірге адам қалыптастыратын орта, яғни бұл ауылдар, қалалар, фабрикалар, су бөгендері және т. б. сияқты антропогендік элементтері кіретін

өзгертілген табиғи орта. Географиялық ортаның осындай барлық элементтері туристік-рекреациялық ресурстар бола алады. Бірақ олар туристердің қызығушылығын туғызғанда ғана туристік-рекреациялық ресурстарға айналады. Мысалға, геологиялық құрылым немесе топырақ туристердіқызықтыра ала ма деген сұрақ қоюға болады. Бұрын ондай болмаған, ал қазір болса, осындай туристік іс-әрекет дамып келе жатыр [32]. Сулардың (теңіздер, өзендер, көлдер, бөгендер), жер бедерінің (таулар, қыраттар және т.б.), климаттың (температура, күн сәулесі, қар, мұз), өсімдік

пен жануарлар әлемінің туризмге әсер ететіндігі сөзсіз. Туристерді белгілі бір жерге (аудан, жергілікті жер, маршрут) туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығы (географиялық ортаның бірнеше элементтерінің үйлесуі) тартады. Я. Варшиньска мен А. Яцковски айтуынша туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристерді қызықтыратын табиғи немесе антропогендік

элементтердің (бірге немесе әрбіреуі бөлек) жиынтығы.Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың құндылығын анықтау үшін

туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу қажет. Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктеріне сәйкес технологиялық дәрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғи және антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа: табиғи және әлеуметтік-экономикалық (мәдени-тарихи) ресурстарға бөлуге болады. Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, «табиғи рекреациялық ресурстар» – бұл белгілі уақыт ішінде

адамдардың демалысын ұйымдастыруға арналған, рекреациялық іс-әрекет үшін қомфортты қасиеттері бар табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер мен табиғи құбылыстар. «Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға» тарихи-мәдени

объектілер (ескерткіштер және атақты жерлер, мұражайлар және т. б.) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік және т. б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан мате-риалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жағынан жылжымайтын және қозғалатын ресурстар болып топтастырылады. Материалдық ресурстар өндіріс құралдары мен қоғамның басқа да материалдық құндылықтарының жинағын біріктірсе, рухани ресурстар –

қоғамның жетістіктерін білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан қамтиды. Қозғалмайтын ресурстар тобын тарихи ескерткіштер, сәулет өнерініңобъектілері, археологиялық және монументтік құрылыстар құрайды. Жылжымалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық заттар, минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және оңай қозғауға болатын заттар жатады. Мұндай ресурстар тобы әдетте мұражайларда, кітапханаларда,мұрағаттарда шоғырланады. Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілері бойынша бес түріне: тарихи, археологиялық, сәулет өнері және қала құрылыстық, өнер ескерткіштеріне, дерекнама ескерткіштеріне бөлінеді. Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады. Археология ескерткіштеріне қалашықтар қалдықтары, обалар, ескі

үйлердің орны, бекіністер, өндіріс және су құбырлары, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер жатады. Сәулет өнері мен қала құрылыстық ескерткіштеріне сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, алаңдар, кварталдар, көшелер, ежелгі

қалалардың қалдықтары; азамат-тық, өнеркәсіптік, әскери, діни сәулет өнерінің ескерткіштері, халық сәулет өнерінің ескерткіштері және осылармен байланысты монументалдық, бейне, декоративті-қолданбалы, бақ-парк өнерінің ескерткіштері жатады. Өнер ескерткіштеріне бейнелеу өнері, декоративті-қолданбалы шығармалар және басқа да өнер түрлерін жатқызуға болады.

Дерекнама ескерткіштері – бұл мемлекет билігінің актілері, бейне-, фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар. Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға тарихпен, мәдениетпен және қазіргі адамдардың іс-әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені,

хайуанат паркі, ботаникалық бақтар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халық дәстүрлері және т. б. Туризмнің әрбір түрінің ресурстары өзіне тән ерекше ресурстар болып табылады. Санаторлық-курорттық емдеу үшін минералды сулар мен балшықтар, ауа райы мен климат, үңгірлер мен тұз қазбалары (спелеотерапия) қолданылады. Сауықтыру демалысы үшін жайлы, қолайлы

климат, жұмсақ маусым, су, өсімдік, жер бедері және ландшафтың басқа компоненттері қажет. Спорттық туризм үшін жорық жасау мүмкіндігі, белгілі қиындық дәрежедегі кедергілер, арақашықтық, жұрттың тығыз орналаспауы және т. б. қажет. Экскурсиялық туризмнің нысандарына келсек, олар мынадай: мәдени-тарихи және табиғи нысандары, қайталанбайтын шаруашылық нысандары, фольклорлық мерекелер мен халық мәдениетінің

элементтері (ұлттық ойындар, қолөнер, қолданбалы кәсіптер).

Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары мынадай:

1) ТРЖ-нің әлеуеттік сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері (минералды сулар дебиты; қолайлы рекреациялық аумақтардың көлемі, туристік орталықтардың экскурсиялық әлеуеті); игерілу деңгейі, жүктемелерді реттеу;

2) потенциалды рекреациялық жерлерді анықтауға және санитарлық қорғау шеңберлерін орнатуға мүмкіндік беретін ресурстардың таралу ауданы (сулы қабаттардың көлемі, жағажайлардың аумағы, территорияның суғарылуы, орман аумағы, тұрақты қар жамылғысының шекаралары);

3) туризм маусымын, туристік ағымның ырғақтығын анықтайтын

эксплуатациялық кезең (климаты қолайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы);

4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;

5) ақша капиталының аз жұмсалуы және пайдалануға кететін

шығындардың тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға және әлеуметтік-экономикалық нәтиже алуға, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін жеке қолдануға мүмкіндік береді;

6) табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация және сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреациялық ресурстарды көп рет пайдалану мүмкіншілігі. Демалыс пен туризм үшін пайдалынатын ресурстарды тікелей және жанама түрлеріне бөлуге болады. Біріншісіне туристердің өздері қолданатын ресурстар, яғни ландшафтың көз тартарлық ерекше сұлулығы және экзотикалығы жергілікті жердің емдеу-сауықтыру қасиеті, тарихи-мәдени ескерткіштері және басқа да танымдық объектілері жатады. Тікелей туристікресурстарды игеру үшін жанама ресурстарын, яғни шикізат, энергетикалық-жанармай, материалдық, қаражат, еңбек ресурс-тарын тарту қажет. Туристік-рекреациялық ресурстар туризмнің аумақтық ұйымдастырылуына, туристік аудандар мен орталықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Бірақ олар тікелей түрде әсер етпейді. Олар көптеген әлеуметтік-экономикалық факторлардың, ең алдымен туристік қажеттіліктердің көлемі мен құрылымының әсерімен іске асырылады. Туристік-рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастырылуының ұзақ мерзімді болжамы барлық рекреациялық ресурстарды анықтауды, есептеуді және бонитировка жасауды қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]