Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты. Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз. Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік

болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдері мен ырғағына қарай туризм жыл бойындағы (үнемі) және

маусымдық болып бөлінеді. Біріншісі – туристік аудандарға немесе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп тұрса маусымдық туризм деп айта аламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы және маусымаралық туризм болып бөлінеді.

55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.

Туризмнің түрлері әралуан белгілері бойынша одан әрі

классификацияланған. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм:

а) ұйымдастырылған (жоспарлы); ә) әуесқой (өз жоспары бойынша); б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдын ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды,

себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады. Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы – әуесқой және

жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне

жеткізуі мүмкін және т.с.с. Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін. Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды.

Ұйымдастырылмаған туризмнің мысалы – автостоп әдісімен саяхат жасау. Ұйымдастырылмаған туризм Батыс елдерінде кең тараған – туристік сапарлардың үштен екісі осындай түрде өтеді. Тұрақтар мен түнеу орындарының ұйымдастырылған жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған демалыс орындары пайда болады. Осындай орындар саны жылдан жылға өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс орындарының көбеюі мен тозуы туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай

елдің бүкіл аумағында байқалады.

Алғашқыда барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, одан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Табыстарын көбейту үшін туристік фирмалар мен агенттіктер өз шығындары мен туристік өнім арасындағы оңтайлы баланс іздестіреді, сондықтан олар ұсынатын тауарлар мен қызметтер табыстары жоғары немесе орташа тұлғаларға арналған.

Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы мағынадағы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Оның негізгі қағидалары мынадай: қоғам мүшелерінің барлығын табыстары шамалы таптарды туризм аясына тарту арқылы қамтамасыз ету; табысы аз адамдар туризмін қолдау мен үкіметтік, қоғамдық, муниципалдық және коммерциялық құрылымдардың оның

дамуына белсене қатысу. Сонымен, әлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды. Әлеуметтік туризмнің дамуында зейнеткерлер кассаларының арнайы

қорлары, кәсіподақтар, зауыт комитеттері, орталықтандырылған қаржы көздері беретін төлемақыларының маңызы жоғары.

Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік мекемелері үшін де өте тиімді. Демалыс чектерінің енгізілуімен бірге олар өз нарығынкеңейтеді және көрсеткен қызметінің өтілу кепілдігіне ие болады. Бұл бағытта мемлекеттің қаржылық, жеңілдетілген салық және несиелік саясаты жүргізіледі.

Осындай жүйе табысы төмен тұлғалардың көптеген топтарын қамтиды. Басынан бастап бұл жүйе қол еңбегімен айналысқан біліксіз жұмысшылар үшін құрылған, сондықтан оны жұмысшылар туризмімен теңестірген. Бірақ уақыт өте бере оның әлеуметтік базасы кеңейді, енді бұл жүйе қызметін әртүрлі қоғам мен жас мөлшер сатыларына жататын топтар пайдаланады.

Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік және

муниципалдық органдардың табысы төмен халық топтарының демалысын ұйымдастыруында қатысуы нәтижесінде әлеуметтік туризм қоғам өмірінің коммерциялық туризммен салыстыруға келетін құбылысқа айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]