Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

18. Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау.

Табиғи ортаны туризм үшін пайдалану географтарды және басқа да ғылым

өкілдерін ертеден-ақ қызықтыра бастады. ХІХ ғасырдың бірінші

жартысының өзінде географтар туристік қозғалыстың асып түскен

шоғырлануының нәтижесінде болатын ландшафтардың тозып өзгерістерге

ұшырайтынын байқаған.

Ең алдымен табиғи ортаның ең тартымды жерлерінде шоғырланған

туристік қозғалыс осы аумақтарды қорғауға алуға шақырған жергілікті

тұрғындардың қарсыластығын туын-дырады.

Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік

инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп тигізеді, оның әсерін

өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болады.

Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсерін

«агрессивті» деп те атайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсері әр түрлі, олардың

кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарланатын

болса, онда теріс әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Нәтижесінде экологиялық

жағдай нашарлауы мүмкін. Теріс экологиялық әсерлер мынадай:

– туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның

урбандануы;

– көліктің және туризм жүйесіндегі мекемелердің жұмыс істеу

нәтижесінде қоршаған орта ауасының ластануы;

– туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен,

машина жуудан және т. б. сулардың ластануы;

– туристердің көп шоғырлануынан, радионың қатты дауысынан және

көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;

– ландшафт эстетикасының нашарлауы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар

факторлардың әсерінен болады: туристік құрылыстың шамадан тыс

шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы, көрікті

ландшафтарды жауып тұратын жарқыраған жарнама плакаттарының болуы;

– табиғи орындардағы туристерден қалатын қоқыстар мен қалдықтарды

тазарту мәселесі;

– табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы, әсіресе туристер көп

баратын жағажай, және де таулы және шөл дала экожүйелері;

– археологиялық және тарихи ескерткіштерге туристерден тиетін зиян;

– қате жоспарлау және туристік объектілерді дұрыс орналастырмау

нәтижесіндегі экологиялық қауіптер мен мәселелер.

Шектен асып кеткен «туристік урбанданудың» осыған ұқсас құбылысы

туристік нысандардың басқа түрлерімен байланысты орталықтарында да

байқалады.

Моторизация мен «моторлы» туризмнің дамуы бұрын онсыз да әртүрлі

кәсіпорындардың шаң және газдармен былғанған әуе бассейнінің одан сайын

қатты ластануына әкеліп соғады. Ауаның көлік арқылы ластануы

аймақтардың климаттық артықшы-лықтарын жоққа шығарады, тіпті адам

денсаулығына қауіп төндіретін болады.

Су-моторлы спорттың дамуы өзендер мен басқа суаттардың ластануына

әкеліп соғады. Сонымен бірге туристік базалардың коммуналдық

кәсіпорындары да суды ластайды. Осындай базалардың ең үлкен жігінде

қажетті тазарту жабдықтары жоқ, сондықтан ластайтын қалдықтар суға кетіп

қалады.

Қорыта айтсақ, бұқаралық туризм табиғат қорғау мәселесін құнды табиғи

кешендердің көпшілік үшін қол жетерлік қағидасымен үйлестіру міндетін

артып отыр.

Рекреациялық аумақтардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік

ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі жата-ды. Яғни, рекреациялық

саланың дамымағандығы туристердің «ескі» аудандарда шоғырлануына

себеп болып отыр.

Туризмнің мұндай әсерлерін көре отырып, мамандар маңызды

рекреациялық ресурстарды «туризмнен және туризм үшін» қорғауды мақсат

етеді. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен

объектілерді аумақта бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол

туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекет-

терде туристік қозғалыстың жоспарлы аумақтық саясаты жүргізіліп отыр.

Мұндай саясаттың ерекшелігі – ол туристік ықпалдың территория бойынша

біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында.

Рекреацияның дамуы мен қоршаған ортаны қорғау бір-біріне қарама-

қарсы тұратын құбылыстар емес. Дұрыс реттелген және үйлестірген

жағдайда бұлар бір-бірін толықтырып отырады.

Табиғат пайдаланудың жалпы жүйесі қоршаған ортаны қорғаудың үш

тетігін қамтиды: 1) табиғат пайдаланудың шектеу жүйесін (нормалар, тыйым

салулар, айыппұлдар) қамтитын әкімшілік-құқықтық тетік; 2) әкімшілік-

құқықтық тетігін толық-тыратын және көп мақсаттық табиғат пайдалану

нұсқаларынан ең оңтайлысын таңдап алу деп түсінілетін жоспарлық-

экономикалық тетік; 3) шаруашылықтық-есептік, төлемді табиғат пайдалану

тетігі, оның негізі – табиғат пайдалану шығын-дарын өтеу.

Тиімді рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты – табиғи-аумақтық

кешендерін қорғау. Тиімді рекреациялық табиғат пайдалану технологиясын

қолданған жағдайда рекреациялық ресурстар ең ұтымды түрде рекреациялық

қажеттіліктерге сәйкес болып келеді.

Рекреациялық жүктемелерді реттеу әдістері – туристік-рекреациялық

аудандастыру мен зоналау: мұнда рекреациялық игеру бөлек аудандар мен

зоналарының режиміне сәйкес өткізіледі. Әрбір аудан әлде зона үшін

рекреациялық пайдаланудың өз деңгейі қабылданады. Ол аудан не зонаның

рекреациялық құндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және табиғи емес

факторларға байланысты болады. Табиғи емес факторлар: туристік іс-әрекет

формалары мен түрлерінің ерекшеліктері және олардың табиғат қасиеттеріне

қоятын талаптары, рекреанттардың туристік-рекреациялық аудандардағы

таралуы.

Рекреациялық табиғат пайдалану негіздеріне тәрбие шараларының жүйесі

де кіреді. Туристердің табиғатқа зиян келтірмеу бойынша тәрбиелік

шараларын Д.Л. Арманд (1969) ұсынған.

1. Рекреация процесіндегі өнегелікті бозбала шағынан тәрбиелей бастау

қажет. Мұндай жұмысты табиғатты қорғау органдарының насихаттауымен

бірге, барлық заманауи ақпарат құралдары жүргізуі керек. Табиғат қорғау

білімдерін бала бақша мен бастауыш мектеп мұғалімдері игеріп алғаны өте

маңызды.

2. Мектепте табиғат қорғау элементтері ең алдымен география мен

жаратылыстану сабақтарында оқылу керек. Түсіндіру жұмыстары жастар

ұйымдары бағдарламаларында болуы қажет.

3. Туризм нұсқаушылары мен экскурсия жүргізушілердің дайындығы

университеттердің арнайы факультеттерінде өткізілуі қажет және оларға

табиғат қорғау курсы оқылуы керек.

4. Туристерді саяхат жасап жүрген өлке табиғатын тануға қызықтыру

қажет. Табиғат жөніндегі ақпаратты тарихи және көркем ақпараттармен

толықтырған жөн.

5. Туристер жиі келетін демалыс зоналары мен ұлттық саябақтарда арнайы

қызметкерлер: тәртіп сақтау қызметкерлері, өрттен қорғау, медицина

қызметкерлері, қоқыс жинаушылар болуы қажет. Демалушыларға тазалық

сақтауды жеңілдететін жабдықтар (мысалы, қоқыс контейнерлері) болуы

керек.

6. Қорықтарда кіруге рұқсат берілген зоналарында ерекше қатаң режим

орындалуы қажет. Әрбір қорықта ол не үшін ұйымдастырылғаны және

қандай нысандар қорғалатыны түсіндірілетін мұражайы болған жөн.

7. Табиғатта өзін-өзі ұстау этикасы адамның қанына сіңіп кетуі керек.

Табиғат шыдайтын ауыртпалық ең алдымен демалушылар саны емес,

олардың мәдени деңгейіне байланысты.

. Табиғат қорғау шаралары:

1) маңызды табиғи аумақтарды, фаунаны, оның ішінде аквалдық

экожүйелерді анықтауға, оларды қорғау шараларын қаржыландыруға,

сонымен қатар, ұлттық, аймақтық саябақтар мен қорықтардың дамуына

септігін тигізеді. Мұндай жағдай әсіресе табиғат қорғауға жұмсалатын

қаржысы жетіспейтін елдер үшін маңызды;

2) археологиялық және тарихи нысандарды туристерді қызықтыратын

объектілер ретінде жариялау мен оларды қаржыландыруға көмектеседі.

Мұндай болмаса, осылардың көбі қирап немесе құрып кетуі де мүмкін.

Туристік мақсатта бүгін кейбір қалалардың тарихи аудандары сақталады

және дамиды;

3) туристер көркем, таза және ластанбаған жерге баруды сүйетін

болғандықтан қоршаған орта сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Оның

үстіне жақсы жоспарланған және орналасқан туристік нысандар қала және

ауыл ландшафтарын көркемдейді. Инфрақұрылымның, әсіресе сумен

жабдықтаудың, канализацияның, қатты қалдықтардың шығарылуының

жетілді-рілуі де қоршаған орта сапасының көтерілуіне септігін тигізеді;

4) жергілікті тұрғындардың экологиялық ағартуына көмектеседі.

Туристердің табиғатты қорғау ынтасын көргенде жергілікті жұрт та оны

сезіне бастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]