Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

9. Туризм формаларының сипаттамасы.

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойынша туризмнің үш негізгі формасы бар яғни туризм формалары: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық формасы. Осылардың барлығы адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру қажетін қамтамасыз етеді.Жұрт денсаулығын сақтау, еңбек қабілетін көтеру қандай да болсын мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады, ал осындай міндетті орындауда туризмнің рөлі өте маңызды.

Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау(В. Гаворецкий, 1997). Мұнда осыған байланысты пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жөніндегі сөздер жетіспейтін сияқты. Мысалға,

В.А. Набедрик өзінің диссертациясында емдік туризмге мынадай анықтама береді: «... бұл саяхат жасау себебі қаралу, емделу және ағзаның реабилитациясы болған адамдардың саяхат жасау мен бір жерде болғанынан пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы».

Туризмнің бұл формасының ең басты түрткілері мынадай:

- туристің әбден болдырып кетуі; денсаулық күйінің белгілі бір жерде,белгілі маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді қажет етуі;

- демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке-дарақабілетіне лайық болуы қажет.

Емдік туризмге курорттық туризмді жатқызуға болады. Туризмнің бұл түрінің басты ерекшелігі – курорттық орындардың тауларда, қыраттарда,теңіз бен көлдер жағалауларында шоғырлануы. Тағы бір ерекшелігі –курорттық туризмге көбінесе жасы келіп қалған адамдар қатысады, оныңішінде әйелдер саны басым. Емдік туризмнің тағы бір ерекшелігі – туризмнің

басқа түрлеріне қарағанда (мысалы, рекреациялық, мәдени-танымдық)маусымға онша тәуелді болмауы және жергілікті сипатқа ие болуы. Мұның себебі – мемлекеттің немесе басқа бір қаржы көзінің қаржымен қолдауы [20].Қазақстандағы ең атақты курорттар – Сарыағаш, Рахман бұлақтары,Мерке, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаңақорған, Бурабай және т.б.

Туризм арқылы сауықтыру – шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады.Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпын келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар,көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күйю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Танымдық туризм туризмнің басты үш формасының бірі. Танымдық туризм туристердің тану қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тану болмаса туризм құры жай бір жерден басқа жерге барып келу болар еді. Туризмнің танымдық формасы көптеген қоғамдық функцияларды орындайды, олардыңішіндегі ең бастысы – тәрбиелік, білім беру, мәдени, саймандық-техникалықфункциялар.Тәрбие функциясы адамның дамуын қалыптастырады және оны қоғамдық өмірге дайындайды. Білім беру функциясы айналадағы, туған жердегі

болмысты білуге бағытталған. Мәдени функциясы адамды кең мағынада тәрбиелейді, белгілі мәдениетке тән ұғымдар мен бейнелерді тануға мүмкіндік береді. Саймандық-техникалық функция ел шаруашылығы жөніндегі білім береді.

Туристік саяхатта турист әртүрлі мәдени-тарихи орындарды көріп шығады, өз ой-өрісін кеңейтеді, барған жер географиясын, тарихын, мәдениетін, этнографиясын біле бастайды, жергілікті тұрғындармен қатынас жасайды. Осының бәріне сүйеніп, танымдық туризм туристік қозғалыста жетекші рөл ойнайды деп айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]