Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.

Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе

жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз әсері байқалуда.

Бұл жағдайда табиғатқа әсер ететін рекреациялық салмақтың мәселесі де

көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін және рекреациялық

әрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты

оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мәні

– нормативтер жасау арқылы табиғатқа әсер ететің экологиялық салмақты

ғылыми түрде дәлелдеу.

Табиғатқа әсер ететін рекреациялық салмақтың норматив-тері туралы

мәлімет әлі де аз. Көптеген нормативтер бақылау-дың өте аз санына

негізделеді, немесе тек қана жобалау мен пайдалану тәжірибесіне сүйенеді.

Нормативтер «аудандасты-рылған» болуы керек, олар нақты ауданның

табиғи компонент-терінің, функционалдық зоналарының және пайдалану

тәртібі арасындағы тепе-теңдігін қамтамасыз етуі қажет.

Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді

пайдаланудағы нормативтерде біраз үйлеспеуі білінеді. Мысалы, бір

рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әр түрлі: 5 шаршы метрден 15

шаршы метрге дейін.

Курорттардағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлес-пеулері көп.

Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-500 м2 болған, белгілі

«Золотые пески» болгар курортында 150 м2, румын «Мамайя» курортында 85

м2, ағылшын «Брон-и-мор» курортында – 53 м2. Югославияда Адриатика

теңізі жағалауындағы жағажайлар нормативі мынадай болған: бір рекреантқа

жағаның 1 метрі және ені 10 м (10 м2); серуендеу жері – бір туристке 0,5 га;

аң аулау жері – бір аңшыға 2 га.

Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1

гектарға 75-115 адам болған.

АҚШ-та келесі шартты стандарттар қолданылады (кесте).

Табиғи аумақтық кешен тұрақтылығы бойынша анықталатын рұқсатты

сыйымдылықпен бірге, аумақтың психо-физиологиялық сыйымдылығы

болады. Психофизиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан

бірлігінде әрбір адамның психофизиологиялық және гигиеналық жағдайы

бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу

мүмкіндігі болып табылады. Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге

топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне және табиғи компоненттерінің

сипаттамаларына байланысты. А. Марш мәліметтері бойынша көлбеуі 2-ден

60 дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсер

тигізеді, мұндай әсер көлбеуі 6-120 болса, күшейеді. Көлбеуі 120 асып кетсе

шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан

аумақтар рекреациялық пайдалануға жарамайды. Топырақтың механикалық

қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсер етеді. Мысалға,

рекреанттардың құмды жерлерге деген жүктемесі саздаққа қарағанда үлкен

болады. Салмақ (жүктеме) деп бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда

байқалатын рекреанттар санын айтамыз.

29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.

табиғи факторлардың

адам ағзасына тигізетін әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың

организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық-биологиялық

баға бергенде климат басты рөл атқарады. Климатологтар мен курортологтар

демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарға баға беру әдістері жүйесін

ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп

жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Климатқа рекреациялық баға бергенде адам организмінің

метеорологиялық факторларға байланысын тексеру қажет. Курортологтар ауа

райының адамға жасайтын физикалық әсерімен бірге оның эмоциялық әсерін

де ескереді.

Ұзақ уақыт бойы ауа райының адам ағзасына әсер ететін элементтері мен

құбылыстарын өлшеу әдістері іздестірілген. Бірақ адам ағзасына бір мезгілде

көптеген метеорологиялық элементтер әсер етеді, сондықтан мұндай

іздестірулер нәтижесіз болды. Әдістерді таңдау барысында шартты

(эффективті) температураның жүйесі құрастырылған. Осындай шартты

температуралар метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы,

оның ылғалдылығы, жел күші мен күн радиациясы мен ұзын толқынды

сәулелену интенсивтілігі) кешенді әсерін сипаттайды.

Температура мен ылғалдылықтың әсерін сипаттайтын кешенді көрсеткіш

эффективті температура (ЭТ) деп аталады. Температура, ылғалдылық

және жел жылдамдығын сипаттайтын кешенді көрсеткіш – эффективті-

эквивалентті температура (ЭЭТ). Температура, ылғалдылық, жел күші

және күн радиациясын сипаттайтын кешенді көрсеткіш радиациялық-

эквивалентті температура (РЭТ) деп аталады. РЭТ есептері күн сәулесінің

адам денесін қыздыратынын көрсетеді. 1 минутта адам денесінің 1 шаршы

сантиметріне күн энергиясының 0,7 кіші калориясы келіп тұрса, адам оны

температураның 3 көтерілгеніндей болып сезінеді. Кесте мәліметтеріне

сүйенсек, жоғары температураны ауа құрғақ болған кезде оңай шыдауға

болатыны анық. Медициналық-биологиялық баға берудің келесі әдісі – кешенді

климатологиялық әдісі. Бұл әдіс адам организміне тигізетін метеорологиялық

элементтер кешенінің әсерін ескереді. Бұл әдіс арқылы «тәулік ауа райы» мен

«бір мезет ауа райын» және ауа райы өзгеруінің жылдамдығын сипаттауға

болады. «Тәулік ауа райы» түсінігін қолдану себебі адам ағзасының көптеген

функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы.

Алдында өткен түн мен келесі күннің метеорологиялық жағдайлары бір-

бірімен байланысты, бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау

үшін өте маңызды. Комфорттық жағдай – дене терісінің орташа температурасы 31-33 болған кезде байқалады, бұл жағдайда адам ыстық-тамайды да, тоңбайды да.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]