Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайдасы ерте заманнан

байқалған. Солай болса да, тек ХІХ жүзжылдықтан бастап туризм көптеген

аймақтың экономикасына елеулі әсерін тигізе бастады (мысалы, Жерорта

және Қара теңіз жағалаулары, Альпы, Карпаты, Судет тауларының кейбір

аудандары). Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың өсуіне

байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда ХХ ғасырдан бастап туристерге

көрсетілетін қызмет саласын «туристік индустрия» деп атай бастады. Оның

себебі – туризмнің шаруашылықтағы рөлін дамыған өнеркәсіппен

салыстыруға әбден болады. Туристердің қажеттерін қанағаттандыру үшін

туризм аудандарын шаруашылық жағынан игеру қажет.

Туристік шаруашылық дегеніміз әртүрлі бөлімдердің белгілі бір кешені,

олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұруымен

байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын

салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана

өтей алады.

Туристік шаруашылық ұғымының анықтамаларымен әр кезде

О. Рогалевский (1974), Я. Варшиньска, А. Яцковский (1978), К. Наумович

(1990) сияқты поляк ғалымдары айналысқан. Олардың анықтамасы мынадай:

«туристік шаруашылық дегеніміз туристік ресурстары бар аумақты туристік

қозғалыс қатысушыларының пайдалануы үшін бейімдеу процесі». Осы

үрдістің нәтижесі – туристік техникалық әлеует құрамына кіретін жабдықтар

жиынтығының пайда болуы.

Туристік сұраныстың негізгі элементтерінің бірі ретінде туристік

шаруашылық аумақтық жүйеге және туристік қозғалыс ауқымына үлкен әсер

етеді. Жылдан жылға өсіп келе жатқан сұраныс, демалыс түрлерінің одан әрі

жіктелуі, туристердің әлеуметтік құрылымының өзгеруі нәтижесінде туристік

шаруашылық құрылымы және географиясы жағынан да өзгерістерге үнемі

ұшырауда.

Туристік шаруашылық – бұл туристік ресурстардың, материалдық өндіріс

сферасында өндірілетін тауарлардың, туристік ресурстарды тұтынуға

мүмкіндік беретін қызметтердің жиынтығы, яғни туристік өнімнің өндірісі,

таратылуы және тұтынуы. Туристік шаруашылық нарық жүйесінде

(техникалық қондырғылар, кәсіпорындарының, кооперативтердің, инсти-

туттардың, мекемелердің қызметі) адамдардың туристік (рекреациялық)

қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Туристік шаруашылық экономикалық элементтерді мемлекеттің

элеуметтік-саяси мақсаттарымен: тәрбиемен, рекреация және спортпен,

ағартумен, денсаулық сақтаумен, адам күйін қалпына келтірумен, оның бос

уақытын пайдалануымен, өлкетанумен, демалысымен, қоршаған ортаны

қорғаумен байланыстырады (А. Корнак, 1998).

Туристік шаруашылықтың басты мақсаты – адамның жұмыс пен оқудан

бос уақытындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Туристік

шаруашылық туристік сұранысты қанағаттандырады.

Қорыта айтсақ, туристік шаруашылық – бұл адамның туристік тауарлар

мен қызметтерге деген артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру

мақсатында тікелей немесе жанама түрде дамитын әртүрлі шаруашылық

және қоғамдық функциялардың кешені (В. Гаворецкий, 1997).

Түнеу базасының, көліктің, тамақтандыру базасының рөлі өте маңызды,

оларсыз, қарастырылған ауданның туристік тартымдылығы қандай да жоғары

болса да, бұқаралық туризмнің дамуы мүмкін емес. Туристік тартымдылығы

жоғары болу үшін, қосалқы базасы да оған сәйкес болуы қажет.

Туристерге қызмет көрсету нысандары мен жабдықтардың орналасуы,

олардың кеңістік және функционалдық құрылымы туристік қасиеттер мен

туристік келулер мақсатына да тәуелді.

Туристік шаруашылықты тура және жанама түрлеріне бөлуге болады.

Олар өзара тығыз байланысты және жеке түрде кездеспейді. Бірінші топқа

туристерге ғана қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер: турбазалар,

қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар (паналар), арнайы жолдар мен көлік

орталықтары және т. б. жатады. Олар, атап айтқанда – туристік объектілер.

Екінші топқа туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ

та оларды туристер анда-санда ғана пайдаланады. Оған жататындар: жалпы

мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері,

дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелері. Мұндай кешендердің

барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаларға: түнеу (орналастыру),

тамақтандыру, коммуникациялық және қосалқы базадарға жіктелген.

Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішіндегі бастысы – түнейтін орынды

дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансионаттар, жергілікті

тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кемпингтер, шатырлар және

т. б.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын

қанағаттандырудың да зор маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ

үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық

тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады. Туристерді талондар мен

жолдамалар бойынша тамақтандырумен бірге бұл кәсіпорындар тауарларын

бөлшектеп те сатады және осындай сату үлесі бөлшектеп сату тауар

айналымының 50% құрайды.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудың

жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]