Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.

Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей: а) рекреациялық, ә) экскурсиялық және б) мамандандырылған немесе арнайы туризм болып бөлінеді. Рекреациялық туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық және балшықпен емдеуден тұратын курорттық емдеу туризмі мен демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық туризміне бөлінеді. Экскурсиялық туризм – табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм – арнайы бағдарлама және маршрут бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын адамдар қатысады. Рекреациялық туризм. Туристік сапар жасау түрткілерінің ең бастысы – демалу. Әрине, бұл ең алдымен әдемі жерлерде, яғни туристік аттрактивтілігі жоғары жерлердегі (теңіз жағалауы, таулар, көлдер мен өзендер сияқты) жүйелі демалыс, уикэнд кезінде жанұясымен бірге демалу. Рекреациялық туризмге демалыс пен уикэнд өткізу, спорт пен рекреация, мәдени шаралар, туған-туысқандарға барып шығу сияқты мақсаттарда жасалатын саяхаттар жатады. Ең жиі кездесетін рекреациялық шаралар мынадай: пассивті демалыс, жағажайда болып шомылу, су спорты, серуендеу, теннис, волейбол ойнау, велосипед тебу сияқты демалыс. Рекреациялық туризм шеңберінде этникалық, әлеуметтік және уикэнд түрлерін де бөлуге болады. Көңіл көтеру мен демалу мақсатындағы саяхаттарға әлемдік туризмнің 70% келеді. Оларға сауықтыру, спорттық, танымдық мақсатындағы саяхаттар, шоп-турлар жатады. Халықтың ең сүйікті демалыс түрі бұрынғыдай шомылу-жағажай демалысы болып қала береді: бұл адам денсаулығы мен көңіл-күйін қалпынакелтірудің ең жақсы әдісі болып саналады. Алайда, мамандардың болжауы бойынша, тәуекел мен шытырман оқиға элементтері бар саяхаттар бірінші

орынға шығуына байланысты, теңіз курорт сапарын жасау «сәні» өтіп кетіп, тауға аттану басталмақ. Рекреациялық ағымдардың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағында қалыптасады. Осы аймақтардың

үлесіне халықаралық шығу туризмінің 90% келеді. Туристерді «жіберуші» елдерге (70% дейін) Еуропа жатады. Негізінен Германия, Улыбритания, Франция, Чехия, Польша, Ресей, Румыния, Словения елдерінен көп туристер саяхатқа шығады.

Еуропадан кейін екінші орында рекреациялық туристерді жеткізуші аймаққа Солтүстік Америка жатады, әсіресе АҚШ, оның үлесіне туристік ағымдардың 15% түседі. Үшінші орында Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы, туристік ағымдардың 10% алады. Қазіргі кезде Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы шығу рекреациялық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан нарығы.

53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы және әлеуметтік топтары бойынша классификациясы.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:

а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; ә) жастар туризмі; б)ересектер туризмі. Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризміне бөлуге болады. Әлеуметтік құрылымы бойынша а) қала тұрғындарының туризмі; ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]