Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

10. Туризм класстарының сипаттамасы

Туристік ағымның бағыты мен сипаты бойынша, сонымен қатар құқық статусы бойынша туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік) туризм. Ішкі туризм – бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм – бұл шетелдік азаматтардың

туристік мақсаттармен басқа елге келуі. Туризмнің осындай жіктелуі халықаралық туризмнің екі басқа түрімен – кіру және шығу туризмімен тығыз байланысты, бұлар туристік ағымның

бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатыоның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса – мұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.1993 жылы ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм түсініктері қабылданды. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм – ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды. Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер елді . шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.Күнделікті ұлттық ақша айналым құралы, ал туристің ана тілі қатынас құралы болып қала береді. Осындай саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90% құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық туризмінен 5-10 есе артық

(Е. Веллас, 1985).Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік

мемлекетке барады. Шет еліне бару үшін туристік формалдылықтардан:шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталықжәне медициналық бақылаудан өту қажет. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.

Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық туризм дамуына тікелей әсер етеді. Шығу құжаттарын жасату рәсімінің ұзақ және қиын болуы, орындау мерзімінің бұзылуы немесе заңсыз түрде бас тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта айырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты қадағалау да туризм көлемін азайтады.

Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады.Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» немесе пассивті дейді.Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады. Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталас туғызады. Австриялық туризмолог профессор П. Бернекердің айтуынша, «қаншама авторлар болса,соншама анықтамалары да бар». Көптеген авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс пен көңіл көтеру мақсатымен өткізілетін саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70% келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.Қандай да болсын туристік саяхатта туристер мәдени-тарихи кереметтерді тамашалайды, мұражайларға, галереяларға, театрларға барады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]