Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

11. Туризм түрлерінің сипаттамасы

Туризмнің түрлері әралуан белгілері бойынша классификацияланған. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм:

а) ұйымдастырылған (жоспарлы); ә) әуесқой (өз жоспары бойынша);

б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдын ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды,себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы – әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады.Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.с.с. Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін.Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды.Ұйымдастырылмаған туризмнің мысалы – автостоп әдісімен саяхат жасау. Туризм жеке және топтық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке-дара туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық,

мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін.Аудандық жоспарлау үшін аудан бірлігіне келетін рекреанттар санымен анықталатын әлеуметтік контакттар тығыздығы маңызды. Мүмкіндікше жалғыздықты іздеуді центрден тепкіш, ал контакттардың максималды санына ұмтылуды центрге тартқыш деп атауға болады. Әрине демалысты ұйымдастырудың центрден тепкіш формалары центрге тартқыш формаларына ұқсамайтын болады. Біріншісінде қызмет көрсету сферасы шашыраңқы, көлік торының тығыздығы төмен болады, рекреациялық ресурстар экстенсивті түрде пайдаланатын болады. Демалыстың центрге тартқыш формаларының микроортасы демалыстың урбанданған формаларына жақын. Курорттарды зоналарға бөлген кезде контакттары минималды тыныш зоналары мен контакттары максималды зоналарды қалыптастыру қажет.Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. қозғалыс әдістері бойынша маршруттық туризм жаяу, мототуризм және т. б. болады. Қамтитын ауқымы бойынша жергілікті (елді мекен айналасындағы), аймақтық, жалпымемлекеттік маршруттық

туризм болады. Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дамып келе жатыр.Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғы спорты,каноэда ескекпен жүзу, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған. Су астындағы жануарлар мен өсімдікті суретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі (дайвинг) әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Мысалы,жерортатеңіз елдерінде жақсы дамыған су астындағы археологиялық туризмнің танымалдық сипаты айқын. Мұнда туристер су астындағы антикалық порттардың қалдықтарын тамашалайды. Тропик елдеріндегі коралл рифтеріндегі су астындағы туризмнің де болашағы бар. Балық аулау туризмнің сүйікті түрлерінің бірі болып табылады. Мысалы, АҚШ халқының рекреациялық тауарларына жұмсайтын шығындарының ішінде балық және аң аулау саймандарына жұмсайтын қаражатының үлесі

26% құрады. Аң аулау туризмі ең алдымен табиғат ортасындағы демалыс мақсатында іске асырылады. Фото-кино-аң аулау туризмі оның танымдық түріне жатады.Аңшылық қазіргі кезде жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне орай қатал ережелерге бағынуы қажет. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрінің бірі – аң аулау туризмі. Африкадағы сафари әсіресе қымбат тұрады. Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд

туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз.Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа,демалуға адамдардың барып тұруын айтады.Мезгілдері мен ырғағына қарай туризм жыл бойындағы (үнемі) және маусымдық болып бөлінеді. Біріншісі – туристік аудандарға немесе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп тұрса маусымдық туризм деп айта аламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы және маусымаралық туризм болып бөлінеді.Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:

а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; ә) жастар туризмі; б) ересектер туризмі. Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризмін бөлуге болады.

Әлеуметтік құрылымы бойынша а) қала тұрғындарының туризмі;ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі болады.

Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типтес және ә) қонақ үй типті емес туризм.Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей: а) рекреациялық, ә)экскурсиялық және б) мамандандырылған немесе арнайы туризм болыпбөлінеді.

12. Туризм географиясының географиялық және басқа да ғылымдар жүйесінде орны. Ұзақ уақыт бойы туризм географиясының географиялық ғылымдары жүйесіндегі орны анықталмай жүрген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы жөніндегі сөз таласы көптеген елдерде жалғаса берді.Өзгелерден бұрын, 1950 жылдары туризм географиясы АҚШ пен Канадада экономикалық географияның дербес пәні ретінде мойындалды.Поляк географы Е.Костровицкий 1973 жылы географиялық ғылымдардың бөліну схемасын және олардың басқа салалары арасындағы орнын ұсынды. Осы сұлба бойынша туризм географиясы ауыл шаруашылық , өнеркәсіп, көлік, қызмет көрсету аясы, халық,қалалар географиясымен бірге экономикалық және әлеуметтік географиясының дамып келе жатқан тармағын құрады. В.С.Преображенский туризм географиясын басқа кез келген салалық әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәні сияқты,экономикалық және әлеуметтік географиясының саласы деп түсіндірді. Туризм ғылымдармен, ең алдымен экономикалық және географияның басқа пәндермен,физикалық географиясымен, медициналық географиясымен байланысты ғылым болып табылады. Туризм географиясы медицина мен оған жақын ғылымдардың,әсіресе адам экологиясының зерттеулерін жиі колданады.Осындай зерттеулер нәтижелерін пайдалану арқасында демалушылардың хал-күйін қалпына келтіруіне мүмкіндік беретін демалыстың аумақтық ұйымдастырылуы қамтамасызданады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]